Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz-G-1-om2 / Силлабус / Силлабус.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
928.26 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ С – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

18бет 18

Силлабус

GIS 1205 Гистология - 1 пәні бойынша

051301 - «Жалпы медицина» мамаңдығы

Дәрістер: 18 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат

СӨЖ: 34 сағат

Астана 2012

1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

Кафедраның меңгерушісі, профессор Кикимбаева Айсулу Айтыкеновна, биология ғылымдарының докторы, ұстаздық стажы – 27жыл

Ғылыми жұмыс саласы: Адам ұйқыбезінің және бауырдың морфологиясы.

Ғылыми мектебі: докторлық диссертация тақырыбы: «Қант диабетінің әр түрлеріндегі ұйқыбез, бауыр және гипоталамус нейросекреторлы жасушалардың құрылымдық-қызметтілік өзгерістері және олардың алдын алу жолдары», Алматы қаласында 2008 жылы профессор Г.Г.Мейрамовтың жетекшілігімен қорғалған. 63 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Доцент Исаева Земфира Кахаровна, ұстаздық стажы – 27 жыл.

Ғылыми жұмыс саласы: Адам тінінің филогенезі. 11 ғылыми жұмыстарының авторы

Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді

Оқытушы Қошыбаева Құралай Төлеугажиновна,ұстаздық стажы -2 жыл. Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Ассистент Тулиева Алия Молдабаевна, ұстаздық стажы-2 жыл. Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Ассистент Жүзжасарова Айгерім Аймахамбетовна тәжірибелік сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді.

Оқытушы Абишев Данияр Ерсинжанович, тәжірибелік сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді.

Оқытушы Тажикова Айгуль Маратовна, тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілінде жүргізеді.

Оқытушы Дуйсебекова Гүлбану Пралиевна,ұстаздық стажы- 2 жыл тәжірибелік сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді.

1.7 Байланыс ақпараты:

Оқу кестесіне сәйкес сабақтар гистология,цитология және эмбриология кафедрасында өткізіледі . «АМУ» АҚ, №49 корпус, Бейбітшілік көш., 49, телефон: 53-94-29

1.8 Пәннің саясаты: Студенттер гистология кафедрасына лекция және тәжірибелік сабаққа деканат құрған сабақ кестесіне сәйкес келуі керек. Өздерімен екінші аяқ киім, халат, сонымен қатар гистологиялық препараттарды, микросуреттер мен схемаларды салу үшін альбом мен қарындаштары болуы тиіс. Дәріс дәптерлері болуы керек.

Оқу нәтижелерінің бақылау және бағалануы «АМУ» АҚ, қабылданған рейтинг жүйесі бойынша өткізіледі. Оған кіретін: күнделікті, аралық бақылау және қорытынды - емтихан.

Гистология кафедрасында білімді бағалаудың қорытынды әдістеріне, студентердің өзіндік жұмыстары барысында орындалған ағзалар мен тіндердің гистологиялық препараттарын микроскопиялауы, электроннограмма және сызба тапсырмаларын зерттеу, тестілеу және әр жағдайлы есептерді шығару, ауызша сұрауы, гистологиялық препараттардың диагностикасы және электрондық микросуреттердің диагностикалау болып табылады.

Күнделікті және аралық бақылау кафедрада өткізіледі. Қорытынды бақылау ауызша емтихан түрінде өткізіледі. Емтиханға дәрістер және тәжірибелік сабақтардан қарыздары жоқ студенттер жіберіледі. Себепті жіберілген дәріс және тәжірибелік сабақтары өтелуі тиіс. Себепсіз жіберілген дәріс және тәжірибелік сабақтары үшін баллдар шығарылып тасталады. (әрі келмеген сабаққа –минус 1 балл) Жұмыстың осы бөлімдері орындалмаған жағдайда студенттердің атына деканатқа хабар беріледі.

Соседние файлы в папке Силлабус