Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
553.71 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

7 бет 7

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 1 Гистологиялық техника

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012ж.

1. Тақырыбы: Гистологиялық техника.

2. Мақсаты: Гистологияда тәжірибелік сабақтағы жұмыстың негізгі түрі гистологиялық препаратты микроскоппен қарау болып табылады, ол препараттың структуралық және тинкториальды ерекшеліктерін зерттеу, жасушалар, тіндер және ағзалардың функциональді ерекшеліктерін анықтау мүмкіншілігін береді. Жұқа структуралық-функциональді өзгерістер тек электрондық микроскоп астында анықталады.

Тәжірибеде гистологиялық әдістер мен микроскопияны дәрігер-лаборанттар, дәрігер-патологоанатомдар және т.б. кеңінен қолданылады. Осыған байланысты бірінші сабақта биологиялық микроскоптың құрылысын, микроскоппен қарау техникасын оқып білу, сонымен қатар жарықтық және электрондық микроскопқа гистологиялық препарат дайындау әдісімен танысу қажет.

3. Оқыту мақсаты:

  1. Гистологиялық препаратты микроскоппен қарау техникасын үйрену.

  2. Гистологиялық препаратты дайындау негізгі кезеңдерінің маңызын және мәнін түсіне білу.

  3. Гистологиялық препаратты бояуды және бекітуді үйрену.

  4. Боялған препараттағы структуралардың базофилия және оксифилиясын түсіне білу. Препаратта структураларды айыра білуін үйрену.

  5. Ғылыми және клиникалық зерттеулерде микроскопиялық техниканың арнайы аспаптарын қолдану және жұмыс істеу принциптерін түсіне білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Микроскопия үшін қолданылатын негізгі оптикалық аспаптар қандай?

  2. Жарықтық микроскоптағы сәуле жолдары..

  3. Микроскоптың ұлғайту және шешу қабілеттілігі.

  4. Субстраттың химиялық құрамына байланысты бояу түрлері қалай өзгереді?

5. Білім берудін және оқытудын әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Иттің аш ішегі. Гематоксилин-эозинмен боялған.

Оқытушының жетекшісімен студенттер келесі демонстрациялық

микропрепараттарды талдайды:

1. Майлы тін. Шарбының жазықтық препараты. Май қосындыларының талғамды боялуы. Судан III –гематоксилинмен боялған.

2. Гистологиялық препарат. Қоянның аналық безінің кесіндісі. Маллори әдісімен боялған, үш түрлі.

3. Гистологиялық препарат. Пластинкалы сүйек ткані. Түтікті сүйектің көлденең кесіндісі. Шморль әдісімен боялған.

Оқытушының жетекшісімен студенттер келесі

Электронды микросуреттерді, таблицаларды және схемаларды талдайды:

1. Клетканың ультрамикроскопиялы құрылысы. Атлас, 38 сурет.

2. Жарық және электронды микроскоптағы сәуле жолдарының схемасы.

3. Гистолгиялық материалды парафинге, целлоидинге құю методикасы.

4. Парафинді кесінділерді гематоксилин-эозинмен бояу методикасы.

5. Целлоидинді кесінділерді гематоксилин –эозинмен бояу методикасы.

6. Электронды-микроскопиялы зерттеуге арналған материалды дайындау әдісі:

7. Таблица. Аш ішек құрылысы.

8. Таблица. Аналық бездің құрылысы.

9. Таблица. Пластинкалы тіннің құрылысы.

Микроскоппен қарау техникасы.

Гистологиялық препараты микроскоп астында қарау үшін, алдымен жарықты дұрыс орналастыру керек. Бұл үшін айнаның көмегімен көру аймағына біркелкі жарық түсіріледі. Препарат үстелшеге жабын шынысымен үстіне қаратылып қойылады.

Препараты зерттеуді кіші үлкейткішпен бастайды, бұл кезде кіші үлкейткішті объективтің фронтальды линзасы мен жабын шынысының екеуінің аралықтары шамамен бір сантиметрдей болу керек. Құрылыстың анықтылығы макровинттің көмегімен орнатылады. Үстелшедегі препараты жылжыта отырып, оның детальдерін барлық жазықтықта көруге болады. Объект кіші үлкейткішпен зерттелінгеннен кейін, препараттың қажетті жерін орталық көру аймағына орналастырып, үлкен үлкейткішпен зерттеу қажет.

