Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
555.43 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

14 бет 14

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: №5 Адам эмбриологиясы. Прогенез. Эмбриональді дамудың алғашқы кезеңі.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012ж.

1. Тақырыбы: Адам эмбриологиясы. Прогенез. Эмбриональді дамудың алғашқы кезеңі.

2. Мақсаты: Эмбриология негіздерін оқып үйрену ересек адамда тіндердің тұзілу көздерімен механизмі (гистогенез) және ағзалардың қалыптасуын ( органогенез) түсіндіреді. Эмбриологиялық білімдер болашақ дәрігерге ұрық дамуында кемістіктер мен аурулардың алдын алуға, жүктілік кезеңінде сыртқы факторлардың қолайсыз әсерлерінен сақтандыру шараларын жүргізу үшін қажет.

3. Оқыту мақсаттары:

1.Сүтқоректілер мен адамның аталық және аналық жыныс жасушаларының жалпы және жеке ерекшеліктеріне гистофункциональді және генетикалық сипаттамасын беру.

2.Микропрепараттарда және электронды микросуреттерде жыныс жасушаларды және олрадың құрылымдарын анықтай білу.

3. Омыртқалылар ұрықтарының даму сатыларын түсіндіру.

4.Ұрықтарды эмбриогенездің алғашқы сатыларында – ұрықтануда, бөл- шектенуде, бластулада айыра білу.

5.Гаструляцияға ұрық дамуының жеке саты ретінде сипаттама беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сперматозидте қандай бөлімдер мен құрылым элементтерді айырады?

2. Акросома дегеніміз не және ол қандай роль атқарады?

3. Қандай ерекшеліктер арқылы жұмыртқа жасушаларды жіктейді және олардың қандай түрлері болады?

4. Адамның жұмыртқа жасушасы қандай түріне жатады және оның ульт- раструктуралы құрылысының ерекшеліктері?

5. Ұрықтану үрдістің сатылары мен механизмдері және ұрық жолдың қандай бөлігінде өтеді?

6. Омыртқалы жануарлардың эмбриональдік дамуының негізгі сатыларын атаныз.

7.Ұрық бластомерлерінің бқлшектенуінің соматикалы жасушалардың мито- тикалық бөлінуінен қандай айырмашылығы бар?

8. Адам ұрығына құстардың ұрығымен алыстырғанда бөлшектенудің қандай түрі тән?

9. Бластула дегеніміз не және онда қандай бөлімдерді ажыратады?

10. Құстарда және көптеген сүтқоректілерде бластула қандай түріне жатады? Бластуланың әрі түрлері бір бірінен қалай ажыратылады?

11. Адам бластоцистасының құрылысын сипаттаныз. Аналық жыныс жолының қандай бөлігінде пайда болады және ұрықтанудан кейін қандай уақытта түзіледі?

12. Адам гаструляциясының мағынасы және онда қандай сатыларды ажы- ратады?

13. Гаструляцияның негізгі сатыларын атаңыз және мысалы келтіріңіз.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Сперматозоидтер (эякуляттің жағындысы). Гематоксилин және эозин мен боялған.

2. Амфибиялардың жұмыртқа жасушасы. Гематоксилин және эозин мен боялған.

3. Амфибия жұмыртқа жасушасының бөлшектенуі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

4. Амфибиялардың бластуласы. Гематоксилин және эозин мен боялған.

5. Амфибиялардың гаструласы. Гематоксилин және эозин мен боялған.

6. Гатсруляция. Бірінші жолақ тұсындағы тауық ұрығының көлденең кесін- дісі. Гематоксилин мен боялған.

Оқытушыдың жетекшісі мен студенттер келесі демонстрациялық препараттарды зерттейді:

1. Сүтқоректінің жұмыртқа жасушасы (аналық бездің кесіндісі). Гематокси- лин және эозин мен боялған.

2. Ұрықтану. Синкарион сатысы. Темір гематоксилин мен боялған.

3. Біріншілік жолақтын сатысындағы тауықтың ұрығы. Жалпақ тұтасталған препарат. Гематоксилин мен боялған.

Оқытушыдың жетекшісі мен студенттер келесі электронды микросүреттерді талқылайды:

1. Адамның сперматозоиді. Атлас.

2. Аналық безі фолликуласының овоциті. Атлас.

Студенттер өздері келесі сызбалар мен схемаларды қолданады:

1. Аталық жыныс жасушаның схемасы. Оқулық, атлас.

2. Аналық жыныс жасушаның схемасы. Оқулық, атлас.

3. Адамның ұрықтануы, бөлшектенуі, және бластуласының құрылысы. Оқулық, атлас.

4. Құстардың гаструляциясы және ұрық жапырақшаларының дифференци- ровкасы. Оқулық, атлас.

5. Адамның гаструляциясы және ұрық жапырақшаларының дифференци- ровкасы. Оқулық, атлас.

6. Әдебиет

Негізгі әдебиет

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде:

1. Гистология. Учебник под редакцией Ю.И.Афанасьев, С.Л. Кузнецова, Н.А. Юриной. – М.: Медицина. – 2004. – 764 с.

2. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов /Р.Б.Абильдинов, Ж.А.Аяпова, Р.И.Юй. – Алматы. – 2006. – 416 с.

3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов /С.Л.Кузнецов, Н.Н.Мушкамбаров, В.Л.Горячкина. – М.- 2005. – 400 с.

4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии под редакцией проф. Ю.И.Афанасьева. – М.: «Высшая школа». – 2004.

Ағылшын тілінде:

1. Basic histology: Texts and atlases. Published in Nortern America. - 2003. - 512 pp.

2. Functional histology: Texts and color atlas. Chuhch3ll Livingstone6 International edition. Sidney.- Toronto. -2000. – 413 pp.

Қосымша әдебиет

Қазақ тілінде:

1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  1. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  2. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология (введение в патологию). /под редакцией Э.Г. Улумбекова, Ю.А.Челышева. – М.: ГЭОТАР. – 2001 (Учебник для студентов медицинских ВУЗов).

2. Руководство по гистологии, т. 1 и 2 под редакцией Р.К. Данилова, В.Л.Быкова, И.А.Одинцова. Спец. Литер., Санкт-Петербург. -2001.

3. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.: «Мед. Книга», Нижний Новгород. Изд. НГМА. – 2002. – 367 с.

4.Гистология человека в мультимедиа. Данимлов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских ВУЗов. СПб; ЭЛБИ-СПб. – 2004. – 362 с.

5. Цитология и общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб – 2000. – 300 с.

6. Частная гистология. Быков В.Л. СОТИС, СПб. -2000. – 300 с.

7. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.: ОНИКС, ХХ! Век, Мир и Образование. -2004. – 400 с.

7. Бақылау.

Тесттер:

5 варианттардан бір ғана дұрыс жауапты таңдаңыз:

1.Адам жұмыртқа жасушасы ооплазмасындағы сарыуыздың мөлшеріне

Байланысты болады:

А)Полилецитальді

Б)Мезолецитальді

В)Олиголецитальді

Г)Телолецитальді

Д)Алецитальді

2.Жұмыртқа жасушасындағы кортикальді түйіршіктер қажетті:

А)Сперматозоидпен дистанті өзара қатынасуын қамтамасыз етуіне

Б) Сперматозоидпен контакті өзара қатынасуын қамтамасыз етуіне

В) Сперматозоидтің жұмыртқа жасушасына өтуін оңайлататына

Г) Ұрықтану қабығының қалыптасуына

Д)Пронуклеустердің қосылуын қамтамасыз етуіне

3.Адамда ұрықтану кезінде сперматозоидтің жұмыртқа жасушаның қабықшаларынан откенде бір ізділігі:

А)Цитолемма – жылтыр қабықша-фолликулярлы қабықша

Б) Цитолемма –фолликулярлы қабықша -жылтыр қабықша

В) Жылтыр қабықша - цитолемма – -фолликулярлы қабықша

Г) Жылтыр қабықша-фолликулярлы қабықша - цитолемма –

Д) Фолликулярлы қабықша – жылтыр қабықша- цитолемма

4.Сперматозоидтің акросомасы ...туындысы болып табылады:

А)Тегіс эндоплазмалық тордың

Б)Түйіршікті эндоплазмалық тордың

В)Гольджи аппараттың

Г)Пероксисомалардың

Д)Митохондриялардың

5.Ооплазмада сарыуыздың орналасуына байланысты адамның жұмыртқа жасушасы болады:

А)Біріншілк изолецитальді

Б)Екіншілік изолецитальді

В)Центролецитальді

Г)Шағын телолецитальді

Д)Кенет телолецитальді

6. Реотаксис – ол сперматозоидтің ..... касиеті:

А)Жұмыртқа жасушаны белсенді іздеуге

Б)Жұмыртқа жасуша мен дистанті өзара қатынасу

В)Сүйықтық ағына қарсы қозғалу

Г)Гамон қоюлығының градиенті бойынша қозғалу

Д)Жұмыртқа жасушаның қабықшаларын ерту

7. Хемотаксис - ол сперматозоидтің ..... касиеті:

А)Жұмыртқа жасушаны белсенді іздеуге

Б)Жұмыртқа жасуша мен дистанті өзара қатынасу

В)Сүйықтық ағына қарсы қозғалу

Г)Гамон қоюлығының градиенті бойынша қозғалу

Д)Жұмыртқа жасушаның қабықшаларын ерту

8. Адамның жетілген жұмыртқа жасушасында болмайды:

А)Жасушалық орталық

Б)Тегіс эндоплазмалық тор

В)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Г)Гольджи аппараты

Д)Қосындылар

9. Акросома сперматозоидқа ..... қажетті:

А)Капацитацияға

Б)Реотаксисқа

В)Хемотаксисқа

Г)Жұмыртқа жасушасын қабықшаларын ертуге

Д)Қозғалуға

10. Моноспермия деп атайды:

А)Бір сперматозоидтің жұмыртқа жасушаны ұрықтандыра алмағанын

Б) Ұрықтандыруда бір сперматозоидтің жұмыртқа жасушаға енуін

В) Ұрықтандыруда бірнеше сперматозоидтердің жұмыртқа жасушаға енуін

Г)Бір сперматозоид ядросының жұмыртқа жасушаның ядросы мен қосылу- ын.

Д)Спрематозоидтердің ұрықтандыру қасиетінің уақытының шектелуі

11.Капацитация – ол:

А)Ұрықтандыру кезінде сперматозоидтердің синхронды метаболиялық белсенділігі

Б) Ұрықтандыру кезінде сперматозоидтердің акросомаларынан бір уақытта ферменттердің шашырауы

В) Ұрықтандыру кезінде көптеген спермийлердің агглютинациясы

Г) Ұрықтандыру кезінде сперматозоидтердің әсерінен жұмыртқа жасушаның айналуы

Д) Ұрықтандыру кезінде бір сперматозоидтің жұмыртқа жасушаға енуі.

12. Ұрықтандыру кезінде сперматозоидтердің акросомаларынан ферменттердің синхронды шашырауын атайды:

А)Капацитация

Б)Полспермия

В)Акросомальді реакция

Г)Контакті өзара қатынасуы

Д)Кортикальді реакция

13. Адамның қалыпты сперматозоидінің ядросында хромосоманың ......жинтығы болады:

А)Гаплоидті

Б)Диплоидті

В)Анеуплоидті

Г)Полиплоидті

Д)Тетраплоидті

14. Сперматозодтің тубулин құрылымдары .....құрамына кіреді:

А)Ядроның

Б) Акросоманың

В) Митохондриальді қабықшаның

Г) Аксонеманың

Д)Цитолемманың

15. Адам жұмыртқа жасушасының ұрықтандыруы ..... өтеді:

А)Құрсақ қуысында

Б)Жатыр түтігінде

В)Жатыр қуысында

Г)Цервикальді өзекте

Д)Қынапта

16. Кортикальді реакция деген деп аталады:

А)Бір сперматозодтің басының жұмыртқа жасушаға енуі

Б)Ұрақтандыру кезінде жұмыртқа жасушаның кабылдағыш төмпешік арқылы сперматозодті таңдауы

В) Ұрақтандыру кезінде жұмыртқа жасушада кортикальді түйіршіктердің пайда болуы

Г) Жұмыртқа жасушаның жылтыр қабықшасының оған сперматозоидтін басы енгеннен кейін тығыздалуы

Д)Жұмыртқа жасушаның оған сперматозоидтің басы енгеннен кейін фолликулярлы қабықшасының өзгеруі

17. Синкарион –ол:

А)Сперматозоидтің гаплоидті ядросы

Б)Жұмыртқа жасушаның гаплоидті ядросы

В)Жұмыртқа жасушаға енгеннен кейін сперматозоидтің өзгерген ядросы

Г) Жұмыртқа жасушаға сперматозоидтің басы енгеннен кейін өзгерген ядросы

Д)Жұмыртқа жасуша және сперматозодтің тұтасталған генетикалық материалымен ядро

18. Адамның жұмыртқа жасушасының жылтыр қабықшасы.....сатыға дейін сақталады:

А)Ұрықтану

Б)Бөлшектенудің басталу

В)Морула

Г)Бластула

Д)Гаструла

19. Адам жұмыртқа жасушасының бөлшектенуі:

А)Толық, бір келкі, синхронды

Б) Толық, бір келкіемес, синхронды

В) Толық, бір келкіемес, асинхронды

Г) Толықемес, бір келкі, синхронды

Д) Толықемес, бір келкіемес, асинхронды

20. Жануардың жұмыртқа жасушасының бөлшектенуінің сипаттамасы (толықтығы, біркелкігі,синхрондігі) .....тәуелді:

А)Эмбриональдік дамудын жағдайларына

Б)Жұмыртқа жасушадағы сарыуыздың санына

В)Жұмыртқа жасушаның мөлшеріне

Г)Жұмыртқа жасушалардың түзілі санына

Д) Жұмыртқа жасушаның қабықшаларының сипаттамасына мен құрылысына

21. Бластомерлердің бөлшектенуінде жасушалық циклдің ....сатылары- ның жоқ болуы тән:

А)Go

Б)G1

В) S

Г) G2

Д) G3

22. Адам бластуласында «ақшылт» бластомерлер.....түзеді:

А)Эпибласты

Б)Гипобласты

В)Трофобласты

Г)Эмбриобласты

Д)Бластоцельді

23. Морула қалыптасқан кезде адам ұрығы .......болады:

А)Жатыр түтіктің қуысында

Б)Жатырыдың қуысында

В)Эндометриймен байланыса

Г)Эндометрийдің қабатында

Д)Цервикальді өзекте

24. Адам бластуласы аталады:

А)Дискобластула

Б)Целобластула

В)Амфибластула

Г)Бластоциста

Д)Бластодерма

25. Бластула түзілген кезде адам ұрығы болады:

А)Жатыр түтіктің қуысында

Б)Жатырдың қуысында

В) Эндометриймен байланыса

Г) Эндометрийдің қабатында

Д) Цервикальді өзекте

26.Гаструляцияның бірінші сатысының нәтижесінде адам ұрығында пайда болады:

А)Трофобласт және эмбриобласт

Б)Біріншілік жолақ және Гензен түйіні

В)Эпибласт және гипобласт

Г)Эктодерма және эндодерма

Д)Синцитиотрофобласт және цитотрофобласт

27. Адамда кеш гаструляция .....түзілуіне әкеледі:

А)Бүрі және тегіс хорионның

Б)Ұрықтық және ұрықтан тыс мезодерманың

В)Эпибластың және гипобластың

Г)Эктодерманың және эндодерманың

Д) Эктодерманың, мезодерманың, эндодерманың және ұрықтық ағзалардың

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік