Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-1 / Документ / PDF / MUdlya_vsekh_spets_po_OT_kaz_var

.pdf
Скачиваний:
48
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
601.53 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМЖӘНЕҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ Қ.И.СәтбаеватындағыҚазақұлттықтехникалықуниверситеті

Т.К. Басенов атындағы сәулет жәнеқұрылыс институты

«Тіршілік қауіпсіздігі жәнеқоршаған ортанықорғау» кафедрасы

дипломдық жобаның«Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға барлықмамандықстуденттеріне арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Алматы 2012

1

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Қасенов Қ.М., проф., т.ғ.д.,ТҚжҚОҚкафедрасының меңгерушісі, Бектұрғанова Г.С., доцент,т.ғ.к., ҚалдыбаеваС.Т., ағаоқытушы., Ph.Dд-р/

Әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбекқорғау» бөлімін орындауға көмек беруге арналған.

Әдістемелік нұсқаулар «Білім туралы» заңына сәйкес бакалаврларды дайындауда білім беру үрдісінің соңғы кезеңінде оқу үрдісін табысты аяқтау мақсатында дайындалған.

Аталған әдістемелік нұсқаулар: соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелерінен, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғаудың, жобаланатын технологиялық жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарынан, еңбекті ұйымдастыру және өртке қарсы қауіпсіздіктен, сонымен қатар соңғы кәсіби жұмыста өндірістік қауіпсіздік бойынша материалдарды рәміздеу ретінен тұрады. Аталған бөлімде жұмыс атқаруға қажетті кейбір анықтама материалдар келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулардың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі және ҚР қолданыста жүрген нормативтікқұжаттары келтірілген.

Рецензенттер: техн.ғылымд.докт., проф. ДолговП.В.

Университеттің мамандықбойынша Оқубағдарламасына сәйкес басылып шығады.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

2

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………….

4

1.

Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің

 

 

негізгі ережелері. ..............................................…………………………...

5

2.

Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің

 

 

ұсынылатын мазмұны...…………………………………………………

7

2.1

Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс

 

 

аймағы. …………………………………………………………….

7

2.2

Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және

 

 

орналастыру...............................................................................................

9

2.3

Көтеру-көліктік құрылғылар …………………………………

9

2.4

Электр қауіпсіздігі ……………………………………………………..

9

2.5

Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі ...................

10

2.6

Шу және дірілмен күресу іс-шаралары …………………………..

10

2.7

Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-

 

 

шаралары…………………………………………………………………….

12

2.8

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау

 

 

бойынша іс-шаралар. …………………………………………………..

13

2.9

ТЖ зардаптарын жою ……………………………………………..

14

2.10

Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін

 

 

қамтамасыз ету. ………………………………………………………….

15

2.11

Жұмыс орындарының атесстациясы …………………………………

17

2.12

Техникалық регламент талаптарын еңгізу …….………………...

17

2.13

Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету……………………….

18

2.14

Өрт-жарылыс қауіпсіздігі ……………………………………………..

18

2.15

Жобаланатыннысанныңқоршағанортағакеріәсерімәселелері...........…

20

 

Қолданылғанәдебиеттертізімі ……………………………………………….

23

 

Қосымша 1 ………………………………….

24

 

Қосымша 2……………………………….

25

 

Қосымша3 ……………………………………

27

3

КІРІСПЕ

Көбіне кәсіпорындарда орын алатын жазатайым жағдайлар жобалау кезінде ережелер мен нормалардан ауытқу, сәйкес техникалық регламент талаптарын бұзу себептеріне байланысты болады, сәйкесінше ол қауіпсіздік шарттарының бұзылуына әкеліп соғады.

Жобалау кезінде жіберілген жеке қателіктер мен кемшіліктер жазатайым жағдайлардың, техногенді апаттардың, өрттер мен кәсіптік науқастанудың жанама, тіпті тікелей себебі де болуы мүмкін. Бұл себептердің барлық ұйымдастырушылық және техникалық құралдармен алдын-алу олардың пайда болуының мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіріс басшылары мен мамандардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Соңғы кәсіби жұмыста орындалатын қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар оса салада қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, қауіпсіздік бойынша міндетті нормалар мен жетекшілік ережелеріне сәйкес болуы қажет.

