Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
51
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
29.18 Кб
Скачать

Рахимгазы Ерлан Бауржанұлы

«Жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру

»

тақырыбындағы дипломдық жобасына

СЫН ПІКІР

Мұнай өндіру жабдығының қазіргі жағдайдағы жұмысында жылжымалы бугенераторының сенімділігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Экономикалық және тактико-техникалық шешімдердің үйлесімі басты міндет ретінде қойылды. Қондырғы барынша автоматтандырылған, оңтайлы, салыстырмалы түрде арзан, пайдалануда қарапайым, сенімді және бір қатар жүктемелік сипатқа ие болуы тиіс.

Ескі бу генераторының параметрлерін есептеу барысында, оның орнына өндіріске орнатып қою мезетінде барлық техникалық және экономикалық талаптарға сай жаңа оттық құрылғы және қауіпсіздік аспабы үйлесімін қамтитын комплексті пайдалану әлдеқайда орынды деген қорытынды шығады.

Соған байланысты жылжымалы бугенераторының элементтері құрылымын жетілдіру маңызды мәселе болып табылады деп айтуға болады.

Берілген дипломдық жобада жүргізілген анализ негізінде жылжымалы бугенераторының құрылғысын жетілдіру және сол үшін жаңа техникалық шешімді пайдалану ұсынылады.

Жалпы алғанда, дипломдық жоба жетекшісі берген тапсырмаға сәйкес жасалған, барлық мәселелер талданған, негізгі есептеулері мен негіздеулері келтірілген.

Келесідей ескертулері бар:

- Техникалық бөлімде, біздің ойымызша шетелдік жылжымалы бугенераторының конструкцияларын талдауға аз көңіл бөлінген;

Бірақ, бұл кемшіліктер орындалған жұмыстың нәтижесін төмендетпейді қорғауға ұсынылған дипломдық жоба барлық талаптарға сай келеді, көлемі және мазмұны бойынша бакалаврдың аяқталған жұмысы болып табылады, және «жақсы» деген бағаға

Рахимгазы Ерлан

«Техника және технология бакалавры» академиялық атағына ие болуға лайықты деп есептеймін.

Пікір беруші,

тех.ғыл.канд., доцент ________________________

Соседние файлы в папке Отзыв