Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

1-билет

  1. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып түсінігі

Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршіліғінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын модени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, Кыз ұзату және өлген адамды жәнелту жатады. Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек.

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. ХХI ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу. Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасады. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

  1. Қытай халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдениеті

Қытай халқының өсіп-өркендеуі біртіндеп Хань дәуіріне тура келеді. Осы кезде барлық қытайлықтарға ортақ алғашқы қытай тілі қалыптасты. Біздің дәуірімізге дейінгі III мыңыншы жылдарға жақын Қытайда «ян-шао» мәдениеті ілгері дамыған, Оған аса сапалы өрнектелген бұйымдар куә. Бұл кезде диханшылық дамып, қолға ит пен шошқаны үйреткен. Таң дәуірінде саяси экономика және мәдени жағынан Қытай дүниедегі ең күшті елдердің біріне айналды. Егіншілік кәсібі дамды. Суды жоғары көтеретін машина жасап шығарып, қант құрғын, мақта, күріш егісін өрістетті. Қалаларда қолөнер дамып, темірден жасалған заттар, зергерлік, фарфор ыдыс, жібек, мақта кездемелері, қағаз шығару ісі жолға қойылды. Құрылыс жұмысы да жанданды. Кітап басып шығару, әдебиет, өнер сәулет өнері сияқты ғылымның салалары жақсы дамыды. Қытайлықтардың отбасылық тұрмысына келсек, ерте замандардан бері олар ру «син» бойынша топ-топ тіршілік еткен. Ондай бөлшектерді «цзун», «чзу» деп әке бойынша бірнеше туысқан-қандас жақындықпен топтасып, ауылдық қоғамды құрған. Қытайлықтар үйленгенде қан жағынан жақын емес адамдармен тұрмыс құруды мақұл көрген. Қытайлықтар құда түскенде екі жақ өздеріне тән адамдарды табуға тырысқан. Жастардың тұрмыс құруына ата-аналары тікелей араласып отырған. Ұлдар 18-20 жаста, қыздар 14-17 жаста үй бола алған. Той, тойдың қаражатын жігіт жағы көтерген. Егерде ондай жағдайға шамасы келмеген ерлер үйленбей де өткен. Қытайлықтарда жасынан айттырып қою (хуаньмэниньцинь) дәстүрі де болған. Ұлдар мен қыздардың ата-аналары өздерінің орнына қарай тәрбиелеген. Балаларын жеткізу үшін олар барлық мүмкіншіліктерін аямаған. Тәрбие конфуцианистік қағидаға негізделген: «мемлекеттік қайраткер міндетті түрде мемлекеттік адам болуы керек, бағынышты бағынышта болуы керек, әке-әке болуы керек, бала-әкесінің ұлы болуға тиіс» - деген қағидамен тәрбиеленген. Яғни әр адамның пешенесіне не жазылса, сал болуға, әскери адам баласын әскери болуға, диханның баласы диханшылыққа, байдың баласы бай болуға тиіс. Отбасындағы конфуциялық тәрбие патриархалдық әулетті сақтау үшін үш шартты орындауға талап еткен: «Қыз әкесінің айтқанынан шықпауы тиіс, әйел ерінің, жесір әйел үлкен ұлының айтқанын орындауы шарт». Күллі қуатты отбасының ұлдары мен қыздары 10 жасқа дейін бірге ойнап өскен. Ұлдарын 6 жастан берген. Қыздары 12 жасқа келгеннен кейін үйден шығармай оны тұрмысқа дайындай бастаған. Осы кезден бастап қыздары адамдармен сөйлесіп, қарым-қатынас жасауға, іс тігіп, тамақ пісіруге бала тәрбиелеп, сурет, өрнек салуға отбасының жай күйін білуге негіздеп тәрбиелеген. Қытайлықтардың тұрмысында құда түсуге ерекше көңіл бөледі және жастарды аяқтандандыруды салтанатты дәрежеде өткереді. Ұлдың әке-шешелері өздеріне лайықты келін іздесе, қыздың туысқандары да осындай мәселелерімен айналысады. Әйтпесе ені жас кездесіп, бірін-бірі ұнатқанын баяндаса, екі жақтың туысқандары қыз бен жігіт жөнінде толық мағлұмат жинайды. Алдымен екі жастың туысқандық дәрежесін ашып алады. Егерде үш атадан жақын болса, олардың қосылуына тиым салынады. Одан алыстау болса, қыз бен жігіттің қосылуынына болатынын білдіреді. Екі жақтан жиналған мағлұматты үйде талқыласып, бір шешімге келеді. Жігіт жағынан шешуші пікірді әжесі айтса, қыз тарапынан оның анасы сөз түйінін жасайды. Қазірігі уақытта шешуші пікірлерді екі жақтың әкелері айтатын болған. Қытайлықтар адамның жаны өлгеннен кейін бұрыңғы іс-әрекеттерін жасайды деп сенген, сондықтан өлген адаммен бірге оның құлдарын, қару-жарақтарын, құрал-саймандарын, әшкей-бұйымдарын көмген.

