Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
557.68 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

16 бет 16

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 2 Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылымдар. Плазмолемма. Гиалоплазма. Мембранды органеллалар. Жасушаның мембранасыз органеллалары. Қосындылар

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Цитология. Жасуша және жасушаемес құрылымдар. Плазмолемма. Гиалоплазма. Мембранды органеллалар. Жасушаның мембранасыз органеллалары. Қосындылар

2. Мақсаты: Жасушалар организмнің құрылым-кызметтілік бірлігі болып табылады. Ішкі және сыртқы әсерлер жасушаның құрылысын өзгертуі мүмкін, соның нәтижесінде ағзалар мен жүйелерде морфофункционалдык өзгерістері пайда болады.

3.Оқыту мақсаты:

1.Жасушалардың функциональді жағдайы. Жасушада тинкториальді, микро- және ультра құрылымдық ерекшеліктері арқылы ядроны, цитоплазманы, цитолемманы ажырата білу.

2.Жасушалық мембраналардың молекулярлы құрылысы негізінде жасушаның және жасушалар ұйымдасуының мембрандық принципін сипаттау.

3.Жасуша беткейіндегі микробүрілерді, түктерді және жасушааралық байланыстарды айыру.

4..Жасушалардың заттарды сіңіру уақытында плазмолеманның қатысуымен пайда болатын пиноцитозды көпіршіктерді, фагосомаларды айыра білу.

5.Жасушаның функциональдық жағдайын сипаттау үшін сыртқы жасушалық мембрана құрылысының білімін қолдану.

6.Жасушалардың органеллаларын, олардың құрылыс және цитохимиялық ерекшеліктерін қолданып, айыра білу.

7.Органеллалардың ролін жасуша тірішілігінде түсіндіру.

8.Жасуша цитоплазмасындағ қосындылардың түрлерін айыра білу.

9.Жасушалардың және заттардың алмасуын сипаттау үшін органеллалардың және қосындылардың құрылысы мен химиялық құрамының білімін қолдана білу.

10.Жасушалық емес құрылымдарды айыра білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Жасуша дегеніміз не»?

2. Жануар организмінің тіндері қандай элементтерден тұрады?

3. Жасушаның қандай компоненттері (ядро, цитоплазма) қышқыл және негізгі бояулармен боялады?

4. Жасушалардың қызметіне байланысты олардың қандай пішіні мен ядролары болады?

5. Жасушалық мембрана деген не?

6. Плазмолемма қалай құрылған?

7. Жасушалардың бос беткейінде олардың қызметіне байланысты қандай құрылымдар (плазмолемманың туындылары) болуы мүмкін?

8. Қандай жасушааралық байланыстар болады?

9. Жасушаға сұйық және корпускулярлы заттар қандай жолмен өтеді?

10. Организм тіндерінде қандай жасушааралық құрылымдар болады?

11. Заттардың синтезіне және тасымалдауына қатысатын жасушаның органеллаларын атаңыз?

12. Липидтер мен көмірсулардың синтезіне қандай органелладар қатысады?

13. Бос және бекітілген рибосомалардың көп болуы жасушаның қандай қызметін дәлеледейді?

14. Жасуша цитоплазмасының базофилиясы немен байланысты?

15. Пластинкалы Гольджи жүйесі қандай қызмет атқарады?

16. Жасушада энергия қалай пайда болады?

17. Микротүтікшелер қандай қызмет атқарады?

18. Центриольдердің, кірпікшелердің және түктердің құрылысының ұқсас- тығы қандай?

19. Цитоқанқаның құрылымдық жүйелерін атаңыз.

20. Қандай органеллалар қорғаныштық және асқорыту қызметтерін атқара- ды?

21. Жасушадағы лизосомалардың түрлерін атаңыз.

22. Органеллардың биогенезі қалай жүреді?

23. Әр түрлі органеллалардың биологиялық мембраналары бір-бірінен қалай ажыратылады?

24. «Қосындылар» дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңыз.

25. Симпласт және синцитий дегеніміз не? Олардың кәдімгі жасушадан қандай айрмашылығы бар? Жасушааралық затты жасуша өнімі ретінде түсіндіру.

5. Білім берудін және оқытудын әдістері: шағын топтарда

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1. Куб және призма тәрізді жасушалар (бүйрек өзекшелердің жасушалары). Гематоксилин және эозин мен боялған.

2.Дөңгеленген жасушалар (қанның жасушалары). Азур 2 және эозин мен боялған.

