Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ГОС / T_1241_l_ar_1179_andaryn_zhabdy_1179_tau

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
304.89 Кб
Скачать

Көтеретін жүк салмағы 50-75т. бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т. қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 5х6, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші – кронблок шкивінің санын көрсетеді. Ұңғыма тереңдігі 750-3000 м болса, 2х3, 3х4,ал 3000-12500м – 3х4, 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталуы ұсынылады.

Арқанның жұмыс тармақтарының жүріс тармақтарына қатынасы жабдықталудың еселігі деп аталады.

Параллель жабдықтағанда жүруші тармақ кронблоктың бір шеткі шкивтерінің бірінде орналасады, канаттың ауытқу бұрышы өседі.

Айқастыра жабдықтағанда тәлді блоктың көтеріп-түсіру операциялары кезінде тербелісі және айналып кетуі азаяды.

Арқанның жұмыс тармақтарының жүріс тармақтарына қатынасы жабдықталудың еселігі деп аталады.

Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы

Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі тура немесе айқас сұлбамен жабдықталуы мүмкін. Жиі қолданыста, кронблок пен тәл блогы бір–біріне перпендикуляр орналасатын және арқанның жылжымалы тармағы шығыр барабанының симметрия өсіне жақын орналасқан шкивтен шығатын, айқас жабдықтау орын алған.

Айқас жабдықтау тәл блогының бос элеваторды көтеру кезінде шайқалуын, тәл жүйесінің бұралуын болдырмайды.

Автоматтандырылған (АСП) КТО механизмдер кешенін қолданған шақта тәл блогы ұңғыдан көтерілген свеча бойымен еркін қозғалуы керек. Ол үшін жылжымалы арқан тармағы орналасқан шкив басқа шкивтермен өстес болмайды, оның үстіне басқа шкивтер өсіне перпендикуляр орналастырылады.

Бұрғылау қондырғысы тәл жүйесін жабдықтауға арналған тәл арқанының ұзындығы келесі формуламен анықталады:

(2.13)

мұндағы Н– бұрғылау мұнарасының биіктігі;

iт.c – тәл жүйесі жабдықталу еселігі;

Dш – кронблок пен тәл блогы шкивтерінің диаметрі;

iт.c + 1 – кронблок пен тәл блогы шкивтерінің саны;

С0 – қауіпсіздік үшін орамдарда қалатын арқан ұзындығы (тәл блогы ең төменгі нүктеде тұрғанда шығыр барабанында қалған арқан, С0 = 50÷100м);

Сп – қолданыс кезінде арқанды жаңарту үшін қалдырылған арқан қоры.

Тәл жүйесіндегі болат арқанның тармақтар санын анықтау. Болат арқанның диаметрін табу

Тәл жүйесінің жабдықталуы: 100-300 т шкивтер саны 5x6

Жұмысшы шкивтер саны:

2-сурет. Тәл жүйесінің 5х6 айқас жабдықталуы

Әр шкивке түсетін салмақ:

(4.1)

К=3-беріктік қоры

Жетекші арқан орамының максимал керілуі:

Арқанның қажетті максималды үзілу жуктемесі:

(4.3)

ГОСТ 16853-71 бойынша арқанның максималды узілу жүктемесі болғандықтан арқан диаметрін таңдаймыз:

Соседние файлы в папке ГОС