2-билет

  1. Мәдениет түсінігі

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Сүт тағамдары. Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған,ақ деп атаған. Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар: Сүт , Қаймақ.,Айран, қатық.Сары май. Сүзбе,Құрт,Ірімшік,Қымыз. Шұбат, қымыран. Айранды кейде қатық деп атаса,шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.Ет тағамдары. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар: Ет (жас ет, сүр ет), Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам. Жөргем– бунақтап өрілген ішек. Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын. Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам. Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы. Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ. Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа. Бауырсақ (тоқаш). Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам. Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам. Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).

  1. Үнді халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті, әдет-ғұрыптары

Үндістан мәдениеттің деңгейі жоғары, көне адамзаттың өркениет ошақтарының бірі. Үнділік мәдениеттің біртұтастығы және әртүрлілігі зерттеушілерді қызықтырады. Аймақтық, касталық, діни, этникалық әртүрліліктің көп. Алайда үнді мәдениетінің структурасы әртүрлі топтар мен деңгейлердің арасында өзара әрекеттерінен қалыптасқан. II мың жылдықтың аяғындағы көне үнді әдебиеті - веда біздің дәуірімізге дейін жеткен. Веда әдебиеті гимндер мен құрбандық формулаларынан тұрады. Көне үнділік өнер туындысының идеалы шығармашылық қиял, шығармашылық шеберлік, сезім. Алайда көне Үнді мәдениетінде маңызды орынды дін алады. Үнді өркениетінің негізгі діндері: -Брахманизм (б.э.д. I мыңжылдық)-бүкіл әлем ғажайып (ертегі), қайғы болмайды, еңбек сүйгіш, қызғанушылық болмайды. –Индуизм. Мейірімділік пен зұлымдық істегендерге заң. -Буддизм (VI век)- өмір бұл қайғыру. Қайғының көзі нәпсі, қайғыдан құтылуға болады, нәпсіден бас тарту керек. Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістан мәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Үндістанның салт-дәстүрі алуан түрлі, ғажайып болып келеді. Үндістанның халықтарында әлі күнге дейін ежелгі ата-баба салт-дәстүрлері жақсы сақтылып қалған. Амандасу салт-дәстүрлерінде адамның қолын қатты қысу жаман әдет болып есептелінеді. Бұл елде амандасудың ең құрметті түрі-Намасете деп аталынады, алақандарын біріктіріп кеуденің тұсына қояды. Үндістан халқы кейбір жануарлар түрлерін аса құрмет тұтады: Жел сарайы деген белгілі храмда маймылдар мекендейді, тауыс құсы, сиыр қасиетті жануарлар деп есептелінеді. Үндістанда миллардтан астам халық тұрады, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары әр алуан болып келеді.

Ұлттық ескерткіштерім әлемнің жеті кереметінің бірі мәдениетінің маржаны болып есептелінетін Таж-Махал мавзолейі. Император Тадж-Махалды салу үшін 20-мынан астам жұмысшылар мен мыңдаған пілдерді қолданған. Жыл сайын Тадж-Махалды тамашалауға 5 милионнан астам туристер келеді. Тадж-Махал Үндістанның негізін салушы ханзадалардың бірі болған, Мумтаз-Махал ханшайымына арнап салған. Ұлттық мейрамдары:1-ші қаңтар Жаңа жыл мерекесі, 8-ші наурыз Холи мерекесі-бояулар мерекесі, 15-ші тамыз тәуелсіздік күні.

3-билет

  1. Кәріс халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті, әдет-ғұрыптары

Корей — өзіндік тарихы мен бай мәдениеті бар ежелгі ел. Алайда ол қазір екі мемлекетке (Солтүстік және Оңтүстік Корея) бөлініп отыр. Корейлер негізінен ауыл шаруашылық кәсібімен айналысады. Сол себепті бұл халық отырықшылық жағдайда өмір сүрді. Теңіз жағалауын мекендеушілер балық аулау ісімен шұғыданса, таулы жердегі тұрғындар аңшылық пен жабайы (шипалық) шөптерді жинауды кәсіп етті. Корейлердің ұлттык тұрғьн үйлері де ерекше. Көбінесе бір қабатты және бір-бірне жалғастырыла салына береді. Атап айтарлық жәйт, олар "жылы еден жүйесін" (ондоль) пайдаланады. Бұл халықтың өмірінде сабаннан немесе напсаннан жасалған тамақ ішетін үстелдің әр үйде болуы міндетті саналған. Корей халқының киімдерінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Ерлер киімі — кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады. Әйелдер киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен байлап қоятын кең етегі тігілген юбкадан тұрады. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жөнінен үлкендердің киімінен көп ерекшеленбейді. Ұлттық киім үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Қыз балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті кофтадан түрады. Ерте кезде шаруалар аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе соломнан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ-киім киетін болған. Корей халқының дәстүрлі наным-сенімі Есімдердің көпшілігі тас немесе темір дегенді білдіретін сөздерден туындайды, мысалы, Чхадори және Сведори. Бұл есімдерді корейліктер балаларымыз темір сияқты мықты, жастары ұзақ болсын деген ниетпен қояды. Дәстүрлі корей үйінде жоғары билік отағасының қолында. Ал отбасының қалған мүшелері отағасының тілегі мен әмірін мүлтіксіз орындауға тиіс. Үлкенді тыңдау адам бойындағы ізгі қасиеттердің ең бастысы болып саналатын. Дәстүр бойынша, ұлдың ізеттілігі оның сөйлеген сөзінен де байқалып тұруы тиіс. Егер адам дұрыс сөйлей алмаса, оның қоғамда құрметке бөленуі де екіталай. Міне, үйде де, түзде де адамның жүріс-тұрысының осындай қатаң ережелері болған. Ғасырлар бойы корейліктер Жаңа жылдық мерекені өнім жинау науқанынан соң тойлап келіпті. Жаңа жылдың алғашқы күні әрбір отбасы ерте тұруға тырысады. Жаңажылдық салт –дәстүр Сэхва деп аталады. Сонымен қатар толь- бөбектің бір жасқа толуы тойланатын күн, герхонсик-үйлену тойы, және хуангаб-алпыс жасқа толу салтанаттарын ерекше атап өтеді. Төл-нәрестенің бір жасқа толу күні әйелдер бөбектің әжесінің басшылығымен корейдің кукси, тош, кимчи деп аталатын ұлттық тағамдарын әзірлейді. Корей халқының дәстүрлі ұлттық ойындарына спорттық ойындар, ән-би ойындары, әртүрлі сайыстар, балалар ойындары жатады. Спорттық ойындардың 15-шақты түрі, оның ішінде садақ ату, салт жүріс, тақтайша бетінде секіру, тас лақтыру секілді түрлерін атауға болады. Бірнеше ондаған ән-би ойындарының ерекше бір түрлері ретінде маска киіп билеу ойынын-атауға болады. Маска биі-бұл бидің өзіндік ежелгі бір тарихы бар. Аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі І-ші ғасырдың аяғына қарай Силладан шыққан Хван Чхан Ран атты бала басқа бір мемлекеттің королі –Пэкчженің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетудің көмегімен корольді шауып өлтіреді, бала жазаға тартылады. Міне, сол баланы еске түсіру мақсатымен Силла халқы баланың келбеті бейнеленген маскалар киіп, қылышпен билеу өнерін көрсететін болған.