Препараты үлкен үлкейткішпен зерттеу үшін револьвері құрылғыны қуатты объективке ауыстыру керек. Құрылыстың анықтылығы тек микровинттің көмегімен орнатылады, оны бір жарым айналым ары немесе бірі айналдыра отырып, жарық қатты түсіп және бейне анықтау көрінбеген жағдайда конденсор аздап төменге түсіріледі немесе диафрагмамен жабылады. Өте ұсақ гистологиялық структураларды зерттеу үшін иммерсионды объектив қолданылады. Бұл кезде препараттың жабын шынысына бір тамшы иммерсионды май тамызылады, сосын объективтің фронтальды линзаны майға тигенше тубус абайлап төмендетіледі. Бейне анық көрінгенше, микровинт қолданылады. Жұмыстан соң бал қарағай майы объективтен және жабын шынысынан дәкемен сүртіліп тазартылады.

6. Әдебиет

Негізгі әдебиет

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде:

1. Гистология. Учебник под редакцией Ю.И.Афанасьев, С.Л. Кузнецова, Н.А. Юриной. – М.: Медицина. – 2004. – 764 с.

2. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов /Р.Б.Абильдинов, Ж.А.Аяпова, Р.И.Юй. – Алматы. – 2006. – 416 с.

3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов /С.Л.Кузнецов, Н.Н.Мушкамбаров, В.Л.Горячкина. – М.- 2005. – 400 с.

4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии под редакцией проф. Ю.И.Афанасьева. – М.: «Высшая школа». – 2004.

Ағылшын тілінде:

1. Basic histology: Texts and atlases. Published in Nortern America. - 2003. - 512 pp.

2. Functional histology: Texts and color atlas. Chuhch3ll Livingstone6 International edition. Sidney.- Toronto. -2000. – 413 pp.

Қосымша әдебиеттер

Қазақ тілінде:

1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  1. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  2. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология (введение в патологию). /под редакцией Э.Г. Улумбекова, Ю.А.Челышева. – М.: ГЭОТАР. – 2001 (Учебник для студентов медицинских ВУЗов).

2. Руководство по гистологии, т. 1 и 2 под редакцией Р.К. Данилова, В.Л.Быкова, И.А.Одинцова. Спец. Литер., Санкт-Петербург. -2001.

3. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.: «Мед. Книга», Нижний Новгород. Изд. НГМА. – 2002. – 367 с.

4.Гистология человека в мультимедиа. Данимлов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских ВУЗов. СПб; ЭЛБИ-СПб. – 2004. – 362 с.

5. Цитология и общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб – 2000. – 300 с.

6. Частная гистология. Быков В.Л. СОТИС, СПб. -2000. – 300 с.

7. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.: ОНИКС, ХХ! Век, Мир и Образование. -2004. – 400 с.

7. Бақылау

Бақылау сұрақтары:

1. Микроскоптың шешуші қабілеттілігі дегеніміз не және ол неге байланысты?

2. Жарық және электронды микроскоптардың шешуші қабілеттілігі неге тең?

3. Гистологиялық препаратты даярлаудағы негізі кезеңдерді атаңыз.

4. Бекіткіштің мәне неде және бекіткіштерге қандай талап қойылады?

5. Гистологиялық препараттарды дайындауға тығыздандыру мақсаты неде және тығыздандыру үшін не қолданылады?

6. Материалды парафинге құюдың қандай артықшылығы бар?

7. Кесінділер алынатын құрал қалай аталынады және ол қандай негізгі бөліктерден тұрады?

8. Парафин мен целлоидинге құйылып алынған кесінділердің қалыңдығын атаңыз.

9. Гистологиялық тәжірибеде бояу топтарының қандай түрлері қолданылады? Мысал келтіріңдер.

10. Боялғанда қандай структуралар «оксифильді» және «базофильді» деп аталынады?

11. Гистологиялық препарат дайындаудағы соңғы кезеңінің мақсаты неде?

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік