Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_shpor

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
113.36 Кб
Скачать

1.А.Бөкейхановтың саяси философиялық көзқарасы.  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды. Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

2. Абай философиясы.Абай -жаңа дәуірдің перзенті. Сондықтан ол Орта ғасырдағы ойшылдардың аскеттік фил – н қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсіп, материалдық дүниеден бас тартса, онда  «дүние ойран» болар еді.  «Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейд (аталған әдебиет, 92 ,б.) деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретінде қарайды. Алла тағала дүниені адамға  «рақатын көрмегіне бола жаратқан», хазірет Ғосма, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың жақындары да өз бапйлықтарымен даңқты болған.Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбіреулер мал жинау, мүлкін көбейту арқылы басқалардан озып, өзін биікке көтеріп, даңдайсып кетеді.екіншілер кемтарларға көмектесу, өзін өзгелерден тәуелді еткісі келмесу үшін баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биіктеу – ол рухани самғау. Адамның абыройы ол сыртқы әсем киімі мен жүріс  - тұрысында емес, оның ішкі таза ниетінде, сол арқылы ғана бізді Құдай таниды.Абайдың фил – лық антропологиясына келер болсақ, Жаратылған адамның ақыл – ойы , күш – қуаты бар, ал ол- Алланың ғылыми құдіреттілігінен шығатын қасиеттер.Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңіл бөледі. Жаратқан, Дүние, Адам – міне, осы үш категория Абай фил – ның ірге тасын құрайды. Абай өз фил – ның осы негіздерін өзінің отызсегізіншіқара сөзінде егжей – тейгжейлі талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың нешгізі ғылымда.    .  Абайдың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ,оны ғажап та терең,өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің шеңберіндегі фил-қ антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан,Дүние,Адам-міне осы 3 категория Абай философиясының  іргетасын құрайды.

3. А. Августин шығармаларындағы филослфиялық идеялар.     Ерте христиандық патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі А. Августин (354-430) болды. Еңбектері « Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Жаратушы», «Құдай қаласы». Августиннің ф-сы теоцентристік ілімді дәріптеуші болды . Оның негігі принципі «Сену үшін түсінемін,түсіну үшін сенемін». «Құдай қаласы» туралы шығармасында қоғамдық өмірді 2 қарама-қайшы патшалыққа бөлді: 1.Жердегі патшалық- онда құдайға сенбейтін күнәқарлар өмір сүреді. Адамдар басшылар, яғни адамдарға бағынады. Әр уақытта зұлымдықтар болып тұрады. Сүйіспеншілігі жоқ әлем.2. Құдай патшалығы-  құдайға құлшылық  ететін,соның негізінде адамгершілік пен сүйіспеншілікке бөленген әлем. Оның болмыс туралы ілімі христиандық сеніммен жаңа платондық ілімнің синтезі. Платон ф-ғы бір тұтас игілікті, яғни мінсіз идеяны құдаймен теңестірген. Христиандықтағы үштік құдайды «әке-құдай,бала-құдай,әулие рухты».Күнәға батқандар құдаймен бірігу арқылы тазарады. Тазару жолы: 1.Ақыл-ой арқылы;2. Діни жол арқылы.