  1. Қазақ халқының ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай? Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер…, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

  1. Жапон халқының мәдениеті

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Орта ғасырларда бейнелеу өнері және ең бірінші кезекте мүсін өнері дамыды. Б.з. 4 — 8 ғасырларында осы этностық элементтер және корей, қытай иммигранттары негізінде 19 ғасырдың 2-жартысында жапон ұлты қалыптасты. Жапония будда және синто дінін, аздаған бөлігі христиан дінін ұстанады. Жапониялықтардың құрамында өзіндік тілдік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері сақталған рюкю мен басқа этностық топтар бар. Мысалы, буракуминдер — ең төменгі кастаға жататын, өзгелермен тең құқығы оқшауланған этностық топтар Жапонияда буракуминдер қоныстанған 600-дей елді мекен бар. Жапонияда ұлттық қолөнердің сан түрі, қыш құмыра, керамика жасау, ағашқа ою-өрнек салу, бамбуктен себет тоқу, зергерлік пен сәулет өнері дамыған. Жапония еденге жастықша төсеп, аласа жозыда тамақтанады. Көшеде, жұмыста еуропалықтарша киініп, демалыста, үйде, қонақта ұлттық киімдерін — кимоно киеді. Ерлер мен әйелдердің кимоносы бір-бірінен пішіміне, бояуына, жеңінің ұзындығына қарай ерекшеленеді. Кимононың сыртынан әйелдер жалпақ белбеу, ерлер енсіз белбеу буынады. Дәстүрлі кәсіптері күріш өсіру. Оған қосымша суармалы егін, шай, көкөніс, жеміс-жидек, цитрус жемісін егеді. Жібек құртын өсіру, әсіресе, балық аулау кәсібі дамыған. Жапониялықтардың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрып, өндіріс орындарында, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Жапония каркастан қалап тұрғызған бір-екі қабатты үйлерде тұрады. Үйдің ішкі жағы рама мен картон қағаздан тығыздап, қабаттап құрастырылған жылжымалы қабырғамен бөлінеді. Ал үйдің биік шатыры қалақ таспен жабылады.

4-билет

  1. Жапон халқының салт -дәстүрлері, әдет –ғұрыптары

Жапон бақтарындағы басты элементтер су мен тас болып табылады. Су әйел күшінің белгісі-инь, ал тастар еркек күшінің белгісі-янь. Олардың мәңгілік өзара қарсылығы мен айырылмас біртұтастығы ежелгі дуалистік түсінік бойынша әлемнің өмір сүруінің негізі болып табылады. Жапондықтардың әрбір жыл мезгіліне байланысты белгілі әдет-ғұрпы мен салты бар. Ерекше танымал түрлеріне: “ханами„ гүлдерді тамашалау, “цукими„ айды тамашалау, “кжими„ қарды тамашалау жатады, ал оларды біріктіріп жалпы атпен “сэкутэкка„ қар, ай, гүлдер деп атайды. Жапон халқында тойды жаз мезгілінде жасайды. Жапон күнтізбесінде неке қиюға сәтті күндер белгіленген. Тойға дайындық белгіленген күнге дейін алты ай бұрын басталады.

