Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Таматану

.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
62.55 Кб
Скачать

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тыеандарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g , төріт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан ауруларда енергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.

Азық-түліктер

Тәуіліктік рационды құру

1.Таңертеңгі тамақ 25%.

2.күндізгі тамақ 30%

3.кешкілік тамақ 20%.

4.кешкі тамақ 25%

Тәуіліктік тамақтану құрамы

Тәуіліктік тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне байланысты құру керек. Тәуіліктік тамақтандырудың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келіуі. Ағзаның жалпы Негізгі энергиялық шығын алмасуы барлық ішкі ағзаны және ағзаның бұлшық ет жұмысын психологиялық тыныштықта 12-16 сағаттан соң 18-20c температурада қалыпты жағдайда ұстап тұра алады. Зат алмасу ағза иесінің жынысына, жасына тәуелді болады. Ер адамда зат алмасу әйелдерден гөрі 10-15есе көп, егде адамдарда төмен. Қосымша зат алмасу енергияның жұмсауымен белгілі бір жұмыс түрін анықтайды. Ағзаның энергетикалық шығыны килориямен есептеледі. Тағамның құрамы, азық-түліктің калориялығы арнайы арнайы кестенмен белгіленген. Тағам құрамындағы калорияны ағзаның физологиялық қажеттілігіне сай құру қажет. Тағам құрамының калориялығына қарамастан, тағам мөлшері оны қабылдаған кезде асқазанды қанағаттандырып, тойымжылық сезімін тудыру керек. Тоқшылық сезімі асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Ең алдымен көмірсулары, одан кейін ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды. Қортылған тағамнан кейін тоқшылық сезімі, ұсақталған немесе жангшлған тағамддарға қарағанда ұзаққа созылады. Асқазанды қатты тітіркендіруші,асқазан сөлін еріксіз бөледі.Кез-келген диета тағамның мынадай ерекшелігін негізге ала отырып құрылыуы керек:

1.Калориялығы мен химиялық құрамы.

2.Тағамның физикалық қасиеттерін.

3.Рұқсат етілген тағамдар жеткілікті көлемде кіргізіледі.

4.Тамақтандыру тәртібі.

5. Тағамның ерекше өңделген түрі.

Тамақтану статусы

"Тамақтану статусы" - дегеніміз адамның бұрынғы және нақты тамақтануынан туындағын организмнің физикалық және психологиялық-физиологиялық жағдайы. Ол организмнің клиникалық, соматометриялық, метаболитикалық, функционалдық және де басқа көрсеткіштермен, денсаулық және жұмыс қабілеті деңгейімен сипатталады және тамақ компоненттері сапасын және организмнің энергиялық қажеттілігімен тамақтанудың сәйкестілігі тұрғысында бағаланады. Тамақтану статусын қалыптастыру үздіксіз және динамикалық процесс болып есептеледі, себебі, ол ананың жатырында басталып, бүкіл өмір бойы үзілмейді. Өсуі және дамуы кезінде организмнің қажеттілігіне сәйкес тамақтану жағдайына тағам статусының қалыптасуы генотиппен жүргізіледі. Дегенмен тұқым қуалау бағдарламасының таратылуы тек қана тамақтанудың толық құндылығы организмге қажетті энергияға қатысты емес, ол адамның фило және онтогенездің ерекшеліктеріне байланысты. Тамақтану статусының көрсеткіштерін бағалау стандартты мөлшерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Олар осындай контигенттер үшін олардың жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, тіршілік пайымын, адамдарға әсер ететін сыртқы орта жағдайын және экстремалды жағдайларды ескере отырып белгіленеді. Интегралды бағалау негізінде тамақтану статусы мөлшерлі, жеткіліксіз немесе артық болып үш түрде бағаланады. Мөлшерлі тамақтану статусы – дені сау адамның жасы мен жынысына сәйкес келетін, оның тіршілігіне, жаңарып отыруына және қоршаған ортаға бейімделуіне жақсы мүмкіндіктер туғызатын, адам денесінің генетикалық тұрғыдан морфологиялық және заттық құрамына сәйкес болатын біркелкі тамақтануды көрсетеді. Жеткіліксіз тамақтану статусы – ашығудың толық немесе өлшемді түрлерінде немесе организмге қажетті жекелеген тамақ түрлерінің тамақ құрамында жетіспеушілігіне байланысты пайда болады. Өзгерістерден кейінгі организмнің жағдайын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның табиғи көрсеткіштері, функционалдық жағдайы және бейімделуімен мүмкіншіліктері, жұмыс істеу қабілеті және денсаулық жағдайы нашарлайды. Артық тамақтану статусы – тамақ түрлерін немесе тамақтың жекелеген құрамды бөліктерін организм қажеттілігінен жоғары көлемде қабылдағанда пайда болып дамиды. Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары тамақтанудың физиологиялық нормаларына сай, үйлесімді ету мақсатында жүрігізіледі. Тамақтануды зерттеуде келесі сұрақтар анықталады:

1. Тұтынылатын азық-түлік сипаты мен тамақтың әртүрлілігі;

2. Тамақтану режимі;

3. Азықтың химиялық құрамы мен биологиялық құндылығы;

4. Азық түлікті тұтыну мен тамақ дайындайдағы ұлттық ерекшеліктер.