Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ДИСЦИПЛИНА БОЙЫНША ТӘЖІРБИЕЛІК БІЛІКТІЛІК ЖӘНЕ БІЛІМ ТІЗІМІ

Әрбір оқыған тақырып бойынша студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын, этиологиясын, әрекет ететін факторларын, қауіпті факторларын, патогенезін, аурудың жаңа жіктемелерін;

  • ауруда кездесетін негізгі клиникалық көріністерін;

  • ауру асқынулары және асқынудың алдын алу шаралары;

  • оқып үйренген аурулардың емдеу принциптері, олардың қайталануы және өршуі;

  • ауруды қосымша зерттеу әдістері және олардың диагностикалық маңызы;

  • оқып үйренген аурулардың алдын алу шаралары, олардың қайталануы және өршуі;

  • оқып үйренген ауру кезінде науқасты тексеру алгоритмі;

  • оқып үйренген ауру кезінде науқасты жүргізу тактикасы;

  • жедел және созылмалы ауруды емдеу нәтижесінің критерии;

  • жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызу көрсеткіші;

  • оқып үйренген ауруда еңбекке жарамдылығын талдау;

  • 10 халықаралық аурулар жіктемесі;

  • оқып үйренген ауру кезіндегі реабилитация әдісі және негізгі принциптері;

  • оқып үйренген аурулар кезінде динамикалық бақылау және диспансеризациялау принциптері;

  • тұрғындарға алғашқы медико санитарлық және стационарда арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру принциптері;

Әрбір оқып үйренген тақырыптан студент істей білу керек:

  • сұрастыру жүргізу: науқастың құжаттық бөліміне мәліметтер, шағымдарын, аурудың даму тарихын, өмір тарихын жинау, науқастың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін, өзекті мәселелерін бөліп қарастыру;

  • науқасты жалпы қарау және функционалды жүйе бойынша тексеру жүргізу, зерттеуден алынған мәліметтерді талдау;

  • науқасты жалпы ұсынылған алгоритм бойынша пальпациялау және алынған мәліметтерге талдау жүргізу:

  • лимфа түйіндерінде: ұлғаюын анықтау, орналасуын, ауырсыну, консистенциясын, жылжымалылығын, айналасындағы тіндермен жабысқандығын;

  • кеуде клеткасында: пішінін, көлемін анықтау, ауырсынуды, резистенттілігін, дауыс дірілін, плеврадағы үйкеліс шуылы;

  • жүрек аймағы: жүрек түрткісі және ұшын анықтау;

  • ішке беткейлік пальпациямен ауырсыну орнын анықтау;

  • буындардан: ауырсынуды, қозғалғыштығын, сықырды, жергілікті температура көтерілуін анықтау;

  • науқасты жалпы ұсынылған алгоритм бойынша перкуссиялау және алынған мәліметтерге талдау жүргізу:

  • жүректе: салыстырмалы тұйықтық шекарасын анықтау;

  • бауырда: көлемін анықтау;

  • науқасты жалпы ұсынылған алгоритм бойынша аускультация жүргізу және алынған мәліметтерге талдау жүргізу:

  • өкпе: тыныс алу сипатын анықтау (везикулярлы, бронхиалды), ырғақтығына, жиілігіне, тереңдігіне, дем алы мен дем шығару ұзақтығының өзара қарым қатынасына, жағымсыз шуылдар жиынтығына (сырыл және крепитация), плевраның үйкеліс шуылына;

  • жүрек: жиілігін анықтау, ырғақтығы, жүректің жиырылуы (ЖЖЖ), жүрек негізіндегі және ұшындағы жүрек тондарының қатынасын, жүрек тондарының анықтығын;

  • іш аймағы: ішек шуының жоқтығын және жиынтығын анықтау;

  • науқастың келесі қосымша аспаптық және лабораторлы зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау:

  • жалпы қақырық анализі,туберкулез микобактериясына (ТМБ) алынған қақырық анализі;

  • жалпы қан анализі, қантқа алынған қан анализі, биохимиялық зерттеуге алынған қан анализі: жалпы белок, белок фракциялары, В – липопротеидттер, трансаминазалар, фибриноген, протромбин индексі (ПТИ);

  • жалпы зәр анализі, Нечипоренко бойынша зәр анализі, Зимницкий бойынша зәр анализі, қантқан тәуліктік мөлшерден алынған зәр анализі;