Жобалау кезінде, әсіресе жаңа технологиялық үрдістері көзделген нысандарды жобалау кезінде (оған қоса қолданыстағы нормалар мен ережелерді дамыту), жаңа қорғаныс құралдары мен қауіпсіздік бойынша белгілі әдістерді жаңа шарттарда пайдалануды негіздеу және өзіндік ұйымдастыру мәселелері аса маңызды.

Соңғы кәсіби жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы техника және ТЖ кезіндегі қорғаныс бойынша туындайтын сұрақтар ауыртпалылығы және мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Демек, аталған сұрақтар бойынша қабылданатын шешімдер қарастылып отырған кәсіпорынның немесе өндіріс цехының технологиялық үрдісімен тығыз байланысын айқын көрсетуі шарт.

Жоба тақырыбына байланысты қауіпсіздік талаптары мен шарттарын ұйымдастыру және жанжақты мұқият бағалау, кейбір мәселелер бойынша ерекше негізделген шешімдер, сәйкесінше жұмыстың құндылығын арттыра түседі, бітіруші студенттің университет қабырғасында алған теориялық білімі мен тәжірибелік икемін көрсетеді.

Өндірістік қауіпсіздік талаптары қамтылмаған, толық ашылып қарастырылмаған немесе технологиялық үрдіспен байланыстырылмаған соңғы кәсіби жұмыс толыққанды және қорғауға жіберілген жұмыс деп таныла алмайды.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдықжобаныорындаудакөмек беруге арналған.

Дипломдық жобалау жұмысының тиімді әрі жүйелі түрде орындалуы үшін шығарушы кафедра ТҚжҚОҚ кафедрасымен соңғы курс студенттерінің тақырыптары мен ғылыми кеңесшілерін бекіткен сәтінен бастап тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

4

1 СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ұйымдастырылатын және жоспарланатын қауіпсіздік іс-шараларының мазмұны мен сипаты соңғы кәсіби жұмысқа (СКЖ) берілетін тапсырма тақырыбына байланысты болады.

Осылайша өндірістерді жобалау кезінде аймақ территориясы мен бас жоспарға, ғимарат құрылысы мен құрылыс элементтеріне, цехтарды жобалауға, өндірістік үрдістерді орналастыру, көлік ағындарын ұйымдастыру, өртке қарсы су құбыры жүйесі мен оның қуатына, территорияның көркейтілуіне, тұрмыстық үймереттерге және т.б. қатысты техника қауіпсіздігі мен өрттің алдын-алу шаралары едәуір маңыздылыққа ие болады. Бұл мәселелердің әрқайсысы еңбек қорғау бойынша СКЖ-та жеке тақырып бола алады.

Цехтарды жобалау кезінде қауіпсіздік шарттарын өндірістің технологиялық үрдісінің сиапты мен ерекшеліктеріне сәйкес (шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндірістік қалдықтарды сақтау мен тасымалдауды қоса алып), жабдықтардың жинақталуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, эвакуациалау жолдарының, тұрмыстық ғимараттардың орналасуына байланысты қарастырған жөн.

Қандай да бір технологиялық үрдістің сұлбасын ұйымдастыра отырып, механикалық, химиялық, электрлік және басқа да жарақат түрлері мен кәсіптік зияндылық түрлерін, оның ішінде пайдалану кезіндегі апаттық шарттар мен қоршаған ортаға кері әсерлерін қоса алып зерттеу аса маңызды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып негізделген қорғаныс шараларын ұйымдастыру қажет.

Қолданыстағы өндіріс орынын немесе цехты қайта құру мақсатын қолға алған тапсырмаларды орындауда, ең басты еңбекті қорғау тұрғысынан нақты шарттардың дәл және толық сипаттамасын берген жөн секілді. Бұл жағдайда СКЖ алдында болған өндірістік тәжірибе барысында жүргізген өзіндік бақылау мен статистикалық мәліметтер бойынша кәсіби науқастану мен жарақаттану анализін беру ұсынылады. Жүргізілетін зерттеуден жарақаттану себептерінің сипатын анықтауға болады және қорытынды ұсыныс ретінде олардың салдарын жою бойынша құрастырмалы-техникалық, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар ұсынуға болады.

Құрастырушылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда (машина, аппарат, қондырғыны жобалауда) пайдалану шарттарына сәйкес қажетті қауіпсіздік құралдарының құрастырушылық ұсыныстарын ескеру қажет (қоршаулар, қауіпсіздіктің блокталуы, герметикалылық, ескертуші дабыл және т.б.).

Егер соңғы кәсіптік тапсырманың тақырыбы зерттеушілік (эксперименталдық) жұмыс болса, онда мақсаттық бағыт пен зерттеу әдістері, орындау техникасы, зерттеу аппаратурасы мен құралдар оны жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей тұрғыдан қарастырылуы қажет. Бітіруші түлекпен ұсынылатын қорытындылар мен ұсыныстар еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына негізделеді.

Демек жоба тақырыбына қарамастан жоба мәтіні мен сызбаларында қауіпсіз және салауатты еңбек шарттарын ұйымдастыруға бағытталған келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет:

машиналар, аппараттар және жабдықтарды пайдалану кезінде ауыр, қауіпті, еңбек сыйымды және монотонды жұмыстар мен операциялардың механизациясының міндеттілігі;

механикалық, термиялық және электрлік қауіптілікті ескере отырып, жабдықтардың қауіпті элементтерінің блоктауыштарының және құрастырымдық қоршауларының бар болуы;

бақылаушы-өлшеуші, реттеуші, сақтандырушы және дабыл беруші автоматтар мен құралдардың орналасуы және құрылысы, жұмыс атқару тиімділігі;

жоғары қауіптілікті үрдістер үшін арнайы қауіпсіздік талаптары (қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, көтергіштер, жоғары электр қауіптілігі және т.б.);

қолайлы метеорологиялық орта мен қолайлы жұмыс орынын ұйымдастыру

5

(желдету, жылыту, жарықтандыру, өтпелдердің, қондырғылардың орналасуы; техникалық эстетика элементтері);

Өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда өрттердің пайда болуының алдын-алу шаралары тек халық шаруашылығының материалдық құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және олардың денсаулығы мен өмірін де сақтайтынын есте сақтау қажет.

Өрттер көбінесе жазатайым жағдайлармен қоса жүретіндіктен, ал кейде жазатайым жағдайларға әкеліп соғатын себептер жанудың өршуін дамытатындықтан, СКЖ орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен өрттің алдын-алу шараларын бірге қоса алып қарастырған жөн.

«ТҚжҚОҚ» кафедрасының кеңесшілері мен шығарушы кафедралар жетекшілерінің келісімімен дипломдық жобада келесі сұрақтар қамтылуы мүмкін:

1.Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жақсарту, санитарлы қорғаныс аймағы

2.Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

3.Көтеру-көліктік құрылғылар

4.Электр қауіпсіздігі

5.Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

6.Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

7.Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары

8.Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-

шаралар

9.Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз

ету

10.Жұмыс орындарының аттестациясы

11.Техникалық регламент талаптарын еңгізу және оларды сақтау мониторингі

12.Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету

13.Өрт-жарылыс қауіпсіздігі

14.Жобаланатыннысанныңқоршағанортағакеріәсерімәселелері

Аталған сұрақтар дипломдық жобаның сәйкес бөлімінде қамтылуы мүмкін және жеке бөлім ретінде бөліп қарастыруды қажет етпейді. Мысалы, белгілі бір технологиялық үрдісті ұйымдастыру кезінде, оның қауіпсіздігі жайлы мәселелер жеке параграфқа шығарылып немесе мәнмәтіні ретінде сол бөлімнің өзінде қарастырылуы мүмкін.

Одан басқа студент дипломдық жоба кеңесшісі мен жетекшісінің кеңесімен жоғарыда аталып кеткен сұрақтарды қамтымай-ақ көлемі 5 тен кем емес өндірістік қауіпсіздік бойынша қажетті инженерлік есептеу жұмыстарын орындауына да болады, сәйкесінше олар дипломдықжобаның жеке бөлімі ретінде рәмізделуі қажет.

Аталған сұрақтарға қатысты қолданылған әдебиеттер тізімі, нормативтік құжаттар тізімі және техникалық регламенттер әдістемелік нұсқаулардың соңында келтірілген.

Еңбекті қорғау, төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік есептеу жұмыстарын орындауға қажетті материалдар ТҚжҚоҚ кафедрасында электронды нұсқауда беріледі.