  1. Қазақ халқының мәдениеті

Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Еуразия құрлығының нақ жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда, сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына-ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениеті туды. Кейінірек осынау жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді.

  1. Парсы шығанағы елдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, мәдениеті

ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ Оңтүстік-батыс Азия жағалауында. Ормуз бұғазы, Оман шығанағы арқылы Арабия теңізіне шығады. Аумағы 240 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені 180 – 320 км. Араб мәдениеті — исламның әлемдік дінге айналуы негізінде қалыптасып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және көне басқа да мұсылман халықтарының мәдениеті. Араб мәдениеті негізінде афроазиялық және еуроазиялық даланың көп аумағын қамтыған және қазіргі әлемдегі 8 супер өркениеттердің бірі — Ислам Өркениеті қалыптасты. Араб мәдениетінің қалыптасуына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағыңда өмір сүрген ежелгі Шығыстағы өркениеттердің ықпалы мол болды. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті, Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет. Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамазан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласының аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есірткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады. Үйге кіру үшін алдымен аяқ киіміңізді шешесіз. Арабтар үшін қарсы отырған адамның өкшесі көрініп тұрса, бұл қорлық болып саналады. Арабтардың қол алысуы ұзағырақ, себебі, бұл ерекше мұқияттылық белгісі. Қоштасу кезінде қол алысуды ұмытпаңыз. Құрметті адамдардың қолын екі қолыңызбен аласыз. Мұсылман әйеліне қолыңызды бірінші болып бермеңіз, қажет болса, оны өзі істейді. Арабтармен сөйлесу кезінде, тіпті ол жақсы білетін ескі танысыңыз болса да, оған оның әйелі туралы сұрақ ешқашан қоймаңыз. Отбасы жағдайы туралы сыпайы ғана сұраңыз. Арабтар өте қонақжайлы халық. Олар қонақты шай, кофе немесе салқын шырындармен қарсы алады. Шығыс елі қонақ күтудің ежелгі дәстүрін ұстанады, сондықтан тағамды қабылдамау – үй иесін сыйламағандығыңыздың белгісі. Тағамды, шырындарды немесе қандай да бір заттарды тек оң қолыңызбен ғана алыңыз. Шай, кофе секілді тұтқасы болмайтын кіші стақанға құйылып, сүтсіз, тәтті-дәмділермен қоса беріледі. Жаздың ыстық күнінде шөп қосылған араб шайы көкірегіңді оятады.

5-билет

  1. Жапон халқының ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары, ұлттық мерекелері.

Жапондықтарда ер баланың да, қыз баланың да ойнайтын ойыншығына дейін ұлттық нақышта жасалады. Ойын арқылы жапон баласы ер бабасының ерлігін түйсініп, дана әжесінің шеберлігін ұғынады. Мысалы, «Карута тори» деген ойынды кішкене баладан бастап, ересек адамдар да ойнайды. Әр ойын әншейін уақыт өткізу үшін емес, елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. «Карута ториді» ойнау үшін байырғы әдебиеттен жүз жыр білу керек. Ясуюкидің ең бір ұнатқан дүниесі жапонның ұлттық Го ойыны. Шашка ойынына ұқсас Гоны жапонның іскер адамдары сүйіп ойнайды. Ұлттық тағам түрлері, негізінен, күріштен жасалады. Қою тағамдарды қос таяқшамен жейді. Ас қатығы, тұздығы соя бұршағынан, көкөністен даярланады. Жапонияда балықпен бірге теңізден ауланатын кальмар, осьминог, устрица, т.б. тағамдарды пісіріп те шикідей де мол қолданады. Келесідей он бес күн ұлттық мереке болып саналады. Бірінші қаңтар – Жаңа жыл, қаңтардың екінші дүйсенбісі – Кәмелетке толған күн, он бірінші ақпан - Мемлекеттің құрылған күні, жиырмасыншы ақпан – көктемгі күн мен түн теңелуі, жиырма тоғызыншы ақпан – егістік күні, үшінші мамыр – Конституция күні, төртінші мамыр – көктің күні, бесінші мамыр - балалар күні, шілденің үшінші дүйсенбісі – теңіздің күні, қыркүйектің үшінші дүйсенбісі – қарттар күні, жиырма үшінші қыркүйек – күздегі күн мен түннің теңелуі, қазанның екінші дүйсенбісі – мәдениет күні, жиырма үшінші қараша – еңбекке ризашылық күні, жиырма үшінші желтоқсан – императордың туған күні. Егер мейрам демалыс күнге түссе онда дүйсенбі күн демалыс ретінде саналады. Және де «ұлттық демалыс» деген де бар. Егер екі ұлттық мерекенің арасы тек бір күн ғана болса, онда ол күн демалыс болады.

