Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-15--таырыптар,аз.т..docx
Скачиваний:
300
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
8.01 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША

ПӘНДЕРДІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

* * *

ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ

ЦИКЛА ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ДИСЦИПЛИН

Алматы 2014

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

  2. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжілісі хаттамасының шешімімен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2014 жылғы №03-3/529 хатымен ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жылдың мамырындағы №289, 12 шілдедегі №480, 2008 жылдың 15 тамызындағы, 2011 жылдың 14 ақпанындағы №14, 2011 жылдың 12 тамызындағы №359 бұйрықтарымен бекітілген пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.

  4. Типтік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы №343 бұйрығы негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген.

  5. Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі бекітіп және баспаға ұсынған №1 хаттама 17 қаңтар 2014 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы типтік бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды.

  1. РАЗРАБОТАНЫ и ВНЕСЕНЫ Казахским национальным университетом им. аль-Фараби.

  2. УТВЕРЖДЕНЫ протокольным решением заседания Республиканского учебно-методического совета высшего и послевузовского образования от 22 октября 2014 года и ВВЕДЕНЫ В ДЕЙСТВИЕ департаментом высшего и послевузского образования и международного сотрудничества от 03 ноября 2014 года №03-3/529.

  3. ВВЕДЕНЫ ВЗАМЕН типовых учебных программ цикла общеобразовательных дисциплин утвержденных и введенных в действие Министерством образования и науки Республики Казахстан приказами от 11 мая 2005 года №480, от 15 августа 2008 года, от 14 февраля 2011 года №14, от 12 августа 2011 года №359.

  4. Типовые учебные программы разработаны в соответсвии с типовым учебным планом, утвержденным приказом МОН РК от 16 августа 2013 года №343.

  5. Программы рекомендованы к изданию Советом секции РУМС по естественно-научным и гуманитарным специальностям на базе КазНУ им. аль-Фараби.Протокол №1 от 17 января 2014 года.

Настоящие типовые программы не могут быть тиражированы и распространены без разрешения Министерства образования и науки Республики Казахстан.

КазНУ аль-Фараби, 2014

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Көлемі 6 кредит Авторлары:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарабаева Х.Ә.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова Б.А.

аға оқытушы Нұртазина А.Ө.

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Қасым Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Әлкебаева Д.

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті пәндер модулі аясында гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы факультеттердің орыс бөліміндерінде оқытылады. Аталған пәннің типтік оқу бағдарламасын жасау барысында жоғары білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2013 ж. 16 тамызындағы №343 бұйрығы), Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 д. 11 шілдедегі №151-І Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2011 ж. 29 маусымдағы №110 Жарлығы басшылыққа алынды.

Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени әлеуеті артқан, халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналып, әлемдік деңгейдегі халықаралық одақтар мен ұйымдардың мүшесі болған бүгінгі Қазақстан Республикасы болашақта дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінуді мақсат тұтады. Сондықтан қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, рухани, мәдени өресі кемел, білікті, тілдік құзіреттілігі жоғары маман даярлығымен тығыз байланысты. Бұл ретте оғары оқу орындарында қазақ тілінің жүйелі оқытылуы – ҚР-ның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік маңызы бар бағыттардың бірі. Қазақстан халықтарын біріктіруші фактор ретінде танылған мемлекеттік тіл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», - деп жазылған. Демек, халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сүйене отырып, ЖОО-да қазақстандық, сонымен қатар шетелдік студенттерге қазақ тілін заманауи технология, үздік әдіс-тәсілдер негізінде жүйелі, яғни деңгейлі үйретіп оқыту – заман талабы.

«Қазақ тілі» пәнінің Типтік оқу бағдарламасын құрастыру барысында ғылыми негізділік, жүйелік, пәнаралық байланыс, тілдерді салыстыру, салғастыру қағидалары басшылыққа алынды.

