Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ДИПЛОМ / черн / мейр

.docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
46.69 Кб
Скачать

8 Техника - экономикалық негіздеме

8.1 Негізгі өндірістік қорды есептеу

Нарық экономикасы жағдайында ел шаруашылығының негізін сан жағынан шағын немесе орта кәсіпорындар қалыптастырады. Мұндай кәсіпорындарды ұйымдастырушылар кәсіпкерлік іс - әрекетімен шұғыл-данушылар деп аталады. Шағын кәсіпорынды жеке адам немесе бір жанұя ұйымдастыруы мүмкін, ал орта кәсіпорынды-құрастырушылардың саны бірнеше адамдардан тұратын жолдастық қоғам немесе акционерлік қоғам құрайды. Кәсіпкерлік іс-әрекетте қолданылатын жұмыстар кәсіпорынның мөлшерімен байланысты емес. Қандай да кәсіпорын болмасын-ірі зауыт бола ма, орта немесе шағын кәсіпорын бола ма технологиялық процесстің тиімді вариантын таңдауда, жаңа техниканың жобалау жұмыстарын орындағанда, бизнес+жоспарды дайындауда экономикалық дәлелдемедегі есептеу жұмыстардың әдістері бір бағытпен жасалады, қолданылатын әдістердің айырмашылығында көп өзгерістер болмайды.

Ел шаруашылығында шағын және орта фирмалар, кәсіпорындар сан жағынан бірінші орында тұр және жылдан жылға дамып отыр. Кәсіпкерлік іс-әрекетімен шұғылдану үшін ең алдымен капитал керек. Өндірісті ұйымдастыруда капитал екі түрге бөлінеді:

Негізгі капитал - бұл еңбектің барлық техникалық құралдары (өндірістік үй, жабдықтар, тасымалдау құралдары т.б.)

Айналым капиталы-бұл еңбек заттары (шикізат, материал, өңдеуі бітпеген өнім, ақшасы келіп түспеген дайын өнім т.б.)

Еңбек құралдары мен еңбек заттарының қосындысы өндірістің құрал-жабықтары немесе өндірістің факторлары деп аталады.

Кәсіпкер алдына қойған мәселені іске асыруда қажетті өндірістік факторларды есептеуге кіріседі.

Негізгі өндірістік қорды есептеу

Негізгі өндірістік қордың мөлшері, құрамындағы элементтерінің шамалары анықталады. Өндірісте жабдықтар екі топқа бөлінеді: технологиялық және көмекші жабдықтар.

Технологиялық жабдықтар

Әр операциядағы технологиялық жабдықтардың саны мына формуламен анықталады:

Тжі = ti·N·Уж, (8.1)

мұнда Тжі – і-ші операция бойынша қажетті жабдықтардың саны;

ti – технологиялық операцияның уақыты, сағатпен – 5;

N – өңделетін бұйымның мөлшері – 100 ;

Ужқ – жабдықтар жұмысының сағатпен берілген уақытының жылдық қоры, сағатпен.

Өнеркәсіпте жабдықтардың жұмыс уақытының жылдық қор шамасы мына формуламен есептеледі:

Ужққ·Ку·Кс·(1-L/100), (8.2)

мұнда Жқ – жыл ішіндегі жұмыс күнінің саны;

Ку – кезең уақытының шамасы, сағатпен;

Кс – тәуліктегі кезеңнің саны;

L – жұмыс істеп тұрған жабдықтардың ақаулықтарын жоюға, жөндеу жұмыстарын атқаруға жылдық уақыт қорынан бөлінетін уақыттың мөлшері, пайызбен.

Сонда жабдықтардың жылдық уақыт қорының шамасы тәулікте екі кезең жұмыс істесе мынаған тең:

Ужқ=266·8·1·(1-L/100)=2030 сағат, (8.3)

Көмекші жабдықтар

Технологиялық жабдықтардың жұмысы дұрыс жүріп тұруына қызмет жасау қажет. Осы қызметтер көмекші жабдықтар арқылы орындалады. Мысалы, істен шыққан аспаптарды қайта іске қосу үшін жону қажет па, немесе қайрау қажет па, былайша айтқанда, осындай жұмысты атқару үшін жабдықтар қажет, бұндай жабдықтарды көмекші жабдықтар деп атайды, оларды технологиялық жабдықтардан 2 пайыз шамасындай алу керек.

