Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
29.7 Кб
Скачать

5. Экономика бөлімі

5.1 Жаңа техниканы енгізу туралы шолу

Ғылыми техникалық прогресс мықты кәсіпорында жаңа машиналар және жүйелермен реттейтін, басқаратын құралдармен принципиалды жаңа техника және өнім түрлерін құрыудың, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға жоспарлы жұмыстарды өңдеудің негіздерін қарастырады. Қондырғының техника-өнімділік сипаттамаларын жақсарту мен жаңарту (модернизациялау), оның қуаты, өнімділігі, ұзақ мерзімділігі және тағы басқа параметрлері техникалық прогрестің бір маңызды жағы болып табылады.

Ғылыми техникалық прогресс (Ғ.Т.П.) деп, ғылыми және техниканың дамуын, прогрессивті технологияны енгізуді, өндірісті рационалды ұйымдастыруды айтамыз.

Қазіргі уақытта мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде соңғы мұнай-газ бергіштігін, мұнай-газ табу процесін, ұңғыларды құру процестерін көбейтуге мүмкіндік беретін кен орындарын игерудің прогрессивті технологиясы өңделуде. Өндірісте жаңа техника және технологияны енгізу, келесі экономикалық нәтижелер орын алса ақталады.

а) бірлік өнім өндіруге кететін шығындарды азайту

ә) еңбек өнімділігін арттыру

б) бұйымның саласын көтеру

Техниканы жетілдіруге жұмсалған қосымша капитал салымдар, өнімді шығаруға кеткен шығындар экономикасымен қайтаруы керек.

Жаңа техниканың экономиалық тиімділігін анықтау кезінде, бірінші ұсынылатын шара қаншалықты прогрессивті және енгізуге қабылданатындығын, екішіден жалпы қанша мөлшерде экономикалық тиімділігі болатынын белгілейді.

Егер жаңа техниканы енгізу жұмыстардың өзіндік құнын төмендетсе, бірақ сонымен қатар қосымша капитал салымды қажет етсе, онда қолданған шаралар тиімді болып есептеледі және экономиканың әсерінен қосымша капитал салымдар мөлшері нормал уақыттан бұрын қайтарылып алынады.

Соңғы кезде механизациялау және бұрғылау қондырғылары, терең ұңғыларға арналған бұрғылау сорабы негізделеді. Өндіріс процесстерін әрі қарай механизациялау, автоматизациялау және тәжірибелерді кеңейту, тарату мұнай-газ өндіруді өзіндік құнын төмендетудің таусылмас қоры болып табылады.

5.2 Экономикалық нәтижелікті анықтау

Жаңа техникаға халық шаруашылығында бірінші іске асырылатын ғылыми еңбектің нәтижелері мен қолданбалы зерттемелер, өндірісте қолданылатын технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісте еңбекті ұйымдастыру тәсілдері, осы тәсілдердің нәтижесінде техника-экономикалық көрсеткіштердің өсуін және де шаруашылықты, басқа да әлеуметтік сұрақтарды шешеді.

Жаңа техниканың экономикалық нәтижелігінің ережелерін реттейтін негізгі құжат болып «Жаңа техниканы пайдаланғанда экономикалық нәтижелікті анықтау әдістемесі» есептеледі. Бұл әдістеме (методика) келесі үшін арналған:

- ең жақсы жабдықтардың нұсқаларын таңдауды техника-экономикалық негіздеу (жабдықтар, машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар);

- жаңа техниканы немесе рационалды ұсыныстарды экономикалық тиімділікпен анықтау;

- жаңа техниканы ойлап тауып және рационалды ұсыныстарды енгізгендер үшін сыйақы мөлшерін анықтау.

Экономикалық нәтижелікті дұрыс анықтау үшін, ең алдымен күтетін нәтиже мен жоспарлау нәтижесінің шығындарын салыстыру арқылы анықталады. Бұл кезде «әсер» мен «нәтижелік» түсініктерін айыру қажет.

Әсер деп соңғы өндірістік нәтижені, яғни өндірістік еңбекті жоғарылату және т. б.

Қаржы көрсеткіштері экономикалық нәтижелікті есептеу үшін және бір дана өнімге салынған капиталды салымдар мен салыстырмалы салымдар, пайдалану шығындары, бір дананың өзіндік құны негіз болады.

Капиталды салымдар жаңа құрылыс орнына кететін барлық шығындарды, және де оларды кеңейтуге, негізгі қорларды қайта құру және жаңарту (модернизация). Салыстырмалы капиталды салымдарды өнімнің бір данасына кеткен капиталды шығындар.

Пайдалану шығындарына жалақыны есептеу мен төлеу, жанармай, электр энергиясы, қосалқы материалдар, амортизациялық және төлемдер жатады.

Нәтижелік – бұл әсердің барлық шығындарға қатынасымен анықталады. Сондықтан нәтижелік – салыстырмалы өлшем.

Экономикалық нәтижелік әрқашан сапалы және натуралды көрсеткіштермен толықтырылуы керек. Натуралды көрсеткіштер санына еңбек өнімділігі, негізгі қорды пайдалану дәрежесі, сенімділігі, өнімнің сапасы, жанармай шығыны, электр энергиясы шығыны жатады.

Экономикалық нәтижеліктің негізгі көрсеткішіне жылдық экономикалық әсер жатады, яғни бұл базалық және жаңа техника бойынша жоғарыда көрсетілген шығындардың салыстырмалы көрсеткіші.

Соседние файлы в папке Экономика