Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать
  1. Техникалық бөлім

    1. Автоматтандырылған АКБ-3М2 бұрғылау кілті

АКБ-3М2 – автоматтандырылған тұрақты бұрғы кілті түсіру-көтеру операциялары кезінде бұрғы және шегендеу құбырларын бұрап нығайту және бұрап ажырату үрдістерін механикаландыруға арналған. АКБ-3М2 бұрғы кілті мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде қолданылады.

АКБ-3М2 бұрғы кілтін мұнаралық-шығырлық блокта қозғалтқыш білік жағынан шығыр мен ротор арасында орнатады, оған ол бұрандалармен бекітіледі.

Кілт блогы, арбалы бағана мен басқару пультінен құралады. Кілт механизмдері сығылған ауа жүйесіндегі пневмоқазғалтқыш пен пневмоцилиндрлер көмегімен жұмыс істейді.

Кілт блогы – құбырларды бұрап нығайту және бұрап ажырату операцияларын атқаратын негізгі механизм. Бағыттаушы сүйретпелер бойынша кілт блогы қос әсері бар екі пневматикалық цилиндр ықпалымен арба бойымен жылжиды және бұрғы құбырына жақындап, одан алыстай алады.

Кілт блогының құбырқысқыш құрылғысының айналуы – пневмоқозғалтқыштан редуктор арқылы. Арба бағананың жоғарғы жағында еркін айналады, жұмыс істегенде оның орналасу қалпы тіркелінеді. Арба мен кілт блогы бағана бойымен биіктігі бойынша жылжи алады.

Кілт жұмысын қашықтан басқару пульт арқылы қамтамасыз етіледі.

1.1-Сурет - акб-3м2

1.2 Түпнұсқа АКБ-3М2 және құрылымы

Автоматтандырылған АКБ-3М2 тұрақты бұрғы кілті үш негізгі түйіннен тұрады: кілт блогы 1, арбалы бағана 11 және басқару пульты. Кілт блогы (1.2-сурет) құбырларды бұрап нығайту және бұрап ажырату операцияларын атқаратын негізгі механизм.

1 – кілт блогы; 2 – пневмоцилиндрлі арба; 3 – тіреу; 4 – басқару пульты.

1.2-сурет - Тұрақты автоматтандырылған АКБ-3М2 кілті

Кілт блогы құбырқысқыш құрылғы I, төмендеткіш редуктор II, пневмомотор III, айналғы I V, жақтарды қысатын цилиндр V, цилиндрлер блогы VІ құратын корпус болып табылады.

Кілт блогының төменгі жағында бағыттағыш сүйретпелер бар, олармен ол қос әсерлі екі пневматикалық цилиндрлердің ықпалымен арба бойымен жылжиды. Осындай құрылымы бойынша кілт блогы бұрғы құбырына (ұңғыма орталығы) жақындап, одан алыстай алады.

1.3-сурет - Кілттің жалпы түрі

Құбырқысқыш құрылғы негізінен қысқыш құралы 9 бар жоғарғы «жүзбелі» корпустан 14, редуктор корпусына орнатылған төменгі құралдан 33, төлкесі 3 бар тілінген тістегершіктен 2, қырылдауықтан және 3 жетекші тістері 15 бар аралық дисктен 4 тұрады. Құбырқысқыш құрылғы мен кілт корпусының алдыңғы жағында бұрғылау құбырының өтуіне арналған ойықтар бар. Әрбір жоғарғы және төменгі құбырқысқыш құрал 7 және 35 жақұстағыштарға салынып, оларда доға тәріздес 10, 31 серіппелермен және 32 болттармен ұсталып тұратын қос ауыспалы 8, 34 бөліктерден, әр корпусқа екі жұптан орнатылатын беті серіппелі астарлардан тұрады. Сонымен қатар, төменгі корпусқа беті серіппелі астарлардың 11° екі жұбы, ал құбырқысқыш құрылғының жоғарғы корпусына серіппелі беттері бұрап нығайтқан кезде 7° және бұрап ажыратқан кезде 9° құратын дараланған астарлардың 52 екі жұбынан орнатылады. 7 және 35 жақұстағыштар өздерінің бастапқы қалпынан өз корпустарына қарағанда біршама бұрышқа бұрыла алады, мұндай жағдайда 8, 34 жақтар астарлардың серіппелі беттерімен сырғи отырып жақындайды да, құлпыны (құбырды) қысады. Құлпымен (құбырмен) берік тіркесуі үшін жақтардың салмалы кертігі бар сухарьлары 54 бар. Бұрғы құралының диаметі өзгерген кезде кілттің жұмыс элементтері жақтар 8, 34 және тіректер 11, 30 сәйкес өлшемдерге ауыстырылады. Төменгі 35 жақұстағыш штогы төменгі жақұстағыштың шылбырымен топсалы түрде байланысқан қос әсері пневматикалық цилиндрден V бұрылады.

Жоғарғы жақұстағыш төлке 3 мен төменгі 35 жақұстағышта орнатылған 20 және 21 қырылдақтардан тұратын қырылдауық құрылғы көмегімен бұрылады.

1.4-Сурет - Кілт блогы

21 қырылдақ жылжымайтын болып табылады, 20 қырылдақ жақтар бұрғы құлпыны қысқан сәтте цилиндрлер блогының VI штогымен 18 шығарылады. Жоғарғы жақұстағышта төлке 3 пазына еркін кіретін қырылдақ І бар. Жылжымайтын 21 қырылдақ 18 штокпен шығарылған 20 қырылдаққа тірелген сәтте тілінген тістегершік айналған кезде төлке 3 мен онымен байланысты 7 жоғарғы жақұстағыштың І қырылдағы қысқа уақытқа тоқтайды. Жоғарғы корпустың жылжимайтын 7 жақұстағышқа қарай әрі қарай айналуынан құлпы қысылады.