3. Ұршықты жасуша ( бірыңғай салалы бұлшықет жасуша). Гематоксилин және эозинмен боялған.

4. Өсінділі жасуша (жүйке жасуша). Күміспен импрегнацияланау.

5. Жиектелген жасуша (жіңішке ішек). Гематоксилин және эозин мен боялған.

6. Эпителиальді жасушалардың кірпікшелері (кеңірдектің қабырғасы). Гематоксилин және эозин мен боялған.

7. Симпласт (тілдің бұлшықет талшығы). Темір гематоксилин мен боялған.

8. Жасушаемес құрылымдар: дәнекер тіннің талшықтары ( терінің дермасы).

Гематоксилин және эозинмен боялған.

9. Жасушалық емес құрылымдар: гиалинді шеміршектің негізгі заты. Гематоксилин және эозин мен боялған.

10. Жасуша цитоплазмасы және ядрошығындағы рибонуклеин қышқылы. Метил жасыл – пиронин мен боялған.

11. Пластинкалы жүйе (Гольджи аппараты). Осмий мен импрегнацияланау.

12. Жасушаның митохондриялары.

13. Жасушадағы май қосындылары. Осмий қышқылы немесе судан мен мипрегнацияланау.

14. Жасушадағы гликогеннің қосындылары. Бест тәсілі бойынша боялған.

15. Пигментті жасушалар. Гематокислин мен боялған.

16. Көлденең жолақты қанқа бұлшықеттің талшығы.

Оқытушыдың жетекшісі мен студенттер келесі демонстрациялық препараттарды зерттейді:

1. Микробүрілір. Атлас.

2. Жылжымалы кірпікшелер. Атлас.

3. Десмосомалар. Атлас.

4. Пиноцитозды көпіршіктер. Атлас.

5. Фагосомалар. Атлас.

6. Эндоплазмалық тор. Атлас.

7. Пластинкалы жүйе. Атлас.

8. Митохондриялар. Атлас.

9. Лизосомалар. Атлас.

10. Перокисомалар. Атлас.

12. Жасушалық орталық. Атлас.

13. Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні.

Студенттер өздері келесі сызбалар мен схемаларды қолданады:

1. Сызба – Эукариотты жасушаның ультрамикроскопиялық схемасы.

2. Сызба – Жасуша плазмолеммасының заттардың тасымалдауына, сіңіруіне және бөлініп шығуына қатысуының схемасы.

6. Әдебиет

Негізгі әдебиет

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде:

1. Гистология. Учебник под редакцией Ю.И.Афанасьев, С.Л. Кузнецова, Н.А. Юриной. – М.: Медицина. – 2004. – 764 с.

2. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов /Р.Б.Абильдинов, Ж.А.Аяпова, Р.И.Юй. – Алматы. – 2006. – 416 с.

3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов /С.Л.Кузнецов, Н.Н.Мушкамбаров, В.Л.Горячкина. – М.- 2005. – 400 с.

4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии под редакцией проф. Ю.И.Афанасьева. – М.: «Высшая школа». – 2004.

Ағылшын тілінде:

1. Basic histology: Texts and atlases. Published in Nortern America. - 2003. - 512 pp.

2. Functional histology: Texts and color atlas. Chuhch3ll Livingstone6 International edition. Sidney.- Toronto. -2000. – 413 pp.

Қосымша әдебиеттер

Қазақ тілінде:

1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  1. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  2. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология (введение в патологию). /под редакцией Э.Г. Улумбекова, Ю.А.Челышева. – М.: ГЭОТАР. – 2001 (Учебник для студентов медицинских ВУЗов).

2. Руководство по гистологии, т. 1 и 2 под редакцией Р.К. Данилова, В.Л.Быкова, И.А.Одинцова. Спец. Литер., Санкт-Петербург. -2001.

3. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.: «Мед. Книга», Нижний Новгород. Изд. НГМА. – 2002. – 367 с.

4.Гистология человека в мультимедиа. Данимлов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских ВУЗов. СПб; ЭЛБИ-СПб. – 2004. – 362 с.

5. Цитология и общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб – 2000. – 300 с.

6. Частная гистология. Быков В.Л. СОТИС, СПб. -2000. – 300 с.

7. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.: ОНИКС, ХХ! Век, Мир и Образование. -2004. – 400 с.

7. Бақылау.

Тесттер:

5 варианттардан бір ғана дұрыс жауапты таңдаңыз:

1.Жасушаның трофикалық қосындыларына жатады:

А) Билирубин

Б) Гликоген

В)Меланин Г)Липофусцин Д) Ақуыз секреторлы түйіпшіктер

2.Лизосома ферменттерінің синтезің қамтамасыз ететін:

А)Тегіс эндоплазмалық тор

Б) Гольджи аппараты

В)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Г)Митохрндриялар

Д)Бос рибосомалар

3. Мембранасы болмайтын жасуша органеллалары:

А)Микрофиламенттер

Б)Плазмолемма

В)Митохондриялар

Г)Лизосомалар

Д) Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум

4. Гольджи аппаратына сәйкес келмейтін қызметті белгілеңіз:

А) Эндоплазмалық торда түзілген заттардың жинақталуы

Б)Лизосомалардың түзілуі

В)Полисахаридтердің түзілуі

Г)Жасушадан өнімдердің шығарылуы

Д)Са 2+ иондарының жинақталуы

5. Пероксисомалардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Сукцинатдегидрогеназа

Б)Каталаза

В)Қышқыл фосфатаза

Г)Сілтілі фосфатаза

Д)Альдолаза

6.Жасушадан сыртқа шығарылатын ақуызды емес өнімдердің түзілуін қамтамасыз етеді:

А) Тегіс эндоплазмалық тор

Б) Гольджи аппараты

В)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Г)Митохондриялар

Д)Лизосомалар

7. Жасушада митохондриялар пайда болады:

А)Бүршіктену жолымен

Б)Гольджи аппараты көмегімен

В)Эндоцитоз арқылы

Г) Түйіршікті эндоплазмалық тордың көмегімен

Д) Тегіс эндоплазмалық тордың көмегімен

8.Электрохимиялық импульстың жасушадан жасушаға тапсыруға қажетті жасушааралық байланыстар:

А)Қарапайым байланыс

Б)Десмосома

В)Тығыз байланыс

Г)Интердигидитация

Д)Нексус

9. Құрамында тубулин жоқ жасушаның бөлігі:

А)Түк

Б)Кірпікшелер

В)Микрофиламент

Г)Центриоль

Д)Ахроматин бөліну ұршығы

10. Жасушадағы зат алмасуды қамтамасыз ететін универсальді ескерту молекулары:

А) Са 2+

Б)АТФ

В)цАМФ

Г)ГТФ

Д)Холестерин

11. Эпителиоциттердің базальді мембранаға бекітілуі қамтамасыз етіледі:

А)Интердигидитаций арқылы

Б)Саңылаулы байланыстар арқылы

В)Жартылай десмосомалар арқылы

Г)Десмосома арқылы

Д)Тығыз байланыстар арқылы

12. Митохондриялардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Каталаза

Б)Қышқыл фосфатаза

В)Сілтілі фосфатаза

Г)Сукцинатдегидрогеназа

Д)Гиалуронидаза

13. Жасушаның секреторлы қосындыларын ретінде санайды:

А)Билирубин

Б)Меланин

В)Ақуыздың түйіршіктері

Г)Липофусцин

Д)Гликоген

14. Жасушаға пассивті тасымаладау арқылы өткізілетін молекулалар:

А)Судың

Б)Глюкозаның

В)Амиқышқылдардың

Г)Nа+

Д) Са 2+

15.Жасушаның пигментті қосындылары ретінде санайды:

А)Липидтерді

Б)гликогенді

В)Билирубинді

Г)Ақуыздың түйіршіктерін

Д)Меланинді

16. Лизосомалардың маркерлі ферменті болып табылатын:

А)Қышқыл фосфатаза

Б) Каталаза

В)Пероксидаза

Г)Гиалуронидаза

Д)АТФ-аза

17. Қапталған көпіршіктер келесі органелланың туындысы болып табылады:

А)Тегіс эндоплазмалық тордың

Б)Гольджи аппараттың

В)Митохондриялардың

Г)Ядролық мембананың

Д)Лизосомалардың

18. Сыртқа шығарылатын ақуыздардың түзілуі қамтамасыз етіледі:

А)Ядрошықта

Б)Митохондрияларда

В) Тегіс эндоплазмалық торда

Г) Гольджи аппаратында

Д) Түйіршікті эндоплазмалық торда

19. Жасушаның экскреторлы қосындылары ретінде саналатын:

А)Гликоген

Б)Липидтердің тамшылары

В)Ақуыздың түйіршіктері

Г)Меланин

Д)Билирубин

20. Фаголизосома деп аталатын:

