Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_shpor.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
196.57 Кб
Скачать

АААААААААААААААА Айқын емес шығындар — өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

Айқын шығындар — өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуы. Ақшаның қызметтеріАйырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Сонымен тауардың 2 қасиеті болады: пайдалылық және құн.Тауардың 2 жақтылық қасиетінің болуы тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығына байланысты. Тауар өндіруге 2 түрлі еңбек жұмсалады: а) нақты еңбек- бұл жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек;ә) абстрактылы еңбек- бұл адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы немесе тауардың құнын анықтауға шығындалған еңбек.Тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығын ашқан К.Маркс.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша-несие саясаты және оның құралдарыҚазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:.1.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;2:Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Ақшаның пайда болуы Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуынабайланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:а) шығынның үлестік деңгейі;ә) өндіру деңгейі;б) өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;в) өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;

ББББББББББББББББББББәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады: өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; бәсекеге төзімді өнім өндіру; өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады: жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады; кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды; ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ Жетілген бәсекеЕркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады. Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

г) мемлекеттік саясат.Жиынтық ұлттық өнім: түсінігі, түрлері, оны есептеу әдістері ЖҰӨ туралы жалпы түсінікЖалпы Ұлттық ӨнімЖалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз. Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады: Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі Жалпы ұлттық өнім – экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады. Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ де нарықтағы бағалармен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осыкөрсетілген қызмет құны ЖҰӨ ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар , мысалы, тұрғылықты ортада өызмет бағасыретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етедіьв үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі.

ҒТП-тің жылдамдауы;

демалу құқы;

дәрігерлік қызмет;

ең төменгі жалақы;

ең төменгі зейнетақы;

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы.

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕңбек ақы – Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексіне және Қазақсатн Республикасының басқада нормативті құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге оның еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуімен байланысты қатынастар жүйесі.   Жалақыны номиналды және нақты деп екіге бөлу қажет.Номиналды еңбек ақы жұмысшылардың еңбегі үшін алатын ақшалай сый ақысы.Нақты еңбек ақы– номиналды жалақыға сол кездегі баға деңгейінде алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны.

еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;

еңбек ету құқы;

Еңбек өндіріс факторы және еңбке ақы еңбек бағасы ретінде. Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі  арқылы сипаттауға болады.  Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.Өндіріс құралдары екі  бөлшектен құралады:1.     Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.2.     Еңбек  құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын  жүргізетін құрал.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте  сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс  күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының  қисығымен ұқсас болады.Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы — жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы  жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар:

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖанамақұралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):ашық нарықтағы операциялар;міндетті резервтік талаптар; несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Жанама салықтар үш түрде көрінеді: акциздер, фискальды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы- акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшкліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі- қосымша құнға салық салу кеңінен таралуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде қосылған құнға салынады.

Жанама салықтың қатарына кеден, баж салықтары да жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері өткенде төленетін салықтар.

жәрдем ақы;

жәрдемақы төлеу.Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:Толық жұмыспен қамту;Тиімді жұмыспен қамту.Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде .Жұмыспен қамтамасыздық маңызды макроэкономикалық сипат. Ол жұмыспен қамтылған жұмысқа қабілетті адамдар саны. Жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысы жоқ адамдар жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар сомасы экономикадағы еңбек ресурсын (белсенді халық санын) құрайдыИнфляция бағаның өсуінен көрінетін, ұлттық шаруашылықтағы пропорциялар мен сұранс ұсыныс арасындағы баланстың бұзылуы. Ашық және жасырын инфляция болуы мүмкін. Ашық инфляция бағаны қымбаттатады, жасырын инфляция товарлардың жоғалып кетуімен сипатталады. Ашық инфляцияны төмендегідей жіктеуге болады: Баға өсімі қарқынына қарай: баяу, секірмелі, гиперинфляция                Инфляцияның күтілуіне қарай: күтілген, күтілмеген инфляциялар болады. Инфляцияның екі типі орын алуы мүмкін: сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясында сұраныс жағынан теңдік бұзылады, толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайында жиынтық сұраныстың артықшылығынан баға қымбаттайды. Ұсыныс инфляциясы шығын инфляциясы деп те аталады, баға өндіріс шығындарының өсуіне байланысты қымбаттайды. Инфляция салдары әркелкі: Кейнс пікірінше, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, инвестициялау процесін жылдамдатады. Ақшаны көп шығару қатаң шектелген жалақы алатын адамдар жағдайын нашарлатады, жинақ азаяды; мемлекеттік жабық ақша конфискациясы жүргізіледі; кәсіпкерлік қызмет төмендейді, капитал өндіріс сферасынан айналым сферасына немесе шет елге ауысады.