Бөлімді дер кезінде және сапалы түрде орындауы үшін студент дипломдық жоба жетекшісінен тапсырма алған соң кеңесшіге келуге міндетті.

Тапсырманы орындау барысында нормативтік ережелерді және т.б. ресми құжаттарды көшіріп алумен шектеліп қою рұқсат етілмейді. Өндірістік қауіпсіздік, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтитын сұрақтардың қосынды есебі 8-10 бетті құрауы қажет.

Орындалған жұмыстың мазмұны мен сапасы студенттің өзіндік тәжірибелік қызметке дайындығын, алынған теориялық білімі және тәжірибелік икемі мен ептілігін шығармашылық түрде пайдалану қабілетін көрсетуі қажет.

Тапсырманы орындау барысында студент диплом алдындағы тәжірибеден жинаған материалдарын зерттеп, қажетті есептеу жұмыстарын жүргізеді және қауіпсіз, салауатты

6

еңбек шарттарын, ТЖ кезінде нысандардың тұрақтылығын, жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсерінің төмендеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырады.

2 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ «ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІНІҢ ҰСЫНЫЛАТЫН МАЗМҰНЫ

2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы

Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығарудықамтамасызету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойыншаоларғақойылатынталаптарменқамтамасызету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы,автокөлікпентеміржолкөлігінеқатыстыорналасуы);

д)адамдарменкөліктердіңжұмысістеужәнеқозғалысалаңдарынжасандыжарықтандыру.

Кесте 1 Түңгімезгілде кәсіпорыналаңынжасандыжарықтандырунормалары(жарықтандыружер

деңгейінде көлденеңжазықтықтаалынады)

Жарықтандыру орындары

Жарықтандыру жүйесі

Жарықтандыру,

 

 

лк

Зауыт алаңының шекара жолдары бойына

Жалпы

0,5

Өтпелдер, жолдар бойында, кіре берістерде

2

(күзеттік жарықтандыру)

 

 

Автокөлік жолдарында

1

Түсіріп-тиеу жұмыс орындарында

2

Жұмысшы механизмдер маңында

Аралас

20

Өлшеуші құралдар маңайында

50

Шыны ыдыс қабылдауыштар маңында

20

Авто және вагондық таразылар қалқаларында

Жалпы

5

Таразы шәкілінде

Аралас

30

е) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық (кесте 2);

ж) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

з) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

7

 

Ғимараттарменүймеретерарасындағыалшақтық

Кесте 2

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғимаратнемесе

Көршілесғимараттарнемесеүймереттердіңотқатөзімділікдәрежесіне

үймереттіңотқа

сәйкесғимараттарменүймереттерарасындағыарақашықтық,метр.

 

төзімділікдәрежесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I және II

III

IV-V

I және II

ГжәнеДкатегориялығимараттармен

9

12

 

 

үймереттерүшіннормаланбайды,ал

 

 

 

 

А,Б,Вкатегориялары үшін 9 деп

 

 

 

 

қабылданады.

 

 

 

III

9

12

15

 

IVжәне V

12

15

18

 

 

 

 

 

 

Бас жобада ғимараттар мен үймереттер өндірістің өрт қауіптілігіне, құрылыс бөлшектерінің отқа төзімділігіне, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газ, зиянды сәулеленулер және т.б.)бар болуына және сипатына байланысты бір-бірінен жәнежақынмаңайда орналасқан тұрғылықты аймақтардан белгілі ара-қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістік ғимараттар мен тұрғылықты аймақ арасындағы алшақтықтар бөлінетін зияндылықтардың сипаты мен көлеміне байланысты, өндірістің бес кластың біріне жатуына орай санитарлық қорғаныс аймағыныңшамасынатәуелдіанықталады.

Кәсіпорын алаңында рельстік, соныменқатар рельссіз де жолдар жобалануы мүмкін. Алаң өлшемі 5 гектардан көп өндірістік кәсіпорындар үшін екіден кем емес кіре

беріс ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорын алаңына кіруге негізделген автокөлік жолдарының ені қолданылатын автокөліктердің енінен плюс 1,5 м ге кем болмауы керек, демек барлық жағдайларда 4,5 м ден кем болмауытиіс.Теміржолқақпаларыныңені4,9 м ден кем емес.

Автокөлік жолдарының беттік қабаты берік және барлық ғимараттарға өрт сөндіруші көліктері кіре алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Ғимарат немесе үймерет ені 18 м-ге дейін болған жағдайда барлық ұзындық бойына бір жағынан ғана бір кіре беріс ұйымдастырылса жеткілікті, ал ені 18 м-ден көп болса кіре беріс міндетті түрде екі жағынан, соныменқатарбарлықұзындықбойынадаұйымдастырылуышарт.

Құрылыс ошағының аумағы 10 гектардан көп немесе ені 100 м-ден көп ғимараттар үшін кіре берістер барлық жақтарынан да болуы қажет.

Біржақтықбағыттағыжолдардың ені 3,75 м-ден, ал екіжақтық бағыттағыларүшін 7,5 м ден кем болмауы тиіс.

Өндірістік аймақ алаңындағы жолдар мен өтпелдер тұйық, сақиналы және аралас жүйелі болуы мүмкін. Тұйық жүйелі жолдарда тұйықталу соңында радиусы 10 м-ден кем емес топсалы айналып өту жолдарын немесе өрт сөндіруші көліктердің бұрылысы үшін өлшемі 12x12 м болатыналаңұйғарылуыкерек.

Өрт сөндіру мақсатында пайдаланыла алатын суаттарға немесе табиғи су көздеріне өту үшінені3,75м,аумағы12x12мболатынөтпелдерұйымдастыруқажет.

Кәсіпорынның шекарасы аумағынан жолдардың шетіне дейіңгі ара-қашықтық 1,5 м-ден кем, ал эстакадалар мен тіреуіштердің сыртқы бөліктеріне дейіңгіара-қашықтық0,5 м-ден кем болмауы қажет.

Жобаланатын нысанның бас жоспарында ғимараттар мен үймереттер арасындағы алшақтықты минималды етіп, яғни санитарлы және өртке қарсы талаптарға сәйкес жолдар, аяқжолдар,инженерлікжүйелерменкоммуникацияларөткізугелайықтыетіпұйымдаструқажет.

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

8

Кәсіпорынның бас жобасында гидрант жүйесі ұйымдастырылған сыртқы су құбырының сақиналы желісі жобаланады, олар сәйкесінше бір-бірінен 150 м-ден алшақ болмауы, ғимарат дуалдарына 5 м-ден артық жақын болмауы, жолдардан 2 м алшақ орналастырылмауы қажет. Өрт болған жағдайға резервті су қорын қарастыру қажет (жер қойнауында орналасуы жағдайындабасжоспардаолпунктир сызығыменкөрсетіледі).

2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер менцехішілік көліктергеарналғанөтужолдарының минималдыеніұйымдастырылады.

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бунемесе жоғары температурадағы судың бөлінумүмкіндігібар аймақтарымен т.б.сипатталатынжарақат қауіптіаймақтарбелгіленеді.

Жарақаттардың алдын-алу іс-шаралары (қоршаулы, қорғаушы, тежекті құрылғылар, қашықтықтан басқару, жабдықтар арасында, ғимараттың құрылыс элементтері мен жабдықтар арасында алшақтықтар ұйымдастырылады, желілердің айқындауыш бояулары болады, сусымалы материалдарды шығару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары, апаттық дабыл секілді ескертулер, апаттық өшіп қалу т.б.), сонымен қатар апаттық жағдайлардың алдын-алу (ЭЕМ көмегімен қондырғыларды басқару, автоматтық бақылау және дабыл, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жұмыс көрсеткіштерін, зиянды және қауіпті факторларды бақылау жылдамдығы, блоктауыштар және шектеуіштер, бақылауыш-өлшеуіш құралдар, аса жүктемеден қорғаныс, қадағалаулар мен талдау жұмыстары) іс-шаралары ұйымдастырылады. Қауіпсіздік және эргономика тұрғысынан басқару пульттарына, сонымен қатар қызметкерлердің жұмысорындарынұйымдастыруға мұқиятназараударғанжөн.

2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар

Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді еңгізу, көтеру және тасымалдау бойынша қолмен атқаратын жұмыстарды механизациялау кәсіпорындағы еңбек шарттарының қауіпсіздігін және жеңілдігін қамтамасыз етуге себеп болады.

