Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТЕСТЫ-3 СД-НС

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
29.67 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның патофизиологиясы.

Жүйке жүйесінің сезімталдық және қозғалғыштық қызметінің бұзылысы»

1. Орталық нерв жүйесі зақымдануының тұрақты симптомдарымен дамитын ми қан айналымының жіті бұзылысының жиі кездесетін түріне:

лакуналық инсульт

ишемиялық инсульт

геморрагиялық инсульт

транзиторлық ишемиялық атака

субарахноидалды қан құйылулар жатады.

***

2. Ишемиялық инсульттің модификацияланбаған қауіп-қатер факторларына:

жасы

темекі шегу

дислипидемия

жыбырлақ (мерцательді) аритмия

артериялық гипертензия

***

3. Нейрондарда қайтымсыз өзгерістер дамуы үшін перфузия деңгейі://

80 мл/100 г/мин-1

50 мл/100 г/мин-1

35 мл/100 г/мин-1

20 мл/100 г/мин-1

10 мл/100 г/мин-1 және одан да аз

***

4. Ми қанайналымының жіті бұзылысын басынан өткізгеннен кейінгі ерте кезеңде науқастың бүлінген церебралдық қантамырлардағы қанағымды қалпына келтіргенмен неврологиялық симптоматиканың айқындылығы одан сайын күшейе түсті. Науқаста неврологиялық симптоматиканың күшеюінің себебі саналады:

нейрондар реперфузиясы

нейрондардың бүрісуі

нейрондардан кальцийдің шығуы

нейрондардың осмолярлығының төмендеуі

глутаматты рецепторлардың тежелуі

***

5. Ишемиялық жартылай көлеңке (пенумбра) аумағында орналасқан://

қайтымсыз зардапталған нейрондар

қалпына келу деңгейі жоғары нейрондар

қайтымсыз зардапталған нейроглия жасушалары

биоэлектрлік белсенділігі жоғары нейрондар

функциясы тұрақсыз, бірақ өмір сүруге қабілетті нейрондар

***

6. Мидың ишемиялық ісінуінің дамуында маңызды:

нейрондарда АҮФ артық болуы

нейрондарда аэробты гликолиздің белсенуі

нейрондарда сүт қышқылының түзілуі

нейрондарда глутаматтың азаюы

нейрондарда натрийдің азаюы

***

7. Ишемиялық инсульттің патогенезінде маңызды:

АҮФ түзілуінің күшеюі

глутаматтық эксайтоуыттылық

NMDA-рецепторлар белсенділігінің тежелуі

нейроннан кальцийдің қарқынды шығарылуы

антиоксиданттардың көбеюі

***

8. Инсульт кезінде NMDA-рецепторларының белсенуі қабаттасады://

калийдің жасушаға көп енуімен

кальцийдің жасушаға көп енуімен

липидтердің асқын тотығуының тежелуімен

протеолиздік ферменттердің белсенділігі тежелуімен

АМРА-рецепторлар белсенділігі тежелуімен

***

9. Ми ишемиясында ошақтық некроз дамуы осыған негізделген:

митохондриалық ферменттер белсенділігі жоғарылауына

нейротрофиялық факторлар белсенділігі күшеюіне

глютамат-кальцийлік каскад әрекеттеріне

тежеуіш әсері бар аминқышқылдарының мөлшерінің жоғарылауына

NMDA-peцепторлар гипореактивтілігіне

***

10. Ми ішіне қан құйылуының негізгі себебі:

эмболия

бассүйек-ми жарақаты

артериовеналық мальформация

біріншілік артериялық гипертензия

ми тамырларының ісікпен қысылуы

***

11. Ишемиялық инсульт клиникасында, геморрагиялық инсультқа қарағанда, жиі басым болады:

ми ісінуі

ми тінінің қысылуы

ошақты симптоматика

жұлын-ми сұйықтығында қанның болуы

бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

***

12. Науқас аяқ астынан құсып, мазасызданды. Сонымен қатар, оң жақ гемипарездің ауыр түрі байқалды. Науқаспен әңгімелескенде ол сөйлеген сөзді түсінуден қалды және мүлдем сөйлеспейді. Анамнезінде – артериялық гипертензия. Люмбальді пункция жасағанда тұнық емес қызыл, қанмен біркелкі боялған ликвор алынды. Инсульттің осы түрінің ауыр ағымын келесі бұзылыстармен:

құйылған қанның ыдырау өнімдерімен уыттанумен

глутаматты эксайтоуыттылықтың тежелуімен

көптеген ми инфарктының дамуымен

реперфузиялық синдромымен

пенумбраның пайда болуымен байланыстырады.

***

13. Инсультпен ауыратын науқастың базальді ядросынан ми артерияларының пенетрацияланатын тармақтарының зақымдануынан пайда болған өлшемі 1,0-1,5 см болатын, терең орналасқан инфаркт ошақтары анықталды. Ишемиялық инсульттің осы түрі аталады:

лакуналық инсульт

гемодинамикалық инсульт

гемореологиялық окклюзия

кардиоэмболиялық инсульт

атеротромбоздық инсульт

***

14. Ишемиялық инсульттің патогенезінде глутамат- кальцийлік каскадтың экспрессиясы кезеңіне тән:

NMDA-рецепторларының шамадан тыс қозуы

протеинкиназа жүйелерінің белсенуі

анаэробты гликолиздің белсенуі

оксидативті стресстің дамуы

АТФ мөлшерінің азаюы

***

15. Субарахноидалды қан құйылудың жиі себебі саналады://

диабеттік ангиопатия

ми қантамырларындағы атеросклероз

артериялық гипертензия

артериялық аневризм жарылуы

тесілген қантамырлардың тромбозы

***

16. Жүрек ырғағының бұзылуымен қатар жүретін жіті миокард инфаркті кезінде дамитын церебралды ишемияның басты себебі саналады:

қан тұтқырлығының жоғарылауы

қанның формалық элементтерінің агрегациясының күшеюі

қан ұюы жүйесінің белсенділігінің артуы

жүйелік перфузиялық қысымның төмендеуі

қанның реологиялық қасиетінің нашарлауы

***

17. Жүйке жүйесінің қимылдық функциясы бұзылыстарынан қимылдаудың мүмкін болмауы аталады://

парез

миотония

миастения

паралич

гиперeстезия

***

18. «Мерез» диагнозын қойғаннан 10 жыл өткеннен кейін зәр шығарудың қиындауы, денесінде жансыздану, «құмырсқа жорғаландай» сезімнің пайда болуы, шаншып ауырсынуы байқалады. Тексергенде сіңірлік рефлекстер әлсіреген. Науқаста сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстарының келесі біртектес түрі дамыды:

атетоз

атрофия

миастения

гипостезия

парестезия

***

19. Науқастың сол жақ аяғының ампутациясынан кейін, осы аяғында қинайтын, шыдатпайтын ауырсыну пайда болды. Ауру синдромын басу үшін қолданған препараттардың әсері жеткіліксіз болды. Аурудың осы түрі аталады:

каузалгия

батып ауыру

диффузды ауыру

фантомды ауыру

физиологиялық ауыру

20. Инемен шаншу тәрізді сезімдермен қабаттасатын ауырсыну түрі:

физиологиялық

эпикритикалық

протопатиялық

соматикалық

висцералық

***

21. Науқаста дегенеративті өзгерістердің салдарынан бүйірлік амиотрофикалық склероз дамыды. Тексергенде бұлшықеттердің гипотрофиясы, гипорефлексия, бұлшықет қозымдылығының әлсіреуі, салданған аяқ-қолының енжар қимылы байқалады. Науқаста бұзылыстар салданудың келесі түріне тән?

орталықты салдану

шеткері салдану

экстрапирамидалық жүйелердің зақымдануы

децеребрациялық ригидтілік

миастениялық гипокинезия

***

22. Кортико-спиналдық (пирамидалық) жолдардың орталық мотонейрондарының зақымдануы кезінде дамиды:

миастениялар

әлсіз гипокинезиялар

ригидтік гипокинезиялар

спастикалық гипокинезиялар

экстрапирамидалық салданулар

***

23. Алкогольді уыттанудың салдарынан науқастың мишығының қыртысты затының атрофиясы дамыды. Бұл келесі бұзылыстарды:

афазия

атаксия

гиперкинездер

бұлшықеттік астениялар

орталықты салдану

***

24. Жұлын мидың зақымдануы салдарынан науқас температура мен ауырсынуды сезбей қалды. Бұл осының зақымдануымен түсіндіріледі://

дорсалды діңгекте

вентралды діңгекте

латеральді діңгекте

бүйір діңгегінің дорсолатеральді бөлімінде

бүйір діңгегінің вентролатеральді бөлімінде

***

25. Тыныштық жағдайда бұлшықеттік дірілдің байқалуы, өз еркімен қимыл-қозғалыс жасаудың қиындауы осы ауруға тән:

эпилепсияға

шашыранды склерозға

мишықтың зақымдауына

Альцгеймер ауруына

Паркинсон ауруына

***

26. Науқаста қара субстанция мен жолақты денедегі нейрондар бүлінуінің өршуінен және олардың өлуінен туындаған экстрапирамидалық моторлы жүйелердің дегенеративті ауруы дамыды. Осы ауруды патогенетикалық емдеу кезінде, ең алдымен ОНЖ-де осының мөлшерін көбейтеді:

аспартаттың

дофаминнің

глутаматтың

триптофанның

ацетилхолиннің

***