Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
17
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
579.76 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

40бет 40

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 15 Аралық бақылау. Жалпы гистология

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Аралық бақылау. Жалпы гистология.

2. Мақсаты: «Тін» деген ұғымының анықтамасын білу. Тіндердің түрлерін, олардың морфологиялық белгілерін, калпына келу қабілеттілігін және олардың сыртқы әсерлерге реактивті өзгерістерін белгілеу.

3. Оқыту мақсаты

1. Барлық тіндерге морфофункциональдік сипаттама беру.

2. Әр түрлі тіндерді микроскопиялық дәрежеде анықтай білу.

3. Тапсырмаларға (микропрепараттар, тесттер, есептер, электроннограммалар) жауап беру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тін дегеніміз не?

2. Организмде тіндердің қандай түрлерін ажыратады?

3. Жабынды эпителийдің құрылысында қандай жалпы зандылықтары бар?

4 Эпителийдің әрі түрлері қандай ұрық жапырақшаларынан пайда болады?

5. Жабынды эпителий құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

6. Эпителиоциттер қандай құрылымдар арқылы бір-бірімен байланысалы? 7.Көп қабатты мүйізденетін эпителий қандай қабаттардан тұрады ?

8. Көп қатарлы эпителийдің құрамында қандай жасушаларды ажыратады?

9. Қандай ерекшеліктер арқылы бір қабатты және көп қабатты эпителийлерді бір-бірінен айыруға болада? 10. Физиологиялық қалыпқа келу үрдісінің мағынасы .

11. Секреторлы циклдің негізгі кезеңдері қандай?

12. Гландулоциттерден секреторлы өнімдердің шығарылатын тәсілдерін атаныз.

13. Гландулоциттердің цитоплазмасына қандай құрылымдар тән болады? 14. Экзокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады? 15. Бездерден түзілген секреттін шығуын қандай элементтер қамтамасыз етеді?

16. Экзокринді бездердің морфологиялық жіктелуі олардың құрылысының қандай ерекшеліктеріне тіреледі?

17.Дені сау адамның гемограммасы, эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерге морфологиялық және химиялық сипаттама.

18. Дені сау адамның лейкоцитарлы формуласы.

19.Гранулоциттерге морфологиялық және химиялық сипаттама және олардың қызметінің мәні

20. Лимфоциттерге морфологиялық және химиялық сипаттама, қызметіне байланысты жіктелуі. Т- және В-лимфоциттер.

21.Моноцит туралы түсінік.

22. Эмбриогенезде алғашқы қанның түзілуі қайда жүреді? Алғашқы қанның қандай жасушалары түзіледі?

23.Ээмбриональдық кезеңде қанның түзілуі қандай ағзаларда жүреді және сонда қандай кезеңдерге бөлінеді?

24. Постэмбриональдық қанның түзілуі қандай ағзаларда жүреді?

25.Постэмбриональдық кезеңнің эмбриональдық қанның түзілуінен айырмашылығы неде?

26. Постэмбриональдық эпитропоэз кезінде бағанды жасуша қандай морфологиялық өзгеріске ұшырайды және аралық кезеңдері қалай аталады?

27.Гранулоциттердің даму кезеңдері және соңында олардың ядролары мен цитоплазмасының өзгерістері?

28.Ересек адамда қан пластинкаларының түзілуі қандай кезеңдерден және қайда жүреді?

29.Моноциттердің дамуы қандай кезеңдерден және қайда жүреді?

30.Постэмбриональдық кезеңде лимфоциттердің антигенге тәуелді және тәуелсіз пролиферациясы мен дифференцировкасы қандай кезеңдерден өтіп түзіледі және қандай ағзаларда жүреді?

31.Сүйектің қызыл кемігінде туылғанға дейін және туылғаннан кейін қанның қандай жасушалары түзіледі?

32.Сүйектің қызыл кемігінің қандай гемопоэтикалық жасушалары бөлінуге бейімделген.

33.Талшықты дәнекер тінінің жасушааралық затының негізгі компоненттерін атаңыз?

34.Дәнекер тінінің талшықтарын және аморфты затының химиялық құрамын атаңыз?

35.Сіз білетін коллагеннің түрлерін атаңыз және олар орналасатын жерлерден мысал келтіріңіз?

36.Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің, оның құрылысының ерекшелігіне және атқаратын қызметтеріне байланысты айырып түсіндіріңіз?

37.Арнайы дәнекер тінінің қайсы түрі қан түзуші ағзалардың (лимфа түйіні, көкбауыр, сүйектің қызыл кемігі) стромасын түзеді және дамып түзілетін жасушаларға жағдай жасайды?

38.Организмнің қорғаныс реакциясына қатысатын дәнекер тіні мен қанның жасушалық элементтерін атаңыз?

39.Фибробласттың қызметінің мәні, қандай органелласы жақсы жетілген?

40.Макрофагтың даму көзін атап, қызметін атқаруда қандай органеллалары жақсы жетілгенін айтыңыз?

41.Тінді базофил жасушасының негізгі цитологиялық ерекшелігін және дәндерінің химиялық құрамын көрсетіңіз?

42.Плазматикалық жасушаның құрылысын сипаттап, цитоплазмасының базофилді болуын түсіндіріп, даму көзін және қызметін атаңыз?

43.Ұсақ тамырлардың (капилляр, венула) қабырғасында кездесетін дәнекер тіннің жасушаларын атаңыз?

44.Ақ және сұр майлы тіннің құрылымы мен қызметіне байланысты айырмашылығын түсіндіріңіз?

45.Шеміршек тіндердің даму көздері.

46.Шеміршек қабығының қызметтері.

47.Шеміршек тіндерінің жіктелуі.

48.Гиалинді шеміршектің құрылысы, қызметі, орналасуы.

49. Эластинді шеміршектің құрылысы, қызметі, орналасуы.

50. Талшықты шеміршектің құрылысы, қызметі, орналасуы.

51. Шеміршек тіннің өсуі және қалпына келуі

52. Сүйекті тіндердің даму көздері.

53. Сүйек қабығының қызметтері.

54. Сүйекті тіндердің жіктелуі.

55. Жіңішке талшықты сүйекті тіннің құрылым-қызметтілік бірлігі.

56. Сүйек жасушаларының сипаттамасы.

57. Түтікті сүйектің тығыз затының құрылым-қызметтілік бірлігі.

58. Сүйекті тіннің түзілуне және бұзылуына қатысатын жасушалары.

59. Остеогенездің негізгі жолдары және олардың дамуының сатылары.

60.Көлденең жолақты және тегіс бұлшықет тіндерінің даму көздері.

61.Көлденең жолақты, жүрек, тегіс бұлшықет тіндерінің құрылымдық-функциональді бірліктері.

62.Бұлшықеттің ағза ретінде құрылысы және оның сіңірмен байланысы.

63.Жиырылғыш бұлшықет талшығының құрылымдық-функциональді бірлігі.

64.Миофибрилланың жуан және жіңішке жіпшелерін түзетін негізгі ақуыздар.

65.Саркомердің формуласы.

66.Көлденең жолақты бұлшықет талшығының «үштігі» және оның бұлшықет талшығының тіршілігіндегі маңызы.

67.Көлденең жолақты бұлшықет тіндерінің репаративті және эмбриональдық кезеңдеріндегі гистогенезі.

68. Тегіс бұлшықет жасушаларының қызметі

5. Білім берудің және оқытудын әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Мезотелий (шарбының тұтас препараты). Күміспен импрегнацияланау.

2. Ішектің бір қабатты цилиндрлі жиектелген эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

3. Кеңірдектін көп қатарлы эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

4. Көздің мөлдір қабығының көп қабатты мүйізденбейтін эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

5. Саусақ терісінің көп қабатты жалпақ мүйізденетін эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

6. Қуықтың ауспалы эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

7. Қарапайым альвеолярлы тарамдалған без (шашты терінің май безі). Гематоксилин және эозин мен боялған.

8. Қан жағындысы. Азур-эозинмен боялған.

9. Сүйек қызыл кемігінің кесіндісі. Гематоксилин және эозинмен боялған.

10.Сүйек қызыл кемігінің жағындысы. Гематоксилин және эозинмен боялған.

11.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні, пленкалы препарат темірлі гематоксилинмен боялған.

12.Борпылдақ дәнекер тініндегі гистиоциттерде бояудың жинақталуы. Тірі кезінде трипан көкті ендіріп ядроны карминмен бояған.

13.Саусақ терісіндегі борпылдақ және тығыз қалыптаспаған дәнекер тіндері. Гематоксилин және эозинмен боялған.

14.Сіңірдің ұзыннан және көлденең кесіндісіндегі тығыз қалыптасқан дәнекер тіні, гематоксилин және эозинмен боялған.

15.Эластикалық байлам. Пикрофуксинмен боялған.

16.Ақ май тіні. Шажырқайдың тотальді препараты. Судан 3 және гематоксилинмен боялған.

17.Кеңірдектің көлденең кесіндісі. Гематоксилин және эозинмен боялған.

18. Құлақтың эластинді шеміршек тіні. Орсеинмен боялған.

19.Омыртқа аралығындағы талшықты шеміршек тіні. Гематоксилин және эозинмен боялған.

20. Сүйектің мезенхимадан дамуы. Гематоксилин және эозин мен боялған.

21.Сүйектің шеміршек орнында дамуы. Гематоксилин және эозин мен боялған.

22.Пластинкалы сүйек тіні. Көлденен кесіндісі. Шморль әдісі бойынша.

23.Пластинкалы сүйек тіні. Үзыннан кесіндісі. Шморль әдісі бойынша.

24.Тілдің кесіндісі. Гематоксилин-эозинмен боялған.

25.Тілдің кесіндісі. Темірлі гематоксилинмен боялған.

26.Қуық. Гематоксилин-эозинмен боялған.

27.Бұлшықет ағза ретінде. Ван-тизон әдісімен пикрофуксинмен боялған.

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік