Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ОТС-курсовой / КІРІСПЕ

.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
14.37 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Магистралды мұнайөнімдері құбырөткізгіші үшін арналған ортадан тепкіш сораптардың конструкциялық дара түрлілігі және олардың типтік өлшемдерін минимум мәнге қысқарту сораптардың қалыпты қатарының туындауына түрткі болды. 1968 жылға дейін салынған магистралды мұнай және мұнайөнімдеріқұбырөткізгіштерінің көптеген сораптық станциялары Н және НД сериялы сораптармен жабдықталды. Қазіргі таңда мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын магистралды құбырөткізгіштерге арналған сораптарға қойылатын техникалық талаптар ГОСТ 12124-74 көрсетілген.

ГОСТ 12124-74 сәйкес сораптардың көлденең түрдегі ортадан тепкіш етіп дайындалуы қажет, және де жөндеу кезінде кіріс және шығыс келтеқұбырлары ажыратылып алынатындай болуы қажет. Сораптар температурасы 26 К (-500С)-ден 353 К (+800С)-ге дейінгі, кинематикалық тұтқырлығы 3 см2/с-тан аспайтын, механикалық қоспасының көлемі 0,05 ℅-дан артық емес және өлшемі 0,2 мм болатын мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін арналған Берілісі 1800 м3/с (500 л/с) және одан да көп сораптар тек қана мұнай өнімдерін айдауға арналған.

Сораптардың жұмыстық дөңгелегін сораптың ПӘК-ті 3℅-дан кем етпейтіндей етіпегеуге рұқсат етіледі. Сағаттық беріліс алу үшін берілісті қамтамасыз ететін ауыспалы роторлар қолдануға болады.

Сораптардың құрылысы (конструкция) екі тізбектей жалғанған, берілістері 360 м3/сағ (100 л/с) дейінгі агрегаттардың оған қоса берілістері үлкен үш сораптың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Бірінші жағдайдағы шекті қысым 9,81 МПа (100 кг∙с/см2) мәнін құрайды, екіншісінде – 7,35 МПа (75 кг∙с/см2).

Ротордың соңғы нығыздамасынан тамшылайтын айдалып жатқан сұйықтың рұқсат етілген шығыны камерадағы қысым 2,452 МПа (25 кг∙с/см2) мәнінен көп болмаған кезде 5 см3/сағ-тан артып кетпеуі керек.

Бірінші күрделі жөндеуге деінгі сорап ресурсы 25000 сағаттан кем түспеуі керек, ал қызмет ету мерзімі – 20 жылдан кем емес.

Сораптың білігін, жұмыстық дөңгелегін және корпусын болаттан дайындайды.

Магистралды мұнай және мұнайөнімдеріқұбырөткізгіштеріндегі айдау станцияларында магистралды сораптар пайдаланылады, оларды ГОСТ 12124-66 сәйкес жасап шығарады.

6

Соседние файлы в папке ОТС-курсовой