Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / gost.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.3 Mб
Скачать

1.Ұңғымадағы шегендеуші құбырлар сағадағы құбырлардың басымен байланады. Тізбек басы (1.3-сурет) ұңғыманың барлық шегендеуші құбырларын бір жүйеге қатар байлайды да, олардың салмағын толығымен қабылдап, кондукторға бұл күштердің барлығын түсіреді. Соның көмегімен ұңғыманың құбыр араларындағы кеңістіктерді герметизациялап, бір бірінен оқшаулайды. Сонымен бірге ұңғыманың оқпанын тексеру және әр түрлі қажетті технологиялық операцияларды орындауға және ұңғымаға түсірілетін пайдалану қоңдырғыларын монтаждау мақсатында да қолданады. Бұрғылау жұмыстары кезінде лақтыруға қарсы жабдықтардың превенторлары орнатылады да.

Оның құрамына шегендеуші құбырларды ұстап тұратын катушкалар мен крестовиналар кіреді. Бұл элементтердің саны шегендеуші құбырлардың санына байланысты болады.

1.3-Сурет. Тізбек басының құрылымы:

1-катушка; 2-нығыздауыш; 3-сыналар; 4-корпус; 5-ысырма; 6-шегендеуші құбыр, 7-құбырлар тізбегі

Тізбек басының жұмыс істеу жағдайы өте қиын. Себебі тереңдігі жоғары ұңғымалардағы шегендеуші құбырлардың салмағы бірнеше жүздеген килоньютоннан асуы мүмкін. Сонымен қатар тізбек басы онымен қарым қатынаста болатын ортаның салмағын да өзіне алады. Өнімнің құрамында H2S, CO2 элементтері кездессе немесе судың жоғары минерализациясы орын алса, онда тізбек басы осы факторлардың әсерінен тез тозады. Терең ұңғымаларға қыздыру сұйықтарын айдағанда тізбек басы 150-250 градусқа дейін қызады, ал солтүстік аймақтарда тізбек басы минус 50 градусқа дейін суыйды.

Екі құбырды байлау үшін тізбек басының корпусы 4 шегендеуші құбырға 6, отырғызылған (1.3-сурет). Құбыр басының іші конусты болып келеді және оның ішінде шегендеуші құбырларды 7 ұстап тұратын сыналар 3, орналасқан. Тізбек басының қосқыш тетігі (фланец) құбырға кигізгілген немесе оған дәнекерленген катушка 1 бекітіледі. Катушка бұрандалар арқылы тізбек басымен байланысқан. Құбыраралық кеңістік нығыздаушылар 2 арқылы бір бірінен оқшауланған. Құбыр сыртындағы кеңістікке жету үшін тізбек басына ысырма 5 орналастырылған. Мұндай тізбек басының биіктігі 1 метрдей болады. Шегендеуші құбырлардың диаметріне байланысты тізбек басының салмағы 500-550 кг аралығында болады.

Тізбек басының бөлшектері – төртжақ (крестовина) және катушканың қораптары құйылған болаттардан және өте сирек қоспаларынан құралады. Металдың механикалық қасиеттерін жақсарту және кернеуді төмендету үшін дайындалған бөлшектерді дәнекерлегеннен кейін термоөңдеу арқылы сынайды. Қорап үшін болаттың ағу шегі 5-5,5 МПа, салыстырмалы созылуы 14-15%, және соғу тұтқырлығы 40мН*м/м2 дейінгі мәндерде болады. Ауыр жағдайда жұмыс істейтін тізбек басылары үшін төмен легирленген болаттар 35ХМЛ қолданылады. Штампталған және соғылып жасалынған дәнекерленетін фланецтар немесе олардың жоғары бас жағы сәйкесінше 358ХМ және 40Х металдарынан жасалады.

2. Бұрғылау мұнарасы тәл механизмін, көтеріп-түсіру операцияларын механизациялау және бұрғылау свечаларын орналастыру үшін арналған ұңғыма үстіндегі металлдық құрылым. Тереңдігі 4000м-ге дейін 41м-лік ал 4000м-ден жоғары 53м-,60м,-70м- биіктіктік мұнара қолданылад. Бұрғылау мұнарасының техникалық мүмкіндіктеріне бұрғылау қондырғысының тасымалданғыштығы және бұрғылаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі, монтаждауға қабілеттігі тәуелді. Бұрғылау мұнараларына қойылатын ең бірінші маңызды талап - беріктік және сенімділік.

Бұрғылау мұнарасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар МЕСТ 12.2.041-79 регламенттеледі, және осыған сәйкес мұнараның конструкциясы мен негізге немесе іргетасқа бекітілуі оның пайдалану кезінде сенімділігі пен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мұнара конструкциясында кронблоктық, жоғарғы жұмыстық және бұрғылау еденінен кронблокқа дейінгі марштық өтпелі баспалдақтар алаңдары қарастырылуы керек.

Жоғарғы алаң жылжымалы бесікшемен жабдықталуы керек. Кронблокты ауыстыру үшін козел және мұнараның жоғарғы негізіндегі монтаждалатын ролик кронблоктың бір жарым есе массасын көтеруге есептелген. Бұрғылау мұнарасының және оның жеке элементтерінің геометриялық формалары желдік жүктемелерді азайту мақсатында минималды аэродинамикалық кедергілерге ие болуы керек.

Аяқтарының санына және орнласуына байланысты бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті деп бөлінеді. Мұнаралы мұнараларда жүктеме көпбұрыштың төбелерінде орналасқан екі тіректерге беріледі. Діңгекті типтегі мұнараларда жүктеме бір немесе екі негізге беріледі. Көтеріп-түсіру операцияларының тәсілдеріндегі бұрғылау мұнараларында свечаларды қолмен және механикаландырылған орналастыру құрылғыларына байланысты ажыратады.

Мұнаралы мұнараларды иілгіш (15.1,а-сурет) және қатты (15.1,б-сурет) торлы етіп жасап шығарылады. Мұнаралы мұнаралардың аяғы пісірілген төтқырлы фермадан (15.1,в-сурет) немесе үлкен диаметрлі құбырлардан (15.1,г-сурет) жасалған конструкциялары белгілі. Бұл типті мұнараларды аралық деп атайды. Конструктивтік сұлбасына тәуелсіз мұнаралы мұнаралар жоғары қаттылығымен ерекшеленеді. Бірақ та мұнаралы мұнараның бұрандалық байланыстарының көптігі оны жинауда еңбек шығынын көбейтеді. Аралық мұнаралардың аяқтарының арасындағы байланыстың жоқтығы олардың монтаждауға қабілеттілігін арттырады.

Соседние файлы в папке ГОС