4 Ағартушылық философиясы: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев. Ш. Уалиханов және Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге баулып, оны сауттықты ашуға, білімге, еңбекқорлыққа, белсенді өмір салтына, жасампаздыққа шақырады.Қазақ даласындағы ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835 -1865) ж болды.өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқынық өткен тарихын, әдет – ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге ат салысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында « Аққан жұлдыздай», өкінішке орай ерте жанып кетті. Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарасына келер болсақ, ол күнбе – күнгі адамның тәжірибесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Оның тікелей болмыс жөніндегі еңбектері болмағанымен, оны біз Шоқанның көзқарастардың шамандық (бақсылық) өмір сезімін талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпенділердің алғашқы көне діні ретінде қарап,ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлі күштерінің осы дінде бейнеленгендігі жөнінде айтады.Яғни, Табиғат бірінші де, адамның өзі сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейін, өзінің сана сезімінде айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейді. Ы. Алтынсарин .Ағартушылық ағымының көрнекті өкілі Ы. Алтынсарин (1841 – 1889) : « Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ахуалға сай келуінің бірден – бір жолы – оның сауттығын арттыру, білімін жетілдіру, орыс мәдениеті мен тілін игеру»,- деп есептеді. Сондықтан ол өзінің барлық күш жігерін жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған  қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.өзінің Дүниеге деген көзқарастарында ол дінибағытта болып Құдайды мойындағанымен, діни фанатизмге қарсы шығып, шала сауатты қазақ мен бұқарадан келген молдалардың халыққа тигізетін теріс әсерлерін әшкерелейді. Оның  « Кел, балалар, оқылық,!»,  «Жаз», «Өзен» т.с.с өлеңдері осы күнге дейін өзінің эстетикалық әсемдігі, гуманистік идеялары, тәрбиелік мүмкіндіктері мен білім беру саласындағы жас ұрпаққа оң әсерін тигізуде.  Ағартушылық фил – ның аса алып тұлғасы А. Құнанбайұлы (845 – 1904) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік руханиятта өзінің өшпес ізін қалдырған ұлы ғұлама. Ол – ақын, сазгер, философ. Аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзінің м ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашаш да жоймайтын діннің шеңберіндегі фил – қ онтропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дүние, Адам – міне, осы үш категория Абай фил -* ның ірге тасын құрайды. Абай өз фил- ның осы негіздерін өзінің Абай өз фил- ның осы негіздерін өзінің 38 – ші қара сөзінде егжей – тегжейлі талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгіл бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негізі Ғылымда. Жаратқаннаң үшінші сипаты -  Хаят, яғни Тіршілік (қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.) .мұның сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетеді, бірақ олар жоғарыда көрсетілген негізгі үш сипатты нақтылайтын, түсіндіретін құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәміг (Сергектік), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтіруші).     

   5. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.Адам – ғылыми философияның түсінуінде ең бағалы,асыл байлық.Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі,өлшемі мен мақсаты.Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі,ақыл-оә туындыларының қүретті иесі.Индивид(дара адам)- көптің бірі жалпы адамзаттың нақты өкілі,дара.Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны.Оның санасы жоғары ма,жоқ па,елмен сөйлесе ала ма,әлде сөйлесе алмай ма,бұлардың оған қажеті аз.Әлемде қанша миллард адам бар,соның әрқайсысы-жеке-дара адам.Тұлға жетілген кәмелетке жеткен адам.Тұлға дегеніміз жаңа сапалы,индивидтің өзімен бірге іштен тумаған,белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психиологиялық ж/е марольдық қасиеттер қосындыларының иесі,ақиқатты болмысты тануға ж/е өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі.

6.Ақиқат үғымы, өлшемдері , түрлері. Ақиқат дегеніміз субъектінің шындықты танудағы,практикалык білімді игерудегі адекватты көрінісі ж/е ойдың объектіге сәйкес келуі.Ақиқаттың түрлері: Абсолютті ақиқат өмі шындығы туралы толық нақты егжей-тегжейлі білім ретінде болашақта теріске шығарылуы мүмкін емес білім.Салыстырмалы ақиқат өмір шындығы туралы толық егжей-тегжей білім бере алмайтын танымның даму барысында өзгеретін дәлелденетін тереңдей түсетін білім.Ақиқаттың өлшемдері: Сезімдік эмперикалық өлшем.Сезімдік деректер негізін тексеру.Артықшылығы,қарапайымдылығы,кешен.Әрқашан дәл еместігі.Рационалдық ақиқатты пайымдау жолмен тексеру мұнда логикалық заңдарын сақтау арқылы жүзеге асады.Практика ақиқаттың ең маңызды,ең негізді категориясы.Практика бұл белсенді ж/е әрекетшіл.Энгельстің айтуынша практика өндіріс пен экперимент яғни практикада алынған білім мен ақиқат тексеріледі,нақтыланады ж/е шыңдала түседі.

7. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.    Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Дулатов,Х.Досмұхаметов осы аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп атауға болады.Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана   -сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді.Олардың бәрі дерлік 1917 ж болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық,теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады.Өз өмірлеріінің алдына төнген қаіпке қарамастан,халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ.Өйкені олар халықтың болашағын көздеді,ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететініне сенді.

8.Альберт Камюдің экзистенциализмі:өмір сүру,мән,абсурд мәселелері.Адамды қоршаған дүние мәнсіз абсурд деген қағида француздың көрнекті жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камюдің экзис.ң негізі болды.Адамның бойындағы абсурдты ад\ң ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады,абсурд ад\ң ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес тұжырымдайды.Дүние абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екенін мойындағанымен , Камю өмір мәндік ізденсті тоқтатпауға бекінді. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: Абсурдқа кездескен  адам өз мақсаттарымен , болашақ н\е ақталу туралы мазасымен өмір сүреді.Ол һзінің мүм\н бағалайды.Камюдің кейіпкері Сизиф өмірмен күресуді еркін таңдайды. Ад\ң өзі өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы тұруы. Камюдің «Оба» атты романының да желісі Адал болды. Адал болу д\з өз ісімен айналысу.Ад\ң абсурдпен күресі бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам «жоқ» деуші адам. Бүлікшілік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең бастысы күйзелмеу.

9. Антика фил-ы,ерекшелігі мен кезеңдері.Антика фил-ы бұл грек және рим фил-ы болып табылады.Ол б.з.б 6-5 ғ.ғ пайда болды.Көне шығыс фил-ң сипаты,мазмұны фило-қ ойлау әдістері арқылы ерекшеленеді. Дүниені тануда рационалдыққа сүйенеді. Фил-ң негізгі сұрағы айқындалды. Антика фил-ң дамуы 4 кезеңге бөлінеді:1.Сократқа дейнгі-милет, элейн,пифогор,атулистер мектебі жатады.2.Классикалық кезең-Сократ.Платон,  Аристотель сияқты классик фил-ң шығармалары жатады.Бұл кез адам мәселесі, оның өмірлік мәні, тану мүмкіндіктері сияқты фил-ң негізгі мәселері талқыланады.3. Элленистік дәур фило-ы:бұл кезеңде Платон  және Аристотель ілімінің ықпалымен этикалық мектептер қалыптасты.Оған Эпюкюр,Стоиктер, Скептиктер,кинептнр мектептері жатады.Антик фил-ң соңы.Бұл кеэ\зде грек демократиясы құлап грек полюстері рим империя-ң қолына өткен.Бұл кезең 1-2 ғ. дейн созылып сол кезден бастап христиандық фил-я пайда бола бастады.

10. Аристотель философиясы.  Аристотель (384-322 б.з.д) – көне заманның ең ұлы философы. Заманның ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушысы А. Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған. Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина қаласында даңқы бүкіл дүниеге әйгілі мектеп – Ликейді ашады( қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған. Онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше « перипатос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, әрі қарай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді. Аристотель жан – жақты терең білімді тұлға болғаннан кейин оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі. Логикалық еңбектері ( Негізгі кітап « Органон», «Категориялар» т.с.с. ) табиғат философиясына арналған еңбектері: «физика» 8 кітап, «аспан жайлы» 4 кітап, « аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с. Сондай-ақ Аристотельдің жан дүниесіне, тіршілікке, саясат пен экономикаға, моральдық философияға арналған еңбектері бар. Логика ғылымының іргетасын қалаушы- Аристотель. Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады.Оның пікірінше, материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс). Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:-әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;-материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;-шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;-материя енжар, ал форма белсенді бастау.

11.Аристотельдің әлеуметтік саяси көзқарастары. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті философ. Платонның шәкірті, Александр Македанскийдің ұстазы.Аристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:-теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;-практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;-поэтикалық.Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.Қоғам дегеніміз белгілі территорияда өздеріне қажетті материалдық игілікті  өндіріп, оны өзара бөлісіп, бір – бірімен белгілі әлеуметтік қатынаста болатын адамдардың жиынтығы.Қоғамдағы қатынастарды мемлекет реттеп отырады.Аристотель философиясының тарихи маңызы мынада:-Платонның идеялар теориясын сынау барысында оның ілімінің осал жақтарын дәл тауып көрсетті;-Әлем мен адамның қалыптасуын материалистік тұрғыдан түсіндірді;-Он философиялық категорияларды анықтады;-Категориялар арқылы болмыстың анықтамасын берді;-Материяның мәнін түсіндірді;-Логиканың дамуына елеулі үлес қосты, дедуктивтік әдістің мәнін ашып, силлогизмдер жүйесін жасады.

12. Асан Қайғы дүниетанымы.   ХѴғ-  қазақ даласынан шыққан философ,ел қамын жеген данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін,халық аңызы бойынша,мемл-ң ыдырағанын көріп,халыққа ыңғайлы,уайым қайғысы жоқ,қой үстнде босторғай жұмыртқалайтын, Жерұйықты іздеп,желмаямен қазақ жерін аралайды.Оның суы сүт, топырағы май,тасы алтын,.ондағы халық зардабы,соғыс, тартыс,қырқыс дегендер жоқ,байда ,кедейде жоқ,бәрі де жеткілікті,бәрі де бақытты. Ол мұндай «жжжұпар қорығын» өмір бойы іздеді.Бірақ Жерұйықты таба алмайды.Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегі ел басындағылардың кемшіліктерін, кейбір тайыздықтарын көрсетіп,оларға ақыл беріп, дұрыс жол сілтегені үшін оны халық  Асан Қайғы деп атап кеткен.Оның іздегені әлеум.теңдік үшін рахат өмір болатын. Сондықтан оны қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп те атайды.                  

13.Әл-Кенди ф-сы.  Әл-Кенди (800-879) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдат қаласында білім алып, өзінің пісіп жетілген уақытын осы қалада өткізеді. Әл-Кенди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылым саласын табу  қиын. Ол 200-ден артық  кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқа шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: « Аристотельдің кітаптарының саны және ф-ны ұғу үшін не керек?», «Бірінші ф-я жөнінде», «Бес мән-мағына жөнінде кітап» т.с.с.Онтологиялық көзқарастары. Әл-Кенди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, 2 субстанция жөнінде айтады: Бірінші субстанции ол сезімдік заттар,оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады.Сустанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; Екінші субстанция- сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады. Адам дүние танымының 2 түрі бар: біріншісі бізге жақын, бірақ мән-мағынадан алыста. Ол- сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте, тұрақты емес уақытша ғана өмір сүретін заттармен байланысты.Екінші таным түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден алыс, ол – ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауға ғана болады.

14.Әл- Фарабидің болмыс талқыламасы. Әл- Фараби Қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 ж өмірге келді. Жас кезінде білім іздеп, таяу Шығыста Бағдат пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық ф-ны зерттейді. Әл-Фарабиді араб ф-фы деп толығынан бағалауға болады, өйткені ол, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының ф-фы деп те айтуға болады, өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құрған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан. Әл-Фараби онтология ілімінің негізінде неоплатонизмнің «эманация» (тасу,ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин дүние жүзілік бір мен материялық өмірдің екі ортасында дүние жүзілік ақыл-ой және дүние жүзілік жан бар деп есептесе, Әл-Фараби бұл көзқарасты анағұрлым күрделейді.Өзінің «Ізгі қала жөніндегі” еңбегінде Әл Фараби: «Дүниені тудырған – «Бірінші мән”, - дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз.Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені олар тек қана “ай астындағы Дүниеге ” тән нәрселер.Сол себепті ол мәңгілік,ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені:себепті, бітімді, мақсатты,ұмтылысты т.с.с қажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді. Әл Фараби “Алғашқы мәнге ” оның мән мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады:”Ол барлығынан биік,барлығын білетін,Дана, Ақиқат, Тірі, Өмір ”- дейді. Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған “белсенді ақыл ой ”деген ат қояды. «Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз өзіне сыймай, тасып ағады. Ал Болмыстың дүниеге келуі оны тудырған Бірінші Мәннің жоййылуы деп түсіну қате»,- дейді ұлы ойшыл. Мысалы,сәбидің  Дүниге келуі оны тудырған әке шешесінің Дүниеден кетуімен тең. Ал ол біздің “ ай астындағы ” болмысқа ғана тән нәрсе. Ал алғашқы Мәнгекелер болсақ, оло басқа Болмысқа өмір бергенмен, өзі жойылмайды, міңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаныңбар екенін көрсетер еді. Олай болса “Алғашқы Мән ” өзі үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре алады.”Бірінші Мән ” өз өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші Барлық дүниеге келеді,ол абсолютті денесіз, өзінің мән мағынасын ашып және Алғашқы мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып, қажетті түрде “үшінші Барлықты”тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән мағынасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. Үшінші Барлықпен “Бірінші Аспанның ”болмысы бітеді. Үшінші Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады.Ол әлі материя емес.Барлық қажетті түрде “Қозғалмайтын жұлдыздар” әлем  болмысын төртінші тудырады.

15.Әл Фарабидің қоғамдық саяси көзқарастары. Қоғамның қажеттігін Әл Фараби адамның жалғыз өз өзіне керектерінің бәрін жаса алмайтындығынан, екінші жағынан, басқаларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан адамдар бірігіп, өзара бір біріне көмектесіп, қажетті эаттармен бөлісіп өмір сүрген. Қоғамды Әл Фараби толық және толық емес қылып,екіге бөледі.Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат:ол – белгілі халықтың өмірі, кіші  ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-қала, сондағы тұратын адамдар.Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінже тұратын адамдар.Олар өз өздеріне жеткіліксіз, сондықтан оларды ол толық емес деп атайды.Әл фараби қалалардың өзін екіге бөледі,олар игілікке бағытталған  қала мен надандар қаласы.Игілікке бағытталған қалада адамдар бір біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады.Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әртүрлі өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді.Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр.Ол адамгершілігі жоқ, айрбастау қаласы,адасқан қала. Надан қаланың адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған ұмтылмайды да,оған сенебейді де.Олардың ойынша,өмірдің мақсаты  денсаулық, байлық,рахатқа бату,ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау.Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғындарына бақыт болып көрінеді.                  

16. Б. Спинозаның субстанция мәселесі.Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады.егер Р. Декарт дүниенің негізінде екі бір – біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір – бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір – бірімен қосып, оларды табиғатпен теңеді. Сондықтан оның метафизикалық – антологиялық негізгі формуласы – ол Құдай, ия Субстанция, ия Табиғат, өйткені оның бәрі – бірегей.Б. Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол – шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық.Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды. Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияны тудырған « модустары» ретінде қарайды.заттар- модустар арқылы субстанция өзін – өзі шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі – ол терістеу.нақтылы заттң шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол – сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды. Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары бар. Олар – созылу және ойлау. Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылыққа жете алады.сонымен Р. Декарттың екі субстанциясы Б. Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады. Енді субстанцияның осы негізгі қасиеттеріне сипаттама берейік. Сонымен Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынандай ойымызға сұрақ келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады?  Оның негізгі себебін ойшыл қозғалы с пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір – біріне деген қатынасы мен көлемі нақтылы шектелген заттарды құрайды.Субстанцияның келесі атрибуты – оның  «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол – бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б. Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді.