ЖОО студенттеріне қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегиялық және мәдениәлеуметтік субъективті біліктілік сияқты компоненттерін дамытуға назар аударылды.Лингвистикалық біліктілікке қол жеткізу мақсатында тіл үйренушінің лексика-грамматикалық дағдыларын жетілдіру, қазақ тілінің грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін қолданып, әдеби нормада еркін сөйлеп жаза білу дағдыларын шыңдау мақсаты қойылды. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының сөйлеу әрекетінлегі қызметі тұрғысынан түсіндірілуіне баса назар аударылды. Грамматикалық материалдар аудиторияның ерекшілігіне, оқытушының тілдік даярлық аясында өзге тілдердің грамматикасымен салғастырыла, салыстырыла үйретіліп, мемлекеттік тілді практикалық және кәсіби мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін тілдік дағды, машықтарға қол жеткізу көзделді. ЖОО студенттерінің қоғам өмірінің барлық саласында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасап, түрлі мәселелер бойынша өзіндік көзқарас, пайым, пікірлерін білдіруіне мүмкіндік беретін әлеуметтік тілдік білікті дамытуға көңіл бөлінді.

Дискурстық білік дағдыларды жетілдіретін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік бірліктерді өзара байланыстыра қолдануды оқып үйретуге ерекше мән берілді. Тілдің тұлғаның тілді қолдану барысында ажіберілетін қателерді болдырмау үшін өзіндік іздесінісін дамытатын стратегиялық біліктерді арттырату көзделді.

Қазақ тілін оқып үйрену арқылықазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық ойлау жүйесін меңгеруге бағыттайтын мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілікті жетілдіруінің маңызы ескерілді.

Нәтижесінде, тіл үйренуші жеке дара және топтық, ұжымдық бірлестікте жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдануға дағдыланды. Тіл үйрену процессін тежейтін психологиялық кедершілерді жеңе отырып, қоғам мүшелерінің арасында өзара сенім, сыйластық, түсіністікке қол жеткізеді. Тіл үйренуші қазақ тілінде жарияланған БАҚ, интернет сайт материалдарымен түпнұсқада танысып, түрлі мәселелерге қатысып өзіндік көзқарас, ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алады. Тіл үйренуші қоғам өміріне еркін араласуға, заң, нормативті, актілер мен ережелерді, ғылыми еңбектерді өздігінен қазақ тілі арқылы оқып, білуге, қажетті жағдайларда оларды қолдануға қол жеткізеді.

Қазақ тілін үйрету барысында Тілдерді меңгертудің халықаралық старданттарында (Страсбург, 2001) белгіленген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынады. Атап айтқанда: В1, В2 – кәсіби дағдар тілі деңгейі, С1,С2 – мамандық тілі деңгейі.

Реквизит алды: А1, А2 – негізгі деңгейлері.

Реквизит жалғасы: қазақ тіліне қатысты элективті пәндер.

Қазақ тілі пәні бойынша аталған бағдарламаны құрасытру барысында қарастырылған деңгейлер бойынша төмендегі шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық компетенциясының талаптары ескерілді. Олар:

В1 – күнделікті өмір тіршіліктерін сипаттайтын тақырыптарды радио, телехабарларды түсініп сол тақырыптарда өз ойын жеткізе білу;

В2 – ұзақ диалогтарда сұрақтарға шапшаң жауап беріп, пікірталас жүргізе алу және өз ойын жеткізу және фильмдерді түсіну;

С1 – тілде жатық сөйлеп, күрделі және астарлы айтылған ойды түсініп, өз ойын жинақтай алу;

С2 – барлық естіген, оқыған ақпаратты толық түсініп, ойланбастан әңгімені жалғастырып, алынған ақпаратты талқылау.

Сөздік қор бірліктері – В1, В2 деңгейлері үшін шамамен 254-3929 сөз;

С1, С2 деңгейлері үшін шамамен 3930-5060 сөз.

Шартты түрде қысқартылып қолданылған сөздер:

БС – барыс септігі

ЖЖ – жіктік жалғауы

ЖС – жатыс септігі

ТЖ – тәуелдік жалғауы

ШС – шығыс септігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]