А)Қалдық денешік

Б)Біріншілік лизосома

В)Пероксисома

Г)Фагосома мен біріншілік лизосома қосылғанының өнімі

Д) Фагосома мен екіншілік лизосома қосылғанының өнімі

21.Жасушанң мембранды органеллаларына жатқызады:

А)Центриольдерді

Б)Микрофиламенттерді

В)Ахроматин бөліну ұршығын

Г)Түктерді

Д)Митохондрияларды

22. Кірпікшенің негізгі денесін құрастыратын:

А)Микротүтікшелер

Б)Тонофибриллалар

В)Актинді филаменттер

Г)Миозинді филаменттер

Д)Аксонема

23. Пиноцитоз –ол:

А)Жасушаның Na+ және К+ иондарының соруы

Б) Жасушаның микромолекулалардың және судың соруы

В) Жасушаның макромолекулалардың және бактериялардың соруы

Г)Жасушадан өнімдерді шығарылуы

Д) Жасушадан Na+ және К+ иондарының шығарылуы

24. Актинді филаменттер келесінің құрамына кіреді:

А)Микротүтікшелередің

Б)Центриольдердің

В)Ахроматин бөліну ұршығы жіпшелерінің

Г)Микрофиламенттердің

Д)Кірпікшелердің

25. Жасушада Са+ иондары депосының ролін атқаратын:

А)Қапталған көпіршіктер

Б)Митохондриялар

В) Гольджи аппараты

Г)Түйіршікті эндоплазмалық тор

Д) Тегіс эндоплазмалық тор

26. Пиноцитоз, фагоцитоз, эндоцитоз қамтамасыз етіледі:

А)Гольджи аппарат көмегімен

Б)Лизосомалар арқылы

В) Пероксисомалар арқылы

Г) Фаголизосомалар арқылы

Д) Цитолемма арқылы

27. Микробүрілер жасушаға .....ретінде қызмет жасайды:

А)Жылжу аппараты

Б)Басқа жасушалармен байланысу аппараты

В)Сіңіру аппараты

Г)Фагоцитоздық аппараты

Д)Өнімдерді шығару аппараты

28. Жасушаның факультативтік (міндетті емес) органеллалары:

А)Меланин түйіршіктері

Б)Эндоплазмалық тор

В)Гольджи аппараты

Г)Митохондриялар

Д)Полирибосомалар

29. Жасушаның жылжуын қамтамасыз ететін органеллалар:

А)Микротүтікшелер

Б)Тонофиламенттер

В)Кірпікшелер

Г)Микробүрілер

Д)Митохрндриялар

30. Жасушаның бейтараптандыру қызметін атқаратын:

А)Жасушаның ядросы

Б)Гиалоплазма

В)Митохондриялар

Г) Тегіс эндоплазмалық тор

Д) Түйіршікті эндоплазмалық тор

31. Синапстар, нексустар және саңылаулы байланыстар жасушаға ....ретінде қызмет жасайды:

А)Ақпаратты бір жасушадан келесі жасушаға тапсыру

Б)Жасушалардың бір біріне механикалық бекіту

В)Жасушаларды базальді мембранаға бекіту

Г) Жасушаларды жасушааралық затқа бекіту

Д) Бір жасушадан келесі жасушаға қоректі заттарды өткізу

32. Аксонемма .... құрамына кіреді:

А)Түктің

Б)Ядролық пластинканың

В)Микробүрілердің

Г) Цитоскелеттің

Д)Центриольдердің

33. Жасушадағы митохондриялардың қызметі:

А)Митохондриальді ДНК түзіуі

Б) Митохондриальді РНК түзіуі

В) Көмірсулардың аэробты тотықсыздануы

Г) Көмірсулардың анаэробты тотықсыздануы

Д)АТФ түзіуі

34. Ақуыздардың, майлардың және зат алмасу өнімдердің артығы жасушада.....көмегімен бұзылады:

А)Лизосомалардың

Б)Пероксисомалардың

В)Гольджи аппаратың

Г) Тегіс эндоплазмалық тордың

Д) Түйіршікті эндоплазмалық тордың

35. Рибосомалардың субъбірліктері жасушада пайда болады:

А)Ядрошықта

Б)Гиалоплазмада

В) Тегіс эндоплазмалық торда

Г) Түйіршікті эндоплазмалық торда

Д)Гольджи аппаратта

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік