Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты для 6 курс ОМ каз.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
395.78 Кб
Скачать

Травматология

Науқаста қатаң төсектік тәртіпті қажет ететін ауыр дәрежедегі ми жарақаты анықталған. Мидың жаншылуына тән емес белгіге жатады://

брадикардия//

аритмия//

«ашық аралық»//

эпилепсиялық ұстама//

+ тахикардия

***

Бас ми жарақаты кезіндегі мидың жаншылуына әкелмейтін жарақатты атаңыз://

мидың ісінуі //

эпидуральді гематома//

+ субарахноидальді қан құйылу//

бас сүйектің импрессионды сынуы//

субдуральді гематома

***

Декомпрессия және қан тоқтату мақсатында жасалатын бас сүйектің жедел трепанациясына нақты көрсеткіш кездегі клиникалық көрініс://

субарахноидальді қан кету//

бас сүйекішілік гипертензия//

миының ауыр дәрежеде соғылуы//

+ миының жаншылуы//

бас сүйегі негізінің сынуы

***

Науқастың үстіне жәшіктер құлаған. Оң жақ кеудесінің ауырғанына шағымданады, терең дем ала алмайды. Жағдайы ауыр, тері қабаты цианозды, ентігу бар. Артериалды қысымы 80/60 мм.сын.бағ. Көкірек қуысының оң жақ бөлігі дем алғанда аз қозғалады, перкуссия кезінде қораптық дыбыс естіледі. Аускультация жасағанда тыныс естілмейді. Жүрегі солға қарай ығысқан. Пальпация жасағанда оң жақтағы бірнеше қабырғалардың сынғаны анықталған. Қабырғалар сынғаннан кейінгі дамыған асқынуды көрсет://

гемоторакс, плевропульмональдік шок//

гемоторакс, тері асты эмфиземасы//

өкпе соғылуы, жарақаттан кейін дамыған пневмония//

пневмоторакс, жүрек жарақаты//

+ пневмоторакс, плевропульмональді шок

Плевропульманальді шокпен асқынған көкірек қуысының жарақаты бар науқасқа төмендегі шаралардың қайсысын бірінші кезекте жүргізу керек?://

көкірек қуысының рентгенографиясын //

оксигенотерапияны//

+ вагосимпатикалық блокаданы//

көкірек қуысын пункциялауды//

кеңірдек интубациясын

***

«Кеуде жарақаты кезінде плевра қуысына аққан қан тоқтады ма жоқ па?» деген сұраққа жауап беру үшін қандай сынама (проба) жасалады?://

Эфендиев сынамасы//

+ Рувила-Грегуар сынамасы//

Петров сынамасы//

Филиппс-Ван сынамасы //

Жоров сынамасы

***

Пункция жасалғаннан кейін плевра қуысында ауа қайтадан жиналса дәрігердің келесі тәсілі қандай?://

пункцияны қайталап жасау//

торакотомия жасап, жарақаттанған өкпе тініне тігіс салу//

электрлік сорғышпен белсенді түрде аспирация жасау//

+ Бюлау бойынша плевра қуысына дренаж салу

трахеостомия жасау//

***

Пневмотораксты, плевра қуысынан ауаны сорып алу үшін пункцияны қай жерден жасайды?://

+ ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырға арасы арқылы//

ортаңғы бұғана сызығы бойынша үшінші қабырға арасы арқылы//

артқы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырға арасы арқылы//

жауырынның төменгі шеті арқылы//

алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша екінші қабырға арасы арқылы

***

Науқаста жауырын сызығы бойымен сол жақтағы бірнеше қабырғалары сынған, рентгенограммадан сол жақ плевралды қуыста гомогенді қараю анықталады. Жарақаттан кейін бірнеше сағат өткен. Осы жарақаттың асқынуын атаңыз://

пневмоторакс//

посттравматикалық пневмония//

плевра эмпиемасы//

плеврит//

+гемоторакс

***

48 жасар ер адам тротуарда аяғы тайып жығылып, қолдарын созып артқа құлады. Иық буынында ауырсынуға байланысты белсенді қозғалыс жасау мүмкін емес. Белсенсіз қозғалыс ауырсыну тудырады. Шынтақты бұрағанда ауырсыну жіліктің басына беріледі. Иық буыны аймағына жасалған пальпация қатты ауырсыну тудырады. Жарақатқа диагноз қойыңыз://

иықтың алға шығуы//

иықтың артқа шығуы//

иық буынының соғылуы//

+тоқпан жілік мойынының шаншылған сынуы//

тоқпан жіліктің диафизарлық сынуы

***

Шыққан иықты орнына салғанда қолданылатын жансыздандырудың қолайлы әдісі://

буынішілік анестезия//

өткізгіштік анестезия//

+ жалпы наркоз//

наркотикалық анальгетикті бұлшық етке енгізу//

жергілікті анестезия

***

Тоқпан жіліктің дистальдік бөлігінің сынуы бар науқасқа шынтақ буынына массаж жасау қандай асқынудың алдын-алу мақсатында тағайындалмайды://

+ оссификациялайтын миозиттің//

шынтақ буынының контрактурасын//

ортаңғы нервінің невритін//

шынтақ нервінің невритін//

Фолькман контрактурасын

***

Спортшы жаттығу кезінде оң жақ ығын сыртқа бұрап құлады. Науқасты зерттеуде оң жақ бұғанасының дистальдік бөлігі баспалдақ тәрізді көтеріліп тұр, «перне» симптомы анықталады. Оң жақ иық буынындағы қозғалыс көлемі шектелген. Болжамалы диагнозды атаңыз://

бұғананың сынуы//

+бұғананың акромионды бөлігінің шығуы//

оң жақ иықтың шығуы//

үлкен кеуде бұлшық етінің жыртылуы//

сүйекүсті бұлшық етінің жыртылуы

***

Тоқпан жіліктің ортаңғы үштен бір бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы мен үлкен саусақтың сыртқа әкетілуі шектелген. Сүйек сынықтары ені және ұзына бойы ығысқан. Сынықпен бірге орын алған қосалқы зақымдануды атаңыз://

орталық нервтің зақымдануы//

шынтақ нервтің зақымдануы//

бұлшық ет-терілік нервтің зақымдануы//

+кәрі жілік нервтің зақымдануы//

иық өрімінің зақымдануы

***

Шынтақ өсіндісінің ығысуы бар сынуды емдеуде қандай әдісті қолданған қолайлы://

лейкопластырмен тартуды//

сүйектен таруды//

+ операциялық емді//

Колдуэлл бойынша таңғышты//

Дезо таңғышын

***