Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-1 / Документ / Образец / Экономика

.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
132.16 Кб
Скачать

4. Экономикалық бөлім

АКБ-3М2 – автоматтандырылған тұрақты бұрғы кілті түсіру-көтеру операциялары кезінде бұрғы және шегендеу құбырларын бұрап нығайту және бұрап ажырату үрдістерін механикаландыруға арналған. АКБ-3М2 бұрғы кілті мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде қолданылады.

АКБ-3М2 бұрғы кілтін бұрғыханада мұнаралық-шығырлық блокта қозғалтқыш білік жағынан шығыр мен ротор арасында орнатады, оған ол бұрандалармен бекітіледі.

Кілт блогы, арбалы бағана мен басқару пультынан құралады. Кілт механизмдері сығылған ауа жүйесіндегі пневмоқазғалтқыш пен пневмоцилиндрлер көмегімен жұмыс істейді.

Кілт блогы – құбырларды бұрап нығайту және бұрап ажырату операцияларын атқаратын негізгі механизм. Бағыттаушы сүйретпелер бойынша кілт блогы қос әсері бар екі пневматикалық цилиндр ықпалымен арба бойымен жылжиды және бұрғы құбырына жақындап, одан алыстай алады.

Кілт блогының құбырқысқыш құрылғысының айналуы – пневмоқозғалтқыштан редуктор арқылы. Арба бағананың жоғарғы жағында еркін айналады, жұмыс істегенде оның орналасу қалпы тіркелінеді. Арба мен кілт блогы бағана бойымен биіктігі бойынша жылжи алады.

Кілт жұмысын қашықтан басқару пульт арқылы қамтамасыз етіледі.

Жаңа құрал-жабдықтар, машиналар тұтынушығы мына жағдайда тиімді, егер оларды тұтынуға және пайдалануға кететін шығындар бұрын игерген техникаға кеткен шығындардан аз болса.

Жаңа машиналарды және құрал-жабдықтарды жасап, пайдалануға енгізу жөніндегі шешімді жылдық экономикалық әсер негізінде қабылдайды.

Жаңа техниканы иемденуге және енгізуге капиталдық салымдарды мемлекеттік бюджеттен бөледі, сонымен қатар белгілі бір уақыттан кейін өтелуі керек министрліктер, бірлестіктер және кәсіпорындардың қаражатынан бөлінеді.

Жаңа техникаға кететін капитал шығындарды өтеудің межелік мерзімі белгіленген

жыл,

Мұндағы Ен – капитал салымдары тиімділігінің межелік коэффициенті, Ен = 0,15.

Жылдық экономикалық әсерді (теңге) өндіріс саласында да, пайдалану саласында да базалық және жаңа техника бойынша келтірілген шығындарды салыстыра отырып анықтайды.

Бұл дипломдық жобада біз өндіріс саласындағы шығындарды қарастырмаймыз, себебі кәсіпорындар дайын құрал-жабдықты пайдаланады, оны дайындаушы зауыттардан алады. Біз ұқсас және жобадағы агрегаттың тек пайдалану саласындағы шығындарын анықтаймыз.

4.1. Пайдалану саласындағы шығындар

1. Құрал- жабдыққа амортизациялық бөліністер (бұл жерде және бұдан кейін де берілген аналог үшін – I , ал жобадағы агрегаттың берілгендері үшін – II деп белгілейміз).

, (1)

мұндағы Ц – құрал-жабдықтың құны,

Ц1=8000000теңге

Ц2= 8550000 теңге;

- күрделі жөндеуге кететін амортизация нормасы, %, =0,15%.

теңге.

теңге.

2. Электр энергиясына кететін шығындар (қозғалтқыш сол күйінде қалады, сондықтан оған қорек беретін электрэнергиясы екі жағдай үшін де бірдей).

(2)

мұндағы МЭ = 6300 кВт – электрқозғалтқышының номинал қуаты,

электрқозғалтқыштың ПЭК-і,

= 0,94 – желідегі қуаттың жоғалу коэффициенті.

= 550 кВт – электр қозғалтқыштың белгіленген қуаты.

= 8 000сағат – құрал-жабдықтың жұмыс істеу уақытының тиімді жылдық қоры,

=

=теңге.

3. Құрал-жабдыққа қызмет көрсету шығындары:

, (3)

мұндағы Тэф-эффектілік көрсеткіші, Тэф= 800;

= 4500 теңге – қызмет көрсетуші персоналдың сағаттық тарифтік құны;

- құрал-жабдыққа қызмет көрсету коэффициенті, адам./маш.;

=2 адам/маш.,= 2 адам/маш.;

= 0,46 – қосымша еңбек ақыны ескеретін коэффициент, (әлеуметтік сақтандыруға, сыйақыға, еңбек қорғауға бөліністер).

Осыдан:

теңге;

теңге.

4.Көмекші материалдарға кететін шығындар

(4)

мұндағы m – көмекші материалдың шығындарының межесі, кг/сағ,

- қашауматериалдың бағасы, теңге/кг ( көмекші материалдарға кететін шығынның мәліметтері жоқ кезде машина құнының 0,5% мөлшері деп қабылдауға болады).

Жобаға сәйкес, берілген агрегатқа механикалық нығыздаманың жаңа түрін белгілеу ұсынылып отыр, соған байланысты, майдың шығыны 1-ден 0 кг/сағ. дейін төмендейді, бірақ бұл жағдайда азот 0-ден 3 кг/сағ дейін шығындалады.

= 1 кг/сағ май, = 400 теңге,

= 2 кг/ сағ май, = 180 теңге,

теңге.

теңге.

5. Жөндеу жұмыстарына кететін шығындар (кұрал-жабдықтарды монтаждау кезінде күрделі шығындардың негізінде есептеледі)

(5)

= 1 00000 теңге – электр қозғалтқыштың бағасы, теңге;

ТрР =400000 теңге – тасымалдау әзірлеу шығындары;

МОб =200000 теңге – технологиялық құрал-жабдықтарды монтаждау;

ОбН = 400000 теңге – ескерілмеген басқа құрал-жабдықтың құны .

= 0,055 * (Ц + Цэ + Цн | + ТрР + МОб + ОбН) =

= 0,055 (12000 + 100 000 + 400000 + 400000 + 200000+ 400000) =83160 теңге.

= 0,055 (Ц + Цэ + Цн ц + ТрР + МОб + ОбН) =

= 0,055 (12825 + 100 000 + 100 000 + 400000+ 200000 + 400000) =

=66704теңге.

6.Құрал-сайманға кететін шығындар

= 0,005 (Ц + Цэ + Цн + ТрР + МОб + ОбН); (6)

= 0,005 * (Ц + Цэ + Цн I + ТрР + МОб + ОбН) =

= 0,005 (12000 + 100 000 + 400 000 + 400 000 + 200 000 + 400 000) =7560 теңге.

= 0,005 (Ц + Цэ + Цн || + ТрР + МОб + ОбН) =

= 0,005 (12825 + 100 000 + 100 000 + 400 000 + 200 000 + 400 000) =

= 6064 теңге.

7. Сәйкес капитал салымдар бойынша амортизация

= 0,01 (Цэ + Цн + ТрР + МОб + ОбН) Нк. (7)

= 0,01 (Цэ + Цн I + ТрР + МОб + ОбН) Нк =

= 0,01 (100 000 + 400 000 + 400 000 + 200 000 + 400 000)12 =

= 192000 теңге.

= 0,01 (Цэ + Цн и + ТрР + МОб + ОбН) Нк =

= 0,01 (100 000 + 100 000 + 400 000 + 200 000 + 400 000)12 =

= 144000теңге.

8. Пайдалану шығындар:

. (8)

Осыдан:

аб1обс1Р1и1ап.с1=12000+245680+249938 +202700+5811=716129 тенге;

Заб2обс2Р2и2ап.с2=12000+245680+217470+193700+5931=674901 тенге.

9. Келтірілген шығындар:

(9)

мұндағы И' – тұтынушының пайдалану шығындары, тенге;

К' - бірлік құрал-жабдыққа кететін тұтынушының меншікті капитал салымдары, теңге/дана.

К' = Ц1 +ТРР1 + МОб1 + ОбН1 =8000000+400 000+200 000+400 000=900000 тенге.

2+ТРР1+МОб1+ОбН1=8550000+400000+200000+400000=9550000тенге.

теңге.

теңге.

4.2 Пайдаланушының үнемділігін есептеу

Пайдалану шығындары арасындағы айырмашылық:

= (10)

=716129-674901=41228 тенге.

Келтірілген шығындардан үнемділік:

Зпай= Зпай1- Зпай2. (11)

Зпай= Зпай1- Зпай2=-=258728 тенге.

Барлығы тұтынушы үнемдейді:

Эп=+ Зпай . (12)

Эп=+ Зпай =41228+258728=299956 тенге.

Осы аталған бөлшектердің жұмыс істеу мерзімділігін арттыру арқылы олардың құнын есептей келе біз экономикалық тиімділікке қол жеткіземіз. Ол -4кестеде көрсетіледі.

4-кесте-Пайдалану жағдайында құрал-жабдықтың уақыт бірлігіне кететін пайдалану және келтірілген шығындарды есептеу

Атауы

Белгіленуі

Аналогы

Жоба

Айырмашылығы

Құрал-жабдыққа амортизациялық бөліністер, тг

12000

12825

825

Электр энергиясына кететін шығындар, тг

442800

421000

21800

Құрал-жабдыққа қызмет көрсету шығындары, тг

105120

95320

9800

4-кесте жалғасы

Көмекші материалдарға кететін шығындар, тг

32000

28800

3200

Жөндеу жұмыстарына кететін шығындар, тг

83160

66704

16456

Құрал-сайманға кететін шығындар, тг

7560

6064

1496

Колда бар капиталдық салымдар бойынша амортизация, тг

192000

144000

48000

Пайдалану шығындары, тг

716129

674901

41228

Келтірілген шығындар,тг

2066129

1807401

258728

Үнемділігі, мың теңге

299966

Қорытындылай келе, аналог пен жобаланатын Автоматты бұрғы кілтін салыстыра келе, аналогтің пайдаланушыға келтіретін шығыны 41228тг. болса, жобаланатын автоматты бұрғылау кілті 1807401 тг. шығын келтіреді. Бұл 258728 тг. ұтымды болып табылады. Ал жалпы аналогқа және жобадағы нұсқаға кететін келтірілген пайдалану шығындарды салыстырып, үнемділіктің 299966 теңгені құрайтынын көреміз.

Осы себепті ұсынылып отырған жобаланушы автоматты бұрғы қондырғысы қолданыста экономикалық тұрғыдан және пайдалану тұрғысынан тиімді деп қабылдауға болады.