Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-2 / ППУ / Диплом / КІРІСПЕ

.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
20.12 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта әлемдік экономиканың мұнай-газ секторында машина жасау саласының қарқынды дамуы жүруде. Бұл мұнай-газ шикізатын үлкен көлемде өңдіру қажеттілігімен қамтамасыз етілген.

Жаңа заман ЖБҚ-ның жаңа моделін әзірлеудің алғышарттары: біріншіден, мұнай-газ өнеркәсібінің күннен-күнге артып келе жатқан талаптарын, яғни мұнай өндірудің жаңа технологияларының және қолда бар ұңғымалар қыртысының, соның ішінде гидротермоирозионды бұрғылаудың мұнай қайтарымдылығын арттыру, мұнай құбырларындағы парафиндік және өзге де қалдықтарды өңдеу және жоюды қанағаттандыруға қабілетті қондырғы моделін жасап шығару қажеттігі; екіншіден, қыртыстың сулануының артуына байланысты мұнай өңдіруге кететін экономикалық шығындардың өсуі болды.

Көпшілік кен орнындарда мұнай құбырларын булау, ұңғымаларды және айнала орнатылған колонналарды жылыту, мұнайлы және сулы қабаттарға жылу жіберу бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ, отандық және шетелдік мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және газ өндірудің жаңа озық әдістерін дамыту бойынша жүргізген тәжірибе және талдау жұмыстары нәтижесінде барлық талаптарға сай қондырғы жасап шығаруды қамтамасыз ету үшін бір қатар есептеулер жүргізілді.

Экономикалық және тактико-техникалық шешімдердің үйлесімі басты міндет ретінде қойылды. Қондырғы барынша автоматтандырылған, оңтайлы, салыстырмалы түрде арзан, пайдалануда қарапайым, сенімді және бір қатар жүктемелік сипатқа ие болуы тиіс.

Ескі бу генераторының параметрлерін есептеу барысында, оның орнына өндіріске орнатып қою мезетінде барлық техникалық және экономикалық талаптарға сай жаңа оттық құрылғы және қауіпсіздік аспабы үйлесімін қамтитын комплексті пайдалану әлдеқайда орынды деген қорытынды шығады.

Жоғарыда аталған мәселелерге орай, менің дипломдық жұмысымда өндірістің түрлі салаларында техникалық қажеттіліктер үшін алдағы пайдалану мақсатында бу өндіретін жылжымалы бу генераторы қондырғысын жетілдіру қарастырылған.

Дипломдық жобаның мақсаты жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру, ұңғыманы депарафинизациялаудағы экономикалық тиімділіктер мен мүмкіндіктерін арттыру жолындағы қондырғының құрылысын жетілдіру болып

табылады.

Соседние файлы в папке Диплом