Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пищ. Жел. Печ..doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
62.98 Кб
Скачать

Дәріс №11

Тақырыбы: Өңештің, асқазанның, шектердің, бауырдың және ұйқы безінің функциональдық анатомиясы және дамуы.

Жоспары:

  1. Өңештің, асқазанның және шектің дамуы.

  2. Өңештің функциональдық анатомиясы.

  3. Асқазанның функциональдық анатомиясы.

3. Шектердің функциональдық анатомиясы.

4. Бауырдың функциональдық анатомиясы.

5. Ұйқы безінің функциональдық анатомиясы.

  1. Өңештің, асқазанның және шектің дамуы.

Өңеш бірінші шектің алдыңғы бөлігінен дамиды, шығу тегі энтодермальді. Бірінші шектің бұл бөлігі тар және қысқа, содан соң асқазанның каудальді бағытта орнынан қозғалуынан өңеш ұзарып, өзінің соңғы ұзындығына тең.

Өңеш жұтқыншақты асқазанмен қосатын қуысты бұлшықеттік түтік. өңешті грек тілінен аударғанда – esophagus екі сөзден құралған oiso – әкелу phagomai – жеу.

  1. Өңештің функциональдық анатомиясы.

Өңештің бөліктері:

  1. Мойын бөлігі VI мойын омыртқасынан ІІ кеуде омыртқасына дейін.

  2. Кеуде бөлігі ІІІ-Х кеуде омыртқасы.

  3. Құрсақ бөлігі Х-ХІ кеуде омыртқасы 2 см.

Өңештің ұзындығы 25-30 см, диаметрі 2-2,5 см, тамақ өткен кезде 4-4,5 см-ге дейін созылады. Сұйық тамақ өңеш арқылы 2-3 секунд, қатты 6-8 секунд ішінде өтеді.

Өңештің тарылулары:

Анатомиялық және физиологиялық (Ан-3, Физ-5) тарылуларды ажыратады.

Анатомиялық: 1. Жұтқыншақтық өңешке өткен жері (6 мойын омыртқасы

деңгейінде). Бұл жердегі тарылу бұлшықеттік сақинаға

байланысты пайда болды, ұзындығы 2 см, оны жұтқыншақ -

өңеш жолы деп атайды. Ол ауаның өңешке және тамақтың

тыныс алу жолдарына өтуіне кедергі жасайды.

2. Бифуркациялық – 5 кеуде омыртқасы тұсында.

3. Диафрагмальдық – 10-11 кеуде омыртқалары тұсында,

диафрагманың экскурсиясынан.

Физиологиялық: Олар бесеу, оның үшеуі анатомиялық және екі тарылу қосылады.

4. Аортальды, қолқа доғасының 4 кеуде омыртқасы тұсында

өтуі.

5. Өңештің асқазанға (11 кеуде омыртқасы) өткен жері, ол

Гисс бұрышына және асқазандағы ауа көпіріне байланысты қалыптасады.

Өңештің қабықтары:

  1. Сыртқы – адвентиция, құрсақ бөлігінде – серозды.

  2. Ортаңғы – бұлшықеттік екі қабаттан тұрады. өңеш бұлшықеттік мускулатураның ауыспалы жері болып саналады, көлденең-жолақ мускулатура тегіс мускулатураға ауысады. Сондықтан өңештің жоғарғы бөлігінде көлденең-жолақ мускулатура, ортаңғы – аралас, төменгі бөлігінде – тегіс.

  3. Ішкі – кілегейлі қабық кілегей асты негізімен, соның әсерінен ұзынабойлық қатпарлар түзіледі. Педиатрлар өңештің даму ақауларын әруақытта естерінде сақтауы керек. (0,03% нәрестелерде).

Келесі ақауларды ажыратады:

  1. Аплазия – мүшенің толық болмауы.

  2. Атрезия – фиброзды - бұлшықеттік жол, бірақ қуысы жоқ (мүлдем, жартылай).

  3. Өңеш – кеңірдектік фистулалар.

  4. Қуыс ақаулары (дивертикул) және ұзындық ақаулары (макро- және микроэзофагус).

  5. Қос өңеш.

  1. Асқазанның функциональдық анатомиясы.

Асқазан:

І Вертикальды біліктің бойында

А) Алғашқы орны

Б) Бұрылыстан кейінгі орны

ІІ Сагитальды біліктің бойында

А) Сагитальды жазықтықта бұрылысқа дейін

Б) Бұрылыстан кейін

Асқазан өзінің қорытынды орнын 6 жасқа қарай табады, көкет толық түскенде. Даму ақаулары: атрезия, кисталар, дивертикулалар, туа біткен пилоростеноз, асқазанның толық жетілмеуі – асқазан түтік пішіндес.

Асқазанның функционалдық анатомиясы

Асқазан тамақтың алғашқы резервуары болып саналады. Асқазанда тамақ жартылай сұйықтыққа айналып, тамақ ботқасын түзеді. Содан соң ұлтабарға порциямен өтеді. Асқазанда тамақ құрамына байланысты 4 сағаттан 10 сағатқа дейін болады.

Асқазанның қызметтері:

  1. Резервуарлық – алғашқы резервуар болып саналады. Орташа көлемі 3 л-ге жуық.

  2. Эвакуаторлық- тамақ ботқасының порциямен ұлтабарға өтуі.

  3. Моторлық – тамақ ботқасының асқазан сөлімен араласуы.

  4. Асқорыту – тамақтың химиялық өңделуі.

  5. Эндокринді – гормондардың түзілуі (серотонин, гастрин).

  6. Ферментативтік – ферменттердің түзілуі.

а) дипектидаза – белоктық тамақтың тамақтың қорытылуы.

б) гликолитикалық фермент – көмірсутекті тамақтың қорытылуы.

  1. Гемопоэтикалық немесе эритропоэтикалық Кастл факторының түзілуі.

Кастл факторы – антианемиялық фактор, оның әсерінсіз темір жетіспеушілік анемия пайда болады.

  1. Бактерицидтік – тұз қышқылы мен лизоциннің әсері.

  2. Секреторлық қызмет – HCl, пепсин және сөлдің секрециясы.

Асқазанның бездері 3 түрлі клеткадан тұрады:

а) негізгі

б) қосымша

в) жабушы

Осы клеткалар 3 типті бездер құрайды:

  1. Кардиальды, қарапайым түтікше бездер, олар кілегейлі қабықтың меншікті қабатында орналасады. Олар сілекейге ұқсас секрет бөледі, белоктарды ыдыратушы фермент дипептидаза, көмірсутегін ыдыратушы гликолетикалық фермент, және тұз қышқылын нейтралдаушы секрет болады.

  2. Фундальды бездер, тармақталған түтік пішіндес. Олар негізгі, қосымша, жабушы клеткалардан түзіледі: негізгі пепсин және жабушы клеткалар HCl, қосымша клеткалар секрет бөледі.

  3. Пилорикалық бездер, тармақталған пепсин және сілекейлі секрет бөледі. Тәулігіне 1,5 -3 литрге жуық асқазан сөлі бөлінеді.

Асқазанның даму ақаулары.

Оларға жатады:

  1. Асқазан кистасы.

  2. Девиртикулалар

  3. Асқазанның толық жетілмеу (түтік түрінде)

  4. Туа біткен пилоростеноз

  5. қос асқазан (бірақ рет болған оқиға)