  1. Қазақ халқының үйлену тойына байланысты орындалатын әдет-ғұрыптары

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.

  1. Араб халқының мәдениеті (4-билеттің 3-сұрағы)

6-билет

  1. Араб халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (4-билеттің 3-сұрағы)

  1. Қазақ халқының бала туылғаннан бастап ержеткенге дейіңгі орындалатын әдет-ғұрыптары

Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін . Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.Сүндет ) — медицина ғылымында «циркумцизия» деп аталады.Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел бастаараб халқыныңәдет-ғұрпыболатын. Сүндет мәселесіҚұрандабаяндалмағанымен, көне арабпоэзиясыменхадистердеайтылған. СүндетМұхаммед пайғамбардың(ғ.с.)сүннетіболғандығы үшін демұсылманхалықтарында ерекше маңызға ие болды.Меккедеер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды.

  1. Неміс халқының мәдениеті

Неміс мәдениеті өте бай. Мақтанар тұлгалары да өте көп. Музыка жанырына келер болсақ әйгілі Баха пен Генделя, Бетховена мен Шуберта, Брамса және Вагнера. Әйгілі суретшілері А-Дюрера, Л.Кранаха, Т.Рименшнайдера, Э.Л.Кирхнера. Әдебиеттердегі жазушылары И.В.Гёте, Ф.Шиллера, Г.Гейне, Э.Т.А.Гофмана, Т.Манна... Бұл тұлғалар тек неміс тарихы емес, бүкіл әлем мәдениетінде орны ерекшк тұлғалар. 16 – 17 ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады. Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 млн-дай Немістер тұрды. Олар 2-дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады. Германия тұрғындарының айтуынша, Жаңа жылды қандай күймен қарсы алсаң, жыл солай өтеді. Антропологиялық жағынан еуропоид расаның атлант-балтық тобына жатады, орта еуропоид раса өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді. Діндері католизм,валюталары евро. XVI – XVII ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады.

7-билет

  1. Неміс халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары

Немістер үлкен отбасылық мерекелерді жақсы көреді, сондықтан ылғи да отбасында тамақ ішуге тырысады. Немістер отбасын құруга асықпайды. Олар 30 жастан асканда отбасын құрып, балалы болуды 1-2 жылдан кейін ойлайды. Себебі оларда бірінші кезекте жұмыстары, мансабы тұрады. Немістер бала тәрбиесіне өте қатты көңіл бөледі. Балаларға балабақшадан өз құқықтары жайлы үйретеді. Сондықтан ата-аналары балаларына қол көтермейді, ренжітпейді, дауыс көтеріп ұрыспайды және бұны дұрыс деп ойлайды. Сондықтан балалары өте ерке болып өседі. Ата-аналарының баласына көңіл бөлуге уақыты блмағандықтан көбінесе күтуші жалдайды. Сондықтан көп жағдайда ата-ана емес, балалары басқарады. Тағы айта кететін жай, немістер балаларына теледидар көруге мүлдем рұқсат бермейді екен. Сондықтан ата-аналар балалары ұйықтағанда ғана көреді екен. Кейбір ата-ана ғана күніне 15-30 мин ғана көруге рұқсат береді екен. Кинотеатрларғада балаларын апармауға тырысады. Балалар тек ойыншықтармен ойнайды, сурет салады, түрлі секцияларға қатысады. Әр отбасында үйінің алдында жеке бассейн, балалар ойнайтын алаңы бар. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып балалар арысында психологиялық ауытқушылық болып тур. Ата- аналар көп психолог көмегіне жүгінеді. Өйткені балалар тұйық болып оседі, өйткені ата-анасымен көп тілдеспейді, көршілерімен шығып сөйлеспейді, ешкімді қонаққа шақырмайды, сол себепті достарыда болмайды. осының барлығы үлкен әсерін тигізеді.

