Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

рубежка каз

.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
36.86 Кб
Скачать

Аралық бақылау сұрақтары

  1. Анатомия пәні және маңызы, оның биологиялық пәндер қатарындағы орны. Анатомияның медициналық тәжірибесіндегі және клиникалық тәрбиелеріндегі маңызы.

  2. Анатомиялық тексерулердің әдістері мен қазіргі кездегі принциптері.

  3. Бірінші (жақтық) және екінші (тіласты) висцералды доғаларының туындылары. Висцералды доғалары мен желбезек қалталарының дамуының ақаулары

  4. Бас сүйектің онтогенездегі дамуы. Бас қаңқасының индивидтік, жас шамалық және жыныстық ерекшеліктері

  5. Маңдай, төбе, шүйде сүйектерінің құрылысы.

  6. Бас сүйектерінің қосылыстары. Бас сүйек тігістерінің түрлері мен енбектері

  7. Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері. Көз ұясы қабырғаларының құрылысы, тесіктері және олардың маңызы.

  8. Самай сүйегінің бөлімдері, құрылысы, өзектері және олардың маңызы.

  9. Сына тәрізді сүйек: оның бөлімдері, құрылысы, тесіктері және олардың маңызы.

  10. Қанат-таңдай шұңқырының қабырғалары, тесіктері, олардың маңызы. Самай және самай асты шұңқырларының топографиясы мен шекаралары.

  11. Мұрын қуысы. Мұрын маңындағы қойнаулар, олардың практикалық маңызы, онтогенездегі дамуы және ақаулары.

  12. Бас сүйектің ішкі және сыртқы негіздерінің құрылысы, тесіктері және олардың маңызы.

  13. Бұлшықеттердің көмекші аппараты. Сіңірлер, апоневроздар, шандырлар, синовиальді қынаптар туралы түсінік, оларлың практикалық маңызы.

  14. Төменгі жақтың құрылысы. Төменгі жақтың бұрышы, иек бұрышы және олардың жас шамалық, индивидтік айырмашылықтары.

  15. Жоғарғы жақ сүйегі: оның құрылысы, жас шамалық және индивидтік айырмашылықтары. Жоғарғы жақ сүйегінің ерекше пішіндері. Жоғарғы жақ қойнауының қабырғалары және қалталары.

  16. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің контрфорстары мен траекториялары.

  17. Бас сүйектің пішіндері: долихоцефалды, мезоцефалды, брахицефалды, бассүйек индексі. Биіктік көрсеткіштер және сәйкес бассүйек пішіндері.

  18. Бет сүйегінің варианттық анатомиясы: бет көрсеткіші, бет бұрышы. Ауыз қуысының қабырғалары. Даму ақаулары (прогнатия, микрогнатия, прогения, микрогения).

  19. Мимикалық бұлшықеттер: олардың дамуы, құрылысы, шандырлары. Қазіргі кездегі анатомиялық зерттеу негіздері және әдістері.

  20. Шайнау бұлшықеттері: олардың дамуы, құрылысы, топографиясы, шандырлары және қызметі. «Шайнау аппараты» туралы түсінік.

  21. Мойын үшбұрыштары: олардың шекаралары, құрамы, практикалық маңызы.

  22. Самай – төменгi жақ буыны: құрылысы, жалғамалары, қызметi.

  23. Буынның жiктелуi. Буынның негiзгi және косымша элементтерi.

  24. Бас пен беттің шандыр қабықтары. Самай, шайнау шандыр қабықтары, құлақ маңы безінің капсуласы. Қанат аралық шандыр қабық. Бастың сүйек-фасциалдық бұлшықеттік кеңістіктері.

  25. Сүйектер қосылыстарының жіктелуі.

  26. Омыртқалар. Омыртқалардың өзара және бас сүйекпен қосылыстары.

  27. Жамбас сүйектерінің құрылысы. Жамбас астауы, оның өлшемдері, жыныстық айырмашылықтары.

  28. Бөксе аймағының бұлшықеттері, олардың қызметі.

  29. Сан бұлшықеттері, олардың қызметі. Тамырлы және бұлшықетті лакуналар: шекаралары мен құрамы.

  30. Қабырғалар, төс, бұғана, жауырын: құрылысы.

  31. Иық буыны: құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемi.

  32. Iштiң бұлшық еттерi: құрылысы, қызметi.

  33. Алдыңғы құрсақ қабырғасының әлсiз жерлерi: iштiң ақ сызығы, кiндiк сақинасы, iштiң тiк бұлшық етiнiң қынаптары.

  34. Арқаның бұлшық еттерi.

  35. Артқы құрсақ қабырғасының әлсiз жерлерi (Пти үшбұрышы, Лесгафт-Грюнфельд ромбы), олардың практикалық мағынасы.

  36. Сан үшбұрышы (Скарпы): қабырғалары, құрамы.

  37. Сан өзегi: қабырғалары, құрамы. Терең және беткей сан сақиналары.

  38. Қолдың бұлшық еттерi: құрылысы және қызметтерi. Шынтақ шұңқыры: құрамы.

  39. Жамбас-сан буыны: құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.

  40. Иық белдеуінің бұлшықеттері: құрылысы, қызметтері. Қолтық қуысы: шекаралары, құрамы.

  41. Аяқ қаңқасының тірегіш мүше ретіндегі құрылыс ерекшеліктері.

  42. Тізе буыны: құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.

  43. Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы.

  44. Бұлшықеттердің пішініне және қызметіне байланысты жіктелуі.

  45. Қол қаңқасы құрылысының ерекшеліктері. Қол басы еңбек мүшесі ретінде.

  46. Шынтақ және кәріжілік-білезік буындары: құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.

  47. Әкелетін бұлшықеттер өзегі (Гунтер өзегі): шекаралары, құрамы, тесіктері. Тақым шұңқыры: шекаралары, құрамы.