Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар БХ ТМА (2) (1).docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
216.73 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыстар Биологиялық химия

1. Зертханалық жұмыс

Белоктар мен амин қышқылдарының

түрлі-түсті реакциялары.

Белоктарды сапалық анықтау әдістері реакциялардың екі түріне негізделген:

- белок молекуласындағы пептидтік байланыс бойынша;

- оның аминқышқылдық радикалдары бойынша.

Реакциялардың бірінші түріне биурет реакциясы мысал болады. Ал екінші түріне амин қышқылдарының радикалдарын анықтайтын толып жатқан (көптеген) түрлі-түсті реакциялар.

Зерттелетін өнімдер: 1%-дық жұмыртқа және бидай белогы; 0,1%-дық глицин ерітіндісі.

Реактивтер: 1%-дық CuSO4, 10%-дық және 30%-дық NaOH, 1 %-дық Нингидрин реактиві, 5%-дық (CH3COO2)Pb.

Қажетті құрал-жабдықтар: штатив, пробиркалар, шыны таяқшалар.

2. Зертханалық жұмыс

Биурет реакциясы.

Жұмыстың мақсаты: Белок молекуласындағы пептидтік (- CO – NH -) байланыстарды ашу.

Жұмыс істеу реті: 2 пробирка алып біреуіне 5 тамшы 1%-дық жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 5 тамшы 1%-дық бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан соң екі пробиркаға да 5 тамшыдан 10 %-дық NaOH ерітіндісін және 2-3 тамшыдан 1%-дық CuSO4 ерітіндісін қосады. Екі пробиркадағы ерітінді де тұрақты күлгін-көк немесе қызыл-күлгін түске боялады. Бояудың түсі (қоюлығы) пептидтік байланыстың санына қарай өзгереді.

3. Зертханалық жұмыс

Нингидрин реакциясы.

Жұмыстың мақсаты: α-амин қышқылдарын анықтау.

Амин қышқылдарының судағы ерітінділерін нингидринмен қосып қыздырғанда күлгін-көк түсті бояу пайда болады, бояудың қоюлығы α-амин қышқылдарының концентрациясына байланысты. Ортаның рН>5 жоғары болғанда реакция екі сатыда жүреді.

Ι-ші саты. Амин қышқылдарын тотықтыра аминсіздендіру нәтижесінде нингидрин тотықсызданады. Бұл реакцияда аминқышқылдарының тотықсыздануы қатар жүреді:

тотықсызданған нингидрин

ΙΙ-ші саты. Түзілген аммиак тотыққан және тотықсызданған нингидриннің эквимолярлы мөлшерімен әрекеттесіп күлгін-көк түсті өнім (Руэманн көгі) түзеді:

Руэманн көгі

Нингидрин реакциясына амин тобы бар басқа да заттар (белоктар, аммиак) түседі, бірақ бұл кезде СО2 бөлінбейді. Көміртек (IV) оксидінің бөлінуі тек α-амин қышқылдарына ғана тән ерекшелік. Хромотографияда бұл реакция амин қышқылдарын анықтау үшін қолданылады.

Жұмыс істеу реті: Үш пробирка алып оның біріншісіне 5 тамшы 1%-дық жұмыртқа белогын, екіншісіне 5 тамшы 1%-дық бидай белогын, ал үшіншісіне 5 тамшы 0,1%-дық глицин ерітіндісін құяды. Содан соң әрбір пробиркаға 2-3 тамшыдан 0,1%-дық нингидрин ерітіндісін қосып қайнатады, 1-2 минуттан кейін ерітіндінің түсі қызғылт артынан көк түске ауысады. Пробиркалардағы ерітінділердің түстерін салыстыра отырып қорытынды жасаңыз.

4. Зертханалық жұмыс

Ксантопротеин реакциясы.

Жұмыстың мақсаты: Белоктағы бензол тобын (фенилаланин, тирозин, триптофан) анықтау. Амин қышқылдарының құрылымдық формуласы:

сары түсті бояу

Олар концентрлі HNO3 – мен сары түсті нитроқосылыс түзеді:

Егер алынған ерітіндіге абайлап күйдіргіш сілті немесе аммиак ерітіндісін қосса сары түсі қызғылт сары түске боялады (себебі, хиноидты құрылыстағы тұздар түзіледі).

қызғылт-сары түсті

Жұмыс істеу реті: Екі пробирка алып, біріншісіне 5 тамшы 1%-дық жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 5 тамшы 1%-дық бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан кейін екі пробиркаға да екі тамшыдан концентрлі HNO3 қосып қыздырады. Пробиркадағы сұйықтар ашық сары түске боялады. Оларға аздап сілті немесе аммиак ерітіндісін қосатын болса түсі қызғылт-сарыға ауысады.