Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-2 / Бу-газ / Бу-газды қондырғы-Диплом

.pdf
Скачиваний:
119
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

Аңдатпа

Дипломдық жұмыста бу-газды қондырғылар туралы мағлұматтар, анализдер келтірілген. Қайтадан пайдалану қондырғылардың схемалары мен олардың басымдылығы қарастырылған. Бір контурлық БГҚ есептеу үшін қуаты 134,7 МВт болатын ГТҚ-ның жылулық есебі жүргізілді. БГҚ-ның пайдалы әсер коэффиценті есептедім. Құрылған бір контурлық ҚПҚ бар БГҚ схемасы бойынша жылулық есеп жүргізілді. БГҚ жұмысының жоғары жумыс істеу эффективтілігінің анализі келтірілген. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімінде ГТҚ-ның шуын есептедім. Экономикалық бөлімінде БГҚ-ның салынуына, жаңартуға және отынға кеткен ақша мөлшерін есептедім.

Аннотация

В работе представлен анализ теоретические материалы по парогазовым установкам, рассмотрены схемы утилизационных установок и их преимущества. Выполнен тепловой расчет ГТУ мощностью 134,7 МВт для использования в расчете и анализе одноконтурных ПГУ. Выполнен тепловой расчет по одноконтурной ПГУ и расчитан КПД. Представлен анализ повышения эффективности работы ПГУ. В разделе безопасности жизнидеятельности расчитал шум ГТУ. А в экономическом разделе расчитал затраты денег на строительство и модернизацию ПГУ и на топлива

Annotation

In work the analysis theoretical materials on steam-gas equipment is submitted, schemes of utilization installations and their advantage are considered. Thermal calculation of GTE with a power of 134,7 MWt for use in calculation and the analysis of one-planimetric SGE is executed. Thermal calculation for the developed scheme of one-planimetric SGE with PPP is carried out. The analysis of increase of overall performance of SGE is submitted. In the section of safety of activity I calculated GTU noise. And in the economic section I calculated costs of money of construction and modernization of PGU and on fuels

Мазмұны

1Кіріспе

2Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

3Бу-газ қонырғысы

3.1Бу-газ қондырғысының құрылысы

3.2Бу-газ қондырғысының жұмыс істеу принципі

3.3Бу-газ қондырғысының артықшылығы

4Газ турбиналы қондырғы

4.1Қазіргі заманғы газ турбиналы қондырғылары.

4.2Газ турбиналы жылу тәсілдеме қондырғылары

4.3Газ турбина бөлшектерінің құрылысы

5Қайта пайдалану қазаны

5.1Қайта пайдалану қазанының құрылысы

5.2Қайта пайдалану қазанының жұмыс ітеу принципі

6Қазақстан Республикасының газ саласы

6.1Жаңажол кен орыны.

7Есептеу бөлімі

7.1Қайта пайдалану қазаны бар бу-газ қондырғысының пайдалы әсер коэффиценті мен толық жылулық мөлшерін есептеу

8Қоршаған орта бөлімі

8.1Газ турбиналы қондырғысының шуын есептеу

9Экономикалық бөлімі

10Қорытынды

11Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Энергетикалық даму программасы тұжырымдамалық сипаттамада жүреді және 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму программмасын жүзеге асыратын стратегияның бір бөлігі ретінде жасалған. Электр және жылу энергетикасы негізгі салалардың бірі болып табыла отырып, кез-келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік сферасында маңызды рөл атқарады. Сондықтан энергетика кешені Қазақстан Республикасы экономикасының басымды секторларының бірі болып есептелінеді және жоғары әсерлі жаңа технология мен еліміздің ішкі айналымдағы өнімінің энергосыйымдылығының үздіксіз түсуі негізінде электр энергетиканың тұрақты дамуы кезіндегі динамикалық теңестірілген “энергетика – экономика

– табиғат – қоғам” жүйесі ретінде қарастырылады.

Программаның негізгі артықшылықтары мен мақсаттары:

экономика мен елімізді электр энергиясымен өзіндік қамтамасыз етуіне қол жеткізу, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің бөлігі ретінде энергетикалық тәкелсіздігіне қол жеткізу;

электр энергиясының экспортты бәсекеге қабілетті ресурстарын құру және осы ресурстардың шектес және одан басқа елдердің энергетикалық нарығына ұсыныстарының мүмкіндіктерімен бірге оны құру;

электр энергиясының бәсекелестік нарығын электр энергиясы ағынын диспетчерлік басқару жүйесі мен таратылатын электр желілерін, көлікті өндірушілері үшін жалпы қолайлы базасына дамыту.

