Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
15
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
556.22 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

15 бет 15

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 3 Цитология. Жасуша ядросы. Жасушаның бөлінуі. Жасушалық цикл.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1.Тақырыбы: Цитология. Жасуша ядросы. Жасушаның бөлінуі.

Жасушалық цикл.

2. Мақсаты: Жасушалардың қалыпқа келуі жасушаның бөлінуі және олардың көбеюі арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Оқыту мақсаттары:

1.Ядро құрылымдарын микро- және ультрамикроскопиялық денгейде айыра білу.

2.Ядро ролін ақуыз түзілуінде түсіндіре білу

3.Миоздың негізгі сатыларын: профазаны, метафазаны, анафазаны,телофазаны таба білу

4. Жасушалық циклдің постмитотикалық, синтетикалық, премитотикалық, митотикалық кезендеріне қызметтілік сипаттамасын беру

5.Ядроның қызметтілік сипаттамасына беру үшін, оның микроскопиялық, ультрамикроскопиялық және гистохимиялық анықтамасын қолдану.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Интерфазды ядроның құрылымдық компоненттерін атаңыз.

2. Гетеро-және эухроматин дегеніміз не?

3. Ядрошықтың химиялық құрамы, құрылысы және қызметтері қандай?

4. Хромосоманың құрылымдық элементтерін атаңыз.

5. Ген дегеніміз не?

6. Жасушада жүретін ақуыздың түзілуінің негізгі сатыларына сипаттама беріңіз.

7. Хромосомды жиынтығы дегеніміз не?

8. Жыныстық хроматин дегеніміз не?

9. Жасушалық цикл қандай кезеңдерден тұрады?

10. Жасушалық циклдің қандай кезеңдерінде ДНК екі еселенеді, акуыздың түзілуі жүреді, АТФ жинақталады?

11. Митоз уакында органеллалардың қалпы қандай болады?

12. Митоз уақытында ядрошықтың күйі қандай болады?

13. Амитоз дегенеіміз не?

14. Эндомитоз және полиплоидия дегеніміз не?

15. Жасушаның некрозы мен апоптоздың арасында қандай айырмашылық бар?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Интерфаза кезеңінде жасушаның ядросы:

А)Бірынғай салалы бұлшықеттің жасушалары. Гематоксилин және

эозин мен боялған.

Б)Адам қанының нейтрофильді лейкоциттері, лимфоциттері және

моноциттері. Азур 2 және эозин мен боялған.

В)Жұлынның жүйке жасушалары. Күміс пен импрегнациялау.

2. Өсімдік жасушаның митозы. Темір гематоксилин мен боялған.

3.Жануар жасушасының митозы. Аксолотль бауырының шеткі аймағы.

Гематоксилин және эозин мен боялған.

4. Қуықтың эпителий жасушаларындағы амитоз. Гематоксилин және эозин мен боялған.

Оқытушыдың жетекшісі мен студенттер келесі демонстрациялық препараттарды зерттейді:

1. Жасуша ядросындағы дезоксирибонуклеин қышқылы. Фельген тәсілі бойынша боялған.

2. Жасуша цитоплазмасында және ядрлошығындағы рибонуклеин қышқылы. Метил жасыл және пиронин мен боялған

3. Лейкоциттердегі жыныстық хроматин. Азур 2 және эозин мен боялған.

Оқытушыдың жетекшісі мен студенттер келесі электронды микросуреттерді талқылайды:

1. Интеркинездегі жасушаның ядросы

2. Ядрошық

Студенттер өздері келесі сызбалар мен схемаларды қолданады:

1. Сызба – Эукариоттық жасуша митозының схемасы.

2. Өсімдік жасуша митозының суреті. Атлас.

3. Жануар жасуша митозының суреті. Атлас.

4. Амитоз. Атлас.

5. «Жасушалық цикл» схемасы. Оқулық.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде:

1. Гистология. Учебник под редакцией Ю.И.Афанасьев, С.Л. Кузнецова, Н.А. Юриной. – М.: Медицина. – 2004. – 764 с.

2. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов /Р.Б.Абильдинов, Ж.А.Аяпова, Р.И.Юй. – Алматы. – 2006. – 416 с.

3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов /С.Л.Кузнецов, Н.Н.Мушкамбаров, В.Л.Горячкина. – М.- 2005. – 400 с.

4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии под редакцией проф. Ю.И.Афанасьева. – М.: «Высшая школа». – 2004.

Ағылшын тілінде:

1. Basic histology: Texts and atlases. Published in Northern America. - 2003. - 512 pp.

2. Functional histology: Texts and color atlas. Chuhch3ll Livingstone6 International edition. Sidney.- Toronto. -2000. – 413 pp.

Қосымша әдебиеттер

Қазақ тілінде:

1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  1. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  2. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология (введение в патологию). /под редакцией Э.Г. Улумбекова, Ю.А.Челышева. – М.: ГЭОТАР. – 2001 (Учебник для студентов медицинских ВУЗов).

2. Руководство по гистологии, т. 1 и 2 под редакцией Р.К. Данилова, В.Л.Быкова, И.А.Одинцова. Спец. Литер., Санкт-Петербург. -2001.

3. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.: «Мед. Книга», Нижний Новгород. Изд. НГМА. – 2002. – 367 с.

4.Гистология человека в мультимедиа. Данимлов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских ВУЗов. СПб; ЭЛБИ-СПб. – 2004. – 362 с.

5. Цитология и общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб – 2000. – 300 с.

6. Частная гистология. Быков В.Л. СОТИС, СПб. -2000. – 300 с.

7. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.: ОНИКС, ХХ! Век, Мир и Образование. -2004. – 400 с.

7. Бақылау.

Тесттер:

5 варианттардан бір ғана дұрыс жауапты танданыз:

1.Жасушаның трофикалық қосындыларына жатады:

А) Билирубин

Б) Гликоген

В)Меланин Г)Липофусцин Д) Ақуыз секреторлы түйіпшіктер

2.Лизосома ферменттерінің синтезің қамтамасыз ететін:

А)Тегіс эндоплазмалық тор

Б) Гольджи аппараты

В)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Г)Митохрндриялар

Д)Бос рибосомалар

3. Мембранасы болмайтын жасуша органеллалары:

А)Микрофиламенттер

Б)Плазмолемма

В)Митохондриялар

Г)Лизосомалар

Д) Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум

4. Гольджи аппаратына сәйкес келмейтін қызметті белгілеңіз:

А) Эндоплазмалық торда түзілген заттардың жинақталуы

Б)Лизосомалардың түзілуі

В)Полисахаридтердің түзілуі

Г)Жасушадан өнімдердің шығарылуы

Д)Са 2+ иондарының жинақталуы

5. Пероксисомалардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Сукцинатдегидрогеназа

Б)Каталаза

В)Қышқыл фосфатаза

Г)Сілтілі фосфатаза

Д)Альдолаза

6.Жасушадан сыртқа шығарылатын ақуызды емес өнімдердің түзілуін қамтамасыз етеді:

А) Тегіс эндоплазмалық тор

Б) Гольджи аппараты

В)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Г)Митохрндриялар

Д)Лизосомалар

7. Жасушада митохондриялар пайда болады:

А)Бүршіктену жолымен

Б)Гольджи аппараты көмегімен

В)Эндоцитоз арқылы

Г) Түйіршікті эндоплазмалық тордың көмегімен

Д) Тегіс эндоплазмалық тордың көмегімен

8.Электрохимиялық импульстың жасушадан жасушаға тасмалдануы қажетті жасушааралық байланыстар:

А)Қарапайым байланыс

Б)Десмосома

В)Тығыз байланыс

Г)Интердигидитация

Д)Нексус

9. Құрамында тубулин жоқ жасушаның бөлігі:

А)Түк

Б)Кірпікшелер

В)Микрофиламент

Г)Центриоль

Д)Ахроматин бөліну ұршығы

10. Жасушадағы зат алмасуды қамтамасыз ететін универсальді ескерту молекулары:

А) Са 2+

Б)АТФ

В)цАМФ

Г)ГТФ

Д)Холестерин

11. Эпителиоциттердің базальді мембранаға бекітілуі қамтамасыз етіледі:

А)Интердигидитаций арқылы

Б)Саңылаулы байланыстар арқылы

В)Жартылай десмосомалар арқылы

Г)Десмосома арқылы

Д)Тығыз байланыстар арқылы

12. Митохондриялардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Каталаза

Б)Қышқыл фосфатаза

В)Сілтілі фосфатаза

Г)Сукцинатдегидрогеназа

Д)Гиалуронидаза

13. Жасушаның секреторлы қосындыларын ретінде санайды:

А)Билирубин

Б)Меланин

В)Ақуыздың түйіршіктері

Г)Липофусцин

Д)Гликоген

14. Жасушаға пассивті тасымаладау арқылы өткізілетін молекулалар:

А)Судың

Б)Глюкозаның

В)Амиқышқылдардың

Г)Nа+

Д) Са 2+

15.Жасушаның пигментті қосындылары ретінде санайды:

А)Липидтерді

Б)гликогенді

В)Билирубинді

Г)Ақуыздың түйіршіктерін

Д)Меланинді

16. Лизосомалардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Қышқыл фосфатаза

Б) Каталаза

В)Пероксидаза

Г)Гиалуронидаза

Д)АТФ-аза

17. Қапталған көпіршіктер келесі органелланың туындысы болып табылады:

А)Тегіс эндоплазмалық тордың

Б)Гольджи аппараттың

В)Митохондриялардың

Г)Ядролық мембананың

Д)Лизосомалардың

18. Сыртқа шығарылатын ақуыздардың түзілуі қамтамасыз етіледі:

А)Ядрошықта

Б)Митохондрияларда

В) Тегіс эндоплазмалық торда

Г) Гольджи аппаратында

Д) Түйіршікті эндоплазмалық торда

19. Жасушаның экскреторлы қосындылары ретінде саналатын:

А)Гликоген

Б)Липидтердің тамшылары

В)Ақуыздың түйіршіктері

Г)Меланин

Д)Билирубин

20. Фаголизосома деп аталатын:

А)Қалдық денешік

Б)Біріншілік лизосома

В)Пероксисома

Г)Фагосома мен біріншілік лизосома қосылғанының өнімі

Д) Фагосома мен екіншілік лизосома қосылғанының өнімі

21.Жасушаның мембранды органеллаларына жатқызады:

А)Центриольдерді

Б)Микрофиламенттерді

В)Ахроматин бөліну ұршығын

Г)Түктерді

Д)Митохондрияларды

22. Кірпікшенің негізгі денесін құрастыратын:

А)Микротүтікшелер

Б)Тонофибриллалар

В)Актинді филаменттер

Г)Миозинді филаменттер

Д)Аксонема

23. Пиноцитоз –ол:

А)Жасушаның Na+ және К+ иондарының соруы

Б) Жасушаның микромолекулалардың және судың соруы

В) Жасушаның макромолекулалардың және бактериялардың соруы

Г)Жасушадан өнімдерді шығарылуы

Д) Жасушадан Na+ және К+ иондарының шығарылуы

24. Актинді филаменттер келесінің құрамына кіреді:

А)Микротүтікшелередің

Б)Центриольдердің

В)Ахроматин бөліну ұршығы жіпшелерінің

Г)Микрофиламенттердің

Д)Кірпікшелердің

25. Жасушада Са+ иондары депосының ролін атқаратын:

А)Қапталған көпіршіктер

Б)Митохондриялар

В) Гольджи аппараты

Г)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Д) Тегіс эндоплазмалық тор

26. Пиноцитоз, фагоцитоз, эндоцитоз қамтамасыз етіледі:

А)Гольджи аппарат көмегімен

Б)Лизосомалар арқылы

В) Пероксисомалар арқылы

Г) Фаголизосомалар арқылы

Д) Цитолемма арқылы

27. Микробүрілер жасушаға .....ретінде қызмет жасайды:

А)Жылжу аппараты

Б)Басқа жасушалармен байланысу аппараты

В)Сіңіру аппараты

Г)Фагоцитоздық аппараты

Д)Өнімдерді шығару аппараты

28. Жасушаның факультативтік (міндетті емес) органеллалары:

А)Меланин түйіршіктері

Б)Эндоплазмалық тор

В)Гольджи аппараты

Г)Митохондриялар

Д)Полирибосомалар

29. Жасушаның жылжуын қамтамасыз ететін органеллалар:

А)Микротүтікшелер

Б)Тонофиламенттер

В)Кірпікшелер

Г)Микробүрілер

Д)Митохрндриялар

30. Жасушаның бейтараптырандыру қызметін атқаратын:

А)Жасушаның ядросы

Б)Гиалоплазма

В)Митохондриялар

Г) Тегіс эндоплазмалық тор

Д) Түйіршікті эндоплазмалық тор

31. Синапстар, нексустар және саңылаулы байланыстар жасушаға ....ретінде қызмет жасайды:

А)Ақпаратты бір жасушадан келесі жасушаға тапсыру

Б)Жасушалардың бір біріне механикалық бекіту

В)Жасушаларды базальді мембранаға бекіту

Г) Жасушаларды жасушааралық затқа бекіту

Д) Бір жасушадан келесі жасушаға қоректік заттарды өткізу

32. Аксонемма .... құрамына кіреді:

А)Түктің

Б)Ядролық пластинканың

В)Микробүрілердің

Г) Цитоскелеттің

Д)Центриольдердің

33. Жасушадағы митохондриялардың қызметі:

А)Митохондриальді ДНК түзіуі

Б) Митохондриальді РНК түзіуі

В) Көмірсулардың аэробты тотықсыздануы

Г) Көмірсулардың анаэробты тотықсыздануы

Д)АТФ түзіуі

34. Ақуыздардың, майлардың және зат алмасу өнімдердің артығы жасушада.....көмегімен бұзылады:

А)Лизосомалардың

Б)Пероксисомалардың

В)Гольджи аппаратың

Г) Тегіс эндоплазмалық тордың

Д) Түйіршікті эндоплазмалық тордың

35. Рибосомалардың субъбірліктері жасушада пайда болады:

А)Ядрошықта

Б)Гиалоплазмада

В) Тегіс эндоплазмалық торда

Г) Түйіршікті эндоплазмалық торда

Д)Гольджи аппаратта

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік