Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
555.43 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

12 бет 12

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 8 Жабын эпителийі. Безді эпителий.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Жабын эпителийі. Безді эпителий.

2. Мақсаты: Көптеген патологиялық үрдістерді түсінуге, аурудың диагнозын дұрыс қоюына және алдын алуына көмектесетін, эпителиальді тіндердің қалыптағы морфологиялық қасиеттерін білу.

3.Оқыту мақсаты:

1. Эпителиалды тіндерді микроскопиялық дәрежеде анықтай білу.

2. Жабын эпителийдің түрлерін айыра білу.

3. Безді эпителийді микроскопиялық дәрежеде анықтай білу.

4. Әр түрлі эпителиалды тіндердің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық және гистохимиялық ерекшеліктерін олардың атқару қызметімен салыстыра білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тін дегеніміз не?

2. Организмде тіндердің қандай түрлерін ажыратады?

3. Жабынды эпителийдің құрылысында қандай жалпы зандылықтары бар?

4 Эпителийдің әрі түрлері қандай ұрық жапырақшаларынан пайда болады?

5. Жабынды эпителий құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

6. Эпителиоциттер қандай құрылымдар арқылы бір-бірімен байланысады? 7.Көп қабатты мүйізденетін эпителий қандай қабаттардан тұрады ?

8. Көп қатарлы эпителийдің құрамында қандай жасушаларды ажыратады?

9. Қандай ерекшеліктер арқылы бір қабатты және көп қабатты эпителийлерді бір-бірінен айыруға болада? 10. Физиологиялық қалыпқа келу үрдісінің мағынасы .

11. Секреторлы циклдің негізгі кезеңдері қандай?

12. Гландулоциттерден секреторлы өнімдердің шығарылатын тәсілдерін атаңыз.

13. Гландулоциттердің цитоплазмасына қандай құрылымдар тән болады? 14. Экзокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады? 15. Бездерден түзілген секреттін шығуын қандай элементтер қамтамасыз етеді?

16. Экзокринді бездердің морфологиялық жіктелуі олардың құрылысының қандай ерекшеліктеріне тіреледі?

5. Білім берудің және оқытудын әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Мезотелий (шарбының тұтас препараты). Күміспен импрегнацияланау.

2. Ішектің бір қабатты цилиндрлі жиектелген эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

3. Кеңірдектін көп қатарлы эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

4. Көздің мөлдір қабығының көп қабатты мүйізденбейтін эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

5. Саусақ терісінің көп қабатты жалпақ мүйізденетін эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

6. Қуықтың ауыспалы эпителийі. Гематоксилин және эозин мен боялған.

7. Қарапайым альвеолярлы тарамдалған без (шашты терінің май безі). Гематоксилин және эозин мен боялған.

Оқытушының жетекшісі мен студенттер келесі демонстрациялық препараттарды зерттейді:

1. Шырыш түзетін бөлімдері бар қарапайым альвеолярлы тарамдалған без (Өнештің өзіндік бездері). Гематоксилин және эозин мен боялған.

2. Қарапайым түтікті без (асқазанның негізгі бездері). Гематоксилин және эозин мен боялған.

3. Бір жасушалы эндоэпителиальді без (ішектің шырышты қабықшасының бокал түрлі жасушалары). ШИКреакция.

4. Бақылау препарат. Без. Гематоксилин және эозин мен боялған.

Оқытушының жетекшісі мен студенттер келесі электронды микросүреттерді талқылайды:

1. Мезотелиальді жасушалар. Атлас.

2. Бір қабатты цилиндрі эпителийдің сору жиегі. Атлас.

3. Көп қатарлы эпителийдің кірпікшелері. Атлас.

4. Екі эпителиальді жасушалардың шекарасындағы десмосома. Атлас.

5. Бокал түрлі безді жасуша. Атлас.

6. Грандулоцит цитоплазмасының ультраструктуралы ұйымдасуы. Атлас.

Студенттер өздері келесі сызбалар мен схемаларды қолданады:

1. Эпителийдің әр түрлері құрылысының схемасы.

2. Экзокринді бездердің әр түрлерінің схемасы.

3. Секреция түрлерінің схемасы.

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік