Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-2 / ВЗД-172 / РЕЦЕНЗИЯ.doc

.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
16.62 Кб
Скачать

Сатанов Нурлан Серікқалиұлы

«Бұрғылау тереңдігі 4000 м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау»

тақырыбындағы дипломдық жобасына

СЫН ПІКІР

Бұрғылау қондырғысының типі мен бұрғылау әдісіне байланысты әр жағдайда жеке қажетті қуатты, өнімділікті және сәйкес жабдықтарды таңдайды. Бұрғылау жұмыс көлемінің қарқынды өсуі, сонымен қатар ұңғыма тереңдігінің үлкеюі бұрғылау жабдықтарын әрдайым жетілдіру мен жаңа қуатты машиналарды жасауды қажет етеді. Мұнай және газ жабдықтарын жасау ғылыми техникалық прогресстің негізі бағыты: жабдықтың сенімділігі мен ұзақмерзімділігін, технико-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату мен жабдықтардың қуатын көтеру. Жер қабаттарының әр түрлі болуына және бұрғылау тереңдігіне байланысты олардың физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп отырады. Бұл механизм кешенінің технкалық жағдайына, ұзақмерзімділігіне параметрлерінің төмендеуі кері әсерін тигізеді. Сондықтан да оған жоспарлы ескертулі жұмыстар жүргізіп, жағдайын бақылап отыру қажеттілігі туады.

Соған байланысты БТҚ-172 бұрандалы түптік қозғалтқышының элементтері құрылымын жетілдіру маңызды мәселе болып табылады деп айтуға болады.

Берілген дипломдық жобада жүргізілген анализ негізінде БТҚ-172 бұрандалы түптік қозғалтқышын жетілдіру және сол үшін жаңа техникалық шешімді пайдалану ұсынылады.

Жалпы алғанда, дипломдық жоба жетекшісі берген тапсырмаға сәйкес жасалған, барлық мәселелер талқыланған, негізгі есептеулері мен негіздеулері келтірілген.

Келесідей ескертулері бар:

- Техникалық бөлімде, біздің ойымызша шетелдік бұрандалы түптік қозғалтқыштардың конструкцияларын талдауға аз көңіл бөлінген.

Бірақ, бұл кемшіліктер орындалған жұмыстың нәтижесін төмендетпейді қорғауға ұсынылған дипломдық жоба барлық талаптарға сай келеді, көлемі және мазмұны бойынша бакалаврдың аяқталған жұмысы болып табылады, және « өте жақсы» деген бағаға

Сатанов Нұрлан

5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық біліктілігіне ие болуына лайықты деп есептеймін.

Пікір беруші,

тех.ғыл.канд., доцент ___________ Исмаилов А.А.

Ф.КазНТУ 704-24. Сын пікір

Соседние файлы в папке ВЗД-172