Электр энергиясы саласындағы негізгі стратегиялық бағыттар: Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесін (БЭЖ) құру;

Орталық Азия республикаларының энергожүйелері мен Ресейдің біріккен энергетикалық жүйесіне (БЭЖ) параллельді жұмыстарды қалпына келтіру;

электр энергиясының ашық бәсекелесті нарығының моделін өңдеу;

Бар энергия көздерін олардың жаңартылуымен және қайта құрылуымен максималды пайдалану және т.б.

Энергетика өндірісінсіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды. Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласының өркендеуіне міндетті талап қояды. Батыс аймағында электр тұтыну мен электрлік жүктемелерді 2030 жылға дейінгі кезеңіне болжамы

бойынша электр тұтыну 22,0 млрд.кВт∙сағ дейін өседі. Ең жоғары электрлік жүктеме 3400 МВт құрайды. Ал 2006 жылы ең жоғары жүктеме 1100 МВт құраған. Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан мен Маңғыстау облысы кіретін Батыс аймағының энергошаруашылығында Ресеймен электрлік байланысы бар. Маңғыстау, Атырау мен Батыс-Қазақстан облыстары жалпы электрлік байланысымен біріккен, ал Ақтөбе облысының энергошаруашылығы оқшауланып жұмыс істейді.

Ақтөбе облысында 2030 жылға дейін электр тұтыну 2 есе, яғни 6 млрд.кВт∙сағ-қа өседі. 2006 жылы ең жоғары жүктеме 430 МВт құраған. Электрэнергиясының ең үлкен тапшылығы Батыс аймағы бойынша Ақтөбе облысында болғандықтан газшығырлы электр стансасы осы жерде салынуға жобаланып отыр

ГШЭС-ның тұрақты жүмыс істеп тұруы үшін жабдықтары уақытымен жөдеуден өткізіліп тұруы қажет. Пайдалану және жөңдеу жүмыстары сапалы жүргізілуі үшін өндірісті үйымдастыруға керекті мамандар дайындау, керекті аспаптар мен жабдықтар, үлкен ассортиментті материалдар қолдану қажет.

Осы Ақтөбе қаласында орналасқан "Ақтөбе феррохром зауытында " бу-газ қондырғысы орнатылған. Қайта пайдалану қазаны бар бу-газ қодырғысы электр және жылу энергиясымен зауытты қамтамасыз етеді. 80% электрэнергиясымен және 100% жылу энергиясымен .

Элктростанция 2 блоктан тұрады: газ турбинасы GT13DМ қуаты 97,8 МВт , қайта пайдалану қазан HSRG-160 және бу турбинасы К-37/40-3,4 номиналды қуаты 37МВт. Қайта пайдалану қазаны зауытты жылумен қамтамасыз етеді.

Қайта пайдалану қазаны бар бу-газ қондырғысының қуаты 134,8 МВт құрамына келесі қондырғылыр кіреді.

-Газ турбинасы "ABB" фирмасынан сығылған ауа беретін «Аerzener» компрессоры бар. Қуаты 97,8 МВт.

-Қайта пайдалану қазаны HSRG-160/250 бу өндірулігі 160т/сағ, шығар газдармен жұмыс жасайды, «АВВ PBF» фирмасымен құрастырылған.

Бу турбинасы К-37/40-3,4 қуаты 37МВт, Калуждық зауытында шығарылған.

2 Ақтөбе Ферроқорытпа зауыты

Ақтөбе Ферроқорытпа зауыты - Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы, 1943 жылы жұмысын бастады.2003 жыл - сол Ақтөбе

ферроқорытпа зауытының 60 жылдығы үшін тіршіліктің 60 жасы кәсіпорын қайта жөнделді , жаңа цехтар салынды - және жаңа өндірістер ашылды, барлық балқыту пештерінің алымдылығы жоғарлады. Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының кәсіпорыны феррохромның барлық маркаларын, ферросилицийды, рутил, ильменитовый және цирконовый концентраттар барлық хромның түрлерін шығарады .Қазіргі кезде осы кәсіпорын даму үстінде, ол жылына 300 мың тонна ферроқорытпа өнімін шығарады. 2003 жылдың қарашасында зауытпен ойдағыдай сертификациялық аудит жүрді.

Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты, “Феррохром” акционерлік қоғамы — химиялық тәсілдермен сапалы, аса берік шойын өндіруге қажетті ферроқоспалар шығаруға мамандандырылған металлургиялық

кәсіпорын, Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы.1996 ж. наурызда акционерлік қоғамға айналды. Зауыт құрылысы 1940 ж. хромит кендері кенішінің маңында (Хромтау қ.) басталып, оны екі кезекпен бітіру көзделді. 1943 ж. 20 қаңтарда зауыттың 1-балқыту цехының 1-пеші тұңғыш рет металл берді. Құрылыстың қалған кезеңдері соғыс кезінде жүргізілді. 1951 ж. балқыту цехында ферротитан өндірісі

басталды. 1958 ж.орта көміртекті феррохромды конвертерде оттегімен үрлеу технологиясы игерілді. Бұдан кейінгі жылдары феррохромды вакуумтермиялық әдіспен шығару, кешенді модификаторлар өндірісі игеріліп, аса берік шойын өндіруге арналған магнитті сперация тәсілімен ферроқорытпа қоқыстарын өңдеу цехының құрылысы іске қосылды. 1997 ж. зауыттың барлық балқыту пештерін газбен тазартатын аса тиімді қондырғылардың құрылысы толық аяқталды. Сол жылы Қазақстанда тұңғыш рет металл хром мен көміртегінсіз феррохром өндірісінің технол-сы игерілді. Қазір ферроқорытпа өндіру көлемі жылына 200 мың т. Зауыт төмен көміртекті, орта көміртекті, жоғары көміртекті феррохром, 48% ферросиликохром, металл хром, металл қоспасы, ферроқоспаларымен қоса кальций карбидін, силикат кірпішін, қоқыс қиыршағын, технологиялық және медициналық оттегін, отқа төзімді бұйымдарды, әк және басқа да өнімдер шығарады. Зауыт құрамында ферроқорытпа өндіретін үш негізгі балқыту

цехы, шихта әзірлеу цехы, механикалық және энергетикалық жабдықтарды

жөндеу цехы, темір жол цехы, әк өртеу цехы, оттегі учаскесі және өндіріс қалдықтарынан қосымша өнім шығаратын цехтар жұмыс істейді. Зауыттың мемлекеттік және Еуроодақ елдерінің стандарттары бойынша шығарған өнімдері Еуропа елдеріне, Жапонияға, АҚШ-қа жөнелтіледі. Қазақстанда зауыт өнімі машина құрылысы саласында пайдаланылады. Қазақстан үкіметінің хром өнеркәсібі кәсіпорындарының бір тобын шетел

компанияларының басқаруына беру туралы шешіміне сәйкес бұл зауытты басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Кәсіпорын акциясының 10%-ін кәсіпорын ұжымы, 90%-ін “Казхром” ұлттық компаниясы, соның ішінде 55%-ін “Джапан хром корпорейшн” компаниясы алады. Металлургтердің кәсіптік мерекесі алдында ENRC тобының құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы бұқаралық ақпарат құралдары үшін тур ұйымдастырды. Оған еліміздің және Ресейдің хром өндірісімен айналысатын өңірлерінен журналистер келді. Алғашқы кезекте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Ақтөбеде болып, қаладағы ферроқорытпа зауытының, Дөң тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты. Осы саланың жаңалықтарына ден қойды. «Қазхром» ферроқорытпа өндірісі және сапасы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Оның құрамына төрт құрылымдық филиал-бөлімше кіреді: Дөң кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы), «Казмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).

Хром және марганец кенін өндіру, ферроқорытпа өндірісі — аталған өндірістің қызметінің негізгі бағыттары. Журналистердің басты мақсаты әлемдік деңгейдегі ірі өндірістің соңғы жаңалықтарын көру, бағамдау еді. Сондықтан да Ақтөбедегі іссапардың бірінші нысаны — жаңа ферроқорытпа зауыты құрылысының алаңы болды. Бұл құрылыс «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының жаңарту және техникалық даму бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Аталған жоба Қазақстанның мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасына кіреді және «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту жөніндегі стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Арада жыл өткенде ақтөбеліктер Қазақстанның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін ірі жобаның — жаңа зауыттың игілігін анық сезінетін болады. Өйткені ол — мыңдаған жаңа жұмыс орны деген сөз.

3 Бу-газ қондырғысы

Бу-газ турбиналы қондырғы — бу және газ турбиналарының жұмыс циклдері біріктірілген энергетикалық қондырғы. Бу-газ турбиналы