Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана медицина университеті.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
86.36 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

1бет 45

Жалпы медицина факультеті

Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау: Несеп шығару және жыныстық жүйесі.

Тәжірибелік сабақ: №1

Тақырыбы: Шумақтық фильтрация және реабсорбция тетігі. Жүлгешелердегі секреторлық үрдістер. Жастық ерекшеліктері.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

2013 Ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 29 .08 2013 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Шумақтық фильтрация және реабсорбция тетігі. Жүлгешелердегі секреторлық үрдістер. Жастық ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерде негізгі физиологиялық процесстерді білу, олардың қызметін қамтамасыз ететін, процесстерін тойтарыстыратын берілген физикалды механизмдерді және берілген зерттеу әдістерін қалыптастыру; несеп-жыныстық жүйесінің толық физикалды зерттеу әдістерін жүргізуді, бүл кезді алынған белгілердің нәтижелерін түсіндіріп беруді үйрету.

3. Оқыту мақсаты: физиологиялық процесстерді, жасқа байланысты несеп түзілуінің және несептің сыртқа шығарылуын түсінуді үйрету; клиникалық зерттеу әдістермен және несеп-жыныстық жүесінің берілген зерттеулерін бағалап, түсіндіріп беру (секрециясын, реабсорбциясын және түзілу мөлшерін бағалау); несептің жалпы анализін түсіндіріп беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нефрон – бүйректің құрылыс-қызметтік бірлігі.

  2. Бүйректегі қанайналым,оның реттелу ерекшеліктері.

  3. Несеп түзудің негізгі процестері.

  4. Шумақтық фильтрацияның құрылымдары,біріншілік несептің құрамы.

  5. Қайта–терісағу жүйесі.Бүйрек түтіктеріндегі реабсорбция және оның реттеліс механизмдері.Бүйрек түтіктеріндегі секреторлық процестер.

  6. Соңғы несеп,оның құрамы.Несептің жалпы анализі.

Білім берудің және оқытудың әдістері:Тәжірибелі жұмыстарды орындау,ауысша сұрау,зерттеу нәтижесін талқылау,хаттаманы рәсімдеу. Клиникалық дағдысымен жағдайлы есептерді шешу.

Вывод:

1 тәжірибелік жұмыс.

А) Шумақтық сүзу шамасын анықтау. (Судаков, 402 бет, № 34.4., 34.7, 34.8)

Мақсаты: Шумақтық сүзу шамасын үйрету.

Қанның плазмасында және екінші кіші дәреттегі кейбір заттардың концентрациясын өлшеу арқылы шумақтық сүзу жылдамдығын анықтауға болады.Бұл заттар реабсорбацияланбайды,түзілмейді немесе өзекшелерде метаболизмге ұшырамайды.Бұл жағдайда бүйрек арқылы өткен заттардың мөлшері, екінші кіші дәретке түскен заттардың мөлшеріне тең болады.Сонымен қатар, олар шумақтық сүзуден кедергісіз өтулері тиіс, сондықтан сүзгідегі заттардың концентрациясы оның плазмадағы концентрациясына тең болады.

Бұл талаптарға креатининнің эндогендік заты мен полисахарид фруктоза инсулині жауапты.

Жұмыс барысы:

Бүйрек функциясын тексеру кезінде: 2 мин 8 мл кіші дәрет бөлінді. Инсулиннің концентрациясы кіші дәретте 60 мг/л, қан плазмасында инсулиннің концентрациясы 2 мг/мл.

Шумақтық сүзу көлемін формула бойынша есептеңіз:

V* U ин

F = -------------, F - сүзу көлемі (мл/л)

P ин V - 1 мин бөлінген дәрет

мөлшері,

Uин -дәреттегі инсулин

концентрациясы,

P– инсулиннің ультрасүзгі-

дегі концентрациясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]