Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бронхиалды астма

.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
19.79 Кб
Скачать

Бронх демікпесі, анықтамасы, этиопатогенезі, клиникалық белгілері. Бронх демікпесі ұстамасында жедел жәрдем көрсету. J - 46

Көмек көрсету мақсаты:

Өкпеде газ алмасу қызметі бұзылысының алдын алу

Ауа өткізетін жолдардың өткізгіштігін қалпына келтіру

Бронхтардағы В2 адренорецепторлардың сезімталдығын қалпына келтіру

Ішкі ағза ортасын реттеу.

Астматикалық жағдай дегеніміз бронхиалды астма ұстамасы 6 сағатқа созылуымен және симпатомиметикалық дәрілерге төзімділік дамуымен, бронхтардың дренаждық қызметінің бұзылуымен және гиперкапния мен гипоксиямен сипатталатын жағдай.

Астматикалық жағдайдың жіктемесі:

  1. Анафилактикалық түрі (АЖ жылдам дамитын түрі);

  2. Метаболикалық түрі (АЖ баяу дамитын түрі) негізгі орынды В адренорецепторладың функционалды блокадасы.

АЖ ауырлық дәрежесі бойынша сатылары:

  1. Салыстырмалы компенсация сатысында қақырықтың жабысқақтық қасиетін арттырып, бронхтардық саңылауын тарылтады да, гиперкапния мен гипоксияны ұлғайтады;

  2. Декомпенсация сатысы немесе «мылқау өкпе»: қашықтық сырылдар және оларды өкпе аускультациясы (мылқау өкпе) кезінде естілмеуінің сәйкес келмеуінде;

  3. Гипоксиялық гиперкапниялық кома сатысында гиперволемия, гипернатриемия қалыптасады. Өкпеде сұйықтық деңгейі жоғарылап, газ алмасуын нашарлатады және ұсақ бронхтар бітелуіне алып келеді. Бұл өзгерістер бүйрек үсті безі қызметінің өзгеруіне алып келеді.

Астматикалық статустың барлық кезінде науқастарды тез арада реанимация бөлімшесіне жеткізіледі.

Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:

  1. Жалпы жағдайын және өмірге маңызды қызметтерін қарау: есін, тынысын, қан айналуын.

  2. Науқастың қалпына баға беру: мәжбүрлі (ортопноэ).

  3. Объективті бағалау:

Бөшкетәрізді кеуде клеткасы;

Тыныс алуға кеуде клеткасының қосымша бұлшық еттері қатысады;

Дем шығарудың қиындауы;

Цианоз;

Мойын веналарының кеңеюі;

Гипергидроз.

  1. Тыныс алудың жиілеуі (тахипноэ);

  2. Пульсті тексеру ЖЖЖ жиілеуі (тахикардия немесе брадикардия болуы мүмкін);

  3. АҚҚ өлшеу (қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі) байқалады;

  4. Өкпе перкуссиясы: қорапты дыбыс

  5. Өкпе тыңдағанда: қатқыл дыбыс, дем алған кезде әртүрлі тондағы ысқырықты құрғақ сырыл, әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. АЖ кезінде өкпенің төменгі аймақтарында тынысы әлсірейді, кейде бронхиалды өткізгіштік және сырылдар (мылқау өкпе) естілмеді.

Шұғыл көмек көрсету шаралары:

Анафилактикалық түрінде – 0, 3 – 0,5 мл 0,18 % эпинефрин + 0,9 % натрий хлорид ертінділерін араластырып к/тамырға;

Бетперде арқылы ылғалды оттегі беру керек;

К/тамыр арқылы кортикостероидттар енгізу: глюкокортикоидтты гормондар преднизолон к/тамырға жылдам 90- 150 мг (300 мг), метилпреднизолон 120 – 180 мг.

Ингаляциялау В адреномиметиктермен – сальбутомол 100 мкг небулайзер арқылы 5- 10 минут аралығында. Әсері болмаса 20 минуттан кейін қайталау немесе сальметерол +флуктиказан аэрозоль 25/50 мкг, 25 /125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 1000 – 2000 мкг небулайзер арқылы 5- 10 минут аралығында. Аминофиллин бастапқы дозасы 5,6 мг/кг дене салмағына (10 – 15 мл 2,4 % ерітіндіні баяу 5-7 минут аралығында к/тамырға енгізу), сүйемелдеуші дозасы 2 -3,5 мл ерітіндіні науқастың жағдайына байланысты тамшылатып енгізу.

Гепарин 5000 – 10000 Б к/ тамырға.

Сұйықтықтың орнын толтыру мақсатында, гемоконцентрацияны реттеуге, бронхтағы қосындыны жібіту үшін к/тамырдан 4% натрий бикорбанат, 0,9 % натрий хлорид, 5% декстроза ерітіндісін енгізу.

Өкпе желденуінің бұзылысы күшейгенде өкпені жасанды желдету көрсеткіш болып табылады.

Кома кезінде:

Спонтаннды тыныс кезінде тез арада трахеяны интубациялайды.

Жасанды өкпе желдетуі.

Қажет болған жағдайда жүрек өкпелік реанимация.

Медикаментозды терапия.

ЖӨЖ (ИВЛ) және трахея интубациясына көрсеткіш:

Гипоксиялық және гиперкалиемиялық кома;

Жүрек тамырлық коллапс;

Тыныс алу жиілігі 50 ден жоғары;

Шұғыл түрде ауруханаға жатқызу көрсеткіші: стационарға көрсетілген терапия негізінде жеткізіледі.

Негізгі дәрілердің тізімі:

  1. Кислород м3

  2. Преднизолон 30 мг по 1 мл ампула

  3. 0,9 % натрий хлорид – 400 мл, фл.

  4. Натрия хлорид 0,9 % - 5,0 мл, ампула.

  5. Аминофиллин 2,4 % 5,0 мл ампула.

  6. Эпинефрин 0,18 % - 1,0 мл ампула.

  7. 5% декстроза – 400,0 мл, фл.

  8. Гепарин 5000 Б фл.

  9. Будесонид 1000 – 2000 мкг.

  10. Сальметерол + флутиказон аэрозоль 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг.

  11. Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/ доза, 20 мл ерітінді небулайзер үшін.

Қосымша дәрілік препараттардың тізімі: натрий гидрокарбонат 4% - 400,0 мл, фл.

Көрсетілген медициналық көмектің тиімділігінің индикаторы болып: науқастың жағдайының тұрақталуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]