Негізгі өндірістік қор дегеніміз – бұл өндірістік құралдардың ақша арқылы көрсетілген құны, сондықтан жабдықтарға жұмсалған қаржының есебін шығару керек.

Жабдықтарға жұмсалған қаржыны оның сату бағасына, тасымалдау мен монтаждауға жұмсалатын шығындарды қосып есептейді. Экономикада бұны жабдықтардың алғашқы құны деп атайды.орта есеппен жабдықтарды сатып алған пункіден орнататын кәсіпорынға дейін тасымалдауда жұмсалатын шығынның шамасын сатып алынған бағасынан 3 пайыз мөлшеріндей алуға болады, Сб х 0,03, ал сол жабдықтарды монтаждауға, былайша айтқанда, орнатуға жұмсалатын қаржыны оның сатып алынған бағасынан 7 пайыздай алуға болады.

Орта есеппен жабдықтардың алғашқы құнының мәнін төмендегідей формуламен есептейді:

Ақ=Сқ+0,03Сқ+0,07Сқ=1,10Сқ, (8.4)

мұнда Ақ – жабдықтардың алғашқы құны, теңгемен;

Сқ – жабдықтардың сату құны, бағасы, теңгемен – 16 000.

Сонда жабдықтардың алғашқы құны мынаған тең болады:

Ақ=1,10*40000000=44 000 000мың теңге (8.5)

Сонымен, тасымалдау мен монтаждауға жұмсалатын шығынның құны орта есеппен сату құнынан 10 пайыз мөлшерінде алынады.

Өндірістік үй мен құрылыс

Бұлардың құнын есептеп шығару үшін төмендегідей көрсеткіштер анықтап алынуы керек:

- цехтың жалпы ауданы – 3034м2;

- өндіріс үйінің биіктігі – 7м;

- өндіріс үйдің 1 м2 немесе 1 м3 құны – 92000 теңге.

Онда өндірістік үйдің құны мына формула бойынша есептеледі:

Ғқ=А·Н·П=3034·7·92000=195389,6 мың теңге (8.6)

мұндағы Ғқ – өндірістік үйдің құны, мың теңгемен;

А – цехтың ауданы, м2;

Н – цехтың биіктігі, м;

П – өндірістік үйдің м2 бағасы.

Энергетикалық жабдықтар

Энергетикалық жабдықтар – бұл жабдықтарға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың алғашқы құнынан 3 пайыз шамасындай алуға болады.

Сонда энергетикалық жабдықтардың құны – 1 320 000 теңгені құрайды.

Аспаптар мен қондырғылар

Аспаптар мен қондырғылар – бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың құнынан 10 пайыз алу керек.

Сонымен аспаптар мен қондырғылардың құны – 4 400 000тг.

Электронды есептеу техникасы

Электронды есептеу техникасы – бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың құнынан 8 пайыздай алу керек.

Сонда электронды есептеу техникасына кететін қаржы – 3 520 000 теңге болады.

Бақылау мен өлеуіш аспаптар, приборлар және қажет болатын жарақтар

Бақылау мен өлешуіш аспаптар, приборлар және қажет болатын жарақтар

- бұлардың құнын өндірістік жабдықтардың құнынан 5 пайыз шама-сындай алуға болады.

Ендеше оған кететін қаржы көлемі – 2 200 000 теңгені құрайды.

Жүк тасу немесе көлік құралдары

Жүк тасу немесе көлік құралдары – бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін технологиялық процессте қолданылатын құралдардың түріне, санына, бағаларына қарай анықтау қажет.

Зауыттағы негізгі жүк тасу құралы – автокара болып табылады. Оның құны – 50 000 теңгені құрайды.

Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар

Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар – өндірістік инвентарьларға мыналар жатады – желдеткіштер, верстактар, стеллаждар, т.б.; шаруашылық инвентарьларға – столдар, шкафтар, оргтехникалар, т.б. жатады. Бұларға жұмсалатын шығыннын мөлшерін өндірістік жабдықтардың құнынан 0,01 пайыз мөлшерінде алуға болады.

Сонда өндірісітік және шаруашылық инвентарьларға жұмсалатын қаржы көлемі – 4400 теңге.

Жыл сайын негізгі қордың тозуына байланысты амортизациялық жарна арқылы өндіріп отырған өнімнің шығынына өткізіліп отырады, сондықтан кестеде әрбір элементтің амортизациясының нормасы келтірілген. Осы көрсеткіш арқылы әрбір элементтің жылдық амортизациялық д\жарнасының көлемін есептеу қажет.

Кәсіпорын келіп түскен табысынан амортизациялық жарнасын өзінің банкідегі есеп шотына аударып отырады. Жиналған амортизациялық қаржыдан элементтердің іске жарар мерзімі біткен сайын, сол элементтерді жаңартып отырады.

12 – кесте - Негізгі өндірістік қор және жылдық амортизациялық жарна

Негізгі өндірісітік қордың элементтерінің аталуы

Алғашқы құны, мың теңге

Амортизациық жарнаның мөлшері, %

Жылдық амортизация-лық жарна, мың теңге

1 Өндірістік қоймалар

195389,6

5

9769,48

2 Өндірістік жабдықтар мен станоктар

44000,0

10

4400

3 Энергетикалық жабдықтар

1320,0

10

132

4 Аспаптар мен қондырғылар

4400,0

20

880

5 Электронды есептеу техника

3520

20

704

6 Бақылау және өлшеуіш аспаптар

2200

20

44

7 Жүк тасу құралдары

50000

10

5000

8 Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар

4,4

12

0,528

Барлығы

∑=250834

∑=15930,01

13 - кесте - Еңбек ақы кестесі

Жобаға қатысатын маман

Зерттеуге кеткен уақыт, ай

Айлық жалақысы, теңге

Барлық жалақы, теңге

Инженер сарапшы

2

90 000

180 000

Инженер стандартолог

2

80 000

160 000

Инженер метеролог

2

75 000

150 000

Инженер сертифициолог

2

75 000

150 000

Барлығы

640 000

4 Әлеуметтік салық еңбекақы қорының 21% құрайды.

Әс =ЕАҚ0,21=640 0000,21=134 400 (8.7)

5 Үстеме шығындар 0,8ЕАҚ=0,8640 000=512 000 (8.8)

6 Талдау зертханасы электр энергиясымен қамтылған. Электр жарығына бір айда кететін шығынды былай есептейміз:

ШЭ = АЭУБЭ  700,07517610 = 9 240 тг; (8.9)

мұндағы А – жарықталатын аудан, м2;

Э – бір шаршы метрге бір сағатта кететін энергияның көлемі;

У – бір айда жағылатын жарық уақыты, сағат;

БЭ – электр энергиясының бағасы, 10 тг/кВт*сағ.

Жылу энергиясы электрэнергиясының 20% құрайды:

Жэнэн·0,20=9240·0,20=1848 теңге; (8.10)

14 – кесте - Энергияларға жұмсалатын шығындар

Аталуы

Жылдық шығын, теңге

Электр энергиясы

110 880

Жылу энергиясы

22 176

Барлығы

133 056

15 – кесте-ЖШС «ТемірТас» жағдайындағы СМЖ элементтерін жобасының жалпы шығындарының қосындысы

Шығындар атауы

Жалпы құны, теңге

Негізгі өндірістік қор

250 834

Зертхана қызметкерлерін жалақысы

640 000

Әлеуметтік салық

134 400

Үстеме шығындар

512 000

Энергияға жұмсалатын шығындар

133 056

Негізгі қордың амортизациясы

15 930

БАРЛЫҒЫ

1 686 220

Зертханасын ұйымдастыруға кеткен жалпы шығындардың қосындысы 1 686 220 теңгені құрайды.

Жобаны енгізгеннен кейінгі түсетін табыс мөлшері 3 млн. теңге.

Жылғы жалпы пайда

Жылғы жалпы пайда – бұл жылғы кірістерден шығындарды шегер-

генде қалған сома.

Жылғы жалпы пайда 3 000 000-1 686 220=1 313 780 тг.

Жылғы жалпы пайдадан 20% корпоративтік табыстық салық бюд-

жетке төленуі тиіс. Қалғаны таза пайда болады, ол кәсіпорында қалады (Пт).

Таза пайданы өндірісті нығайтуға, жаңа жабдықты алуға, немесе сыйа-

қыға жібереді.

Табыс салығы 1 313 780·0.2=262 756 теңге

Таза пайда 1 313 780-262 756=1051024

Тиімділік

Бағдарламаның, жүйесін немесе құралдың жылғы таза пайдасын бар-

лық шығындарға бөлсе тиімділік болады:

Т=Пт/Ш (8.11)

Әлем тәжірибе бойынша мөлшері 12% кем болмауы тиіс.

немесе 62 (8.12)

Шығындардың өтеу мерзімі

Өтеу мерзімі М=Ш/Пт (тиімділіктің кері шамасы). Бұл көрсеткіш 8

жылдан кем болуы тиіс.

(8.13)

Сапа жүйесін талдаған кездегі экономикалық көрсеткіштерді есептей отырып, біз келесідей қорытындыға келеміз: жоба орындалу үшін қажетті қор көлемін анықтадық және де жобалау кезінде құрылғылар құнына жұмсалатын қаржы көлемдерін анықтадық. Сонымен қатар жобаны енгізу кезіндегі жалпы шығындар мен пайда мөлшерін есептеп шығардық. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 1 жыл 6 ай , ал жоба рентабельдігі 62% құрайды. Қорытынды нәтижелер кестеде келтірілген.

16-кесте-Техника - экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Мәні

Жалпы шығын

686 220

Жобаға кететін уақыт

2 ай

Жобаны жасаған адамдар саны

4 адам

Жылдық табыс

3 000 000

Жылдық пайда

1 313 780

Таза пайда

1 051 024

Тиімділік

62%

Шығынның өтеу мерзімі

3

9 Еңбек қорғау

Өндіріс ғимараттары микроклиматтарының санитарлық нормалары

Осы дипломдық жобаның бөлімі Қазақстан Республикасының келесі заңдарына сүйене отырып жазылған:

1 «Қауіпсіздік және еңбек қорғау заңы» 28.02.2004 жылдың №528-ІІ ҚРЗ;

2 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы заңы» 03.04.2002 жылдың №314-ІІ ҚРЗ;

3 «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.11.1996 жыл;

4 «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы» 10.12.1999 жылдан №493-І ҚР еңбек туралы заң (ҚР заңдарына өзгертулер енгізілген 06.12.2001 жылдан №260-ІІ; 25.09.2003 жылдан №484-ІІ) [4].

Ғылыми-техникалық прогрестың дамуымен қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындаудың қауіпсіздік мүмкіндіктері үлкен роль атқарады. Осыған байланысты еңбек қорғау мен адам өмір қауіпсіздігі ғылымы құрылып, дамуд

Өмір қауіпсіздігі-бұл адамның тіршілік ортасындағы өмір қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға бағытталған кешенді шаралар.

Еңбек етушілердің денсаулығын қорғау, жұмыс ортасының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру қоғамның басты мәселесі.

Жұмыс орнында қауіпті және зиянды факторлар өндірістің мүмкін әсерінен қорғау шаралары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлардың деңгейі құқықтық, техникалық және санитарлы-техникалық нормаармен келісілген шекті мәндерден аспауы керек. Аталған нормативті құжаттар жұмыс орнында еңбек шарттарын құруды міндеттейді .

Қызметкердің жұмыс шарттарының сипаты

Қазіргі кезде компьютерлік техника адам еңбегінің барлық аймақтарында кеңінен қолданылады. Компьютермен жұмыс кезінде адам бірқатар қауіпті және зиянды өндіріс факторлары әсеріне шалдығады: электромагнитті алаң, инфрақызыл және ионды сәулелену, шу мен діріл, статистикалық электрлік және т.б.

Компьютермен жұмыс маңызды ми кернеуі мен жүйкелік әсермен, көз жұмысының жоғары кернеулігімен және қол бұлшық етінің үлкен ауыртпалығымен сипатталады. Компьютермен жұмыс үрдісінде еңбек пен демалыс режимын сақтау қажет. Еңбек уақытының артуымен қызметкерлерде көздің шаршауы, бас аурулары, жынданғыштық, ұйқының нашарлауы, шаршау мен бел, мойын ауырулары байқалады.

Жұмыс ортасына қойылатын талаптар

Түсі мен көріну коэффициенті

Орта мен жиһаз түсі көз қабылдауы мен жақсы көңіл-күй үшін жағымды шарттар құруға әсер етуі қажет. Артық жарықтан қорғану үшін перделер қолданылады. Терезенің орналасуына байланысты еден мен қабырға түстері келесідей болуы тиіс:

- терезе оңтүстікте болса: қабырға-жасыл-көкшіл, еден-жасыл;

- терезе солтүстікте болса: қабырғалар-ашық-сарғыш, еден-қызыл-сарғыш;

- терезе шығыста болса: қабырға сарғыш-жасыл, еден-жасыл;

- терезе батыста болса: қабырға сары-жасыл, еден-жасыл;

- компьютерлер орналасқан бөлменің көріну коэффициенті төбе үшін 60..70%, қабырға үшін 40..50%, еден үшін 30%.

Жарықтандыру

Дұрыс орындалған өндірістік жарықтандыру еңбек қауіпсіздігін жоғарылатады. Жарықтандырудың 3 түрі бар- табиғи, жасанды, аралас.

Табиғи жарықтандыру- күннің түсетін жарығы. Жыл мезгілдерімен түрлі факторларға тәуелді өзгеруімен сипатталады.

Жасанды жарықтандыру-жұмыс кезінде қолданылатын ешқандай әсермен нормаланбайтын жарық.

Жоғары көз дәлдігі категориясының жұмыстарында табиғи жарық-тандыру коэффициенті-1,5%, ал орташа дәлдікте 1,0% төмен емес болуы тиіс. Мұндағы жалпы жарық-300лк, ал біріккен-750лк құрауы керек.

Шу мен діріл

Шу жұмыс шартын нашарлатып, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Шу әсерінен назар концентрациясы, ойлау функциялары төмендейді. Интенсивті шудың [80дБ(А) жоғары] ұзақ әсері 6 кесте есту қабілетіне зардабын әкеледі.

17 – кесте-Жұмыс орындарындағы шекті дыбыс деңгейі, дБ

Еңбек кернеулігі категориясы

Еңбек ауырлығы категориясы

I Жеңіл

II Орташа

III Аур

IV Өте ауыр

I Жеңіл

I Аз кернеулі

80

80

75

75

II Орташа кернеулі

70

70

65

65

III Кернеулі

60

60

-

-

IV Жоғары кернеулі

50

50

-

-

ЭВМ қолданушыларының жұмыс орнында шу деңгейі 50 дБА аспауы тиіс.

Электромагниттік сәулелер

Жұмыс орнындағы рентген сәулелерінің максималды деңгейі әдетте 10мкбар/сағ аспайды, ал монитор экранынан ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену 10 - 100мВт/м шегінде болуы керек. Электромагнитті сәулелердің рұқсат етілген параметрлері СанПиН 2.2.2.542 - 96мен нормаланады.

Микроклимат параметрлері

Микроклимат параметрлері адам өмірі шарттарының қажетті шарты дененің температурасын тұрақты термореттеу арқылы қолдау болғандықтан, яғни ағзаның жылуды қоршаған ортаға беру қабілеті кең шектерде ауысуы мүмкін. Микроклиматты нормалау принципі – адам денесінің қоршаған ортамен жылу алмасуы үшін тиімді жағдай құру.

Жұмыс орнына эргономикалық талаптар

Ыңғайлы жұмыс үшін: стол биіктігі ыңғайлы орналасуы тиіс. Жәшіктер құрылысы жылжымалы (3тен кем емес құжаттар сақтау үшін) жұмыс бетерінің биіктігі 680 - 760мм шегінде, ал клавиатураны орналастыру беті 650мм жуық болуы тиіс. Экранның орналасуы: 0,6 - 0,7м қашықтықта, экран центріне қарай 20төмен горизонталь бағытта, реттелуі +3см биіктігімен, иілімі -10+20 вертикаль бағытта.