17. Болмыс категориясы,оның мәні мен мағынасына ф-қ талдау Болмыс – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын ф-қ категория.Болмыс ұғымын тереңірек түсіну үшін оған қарама-қарсы бейболмыс ұғымын қарастырамыз.Ф-да  болмыс ұғымын ең алғаш грек ойшылы Парменид енгізген.Оның түсінуінше «Дүниеде бар нәрсе бар,жоқ нәрсе жоқ» деген.Оның бұл  ойы өмірлік тәжірибеге сәйкес келмейді бірақ,одан ұтатынымыз дүниеде қозғалмайтын ,өзгермейтін ешнарсе жоқ.Парменид те бұл дүние нағыз болмыс емес,нағыз болмысқа тек оилау мен болмыс тең .Дәл осы ойды  ХХ ғ француз ойшылы Шарденбылай түсіндірді: «Дүние әлі  де қалыптасып біткен жоқ, ол қалыптасу үстінде оны ары қарай қалыптастыратын негізгі күш адамзат»

18. Болмыстың түрлері.Болмыс түрлері туралы мәселе ф-я үшін маңызды.Себебі ф-ң негізгі мәселесі ойдың болмысқа қатынасы.Осы мәселені түбегейлі шешу үшін болмыстың түрлерін саралау қажет.Болмыстың түрлері:1) Заттар мен процестер болмысы-ол өз кезеңінде табиғи, адам қолымен жасалған болмыс болады.2) Адам болмысы-ол заттар дүниедегі адам болмысы ж/е адамның өзіндік болмысына бөлінеді.3) Рухани болмыс-ол адамның жан дүниесі,санасы,идеялары. 4) Әлеуметтік болмыс-яғни қоғамдық болмыс.Бұл белгілі бір қоғамның болмысы ж/е тарихи  процестер барысындағы қоғамдық болмыс.Болмыстың бұл түрлері бір-бірінен өзіндік айырмашылықтары болады, бірақ олар өзара тығыз байланыста болады.Болмыс бұл обьективті ж/е субьективті шынайылықтың белгісі.Обьективті шынайылық –адам санасынан тыс болып жатқан табиғат зат-ң әлемі.Субьективті шынайылық-адамның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі.

19.Буддизм -Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік 3 дінге айналған философиялық ілім.Буддизмнің негізін қалаған Үнді елінің Шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа(563-483 б.ғ.д).Будда жөнинде аңыздарға қарағанда,ол үлкен гулдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленипти,үйленипи балалы болыпты.Бирақ күндердің  бір күнінде қалаға   келіп,халықтың шексіз зардабын көрип,29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді.6 жыл ел кезіп ,өзіниң тәнін қинап ,ел кезген брахмандармен сұхбаттасып,Дүниенің тернң мәнін іздейді.Биақ одан еш нәрсе шықпағаннан кейін,ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып,ақырында ақиқатқа жетеді –ол Буддаға-яғни ағарған,даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады.Сол күннен бастап ол өзинің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды. Будда өз өмірінде  4 түрлі ақиқатты ашты 1.Өмір азапқа толы .Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін,себебін білу керек.Оның  себебтері; өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ляззатқа тоймаушылық.Зардапты тоқтату жолы бар,ол-сегіз қырлы.Олар;1.Дұрыс көзқарастар 2.Дұрыс сөйлеулер 3.Дұрыс  бағытта ойлау 4. Дұрыс өмір салтында 5. Дұрыс жүріс-тұрыста 6. Дұрыс бетбұрыс 7. Дұрыс күш салуда 8. Дұрыс зейн қоюда.Буддизм айтуына қарағанда,бұл  Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып,бір-бірінен туып ,бір-бірін алмастырып жатыр.Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан еш нәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар,ол-кеңістік пен нервана.Қорыта келе ,буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл Дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады,өйткені ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып,Дүниеге бітпейтін зардап шетірді,өйткені бұл Дүние-‘’Мая’’-ұлы сағым,елес,алдамыш.Сонымен қатар буддизмнің гумманистік-адамгершілік жақтары-ой тазалық, іс-әрекет тазалығы,тіршілікті зәбірлеу,зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру т.с.с адамзат рухының әрі қарай шыңдалуына зор әсерін тигізеді.               

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]