  1. Грек халқының мәдениеті

Гректердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі фабрикалық киімдер киген. Ерлер «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды. Діни сенімдері – православиелік. Гректер үлкен европеоидтық нәсілдің үнді-жерорта теңізі нәсіліне жатады. Кейбір солтүстік топтар балқандық-кавказдық нәсілдерге жатады. Гректер этносының негізін ежелгі грек қоғамы құрайды, ол б.д.д. 2-ші мыңжылдықта Балқан түбегінің оңтүстігіне, Эгей теңізінің аралдарына және Кіші Азияның батыс жағалауларына байырғы халықпен сіңісіп кеткен ионийліктер, ахейліктер, эолийліктер мен дорийлер тайпаларының қоныс аударуынан кейін қалыптаса бастады.

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары (2-билет 2-сұрақ)

8-билет

  1. Грек халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары

Христиандықты қабылдап, діни сенімге сәйкес, азаматтық некеден басқа неке қию және шоқындыру рәсімдерін өткізеді. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі фабрикалық киімдер киген. Ерлер «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды.

2. Қазақ халқының ұлттық ойындары (3-билет 2-сұрақ)

3. Орыс мәдениеті

Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; Орыстар (орыс. русские) - бұл атауды новгородтықтарға княздық етуге шақырылған Рюриктің варягтары (рустар-скандинавтар) өздерімен бірге әкелген. Этноним тұрғындардың екі тобын: Ежелгі және Киев Русінің халқы мен Ресей этносын біріктіреді.

9-билет

1. Орыс халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы

Құда түсуге жігіттің жақын туысы нан алып қалыңдықтың ата – анасына барады. Егер қалыңдықтың ата – анасына құдаласуға ризалығын беретін болса, нан кесіледі, егер нан кесілмей кері қайтарылса бұл келіспегендіктің белгісі. Орыстың кейбір деревняларында құда түсуге келген адамды «Сходатай» деп атаған. Святки жұмыстардың саябырсыған кезінде, яғни жылдың аяғы мен басында жастардың ойын-сауық құратын мерекесі. Маслиница – сүт, кілегей, май, жұмыртқадан мол тағам әзірленеді. Ірімшіктен құймақ пісіріледі. Пасхада қазақтардағы ораза тәрізді жеті апта ауыз бекітілу ұстанады, ет тағамдарын жемейді және әр күн сайын шіркеуге барады. Пасхада жұмыртқа пісіріп, оны түрлі-түсті етіп бояйды, пасха бір апта бойы мерекеленеді.

  1. Қазақ халқының ұлттық мерекелері

Наурыз– Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.Қазақтарүшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың22-сінде,күнментүнтеңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлішыршаменқарсы алу дәстүрінРесейде1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.Құрбан айт – мұсылмандардыңең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан»кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер ҰлыМеккегеқажылықпенаяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстандажыл сайын тойланатын мереке. Мереке1996 жылданбастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанындаҚазақстан президентіНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтіңжарлығы бойынша1 мамырҚазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.