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді. Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі: АД=М*У/Р АД- жиынтық сұраным;М- айналыстағы ақша саны;У- табыс қозғалысындағы ақшаның айналу жылдамдығы;Р- баға деңгейі.Жиынтық сұраныс қисығы тауар сұранысы қисығы сияқты сұранымның кему заңымен мінезделеді. Ұлттық өнімге деген сұраным жоғары болады, егерде ақшаның айналу жылдамдығы және айналымдағы ақша массасы жоғарласа.Жиынтық сұраным мен баға деңгнйі арасындағы байланыс кері болып табылады. Жиынтық сұраным тұтыну мен инвестициялық тауарларға деген сұранымды көрсетеді.Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:Процент ставкасы;Инфляция деңгейі;Импорттық тауарлар санының өсуі;Тұтынушылар күтімі;Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

Жиынтық ұсыным дегеніміз- өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.Жиынтық ұсыным- бұл қалыптасқан баға деңгейіне сәйкес ұсынылатын және өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.

Жұмыскерлердің квалификациялық деңгейінің жоғарлауы;

Жұмыспен қамту: мәні, түрлері Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:Толық жұмыспен қамту;Тиімді жұмыспен қамту. ҚР-ның “Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне:16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше. Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:жұмыссыздықты тіркеу;бос жұмыс орындарын тіркеу;жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;

жұмыспен қамтылған жұмысшылардың көбеюі;

Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері. Оукен заңы. Жұмыссыздық және оның түрлері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды. Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен үш түрге жіктеуге болады: Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз (амалсыз) және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығына» (мамандығына) сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір ұзақ уақытты қажет етеді. Уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың негізгі айырмашылықтары: Жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады (Сурет-4). Демек, ол жұмыс күшіне деген сұранысқа ықпал етуші негізгі фактор болып табылады. Кейнсиандықтардың пікірінше ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың шамасы ұсыныс факторларымен емес, төлем қабілетті сұраныс факторларымен анықталады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуімен Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

ЖҰӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі;ЖҰӨ мен 1 адамға шаққандағы ҰТ көлемінің өсу темпі;

ЖҰӨ-нің 2 түрі болады:

ИИИИИИИИИИИИИИИИИкемділік ұғымы. Икемділік коэффициентіИкемділік деп – бір айнымалының екіншісіне байланысты өзгеру реакциясының шамасы, яғни айнымалының сырт әсерлеріне жауап беру қабілеттілігі. Икемділік коэффициенті фактор x-пен нәтиже y-тің күш байланыс көрсеткіші болып саналады, және y-тің орта мағынасы қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді, егер фактор x-тің мәні бір пайызға өзгерсе. Икемділік коэффициентінің есептеу формуласы мынадай түрде болады: Э=f`(х)*х/у Икемділіктің орта және нүктелік коэффициенттері. Икемділік коэффициенті орташа және нүктелік болып бөлінеді. Икемділік коэффициентінің орташа мәнін  орташа мәне үшін есептейді:Э=f `(x)*x/y(x) және y салыстырмалы өзіндік орташа деңгейі 1% өскенде салыстырмалы өзіндік орташа деңгейіне байланысты қанша пайызға өзгеретіндігін көрсетеді.Икемділіктің нүктелік коэффициенті нақтылы мән үшін есептеледі: және салыстырмалы деңгейі  деңгейінен 1%-ға өскен кездегі өзгеру пайызы.

Инвестициялар және оның түрлері Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіредИнвестициялардың негізгі түрлері :ШетелдікМемлекеттікЖекеӨндірістікИнтеллектуал дыБақылайтынБақыламайтын Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестици ялар мына түрлерге бөлінеді :Алғашқы инвестицииКеңейтуге бағытталған и нвестици яларРеинвестициялар – кәсіпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттауНегізгі фондыларды алмастыруға арналған и нвестици ялар

  1. Интенсивті өсу- ҒТП есебінен, яғни жетілген өндіріс факторлары мен технологияны қолдану арқылы ұлттық өнім көлемін өсіру.Экономиклық өсуді оның қарқындарының мөлшерінен көруге болады. Экономикалық өсу қарқынынының 4 түрі болады: а) жоғары қарқын. Бұл жағдайда қоғам көп өнім алады және өз қажеттігін жоғары деңгейде қанағаттандырады. Бірақ өнімнің сапасы төмен болады, өндірістік өсімнің құрылымы төмендейді.ә) нөлді қарқын- өндірілетін өнім көлемі өзгеріссіз қайталанады;б) теріс қарқын – ұлттық экономикадағы дағдарыстарға байланысты өндірілетін өнім көлемінің салыстырмалы азаюы;в) оптималды қарқын- экономиканың дағдарыстан шығып көтерілуін көрсетеді. Бұл жағдайда ұлтттық экономикада тепе-теңдік қалыптасады.

Инфляция: мәні, пайда болу себептері Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуіИнфляцияның пайда болу себептері: Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.  Екіншіден,егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арпасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпті артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. «Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [2]. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды. 

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Қазақстандағы инфляция Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесіндеқалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады. Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Қеңес экономикасының 70- ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларғақарағанда, бірнеше есе жоғары.Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші [[база]сы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993жылдарыРесейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20%- ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды. кономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. Демек, қазіргі инфляция көптеген әсерлердің ықпалын бастан кешіреді. Осы курстық жұмыста көптеген сұрақтарға жауап алып, қазіргі инфляцияның және оған қарсы қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы білуге болады. Сондай-ақ Қазақстандық инфляцияның ерекшеліктері туралы, Ұлттық Банктің және үкіметтің инфляцияға қарсы саясатын көруге болады.

Ішкі және сыртқы элементтеріне қарай экономикалық өсу факторларын 2-ге бөлеміз: сыртқы және ішкі.Сандық және сапалық өсуге байланысты факторларды 2 топқа бөлеміз: 1) экстенсивті фактрлар:

КккккккккккккккккКапитал айналымы мен ауыспалы айналысы

Капитал ісінен алынатын салық корпорацияның бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады.

Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруі. Амортизация.Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары. . Кәсіпкерлік дегеніміз-меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу. Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.Меншік иесінің табысының түрлері:А) дивиденд;ә) депозидтік процент;б) рента.Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:А) жеке-дара;ә) аралас;б) мемлекеттік.Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:А) ұйымды-құқықтық;ә) ұйымды-экономикалық.Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:Жеке фирма;Серіктестік: толық, аралас, жауапкершілігі шектелген;Мемлекеттік кәсіпорындар;акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:Картель- бұл баға жөнінде нарықта өнімді өткізу жөнінде бір саладағы кәсіпкерлер арасындағы келісім.Синдикат- бір саланың кәсіпкерлері арасында бәсекені жою мақсатында біріктіріп өнімдерін өткізу ұйымы.Концорциум- ірі қаржы операцияларын біріктіріп жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кәсіпкерлер ұйымы.Концерн- көпсалалы акционерлік қоғам.

Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді. Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз етуКәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы. Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады. Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары. Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз. Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚағазақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Қажеттілік: мәні, түрлері Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:1Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес; 2Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кздеседі.Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:Материалдықрухани немесе мәдениәлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз.

Қазақстан Республикасының салық және фискалды саясаты. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салық жүйесі дегеніміз- мемлекеттегі алынатын салықтар, түсімдер, баж салықтары және т.б. төлемдер, оларды құрау формалары мен әдістерінің жиынтығы. Салық жүйесі белгілі бір заң актілері арқылы жұмыс істейді. Ол заңдарда салықты алу және құраудың нақты әдістері, яғни салық элементтері анықталады. Салық элементтеріне жататындар: салық субъектісі немесе салық төлеуші; салық алу объектісі; салықты алу көздері; салық ставкалары.Салық дегеніміз- мемлекеттік бюджетке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің міндетті түрде аударатын төлемі. Салық салудың нормасы- салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар: а) қатаң ставкалар- салық алынатын объектінің дифференциалдық деңгейіне, оның құнына байланыссыз бірдей көлемде салынатын ставка; ә) пропорциялы ставкалар – бұл табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің бірыңғай проценті тағайындалған ставка; б) прогрессивті ставкалар- табыстың өсуімен көбейетін салық ставкасы; в) регрессивті ставкалар- табыстың өсуіне қарай салықтың орташа ставкасының төмендеуі.

Қазіргі кезде салықтардың маңызды ролі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Олар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші ролі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Қазіргі цикл туралы ілім Самуэльсон мен Хикстің іскерлік циклі ілімімен байланысты. Онда экономикалық цикл ұлттық кіріс пен тұтыну және капитал жинағының өзара әсері ретінде қарастырылады. Бұл байланыс тұрақты және мультипликатор мен акселератормен сипатталады. Мультипликатор капитал салымы өсімінен ұлттық кірістің қаншаға өсетіндігін өлшейді. Акселератор салым өсімінің ұлттық кіріс өсіміне тәуелділігін өлшейтін көрсеткіш.Цикл ЖҰӨ өсімінің қарқыны, сауда көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі сияқты экономикалық белсенділіктің әртүрлі көрсеткіштерінің тербелісінің жиынтығы.Экономикалық жүйе төрт фазадан тұратын циклда дамиды: жандану, өрлеу, жоғарғы шек, құлдырау. Құлдырау фазасында запастар жойылады, өндірістік инвестиция азаяды, еңбекке сұраныс кемиді, товар бағасының өсу қарқыны азаяды, пайда күрт кеми бастайды, несиге сұраныс азаяды, проценттік ставка төмендейді. Құлдыраудың максималды нүктесі рецессия мен депрессия.Өрлеу құлдыраудың айнадағы бейнесі сияқты, барлығы кері бағытта жүреді.Жоғарғы шекті нүкте іскерлік белсенділіктің шыңы, экономика максималды мүмкіндіктері шегінде қызмет етеді, инвестициялық және тұтынушылар шығындары өте жоғары, товарларға сұраныс та баға да өседіП.Самуэльсон бойынша циклдердің экон омикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы.Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (моне таристік).Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығын дарды көбейту (қысқарту), салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неоко нсервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгерту.

Қоғамдық өндіріс құрылымы: материалдық және материалдық емес өндіріс..Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:Материалдық өндіріс материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);материалдық қызмет көрсету салалары ( көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)Материалдық емес өндіріс материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);2.2.материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер). Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы. Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы. Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі. .Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі. Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі. Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз. Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал. Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар. Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы. Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық шаруашылықтың 2 формасы бар:Натуралды шаруашылық- бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық. Бұл жүйе келесідей қасиеттерге ие: а) тұйық шаруашылық; ә) тікелей шаруашылық нысандары; б) әмбебап еңбек.Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар: А) ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесәнің тұйықтығы; ә) Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі; б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасу кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстемдік етті және феодалдық қоғамның басты қасиеттерінің бірін құрады.. Тауарлы шаруашылық- бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі. Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:А) ашық шаруашылық; ә) еңбекті бөлу; б)жанама шаруашылық байланыстар. Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:А) қоғамдық еңбек бөлінісі: ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;б) артық өнімнің пайда болуы. Тауар өндірісінің 2 түрі бар: А) жай тауар өндірісі; ә) капиталистік тауар өндірісі.

ҚР-ғы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, мәселелері. . Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты. Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы.Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.Жекешелендіру формалары:А) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;б) мемлекеттік меншік объетілерін концессияға беру;в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады: І-ші кезең 1991-1992 жылдар арлығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объетілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емс активтерді өтеусіз және өтеуімн өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылады.3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.ІҮ-шікезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.

ҚР-да экономикалық өсудің жағдайлары мен факторлары Экономикалық өсу дегеніміз- белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі. Ол мемлекеттік саясаттың әлеуметті-экономиклық мақсаттарының бірі. Оны процентпен немесе салыстырмалы көлемде былтырғы жылмен салыстыру арқылы анықтауға болады.Экономикалық өсуге келесідей фокторлар әсерін тигізеді:а) ғылыми-техникалық прогресс; ә) демографиялық өзгерулер; б) табиғи ресурстар көлемі; в) әлеуметтік факторлар.Экономикалық өсу- экономиканың дамуын көрсетеді. Бұл кезде ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсуі қалыптасады.Экономикалық өсу параметрлері, оның динамикасы экономиканы мемлекеттік реттеуде, ұлттық шаруашылық дамуын мінездеу үшін қолданылады. Экономикалық өсу, оның шаруашылық потенциалына ғана емес, сонымен қатар сыртқыэкономикалық және сыртқы саяси факторларға да байланысты.Экономикалық өсудің 2 типі бар:

ММММММММММММММакроэкономика – ұлттық экономиканың негізіМакроэкономика дегеніміз- ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады: 1) үй шаруашылығы секторы;2) кәсіпкерлік сектор;3) мемлекеттік сектор;4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсу динамикасының көрсеткіштері болып саналады:

мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау; жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;

Мемлекеттік бюджет пен салық скавкаларының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі “Лаффердің қисық сызығы” деп аталады. Болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін арттырады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана тиімді болады.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні мен мақсаттары.1. Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады. Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар: 1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;2-ден, әлеуметтік саясат - экономикалық өсу факторы.

Мемлекеттің экономикалық қызметтері І.Мемлекеттің экономикалық қызметі Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;4) экономиками тұрақтандыру;5) ресурстарды қайта болу. Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді. Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

 Менешік құқықтарының айрықшалануы-бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау. Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:А) иелік ету ә) пайдалану; б) билік ету Меншік теориясы. Экономикалық меншіктің көптүрлі формалары. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:.1 Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару 3Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.6. Табысты бөлу әдістері. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): 1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде  өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды.

Меншік объектілері мен субъектілері. Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді . Бұнда бөлудің өлщемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.    

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.

Монополистік, жетілмеген бәсеке Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

Нақты ЖҰӨ. ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады:а) ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша;ә) шығындар бойынша;б) табыстар бойынша.в) Жиынтық ішкі өнім- бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссызбелгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді. ЖІӨ = ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.г) Таза ұлттық өнім дегеніміз- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.ТҰӨ= ЖҰӨ- амортизациялық аударымдар.д) Ұлттық табыс дегеніміз- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар.

НННННННННННННННННарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсныс, баға, бәсеке Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады:1-ден, нарық- сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;2-ден, нарық- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;3-ден, нарық- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;4-ден, нарық-өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.Сұраныс заңы:А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер. Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді. Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:а) баға;ә) бағалық емес фактрлар.Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіредіНарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:а) жетілген бәсеке ә) жетілмеген бәсеке.Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды.

Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.

Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:

Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуы Нарық экономикасы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетін, тауарлар мен қызметтер айырбасының баламасымен, шаруашылық есепке, кәсіпкерлік қызметке негізделген экономика.Нарық экономикасының артықшылықтары:ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі; 2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді; 3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрект ету бостандығын қамтамасыз етеді; 4) ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі.Нарық экономикасының кемшіліктері:1) табыс алуға кепілдік бермейді;2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;5) ұжымдық пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстарды бөлудегі теңсіздік (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті).Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады.Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады.

Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері мен эволюциясы.Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның  еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар  өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:  өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада:  Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен  жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Негізгі және айнымалы капитал Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады. Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орай айнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді. Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады. Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, материалдық игіліктер және қызметтер, экономикалық ресурстар Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

Негізгі және айнымалы факторларды қолданудыжоғарлату;

Несие және оның қызметтері Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.Несиеніңэкономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:қайта бөлу;айналыс шығындарын үнемдеу;айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;капиталдың шоғырлануын жеделдету;ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Oл нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланадыАл, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Номиналды ЖҰӨ;

ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨндіріс және ұдайы өндіріс Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жұмыс күші (өзіндік немесе адам факторы) және өндіріс құрал-жабдығы (заттық немесе материалдық фактор) өндірістің басты факторлары болды.

өндіріс нәтижесі(өнім)

өндіріс тиімділігін оның ең жақсы ұйымы есебінен жоғарлату.

Өндіріс факторлары және факторлық табыстар Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі. Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет. Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.  Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет. өндіріс факторларының шығындары(жанды және затталған еңбек)

өнеркәсіптік өндірістің толығымен, негізгі салалар бойынша және 1 адамға шаққандағы өсуінің темпі.Экономикалық өсу бірнеше фактормен анықталады. Экономикалық ғылымда кең тараған өндірістің 3 факторы бар: еңбек және кәсіпкерлік мүмкіншілік; жер, капитал.

Өт (тиімділік)=_____________________________________________________

ПППППППППППППППППайда кәсіпкерлік табыс ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайдабухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86,1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді.

РРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланады.

Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы алған кезде ұсталады.

Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мөлщерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы дажатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.

стипендия;

ССССССССССССССССССұранымның баға және табыс бойынша икемділігі БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды. Табыс - жалақы, зейнетакы, рента, жәрдемақы, алимент, қаламақы түрінде алынған кез-келген ақша сомасы. Белгіленген календарлық кезең ішіндегі ақшалай түсімдердін ағысы Сұраныстың табыстық икемділігі.Сұраныстың табыстық икемділігі  (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Е1 – оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен  уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда E1 >0. Бұндай тауарларды  кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні  E1 >0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының  табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.EI(D)- 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті.dQ/dI – сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы;І – тұтынушы табысы;Q – сұраныс көлемі. **Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады: Мұнда, Q1,Q2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс  заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д). Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:1.     Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.2.     Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.3.     Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)4.     Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. -       Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. -  Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі. 5.     Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.Салық салу жүйесінің басты буыны- бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациялардан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады.

 Тауар және оның негізгі қасиеттері Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары. Адамзат қоғамы өндіріс-еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану, кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды. Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта — байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім тұрінде болады. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген қасиеттер тән болады. Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да қасиетерінің арқасында адамдардың белгілі бір қажеттерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды. Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады — басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары мен негізгі белгілері. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі – натуралды шаруашылық. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты – нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі. Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихи 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да,нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты. Реттелген нарықтың тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:а) Әлеметтікнарықтық шаруашылықб) Аралас эконмикав) Корпоративтік экономика.

тегін және ақылы білім беру;

технология деңгейінің сақталуы кезінде инвестиция көлемінің өсуі;

Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар мен қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді.

Төлем қабілетіне қарай салықтар 2-ге бөлінеді: тікелей немесе тура салықтар және жанама салықтар.

Тура салықты тікелей салық субъектісі төлейді. Олар нақты жеке және заңды тұлғадан алынады. Салықтардың негізгі түрлеріне табыс салығы , одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар жатады. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері жариялаған мәмілелері бойынша салық төлейді.

Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындар Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болсаОрташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:АТС = TC / QОсыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Шығындар дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік және өткізу қызметін атқару үшін керекті өндірістіr факторлардың ақшалай көрінісі. Кәсіпорын шығындары 2гебөлінедіСыртқы шығындар - бұл өздері өндірмейтін өнімдерге шығындар және жеткізушілерге төленетін ақы немесе бухгалтерлік шығындар.Ішкі шығындар - бұл кәсіпорын ішінде өз ресурстарын қолдануғажұмсалатыншығындар.Кәсіпорын ішінде өндірілетін өнім көлеміне қарай шығындар 2-ге бөлінеді: а) тәуелді немесе өзгермелі шығындар - өнім көлеміне қарай өзгеріп отыратын шығындар; ә) тәуелсіз немесе тұрақты шығындар - бұл өнім көлеміне байланыссыз шығындар.Жалпы шығындар - бұл кәсіпорынның ішінде өнім өндіруге жұмсалатын барлық шығындар. Ол тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысынатеңКәсіпорынды басқару үшін 1 өнімге кеткен шығын деңгейін анықтауымыз керек. Ол үшін біз орташа шығындарды анықтаймыз (орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпышығындар).Кәсіпорынның негізгі мақсаты пайда табу болғандықтан кәсіпорында шекті шығынды анықтаймыз. Шекті шығын дегеніміз - қосымша өндірілген өнімге кеткен шығындар

тұтыну қоржыны;

Тұтынушы таңдау іс-әрекеті моделі (мінез-құлқы) – тұтынушылардың әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранымының қалыптасу процесі.Тұтыну игіліктерін алу сферасындағы адамдардың әрекеттері санасына тәуелді және айқын болжауға келмейді. Алайды кез келген тұтынушы өмір салтынан бірқатар айрықша белгілерді табуға болады: тұтынушы сұранымы оның жеке бюджет мөлшеріне әсер ететін табыс деңгейіне тәуелді болады. Табысы шекті болғандықтан, тауарлар саны шекті Әрбір тұтынушы өз ақшасына барлық мүмкін болатын заттарды, яғни жиынтық пайдалылықты барынша арттыруға ұмтылады (4 сызба)Орта қалыпты тұтынушының талғамының айқын жүйесі және әсемдік, сәндік көзқарасы бар. Тұтынушы сұранымына рынокта өзара алмасатын және бір-бірін толықтыратын тауарлардың бар немесе жоқ болуы әсер етеді. Берілген заңдықтарға тіпті саяси экономика классиктерінің өздері назар аударған. Бүгінгі ғылым тұтынушы мінез-құлқын шекті пайдалылық теориясы және талғамсыздық қисықтары әдісімен анықтайды.Тұтыну іс-әрекетінің теориясы. Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.Тауарпайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыруқабілеттілігі.Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австралия экономисі Ф.Визер ендірді. ХІХ – ХХ ғғ. Басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас, Р.Аллан, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе. Бұл заңдылық «шекті пайдалылықтың төмендеу заңы» деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізінде «Госсен заңының» бірінші және екінші түрлері бастау болды. Бұл заң неміс экономисі Герман Госсеннің атымен аталған. Осы заңның негізінде Госсен субъекті іс-әрекетінің рационалды ережесін суреттеп, өзінің шаруашылық қызметінен максималды пайда табуға ұмтылатындығынкөрсетеді.Бірінші заңға сәйкес, тұтынудан іс-барысында тола түсуі заттың пайдалығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі. Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек, әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалығы төмендейді.Экономикалық субъект тепе-теңдік жағдайына Госсеннің екінші «заңын» қолданғанда қол жеткізеді. Ол заңның мәні мынада: игіліктің рационалды комбинациясына сол кезде жетуге болады, қай уақытта адам үшін әртүрлі соңғы тұтынылған тауарлар порциясы бірдей пайдалылы көрсетсе.Тұтынушының ойынша, игілік қоры аз болса, онда адамның көз алдында әрбір бар тауар үлкен пайдалылыққа ие болады.Бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу екі тауардың мүмкіндігінше болатын комбинациясын көрсетеді, онда тұтынушы бар мөлшеріндегі бюджеттен және осы кездегі баға деңгейінен алып отыруы мүмкін. Әрбір тұтынушы бюджеттік шектеу шеңберінде өзінің табысын әртүрлі тұтыну тауары арасына немесе қызмет көрсетуге, салуға тырысады, себебі пайдалылықты максимал

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]