Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

om1-2-anatomy / Қаз / Есептер

.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
53.76 Кб
Скачать

Жалпы медицина

Кейс – стадии және тест – тапсырмалар

Семестр 2

1) тақырып №10 (кейс-стади)

50 жастағы А., науқас вегетативті қызметінің бұзылуы, тамырдың айқын ажыратылған реакциясы мен қимылдың қиындау кезіндегі координациясы бұзылу симптомдарымен ауруханаға түсті. Мидың қай бөлімі мен бөлігі зақымданған және оның себебі қандай?

2) тақырып №11(тесттің тапсырмасы)

Травматологиялық бөлімге науқас бастың соққыдан кейінгі ауруына шағымданып келеді. Сіздің ойыңызша, бас ауруының себебі не?

а. Милы затқа қанның құйылуы.

б. Көлденең қарыншалардың ығысуы.

в. Шеткі ми қыртыс бөлімдерінің өлуі.

г. Сүйелді дененің зақымдануы.

д. Ауырсыну анализаторының жартылай зақымдануы.

3) тақырып №12 (кейс-стади)

Жедел жәрдем дәрігері науқастың жоғары температурасы мен сұйық және қатты тамақты жұтқан кезде ауырсынуын байқайды. Науқасты тексеру кезінде жұтқыншақтың артқы қабырғасынан ашық қызыл түсті ісік байқайды. Осының алдында науқас балық жеген. Сіздің ойыңызша мойынның қай бөлігіне инфекция түсуі мүмкін?

4) тақырып №13 (тест тапсырмасы)

Офтальмологқа апатқа ұшыраған науқасты алып келді. Науқас оң жақ көзінің көрмеуіне шағымданды, бірақ көз алмасы зақымданбаған. Диагнозы қандай?

а. Торлы қабықтың оң жағынан бөлінуі.

б. Оң жақ көз нервісінің зақымдануы.

в. Нервтің көру деңгейінің зақымдануы.

г. Оң жағынан көру жолының зақымдануы.

д. Көру анализаторының зақымдануы.

5) тақырып №15 (кейс-стади)

Стоматолог өзінің қате манипуляциясы нәтижесінде науқастың ауыз қуысында тілін бормашинамен зақымдады. Тіл артериясынан қатты қан кету байқалды. Қанды тоқтату үшін қандай артерияны байлау керек?

6) тақырып №18 (тест тапсырма)

Науқастың бетінің терісінде көптеген ірінді жаралар бар. Бұл жағдайда инфекция бастың қай бөлігіне және қандай тамырға өтуі мүмкін және қандай пайыздық қатынаста болуы мүмкін.

7) тақырып №17 (тест тапсырма)

Келесі симптомдармен аурухананың неврологиялық бөлімшесіне жас сарбаз түсті: үстіңгі қабағының түсуі, сол жағынан мимиканың болмауы, ауыз бұрышының түсуі. Қандай бас ми нервісі ісінген?

а. Үшкіл

б. Кезбе

в. Тіл жұтқыншақтық

г. Кіші тастық

д. Беттік

8) тақырып №18 (тест тапсырма)

Нейрохирургияға бас миы жарақатталған бала түсті. Диагнозын анықтау үшін жедел жұлындық пункциясын жасау керек және ликвор алу керек. Жұлынды жарақаттап алмай пункционды инені қандай омыртқалардың арасына салады?

а. 12 кеуде және 1 бел арасына

б. 1 және 2 бел арасына

в. 2 және 3 бел арасына

г. 3 және 4 бел арасына

д. 4 және 5 бел арасына

3 семестр

1) тақырып №1 (кейс-стади)

Көшедегі төбелестің нәтижесінде иық артериясы зақымданған. Қанды тоқтату үшін лигатураны қай жерге салу керек?

2)тақырып№2(кейс-стади) Сан аймағы пышақпен жарақатталған науқас ауруханаға түсті. Сан артериясының зақымданғаны байқалады. Қанды тоқтату үшін лигатураны (қай артерия тармақталған соң) қай жерге қою керек?

3) тақырып №3 (тест тапсырма)

Науқастың тынысалу жолына бөгде дене түскен. Ол қай бронхыда болуы мүмкін?

а. Сол

б. Оң

в. Сегментарлы

г. Бөлшектік

д. Субсегментарлы

4) тақырып №4 (кейс-стади)

45 жастағы ер адамда инфарктан кейін жүрек аритмиясы байқалған. Сіздің ойыңызша жүрек жұмысының қандай механизмі зақымданған? (аритмия – жүрек жұмысындағы ырғақтың зақымдануы).

