Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ВЗД-172 / 4. Қоршаған ортаны қорғау.docx
Скачиваний:
97
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
35.96 Кб
Скачать

4 Экология және қоршаған ортаны қорғау

4.1. Бұрғылау кезіндегі қойнауды қорғау және ұңғыманы жерасты жөндеу

Қоршаған ортаны қорғау атмосфераның, жердің, судың, өсімдіктің және қазіргі таңдағы жануарлар ағзасының, болашақтағы көмірсутектердің қойнауын өңдеу нәтижелеріндегі физикалық, химиялық және биологиялық сипаттамаларының нашарлауын болдырмауды қарастырады. [15]

Қойнауды пайдалану кезінде қамтамасыз етелуі тиіс:

- қойнауды түгел және күрделі үйреніп шығу;

- қойнауды пайдалануға ұсынудың орнатылған тәртібін сақтау және қойнауды ерікті пайдалануға рұқсат етпеу;

- қойнаудан негізгі қорларды біршама толық алу және олармен бірге жатқан пайдалы қазбаларды, олардың ішіндегі құрауыштарды ұтымды пайдалану;

- пайдалы қазба қорлардың игеріліп басталуына, қойнауды пайдалануға байланысты жұмыстарға зиянды әсер беруге рұқсат етпеу; пайдалы қазындылар жатқан аудандарға негізсіз, ерікті салулардың алдын алу және бұл аудандарды басқа мақсаттарға пайдалануға орнатқанда тәртіпті сақтау.

- пайдаланылған және тау өндірісінің бұрғы ұңғымаларының концервациясында жатқан, сондай-ақ жерасты ғимараттардың сақталуы үшін қойнауды пайдалануға байланысты жұмыстарға зиянды әсерді болдырмау;

- мұнайдың немесе газдың, басқа заттар мен материалдардың жер астында сақталуы; зиянды заттардың және өндіру қалдықтарының жерленуі кездерінде, ағынды суларды жібергенде қойнаудың ластануын болдырмау.

Табиғатты және табиғи ресурстарды пайдаланғандағы мемлекеттік бақылауды табиғатты қорғау бойынша Мемлекеттік комитет, таулық қадағалау және өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау бойынша мемлекеттік комитеттер жүргізеді.

Қоршаған табиғи ортаны және қойнауды қорғау бойынша шаралар қойнауды қорғау лицензияларында, көмірсутектердің қойнауларын өндірістік және сынақтық тәжірибелік – өндірістік өңдеулердегі жобалық құжаттарда, арнайы ұзақ уақыттық бағдарламаларда, қойнауды өңдеудің келісімшарттарында баяндалады.

Қазіргі таңда мұнай және газ ұңғымаларын күрделі жөндеу және құрылыс жүргізу бойынша жұмыстардың көлемінің өсуі жалғасуда. Бұл жұмыстар қоршаған табиғи ортаға шарасыз техногенді әсердің деңгейін анықтайтын айқындаушы ерекшеліктер қатарынан тұрады. Осы кездегі көмірсутектік шикізаттың қойнауын меңгерудің барлық этаптарынан ұңғымаларды конструкциялау және олардың периодты жөндеу экологиялық жүйелерде жұмыстар жүргізуде біршама маңызды күш болып табылады.

Бұрғылау өндірісі және жөндеу жұмыстары өсімдік және топырақ жабынының механикалық бұзылуы мен, өсімдіктерге, топырақтарға беттік және топырақтық грунттық суларға гоехимиялық әсерлермен бірге жүреді.

Жұмыс жүргізіліп жатқан аудандағы экожүйеге жоюшы әсер апатты мұнай және мұнай өнімінің құймаларына, сондай-ақ 30г/л-ге жоғарылатып минерализацияланған пайдаланған бұрғылық ағын сулардың (П.Б.Ж) құйылуына әкеп соғады. Бірақ апаттық жағдайлармен байланыссыз ұңғыманың дәстүрлі технологиялық құрылысының өзі қойнаудың және қоршаған ортаның объектілеріне кері шарасыз әсерін береді.

Ең көп қауіпті бұрғы ауданында тұрғызылған жер қоймалық тұндырғыштарда және су жинағыштарда, тікелей бұрғылау шекараларында сақталатын және жиналатын бұрғылаудың өндірістік-технологиялық қалдықтар туғызады. Ұңғыманың құрылысының техноголиясында мұндай қоймалар құрылыс жұмыстары жинақталғаннан кейін зардаптың әсерін жоюға жіберілу қарастырылады. Бірақ тәжірибеде байқағанымыздай, кей жағжайларда тұрақты әсер ететін қоймаларды ластаушы факторлардың алдын алу жүргізілмейді.

Өз уақытында зардап әсерін жоймаудан ортаның объектілеріне жыл сайын 6,5%-ға дейін шламды қоймалар түседі. Біршама жылжымалы ластағыштар болып ластағыштардың негізгі көлемін өзіне жинақтайтын сұйық қалдықтар табылады (бұрғылық ағынды сулар және пайаланылған бұрғылық ерітінділер) және қоршаған орта объектіліріне ластаушы заттар тасымалдаушы болып табылады. Тіпті қоймалардың заттарын жоюдың өзі бұрғылаудың технологиялық қалдықтарының кері әсерін түгелдей тоқтатпайды. Бірінші кезекте сұйық ластағыштар жоғарғы ену қабілетіне ие. Ұңғымаларды құрылыстау кезінде қоймалық тұндырғыштардан бас тартуға мүмкіндік беретін баламалы шешім ретінде олардың металл өлшеуіш сыйымдылықтармен және контейнерлермен ауыстыруын айтуға болады және толтырудан кейін олардың ішіндегі зиянды заттарды жерлеу үшін арнайы полигондарға эвакуациялануы мүмкін. Бірақ мұндай шешім қоймалық технологияға қарағанда қымбатқа түседі, ол материалдық құралдардан және еркін өндірістік мүмкіндіктерден тұратын дамыған инфрақұрылымды аудандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Мұдай шешімдер жеткілікті аз шешімге асырылады. Қойнау көздерінен қошаған ортаға қойнауды өз уақытында зардаптан алдын алуды жүзеге асырмағандықтан түсетін сұйық қалдықтардың орташа көлемі 127 мм3 құрайтыны белгілі. Яғни 2000 мм3 орташа сыйымдылықта қойманың 6,5% химреагенттер мен материалдың бұрғылық шаю сұйықтықтарын өңдеу үшін пайдаланылғандар 10%-ға дейін жетеді.

Гидро объектілерге және литосфераға ластаушы заттардық енуінің негізгі жолдары топырақ грунтының сүзгіленуі және опырылымдардың қойма қабырғаларының бұзылуы кезіндегі сулардың ағып кетуі болып табылады. Көктемгі тасқын сулар, қардың қарқынды еруі және ағынды жаңбырлар ластануды бірден ұлғайтады.

Қалдықтардың құрамына материалдар мен химиялық реагенттерден тұратын әр түрлі табиғатты ластағыштардың кең спектрі, бұрғылау шаю сұйықтықтарын ауырлату және өңдеу, бұрғыланған тау жыныстары, бұрғылау шламдары жатады. Бұрғылау қалдықтарының ішіндегі ең көлемдісі бұрғылау ағынды сулары. Бұл ұңғыманың құрылысы техникалық суларды көп қолданумен және ластаған ағындардың пайда болуымен байланысты. Бұрғылау ағынды сулардың құрамы мен қасиеті бірдей ұңғымаларды түрлі теңдікте бұрғылау кезінде, сондай-ақ жеке технологиялық амалдарды жүргізу кезінде үлкен аралықта өзгереді.

Пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарының ластаушы қасиеттері қолданылатын химреагенттермен және материалдармен сондай-ақ бұрғыланған жыныс құрамдарымен жинақталады. Мұнай және мұнай өнімдеріне қатты ластайтын қалдықтардың құрамына, су жинағыштарға топырақты-өсімдікті жабындарға зиянды және улы органиктер және минералды тұздар жатады.

Қоршаған орта мен қойнауды шаю және технологиялық сұйықтықтар мен бұрғылық шламдармен және ағымдармен ластанудан басқы ұңғыманы конструкциялау және жөндеу кезінде, қойманың жалпы физико-химиялық жағдайын нашарлатуға әкелетін кешендер байқалады. Қойнаудың әсерінен:

-ашылатын және ашылған ұңғымалардың тау жыныстарының массивтерінің тұтастығының бұзылуы;

-бұрғылау және күрделі жөндеу үрдістерінде агрессивті қасиетке ие басқа қойнауларға материалдар мен заттарды қолдану;

- апатты жағдайлардың тууы және сапасыз жұмыс жүргізілу.

Тау жыныстарының массивтерінің тұтастығының бұзылуы мұнай газ тасымалдаушы жиектердің, пласттардың оқшауланғандығының, ажыратылғандығының бұзылуына әкеледі, сондай-ақ қойнау байланысының атмосфераға енуіне мүмкіндік жасайды. Ұңғыманың бекітілмеген бағанының отырғызылуы оқпаны арқылы қабаттар арасында өзара әсерлесулер қаупі туады. Ол бекітілен ұңғыманың құбыр сыртындағы кеңістігі сапасын цементтелгеннен немесе қымталмағаннан болады. Мұның нәтижесінде бақылаусыз сулануға әкеліп соғады. Флиюдтардың ақпан бойынша еркін цикуляциялануы басқа пайдалы қазынды жатыстарында зиянды әсерін тигізеді.

Барлық айтылған әсерлер мұнайды, газды өндіру үрдісін қиындатады, соның әсерінен үлкен шығынға әкеп соғады.

Бұрғылау кезіндегі қойнауды қорғау бойынша шаралар геологотехникалық нарядтарында (ГТН) қарастырылады. ГТН бұрғылау тобының негізгі құжаты болып, олардың жұмысының соңына дейін басқарылуы тиіс, ол геологиялық және техникалық бөлімдерден тұрады.

1) Геологиялық бөлімде қарастырылуы керек:

- ұңғыманың күтілген геологиялық кесіндісі;

- олардың қаттылық категориясы көрсетілген жыныстық литологиялық сипаттамалары;

- қабаттың құлау бұрыштары;

- күрделенулер және апаттық жағдайлар мүмкін болатын тереңдіктер;

- жеке қабаттардың өнімділігін бағалауға бағытталған ұңғыманың жұмыс істеу ережелері мен конструкциялары;

- қабаттарға қарсы бағандардың жүргізілуі тиіс;

- су тасымалдаушы жиектердің сипаттамалары және жағдайы;

- күтілген пластты қысым жайлы мәліметтер;

2) Техникалық бөлімде қарастырылады:

- геологиялық шарттарға сәйкес ұңғыма конструкциясы;

- бұрғылау режимінен тау жыныстарының бұзылу технологиясы;

- мұнай, газ опырылымдарын және су пайда болуды болдырмауды қамтамасыз ететін шаю сұйықтықтарының құрамы және қасиеттері;

- шаю сұйықтығының қалыпты циркуляциясының бұзылуы және ашылған мұнай газ тасымалдаушы жыныстардың өнімділігінің төмендеуі.