Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

om1-2-anatomy / Қаз / КР лекц каз / Дәріс №13

.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
14.64 Кб
Скачать

Дәріс №13

1. Дәрістің тақырыбы: Ангиологияға кіріспе. Қан тамырлар құрылысының, тармақталуының және жіктелуінің негізгі принциптері. Микроциркуляторлық арна. Коллатералдық қанайналым.

2. Дәрістің мақсаты: Дәрісті оқу барысында адам ағзасының жалпы тамырлы арнасы және артерия, вена, лимфа тамырлары туралы түсінік беру қажет. Артерия, вена, лимфа тамырлардың және қатты ми қабығы қойнауларының жалпы құрылыс принциптеріне тоқталып кету қажет. Сонымен қатар жоғарыда айтылған тамырлардың құрылысының ерекшеліктерін қарастыру керек. Қан тамырлардың тармақталуының негізгі заңдылықтары мен принциптерін және олардың қуысты мен паренхималы мүшелерде орналасуын беру. Қан тамырлардың диаметріне және орналасу денгейіне байланысты жіктелуіне тоқталу қажет. Микроциркуляторлы арнаның және коллатералды қан айналымының құрылысын және маңызын түсіндіру.

3. Дәрістің жоспары:

1) Ангиологияға кіріспе.

2) Тамырлардың және қатты ми қабығының қойнауларының құрылысының жалпы принциптері мен олардың айырмашылықтары.

3) Тамырлардың қуысты және паренхималы мүшелерде орналасуы.

4) Тамырлардың тармақталу заңдылықтары мен принциптері.

5) Тамырлардың жіктелуі.

6) Микроциркулярлы арна.

7) Коллатералды қан айналым.

4. Әдебиеттер:

  1. Дәріс материалы

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы – І, ІІ том, 2004.

  3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы – І, ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

  4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І, ІІ, ІІІ, ІУ том. Астана: «Фолиант», 2005.

  5. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

5. Бақылау сұрақтары:

1) Адам ағзасының тамырлы арнасы қандай тамырлардан құрылады?

2) Тамырларда қандай қабықшалар бар?

3) Қатты ми қабығының қойнауларының артерия мен венадан қандай айырмашылығы бар?

4) Коллатералды қан айналым деген не?

5) Микроциркуляторлы арна қандай тамырлардан тұрады?

Соседние файлы в папке КР лекц каз