5) тақырып №4 (тест тапсырма)

Спортпен белсенді айналысқан науқастың бұғанасы сынған. Бұғана артериясы зқымданған, сонымен қатар қатты қан ағу байқалған. Қанды тоқтату үшін лигатураны қай жерге қою керек?

а. Артерияның қолқадан тармақталған жеріне

б. Ішкі кеуде артериясының тармақталған жерінен соң

в. Омыртқа артериясының тармақталған жерінен соң

г. Қалқанша-мойын сабауының тармақталған жерінен соң

д. Қабырға-мойын сабауының тармақталған жерінен соң

6) тақырып №5 (кейс-стади)

Процедуралық кабинетте науқасқа ортаңғы шынтақ көктамырына дәрі еңгізілген. Қай көктамырға дәрі тез түседі?

а. Тері асты көктамырдың біреуіне

б. Кәріжілік

в. Шынтақ

г. Сыртқы мойындырыққа

д. Жалпы сүйекаралық

7) тақырып №6 (кейс-стади)

Кардиология бөліміндегі науқастан жүректің симпатикалық иннервациясының зақымдануы байқалған. Осы патологияда симпатикалық сабаудың қандай түйіндері зақымданған?

8) тақырып №7 (кейс-стади)

«Өңеш ісігі» диагнозымен онкологиялық ауруханаға науқас түсті. Метастаз негізінде қандай ағзаларды қарау керек және не үшін?

9) тақырып №8 (тест-тапсырма)

Бала айырша безінің ісінуімен аурруханаға түсті. Осы ағза қай көкірекаралықта (ВНА классификациясы бойынша) орналасқан?

а. Жоғарғы

б. Ортаңғы

в. Артқы

г. Алдыңғы

д. Төменгі

10) тақырып №9 (тест тапсырма)

Хирургиялық бөлімге семіз әйел «іштің ақ сызығының кірнесі» диагнозымен түсті. Әйел 52 жаста. Осы патологияға қандай факторлар әкеледі?

а. Жастық өзгерістер

б. Генетикалық бейімделу

в. Көптеген жүктілік

г. Ауыр физикалық жүктеме

д. Сыртқы орта факторлары мен қоректену

11) тақырып №10 (кейс-стади)

Науқасқа аппендицит диагнозын қойды. Адам ағзасының қай жерінде құрт тәрізді өсінді байқауға болады?

12) тақырып №11 (кейс-стади)

Ауруханаға 57 жасар әйел «Панкреатит» диагнозымен түсті. Учитывая локализацию устья выводного протока поджелудочного железы воспаление какого еще органа можно подозревать у данной больной?

13) тақырып №12 (тест тапсырма)

Медициналық көрсеткіштер бойынша науқасқа аш ішек артериясына рентгенография жасау керек (артериография). Қандай магистральды тамырға констрант енгізген жөн?

а. Құрсақтық сабауға

б. Жоғарғы шажырқайлық артерияға

в. Төменгі шажырқайлы артерия

г. Сыртқы мықындық артерияға

д. Ішкі мықындық артерияға

14) тақырып №13 (кейс-стади)

Науқаста бауыр циррозы, құрсақ қуысында көп көлемде асцитикалық сұйықтық жиналған. Қай тамырдан сұйықтықтар шығарылады?

15) тақырып №15 (кейс-тапсырмасы)

Ауруханаға ер бала «бүйректің түсуі» диагнозымен түсті (нефроптоз).Осы процесске қандай факторлар әсер етеді?

а. Майлы капсуланың көлемдерінің төмендеуі

б. Ұзын бой

в. қысқа бой

г. Адам жынысы

д. ауыр жұмыс

16) тақырып №16 (кейс-стади)

Науқастың несепшығару актісінің соңында ауырсыну сезімі байқалады. Несепағардың қай бөлігі ісінген?

17) тақырып №17 (тест тапсырма)

Гинекологиялық бөлімге түскен әйелде жатырдан тыс жүктілік байқалды. Жатыр түтігінің қай бөлігінде патология болады?

а. түтігінде

б. түтікке кіреберісте

в. мойнағында

г. кеңейген жерінде

д. жатыр бөлігінің ішінде

18) тақырып №18 (тест тапсырма)

Медициналық көрсеткіш бойынша әйелдің жатырын алып тастау керек (миома). Жатыр артериясын байлап тастау қажет. Бұл артерия қай тамырдың тармағы?

а. сыртқы мықындық артерияның

б. ішкі мықындық артерияның

в. төменгі шажырқайлы

г. жыныстық

д. ортаңғы тік ішектік

Соседние файлы в папке Қаз