Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
550.56 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

6 бет 6

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 10 Эмбриональді және постэмбриональді қанның түзілуі.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Эмбриональді және постэмбриональді қанның түзілуі.

2. Мақсаты: Қан жүйесінің жасушасының иммундық қызметінің қалыптасуы мен қанның түзілуі көп сатылы күрделі үрдіс, ал оның бұзылуы бірқатар ауруларға әкеліп соқтырады. Организмнің қорғаныс реакциясына қатысатын гемопоэтикалық ағзаларды және қанның түзілуін, оның құрылысын білу дәрігер үшін өте қажет.

3. Оқыту мақсаты:

1. Қанның бағанды жасушасы және қанның түзілуінің унитарлы теориясы туралы түсінік алу.

2. Эмбриональды және постэмбриональды қанның түзілуінің ерекшеліктерін білу.

3. Сүйектің қызыл кемігінінің жағындысында эритроидты, лейкоцитарлы және тромбоцитарлы қатарлардағы жасушаларды айыра білу.

4. Жетілік жіктелу үрдістеріндегі қан түзуші жасушаларының гистохимиялық және ультраструктуралық өзгеруінің негізгі заңдылықтары туралы түсінік алу.

5. Жасушалық және гуморальдың иммунитеттің қалыптасуына қан түзетін ағзалардың ролін білу.

6. Постэмбриональды кезеңде жүретін қан түзетін ағзаларды микроскопиялық деңгейде білу.

7. Қан түзуші ағзалардың тіндік элементтерін микроскопиялық деңгейде анықтай білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Эмбриогенезде алғашқы қанның түзілуі қайда жүреді? Алғашқы қанның қандай жасушалары түзіледі?

  2. эмбриональдық кезеңде қанның түзілуі қандай ағзаларда жүреді және сонда қандай кезеңдерге бөлінеді?

  3. Постэмбриональдық қанның түзілуі қандай ағзаларда жүреді?

  4. Постэмбриональдық кезеңнің эмбриональдық қанның түзілуінен айырмашылығы неде?

  5. Постэмбриональдық эпитропоэз кезінде бағанды жасуша қандай морфологиялық өзгеріске ұшырайды және аралық кезеңдері қалай аталады?

  6. Гранулоциттердің даму кезеңдері және соңында олардың ядролары мен цитоплазмасының өзгерістері?

  7. Ересек адамда қан пластинкаларының түзілуі қандай кезеңдерден және қайда жүреді?

  8. Моноциттердің дамуы қандай кезеңдерден және қайда жүреді?

  9. Постэмбриональдық кезеңде лимфоциттердің антигенге тәуелді және тәуелсіз пролиферациясы мен дифференцировкасы қандай кезеңдерден өтіп түзіледі және қандай ағзаларда жүреді?

  10. Сүйектің қызыл кемігінде туылғанға дейін және туылғаннан кейін қанның қандай жасушалары түзіледі?

  11. Сүйектің қызыл кемігінің қандай гемопоэтикалық жасушалары бөлінуге бейімделген.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда.

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Сүйек қызыл кемігінің кесіндісі. Гематоксилин және эозинмен боялған.

2.Сүйек қызыл кемігінің жағындысы. Гематоксилин және эозинмен боялған.

Өзіндік зерттеуге арналған сызбалар:

Эмбриональдық қанның түзілу

Постэмбриональдық гемопоэз.

Студенттердің оқытушының көмегімен істейтін жұмысы:

1.Эмбриональді қан түзілу үрдісін теориялық талдауы (сарыуыз қапшығы, бауыр, тимус, көк бауыр, лимфа түйіні, сүйек қызыл кемігі)

2.Постэмбриональді қан түзілу процесін теориялық талдауы (грануло-цитопоэз, эритроцитопоэз, моноцитопоэз, тромбоцитопоэз, иммуноцитопоэз).

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде

  1. Гистология, учебник под редакцией Афанасьева Ю.И.,Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. М.. Медицина ,-2004.-764с.

  2. Гистология, цитология эмбриология атлас для студентов медицинских ВУЗов. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -416 с.

  3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии учеб. Пособие для студентов мед. Вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.-М..2005.-400с.

  4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, под редакцией проф. Ю.И. Афанасьева.-М.. «Высшая школа», 2004.

Ағылшын тілінде

  1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America. 2003. 512 pp.

  2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livihgstone. International edition. Sideney. Toronto. 2000. 413 pp.

Қосымша әдебиеттер.

Қазақ тілінде:

  1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  3. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология, учебник под редакцией Улумбекова Э.Г., Челышева Ю.А.

ГЭОТАР-М.. Мед, 2001.

  1. Руководство по гистологии, т.1 и 2, под редакцией Р.К.Данилова, В.Л. Быкова, Одинцова И.А. СпецЛит, Санк-Петербург, 2001.

  2. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.. «МЕД КНИГА», Нижний Новгород. Изд. НГМА. -2002. 367 С.

  3. Гистология человека в мультимедиа. Данилов Р.К., Клишев А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских вузов. СПБ.. ЭЛБИ-СПб, 2004.-362с.

  4. Цитология общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

  5. Частная гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

  6. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.. ОНИКС, ХХI век, Мир и Образование, 2004-400с.

8. Ұсынылатын тестілер:

    1. Эритропоэз кезеңінің дұрыс кезеңділігін белгілеңіз:

А) Ретикулоцит 1.....

Б) Оксифильді эритроцит 2..... В) Полихроматофильді 3..... Г) Базофильді эритроцит 4.....

2. Адамның эмбриональдық дамуына, аталған ағзалардың қайсысы универсальды қан түзуші ағзалар болып табылады:

1. Сарыуыз қапшығы. А) 5-6 апта-5 ай;

2. Бауыр. Б) 4-8 ай;

3. Көкбауыр. В) 3 апта басынан-2-ші айға дейін.

3. Гранулоцитопоэз кезеңінің дұрыс кезеңділігін белгілеңіз:

1.... А) Промиелоцит

2.... Б) Метамиелоцит

3.... В) Гранулоциттердің -ТТБ

4..... Г) Миелоцит

5..... Д) ЖБЖ

4. Төменде жазылғандардың қайсысы гранулоцитопоэздің құрылымдық-функциональді өзгерістерін сипаттайды:

А) Жасушаның көлемінің кішіреюі.

Б) Ядросының шығарылып тасталуы.

В) Сегменттелген гранулдарының пайда болуы. Г) Цитоплазмасында арнайы гранулдарының пайда болуы. Д) Ядросы бұршақ пішінді болуы.

Еесептер:

    1. Науқаста асқазан- ішектер жолының ауруы нәтижесінде темірдің сіңірілуі бұзылып оның жетіспеушілігі туындайды.

А) Бұл жағдай қанның түзілуіне қалай әсер етеді?

2. Қанды көп жоғалтқан пациенттің қан анализінде гемоглобиннің төмен деңгейі, ретикулоцит санының көбейгені, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы көрсетілген.

А) Гемоглобиннің деңгейін төмендеу себебі?

Б) Мұндай жағдайда қан ағынына қандай гемопоэтикалық жасушалар өтеді?

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік