Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
63.06 Кб
Скачать

4 Қоршаған ортаны қорғау

4.1 Биоаймақ компоненттеріне мұнай-газ кәсіпшілігінің салдарынан болатын әсерді талдау

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай:

1. Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру;

2. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер қыртысының бұзылуы;

3. Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы;

4. Мұнаймен қоса жер бетіне бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму;

5. Мұнайдың төгілуі.

Қызметкерлерге және халыққа келетін қоршаған орта компоненттерінің ластану әсерінің деңгейін, жиынтықты санды бағалаудың бірнеше түрі бар. Бірталай авторлар, қоршаған ортаны, адамға деген әсер ұзақтығын ластану көрсеткішіне көбейтіндісін қосқаннан бағаланады. Басқалары –қоршаған орта компоненттерінің ластануының бөлек көрсеткіштерін ауаның, жер қыртысының, судың ПДК сына қатынасын қосады.

Ең әділ ретінде, қауіптілігі бойынша аддитивті ескере отырып, комплекстік көрсеткіш Р бойынша, қоршаған орта компоненттерінің ластану қауіптілігінің деңгейін бағалауға көмектесетін, бұл проектіде уәкілетті органдарда бекітілген және мақұлданған, эколого-гигиеналық тәсіл қолданылған.

Атмосфера ауасының ластануын бағалау үшін екі ПДК – орта тәуліктік және жоғары бір жолғы қолданылады. Егер авариялық ластануды бағалау болса, уақыттың бір бөлігін интерполяцияламай, шынымен максималды бір жолғы, лездік деп есептеп оны, тек максималды бір жолғы (шашырау, жинау жүйесінің және көліктің жарылуы) шоғырлануды қолдану керек. Бұл зиянды заттардың (хлор, күкіртті сутек, азот оксиді және т.б.) физиологиялық әсерінің мүмкін зардабын бағалау үшін өте маңызды. Су мен жер қыртысының ластануын бағалау үшін максималды бір жолғы, сонымен қатар жыл мезгіліне сай орташа шоғырланулар қолданылады. Қорщаған ортаға және халық денсаулығына әсер ететін қашықты зардап ауырлығын бағалағанда, бірінші орынға ауыр металлдар жатқызылады, олардың саны, кен шығарылатын региондардағы қоршаған орта объектісінде мүмкін болатын шамадан асады. Қатты улағыштық әсерден басқа (1,2 класс қаупі) қоршаған орта объектісінде кездесетін металлдарда мутанттық, кацерогендық, эмбриогонадотулағыштық және кумулятивтік әсерлер бар. Кен шығатын аудандарда және оның әсері тиетін аумақта анықталған, геохимиялық аномалия учаскісінде, олардың шоғырлануы мүмкін шамадан асады. Адамға нейро улағыш әсер беретін: талий, сынап, күміс, барий, кадмий, никель, мырыш және т.б.

Апаттар. Негізгі ластаушы көздерге кен орнында технологиялық бұзылыстар және жабдықтар сынуы нәтижесінде болатын апаттар жатады. Әсер ету масштабы елеусіз оқиғалармен үлкен қалдықтар тастау аралығында болады. Өндірістік апаттар: жабдықтар сынуынан болатын және қайтадан орнына қою керек құлаған заттар немесе бұрғылау ерітінділірін, химикаттарды, қалдықтарды және бұралқы суларды жою барысындағы сәтсіздіктер, мұнайды және мұнай қосылыстарын жою барысындағы сәтсіздіктер. Бұрғылау ерітіндісіндегі құрылып кету қабат флюидтерінің жоюдың мүмкін еместігі болвп табылады.

Апаттық жағдайлар: табиғи апаттар, өрт жарылысы, қауіпті химиялық заттарды жоюдың мүмкін еместігі, ұңғыманы басқаруда болатын апаттар.

Соседние файлы в папке Диплом