Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / ЕНБЕК ҚОРҒАУ.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
48.13 Кб
Скачать

7 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі

1 Соңғы кәсіби жумыста ұйымдастырылатын өндірісті қамтамасыздандырудың негізгі ережелері

Дипломдық жобаның бұл бөлімінде сынау зертханасын жобалау және тексеру кезіндегі қауіпсіздік сұрақтары қарастырылады. Диплом жобасының бұл бөлімі Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары мен нормативтік құжаттарына сүйене отырып жазылған:

- Қазақстан Республикасының № 252-ІІІ «Еңбек кодексі» 15.05.2007 жыл;

- Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 22.11.1996 жыл;

- Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы, 2012жыл өзгертулермен. Сынау зертханаларында келесі зиянды еңбек шарттары бар: шу және діріл, жасанды жарықтандыру, ал қауіпті шарттары: электр тогы және өрт.

2 Дипломдық жобаның «қауіпсіздігі және еңбек корғау» бөлімін ұсынылатын мазмұны

1 Кәсіпорын алаңын жаспарлау және жақсарту, санитарлы қорғаныс аймағы 2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру 3 Көтеру-көлікті кұрылғылар 4 Электр қаyiпcіздігі 5 Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі 6 Шу және дірілмен күресу іс шаралары 7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс шаралары 8 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс шаралар 9 Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету 10 Жұмыс орнындағы аттестациясы 11Техникалық регламент талаптарын енгізу 12 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету 13 Өрт жарылыс қауіпсіздігі 14 Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері мәселелері

7.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы корғаныс аймагы Сынауларды өткізуге арналған бөлмелер өндірістік ауданы, орындалатын жұмыстардың сипаты мен көлемі бойынша сәйкес келеді. Бөлмелердің жай-күйі және оларда қамтамасыз етілетін шарттар (температура, ылғалдық, ауаның тазалығы, жарықтандырылуы, дыбыс және діріл оқшаулуа, магнитті, электрлік және физикалық өрістен, сәулеленуденсақтау, су, ауа, жылымен және электр энергиясымен қамтамасыз ету және т. б.) сынау бойынша нормативті құжаттар талабына, санитарлы нормалар мен ережелерге, қоршаған орта мен еңбек қорғау талабына сәйкес келеді.

Сынау зертханасындағы өндірістік орындардың жай-күйі орнатылған талаптарға сәкес келеді, тиісті органның (СЭС) оң қотындысы бар. Сынау зертханасында жұмыс сағат 8.00 басталып, сағат 17.00 аяқталады. Зертхана қызметкерлерінің тамақтану мен демігуі үшін үзіліс уақытs 13.00-14.00 дейін қамтамасыз етілген. Жұмыс ұзақтылығы 8 сағат, ал аптадағы жұмыс күндері – 5 күн.

Сынау зертханасы жұмысшыларының еңбегін қорғау мақсатында зертхана жылумен, желдетумен, электр энергиясымен, сумен жабдықталған.

Жұмысқа қабылданатын қызметкерлер еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтармен танысып, сәйкесінше тексеруден өтеді.

Өлшем құралдарымен сынау жұмыстарын өткізгенде әрдайым техника қауіпсіздігі сақталады. Еңбек қорғау мен техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға қоғамдық қадағалауды Еңбек қорғау, техника қауіпсіздік және экология қызметі атқарады.