Жылу бөлінуді есептеу

- Адамдардан жылу бөліну

Адамның жылу бөлуі жұмыстың ауырлығынан, қоршаған ауа температурасынан және ауа қозғалысының жылдамдығынан тәуелді. Есептеуде шынайы жылу қолданылады, яғни бөлмедегі ауа температурасының өзгерісіне әсер ететін жылу. Ми жұмысы үшін шынайы жылудың саны, бір адамнан бөлінетін, 10оС кезінде 140 ВТ және 35оС кезінде 16 ВТ құрайды. Нормальды жағдай үшін (20оС) бір адамның шынайы жылу бөлуі 55 ВТ жуық мөлшерді құрайды. Ер адамның жылу бөлуінің әйел адам - 85%, ал бала – 75% құрайды деп саналады. Есептелетін бөлмеде (5х10 м) 5 адам бар деп есептейік. Онда адамдардың суммарлы жылу бөлуі келесідей болады:

Q1=5·55=275 ВТ (9.1)

- Күн радиациясынан жылу бөлінуі.

Бөлмеге күн радиациясынан түсетін жылуды Qост и Qп (ВТ), келесі формулалармен жүргізіледі:

Терезеленген беттер үшін

Qост=Fост·qост·Aост,     (9.2)

Жабындар үшін

Qп=Fп·qп,    (9.3)

мұндағы Fост пен Fп - терезеленген және жабынды беттер ауданы , м2;

qост мен qп – 1м2 терезеленген (күн жағын есепке алғанда) және 1м2 жабынды беттер арқылы Күн радиациясынан жылу бөліну, Вт/м2;

Аост – терезелеу сипатын есептеу коэффициенті.

Бөлмеде 2х1,2 м2 өлшемді 2 терезе бар. Онда  Fост=4,8 м2.

Географиялық енін 55о тең деп алайық, терезелер оңтүстік-шығысқа шығады, терезелер рамаларының сипаты – екі қабат терезелеу мен ағаш түптеумен. Онда,

qост=145 Вт/м2,  Аост=1,15

Qост=4,8·145·1,15=800 Вт

Жабын ауданы Fп=20м2. Жабын сипаты - чердакпен.

Онда, qп=6 Вт/м2; Qп=20*6=120 Вт

Күн радиациясынан суммарлы жылу бөліну:

Q2=Qост+Qп=800+120=920. Вт,    (9.4)

- Жасанды жарықтандыру көзінен жылу бөліну.

Жасанды жарықтандыру көзінен жылу бөлінуді есептеу мына формуламн жүргізіледі:

Q3=N·n·1000, Вт,      (9.5)

мұндағы N-жарықтандыру көздерінің суммарлы қуаты, кВт;

n-жылу жоғалту коэффициенті (0,9 қыздыру лампалары үшін және 0,55 люминесцентті лампалары үшін).

Бізге екі лампалы ЛД30 (30Вт) 20 жарықтандырғыш пен и Б215-225-200 не Г215-225-200 лампалы 2 жергілікті жарықтандырғыш берілген. Бұдан алатын:

Q3=(20·2·0,03·0,55+2·0,2·0,9)·1000=1020 Вт

- Радиотехникалық орнатпалар мен есептеу техникасы құрылғыларынан жылу бөліну .

Жылу бөлінуінің есебі жасанды жарықтандыру көзінен жылу бөлінудің есептеумен бірдей жүргізіледі:

Q4=N·n·1000, Вт    (9.6)

Радиотехникалық құрылғылар үшін жылу жоғалту коэффициенті n=0,7 және есептеу техникасы құрылғылары үшін n=0,5 құрайды.

Бөлмеде: 600 Вт - тық Pentium PRO типті (мониторлармен бірге) 3 персоналды компьютер және и 130 Вт-тық 2 EPSON принтерлері орналасқан.

Q4=(30,6+2·0,13)·0,5·1000=1030 Вт

Суммарлы жылу бөліну келесіні құрайды:

Qс=Q1+Q2+Q3+Q4=3245 Вт    (9.7)

Qизб – Qс – бөлмеде бөлінетін жылу мен Qрасх – бөлмеден жойылатын жылу айырмашылығымен анықталатын бөлмедегі мөлшерден тыс жылу.

Qизб=Qс - Qрасх

Соседние файлы в папке черн