  • электрокардиография (ЭКГ): миокард инфарктына, жыбырлы аритмияға, экстрасистолияға тән белгілерді анықтау;

  • келесі мейірбикелік манипуляцияларды жүргізу:

  • дәрілік заттарды қолдану:

  • тері астына инъекция жасау;

  • бұлшық етке инъекция жасау;

  • венапункция және көк тамырға дәрілік затты енгізу;

  • жүйелерді жинау және сұйықтықты көк тамырдан енгізу;

  • антибиотиктерді еріту;

  • инсулин дозасын анықтау және енгізу;

  • ингаляторды қолдану;

  • жақпа майларды, ұнтақтарды жағуды;

  • науқасқа таблетка, микстураларды, ұнтақтарды беру;

  • тамшыларды мұрынға, көзге, құлаққа тамызу;

  • орталықтандырылған ( мұрын зонды арқылы) және жастықшалар көмегімен оттегі беру;

  • қан кету уақытын анықтау;

  • гепарин дозасын есептеу және енгізу;

  • ЕПМ санитарлы – эпидемияға қарсы режим шараларын қамтамасыз ету:

  • науқасты санитарлық өңдеу;

  • дезинфекциялық ерітінділерді дайындау;

  • науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялау;

  • дезинфекция, стерилизация алды тазалау, шприцтерді және инелерін, аспаптарды құрғақ ыстық шкафта стерилизациялауға және стерилизацияға дайындау;

  • қолды залалсыздандыру;

  • облачение в стерильную одежду и накрытие стерильного стола;

  • науқасқа жеке бас тазалығын қамтамасыз ету:

  • науқастарды тасымалдау және жатқызу;

  • функционалды кереует және төсек жай дайындау;

  • науқасты таңертеңгілік жуындыру және киімдерін және төсегін ауыстыру;

  • науқасты жуындыру;

  • ойықтың алдын алу шаралары;

  • науқасты тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • науқасты төсегінде тамақтандыру;

  • науқасты гастростома арқылы тамақтандыру және гастростома айналасындағы теріні өңдеу;

  • интраназальды зонд арқылы қоректену қоспаларын енгізу;

  • науқасты алынған нәтижелеріне талдап бақылауды ұйымдастыру:

  • ауыз қуысын қарау;

  • аңқасын қарау;

  • дене қызуын өлшеу және қызу кестесін құру;

  • тамыр соғуын есептеу және оның сипатын анықтау;

  • тыныс алу қозғалысының жиілігін (ТАЖ) және тыныс түрін анықтау;

  • артериялық қысымды (АҚ) өлшеу;

  • ісінуді (көзбен, пальпациямен, су балансын есептеу әдісімен) анықтау;

  • қарапайым физиопроцедуралар жүргізу:

  • банка, қыздыратын компресс қою;

  • грелка және мұзды мойықтар қолдану;

  • ингаляторды пайдалану;

  • науқастың үлкен және кіші дәретке баруында және олардың бұзылысы болған жағдайда күтімін ұйымдастыру:

  • судна және зәр қабылдағыш беру;

  • құсу кезінде көмектесу;

  • тазалау, майлы, дәрілік клизмаларды қою;

  • асқазанды жуу;

  • науқастың келесі қосымша аспаптық және лабораторлы зерттеу әдістеріне дайындау:

  • жалпы қан анализі;

  • биохимиялық зерттеуге арналған қан анализі;

  • қантқа арналған қан анализі;

  • ФЭГДС, фиброколоноскопия;

  • ректороманоскопия;

  • құрсақ қуысындағы ағзаларды, жүректі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);

  • кеуде қуысын, ішекті, бүйректі және зәр шығару жолдарының рентгеноскопиясы (рентгенография);

  • ТМБ арналған қақырық анализі;

  • қалқанша безін сканерлеу;

  • жасырын қанға арналған нәжіс анализі

  • материалды жинау және науқасты келесі лабораторлық зерттеуге дайындау:

  • жалпы қақырық анализі,туберкулез микобактериясына (ТМБ) алынған қақырық анализі;

  • жалпы зәр анализі, Нечипоренко бойынша зәр анализі, Зимницкий бойынша зәр анализі, қантқан тәуліктік мөлшерден алынған зәр анализі, глюкозоуриялық профильға арналған зәр анализі;

  • гельминт жұмыртқаларына арналған нәжіс анализі, копрология;

  • мұрыннан және аңқадан жұғынды алу;

