Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

срс патан элект

.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
23.79 Кб
Скачать

Несеп-жыныс жүйесі

Науқас Н, 55 жас, стационарға әлсіздікке, бетінің ісінуіне,шөлдейтініне шағымданып келді.Стационардағы зерттеулерде: тәуліктік диурез -400 мл. Зәр анализі: тығыздығы 1,040, белок, цилиндрлер анықталған. Кан анализі: гипогаммаглобулинемия, гиперхолестеринемия -500 мг, гипохромды анемия, ЭТЖ-25. Бүйректің пункционды биопсиясы алынды. Биоптатта микроскопиялық: хроматинді құрылымы жақсы сақталған эпителий жасушаларының ядролары ұлғайған, цитоплазмасы изо- және анизотропты май тамшыларымен толған. Адвентициалды кеңістікте лимфоидты инфильтраттар байқалған. Науқас антибиотикотерапиядан кейін жеңілдік таппай үдемелі кахексия жағдайына ұшырап, спленомегалия дамыды. Кейін науқастың созылмалы кавернозды өкпелік туберкулезбен ауыратыны белгілі болды. Конгород сынамасынан кейін қайта туылған амилоид анықталды. Науқас өлімінен кейін көкбауыр кесіндісі ерекше күлгін түсті болды.

  1. Дәрігердің алғашқы қойған диагнозы қандай болды?

+А) липоидты нефроз

Б)фокальді сегментарлы склероз

В)некротикалық нефроз

  1. Қандай асқыну дамыды?

+А)уремия

Б)сепсис

В)гангрена

  1. Науқас қандай аурудан кайтыс болды?

А)липоидты нефроз

+Б)амилоидты-липоидты нефроз

В)гломерулонефрит

Тыныс алу жүйесі

55 жастағы науқастың тамырлары шорланып,капиллярлар тұрпайыланады,сондықтан өкпеде гипоксия дамыған.Оның әсерінен фибробластардың коллагентүзуші әрекеті жанданып ,кіші қанайналым шеңберінде қан ағысы қиындайды.Сөйтіп ,жүректің оң жақ бөлігі ұлғайып ,өкпелік жүрек қалыптасады,ақыры жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғады.

  1. Қандай ауру салдарынан «өкпелік жүрек» қалыптасты?

+А)пневмофиброз

Б)бронхит

В)эмфизема

Асқорыту жүйесі

Лейкозбен ауыратын науқаста кезекті қан құюлардан кейін анемия, терісі мен склерасының сарғаюы пайда болды. Миға қан кұюлудан қайтыс болды. Ашып қарағанда бауыры, көкбауыры және кемік майы ұлғайған және тот түсті болды.

1.Қандай пигменттің пайда болуынан мүшелердің түсі өзгерді?

+А)Гемосидерин

Б)Гематоксилин

В)Гематоидин

2. Науқаста сарғаюдың қай түрі дамыды?

+А)бауырүстілік

Б)Паренхималық

В)бауырастылық

3.Анықталған өзгерістердің негізінде қандай патологиялық процесс жатыр?

+А)Жалпы гемосидероз

Б) Амилоидоз

В)Сарғаю

4.Оның даму механизмі қандай?

+А)интраваскулярлы

Б) Периваскулярлы

Жүрек-қантамыр жүйесі

Науқас жүректің ревматикалық митралды ақауымен ауырды. Клиникасында созылмалы жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі белгілері анықталады:демікпе,цианоз, аяқтарының ісінуі,бауыры ұлғайған. Жөтелгенде тот түсті қақырық бөлінеді. Өлім себебі- жүрек жеткіліксіздігі.

  1. Қанайналымның қай түрінің бұзылысы дамыған?

+А)Жалпы венозды қантолу

Б)Артериялық қантолу

Г)Гиперемия

  1. Өкпені ашып қарағанда макроскопиялық қандай өзгерістер көруге болады?

+А)қоңыр индурация

Б)май тамшылары

В)қызыл индурация

  1. Өкпені ашып қарағанда микроскопиялық қандай өзгерістер көруге болады?

+А)гемосидероз,склероз

Б)амилоидоз

В)фиброз

Эндокринді жүйе

19 жасар өте арық, қантты диабетпен ұзақ ауыратын науқаста, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі анықталды. Ол үнемі инсулин препараттарын қолданған. Бүйректің пункционды биопсиясы жасалды.

  1. Науқас  Қантты диабеттің қай түрімен ауырған?

+А) I тип

Б)II тип

  1. Мезангиум мен капилляр мембранасында микроскопиялық қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

+А) Гиалиноз и склероз мезангиумда, капиллярдың базальді мембранасының қалыңдауы

Б)Мезангиумның қалыңдауы, капилляр мембранасының склерозы

  1. Бұл өзгерістер қалай аталады?

+А) Диабетикалық гломерулосклероз.

Б) Диабетикалық гломерулонефроз

Қан жасау жүйесі

Науқас ми канайналымының жедел бұзылысынан қайтыс болды. Мәйітті ашып зерттегенде некротикалық ангина,оң жақ самай-шүйделік аймағында жайылмалы қанқұйылу,терісінде,шырышты және серозды қабаттарында петехиальді қан құйылулар анықталды. Гепато-спленомегалия белгіленген. Жалпақ және түтікшелі сүйектердің кемік майы қызыл түсті, сұр түсті ошақтары болған.

  1. Ауруды диагностикалаңыз

+А)Жіті лейкоз

Б)Созылмалы лейкоз

В)Жіті лимфобластоз

  1. Аурудың типін анықтау үшін қандай зерттеуер жүргізу қажет?

+А)Миелограмма,гемограмма

Б)Биохимилық анализ

В)ЖҚА

  1. Миға қан құйылудың себебі не болды?

А)Тромбоцитопатия

+Б)Тромбоцитопения

В)Лейкоцитоз

Тірек-қимыл жүйесі

Нәресте 9 айлық Анамнезінде: 2 триместрде гестозы болған бірінші жүктіліктен туылған, анасы поливитаминді препараттар қабылдамаған. Нәресте қыркүйекте туылған, екі рет ЖРВИ мен ауырған. Жүйке-психикалық дамуын зерттегенде моторлы функцияларының 1 эпикризді мерзімге қалып қойғаны анықталды. Объективті: терісі бозғылт, маңдай мен шүйде бөліктері шығыңқы(«шаршы» тәрізді бас), бұлшық еттік гипотония, іші ұлғайған.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

+А) Рахит

Б)Даун синдромы

  1. Аурудың дәрежесі,ағымы,фазасы қандай?

+А) Рахиттің 2 дәрежесі, жеделдеу, өршу фазасы

Б) Рахиттің 3 дәрежесі,жедел, өршу фазасы

Жүйке жүйесі

Ер адам 25 жас, көшеде машина соғып кетті, жабық бас-ми жарақатын алды. 20 минут ішінде ессіз болды. Жедел жәрдем дәрігері қарағанда есі болды, ошақты неврологиялық симптоматика анықталды. Ауруханада науқаста құрысулық талма басталып, есін жоғалтты, тілі тістелді, еріксіз зәршығару. 5 минуттан кейін талма қайталанды, екінші талмадан кейін науқас комаға түсті.

  1. Науқаста команың қай түрі дамыды?

+А) Деструктивті

Б)Токсикалық

В)Дисметаболитикалық