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сай қолмен көтеру механизмдерінде қауіпсіз ұстағыштар көзделуі керек; электрлік жүккөтергіштерде кинематикалық тізбек қатаңдығы қарастырылуы қажет, көтергіштерде ұстағыштары бар жылдамдықты тежегіштер жасалуы, жылжымалы жүктерді ұстау мен басып қалуға негізделген құрылғыларда өздігінен үзіліп кету мүмкіндігі болмауы қажет, механизмдердің қозғалысын шектеу мақсатында кинематикалық тізбекке соңғы ажыратқыш құралдар еңгізіледі. Машинаның барлық жеңіл қол жетімді және қозғалыстағы бөліктері металл қоршаулармен жабылуы керек.

Қозғалыстағы жүктің салмағы қосалқы жабдықтардың, яғни басып қалғыш, арқандарды ескере отырып, механизмдердің жүк көтергіштігінен аспауы қажет.

Арқандардың мықтылығы созылымға және иілімге тексеріліп есептелуі қажет. Сонымен қатар тасымалдағыш үлесінің де қауіпсіз жүктемесі есептелуі қажет.

Конвейерлер құрылысының қауіпсіздік талаптары да ескеріледі (пайдалану қауіпсіздігі, жетекті бекеттер басқарылуын шоғырлау, жарықтық және дыбыстық дабылдардың болуы және т.б.).

Көлбеу түспелер, науалар, тартпалар тасымалданатын заттың (ыдыстың) қажалу коэффициентін және сырғымалы беттік қабатын ескеретіндей етіп көлбеу бұрышта

9

жобалануы керек, осылайша 1 ÷ 1,5 м/сек шамасында жүктердің тасымалдануының қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз етуі қажет.

2.4 Электрқауіпсіздігі

Электр тоғымен зақымдалу дәрежесіне сәйкес электр қондырғыларымен жабдықталған ғимараткласынбелгілеуқажет.

Белгіленгенкласснегізделгеннышандардыкөрсетуқажет.

Электр тоғымен зақымдалудан қорғану іс-шараларын, электр желілерінде қысқа тұйықталудың нәтижесінде жарылыс пен өрттердің пайда болуынан қорғаныс (арнайы орындалған электр қондырғыларын пайдалану; қауіпсіз кернеулік, күштік және жарықтандырғыш желілердің тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау; оларды қолмен ұстап қалудан жеткіліксіз жерге орналастыру; блоктауды, ескерту дабылдарын қолдану; қорғаныстық жерсіндіруменөшіп қалуды;жекеқорғанысқұралдарынпайдаланут.с.с.).

Кесте 3 Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (ЭҚЕ нен

таңдама)

Ғимараткласы

Белгілері

 

 

Жоғарықауіптілігіжоқ

Өзге класс ғимараттарының белгілері жоқ

 

 

Жоғарықауіптілікті

-ылғал (меншіктіылғалдылық75% дан жоғары);

 

- тоқ өткізгіш шаң бөлінеді;

 

- тоқ өткізгіш еденнің болуы (металл, жер, темір бетонды, кірпіш

 

жәнет.б.);

 

-жоғары температура (тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын 35°С

 

тан жоғары болып тұрады);

 

- адамның бір мезетте бір жағынан ғимараттың жерсіндірілген

 

метал жабдықтарымен, технологиялық қондырғыларымен,

 

механизмдермен және т.б. екінші жағынан электр

 

қондырғысының қаптамасымен жанасуы.

Асақауіпті

-асаылғалды(меншіктіылғалдылық100%ғажақын);

 

-химиялықактивтінемесеагрессивтіорта;

 

- жоғары қауіптілікті ғимараттың мір мезетте екі немесе одан

 

да көп белгілерінің болуы.

 

 

2.5 Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғыны қарастыру, Мемтехбақылау ұйымының тіркеуіне жататындарын және кәсіпорын әкімшілігінің бақылауында болатындарын анықтау қажет. Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты зиянды және қауіпті факторлар мен мүмкінболатынапатсебептерінанықтауқажет.

Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызметатқаратынжұмысшыларғадегенталаптардынегіздеуқажет.

2.6 Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

10

Соседние файлы в папке PDF