  • қазіргі жіктемелерге сәйкес диагноз қою;

  • медициналық ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес комплексті ем тағайындау;

  • науқасты жүргізу тактикасын анықтау;

  • мейірбикелік күтім стандарттарына сәйкес науқасты күтуді ұйымдастыру;

  • диспансерлік бақылауды жүзеге асыру;

  • оқып үйренген ауруы кезінде науқасты қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, науқасты қайта қалпына келу сатысына байланысты қалпына келтіру бағдарламасын құрастыру;

  • медициналық құжатты дайындау;

  • шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету;

  • ЕПМ науқасты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

  1. БӨЛІМ

ТЫНЫС АЛУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

    1. Бронхит (жедел және созылмалы), өкпенің созылмалы обструктивті аурулары

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • тыныс алу ағзаларының анатомия – физиологиялық ерекшеліктерін (АФЕ);

  • зерттеу әдістері;

  • аурудың анықтамасын;

  • тыныс жолдарының обструкция себептерін;

  • созылмалы обструктивті бронхит дамуына әрекет ететін факторларды;

  • жедел және созымалы бронхиттің негізгі белгілерін;

  • аурудың диагностикасын;

  • бронхитті емдеу принциптері: қазіргі заман талабына сай антибактериалды терапия, бронхтарды кеңейтетін терапия және оксигенотерапия;

  • бронхиттің алдын алуы;

  • созылмалы бронхит кезінде диспансерлік бақылау.

Студент істей білу керек:

  • науқасты сұрастыру жүргізуді және объективті зерттеуді;

  • сол ауруға тән белгілерді табу;

  • алдын ала қойылған диагнозды негіздеу;

  • қосымша зерттеу әдістерінің мәліметтерін талдау;

  • зерттеу нәтижесіне сүйене отырып,науқастың жағдайына баға беру;

  • науқасты тексеру және емдеу жоспарын құру.

Студент білімін бекіту керек:

  • науқасты қосымша зерттеу әдісіне дайындау бойынша;

  • дене температурасын өлшеу және оны қағазға тіркеу;

  • ТАЖ және тамыр соғысын есептеу, АҚ өлшеу;

  • бұлшық етке және көк тамыр ішіне инъекция жасау;

  • медициналық құжатты толтыру.

Бақылау сұрақтары

  1. Бронхитке анықтама беріңіз. Қабыну кезінде бронхтарда болатын морфологиялық өзгерістерге суреттеме беріңіз. Қалыпты бронхты және бронх қабынғанын анықтаңыз 1 сурет.

1 Сурет

  1. Бронхит жіктемесі қандай?

  2. Бронхит дамуына қандай факторлар әсер етеді?

  3. Бронхит ауруының бастапқы кезеңінде науқастар шағымдары.

  4. Аурудың қандай сатысында қақырық бөлінеді?

  5. Жедел бронхиттің аускультациялық көрінісі қандай?

  6. Жедел бронхитті рентгенологиялық зерттеу арқылы диагноз қоюға болады ма?

  7. Жедел бронхиттің созылмалыға ауысуына не әрекет етеді?

  8. Созылмалы бронхит жіктемесі қандай?

  9. Обструктивті бронхиттің клиникалық белгілерін атаңыз.

  10. Бронхиттің емдеу принциптері жайлы айтып беріңіз.

  11. (ӨСОА) «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» деген түсінікке не кіреді?

  12. ӨСОА дамуына алып келетін факторлар.

  13. Сізге ӨСОА қандай клиникалық түрлері белгілі?

  14. ӨСОА емдеу принциптерін атаңыз.

1 Тапсырма

Дұрыс бір жауабын таңдаңыз.

  1. Бронхиттің негізгі себептері:

    1. иммундық жүйенің бұзылысы;

    2. инфекция;

    3. стресс;

    4. физикалық күштеме.

  1. Бронхит дамуына әрекет етеді:

  1. суықтау;

  2. диетаны бұзу;

  3. ыстықтау;

  4. жұқпалы ауруы бар науқастармен қатынас.

  1. Жедел бронхиттің орташа ұзақтығы:

  1. 1-2 апта;

  2. 2-3 апта;

  3. 3-4 апта;

  4. 4-5 апта.

  1. Бронхит белгілері:

  1. бас ауруы, әлсіздік;

  2. кеуде клеткасының ауырсынуы, ентігу;

  3. жөтел, ентігу;

  4. қан аралас қақырық, тұншығу.

  1. Созылмалы бронхиттің жиі асқынулары:

  1. өкпеден қан кету;

  2. бронхтық демікпе (БД);

  3. жүрек ақаулары;

  4. гипертониялық криз.

  1. Бронхитті емдеу үшін қолданады:

  1. стероидтты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚЗ);

  2. миотропты спазмолитиктер;

  3. диуретиктер;

  4. қақырық түсіргіщтер.

  1. Созылмалы бронхит кезінде бронхообструкциялық синдромға тән емес:

  1. булықтыратын жөтел;

  2. дем шығарғанда құрғақ ысқырықты сырылдар;

  3. ентігу;

  4. қақырықтың қиындықпен шығуы;

  5. қақырықта Куршман спиральдары.

  1. Созымалы бронхитті антибиотиктермен емдейміз:

  1. күз – қыс кезінде;

  2. ұзақ;

  3. антибиотиктерді мүлдем қолдануға болмайды;

  4. іріңді қақырық бөліне бастағанда;

  5. қан қақыру пайда болғанда.

2 Тапсырма

ӨСОА түрін (2 сурет. а және б) анықтаңыз және оны суреттеңіз.

2 сурет.

Ситуациялық есептер

1 есеп

Кешкісін сізге көршіңіз құрғақ надсадный жөтел, төс артының саднения сезіміне, бас ауруы мазалауына шағымданып келді.

Объективті: дене температурасы 37,0 С. Өкпені тыңдағанда қатқыл тыныс, екі жағынан да дөрекі құрғақ сырылдар естіледі (3 сурет).

3 сурет

      1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

      2. Аурудың негізгі себептері?

      3. Сіздің науқасқа берер кеңесіңіз?

2 есеп

Сізге науқас әлсіздікке, тершеңдікке, құрғақ жөтелге, кешкі уақытта азғана қалтырауға шағымданып келді. Объективті тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Тері жамылғысының түсі қалыпты, ылғалды, көгерулер жоқ. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда – өкпелік дыбыс. Өкпені тыңдағанда – қатқыл тыныс, көп мөлшерде әртүрлі интенсивті және тонды құрғақ сырылдар, ТАЖ минутына 18.

Өкпенің рентгенологиялық көрінісінде патологиялық өзгеріс жоқ. Клиникалық қан анализінде патология байқалмайды.

  1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  2. Науқастың күтуді және емдеу жоспарын құрыңыз.

3 есеп

Ер кісі 28 жаста бір ай аралығында аз мөлшерде қақырық аралас жөтелге, температураның 37,2 – 37,5 С жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, мазасыздануға шағымданып келді.

  1. Науқасқа диагноз қою үшін қандай тексеру әдісі тиімді болып табылады?

  2. Емдеу ерекшеліктері.

4 есеп

Науқас 18 жаста, темекі тартады, 4 күн бұрын суықтап жедел ауырған. Кілегей қақырық аралас жөтелге, дене температурасының 38 С дейін жоғарылауына, кеуденің қысылуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады.

Объективті: тері жамылғылары бозарған, аңқасы қызарған, өкпені перкуссиялағанда анық өкпелік дыбыс, тыңдағанда қатқыл дыбыс әсерінен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия минутына 100-ге дейін, АҚ 110/70 мм.сын.бағ.

  1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

  2. Науқас қандай күтімді және емді қажет етеді?

  3. Сіздің науқасқа берер ұсыныстарыңыз.

5 есеп

Сіз фельдшер – акушерлік пунктте қызмет атқарасыз, сізге жиі 60 жастағы науқас жөтел сарғылт түсті қақырықпен бірге шығуына, физикалық күштемеде ентігуге шағымданады. Науқасты жөтел 20 жылдан бері мазалайды. Жағдайының нашарлауы суық уақыттарда басталады, ал 3-4 жыл бұрын ентігу пайда болған. Соңғы апталарда жағдайы нашарлаған. Науқас көп шылым тартады.

Объективті: еріндерінде көгерулер байқалады. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, қабырғалары тегістелген. Тыныс жылдамдығының амплитудасы азғана, ТАЖ минутына 26 рет. Перкуссияда қорап тәрізді дыбыс. Тыңдағанда қатқыл дыбыс әсерінен әлсіреген тыныспен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі.

  1. Науқастың жағдайы немен байланысты?

  2. Анамнезінен ауру дамуына әрекет еткен факторларды атаңыз (4 сурет).