Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Ксіпкер

.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
119.09 Кб
Скачать

АЙНАЛМАЛЫ ФОНДТАР. ЖАЛҒА АЛУДЫҢ ТҮРЛЕРІ: Айналмалы капитал – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады: өндірістік айналым қорлары айналыс қаражаттары Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады. Айналыс қаражаттары меншікті және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты – кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі. Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар: - ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану; - өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру; - шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану. Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады. Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді: - жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты; - еңбек процесіндегі үзілістер уақыты; - өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі. Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты - дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады. Жалға беру, аренда (лат. arrendare — жалға беру) - мүлікті жалдау, ол бойынша шарт аренда беруші арендашыға мүлікті белгілі бір сыйақыға ареңда ақысына уақытша пайдалануға береді. Соңғы кездері машиналар мен жабдықты арендаға тапсыру кең өріс алып келеді. Арендаға тапсыру мерзімі бойынша халықаралық тәжірибеде жабдық арендасының екі түрі айырмаланады: қысқа мерзімді (әдетте алты айға дейін) - прокат (кіре), немесе рейгинг және ұзақ мерзімді (әдетте алты айдан бірнеше жылға дейін) - лизинг. Меншiктiң жанында арендалық төлемге жалгерге уақытша иелiк және пайдалануға берiлген мүлiктiк келiсiм шартының формасы. Мысалы, ауыл шаруашылығында және табушы салалар топырақпен немесе жер қойнауларымен уақытша пайдалану төленедi. Материалдық активтермен пайдалануға жер рентаны, процента амортизацияны қосады. Келiсiм шарты сәйкес жемiс, өнiм және жалгер алған қолданудың нәтижесiнде жалға алған дүниелердiң табыстары, оның меншiктерi болып табылады.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ТУРИСТІК МӘНІ: Осыншама тарихты артқа тастаған қазақстанда қазір 160-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда. Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қатар көптеген самиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін бірнеше отырыстар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем-күз айларына келеді. Қысқы, әсіресе жазғы кезде бизнес-туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейлі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес-туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар – ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай, әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандарының айтуынша, бір орынды номерге тәулігіне 290$ төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Regent Ankara және Hayatt Regency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдайда қалыпты баға болып саналмайды да, номерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті клиенттерге немесе отельмен бірге жұмыс жасайтын туроператорларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір турфирмалар Алматының 5 жұлдызды қонақ үйінің бір номерін прайста көрсетілген бағадан 30% түсіреді. Бірақ The Regent Ankara немесе Hayatt Regency деңгейлес қонақ үйлерінің мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнесс орталықтарының болуы салдарынан аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс-конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек, қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ басқа да көзқарастардыңбарлығын да мойындау керек. Мысалы, «Отырар» қонақ үй кешенінің директоры Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ңшңнде казино, түнгі клуб, мейрамхана, авиакасса және т.б. болуын тек туристердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндірді.

БАСҚАРУ ТИПІ БОЙЫНША ҚОНАҚ ҮЙЛ-Ң ЖІКТ-І: Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т.б. ұжымдық орналастыру құралдары жатады.Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең ауқымды қосымша қызметтер.Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады.Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар бола алады. Мамандандырылған қонақ үйлерге:

Кемпинг – қала сыртындағы жерлерде орналасатын, жазғы үйшіктермен, палаткалармен жабдықталған автотуристтерге арналған лагерь.

Ротель – бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен танысады да, түнде поезде түнейді.

Ботель – сәйкесінше жабдықталған кемені ұсынатын жүзгіш қонақ үй; туристтерге ыңғайлы нөмір-каюталар, белсенді демалыс қызметтері, келісімдер үшін залдар, байланыс қралдарын, көптеген барлар мен ресторандар ұсынылады. Қонақ үй нөмірлерін келесідей классификациялап бөліп қарастыруға болады:1. Бизнес – класс нөмірлері 2. Эконом класс нөмірлер 3. Апартамент – нөмірлер 4. Люкс – апартаменттер

БӘСЕКЕЛЕСТІК КӘСІПКЕРЛІК ОРТА: Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекелестік кәсіпкерліктің құрылуына жетекші рөлді шағын бизнестің көптеген даму факторлары атқарады, олар конструктивті келісімнің нарықтық механизмін құрады және әр түрлі субъектілер арсында өзара әрекетті – аймақтық маңызды жобалар  қызметтерін іске асыруда ықтимал  серіктестіктер. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-бірліктерді, мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, білім беру, консалтингтік және басқа құрылымдар өзара әрекет механизмін құру мен қамтамасыз ету. Ешбір елде еркін нарық болмайды, өйткені оған белгілі экономикалық жағдай жоқ. Керісінше жекеменшіктің әртүрлі формалары бар бәсекелестік нарық болады. Мұнда мемлкеттік емес меншіктер басым болады. Дамыған нарықтық инфрақұрылымның негізігі үш элементі бар: тауарлар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы және қаржы нарығы.

Дамыған бәсекелестік нарық күрделі құрылымымен және күрделі жүйемен (биржа, коммерциялық банктер, аудиторлық мекемелер, сақтандыру компаниялары, жарнамалық компаниялар, кәсіпкерлер ассоциациясы және т.б.) ерекшеленеді.

Нарықтың маңызды бөлігі оның бәсекелестігі болып табылады. Бәсеке – бұл кәсіпкерлердің тұтынушылармен және өзара бәсекеге түсетін жүйеленген механизмі. Бәсеке (лат. Тілінен конкурро – сталиваться) экономикалық прогрестің қозғаушысы. Бәсекенің келесі түрлерін ажыратады:

-функционалды (белгілі бір тауар бәсекесі)

-түр ішілік (видовую) – баға және сапасы жағынан

-фирмааралық – белгілі бір фирма, кәсіпорын арасында

-сала ішілік және салааралық

-жетілген және жетілмеген. Жетілген бәсекенің келесідей түрлері бар – сатушылар мен тұтынушылардың көптігі, шығарылатын тауардың бір түрлілігі, сатушылар мен тұтынушылар бағаға әсер ете алмайды, кәсіпкер нарықты толығымен біледі.

1933 жылы Дж. Робинсон «экономическая теория несовершонной конкуренции» атты жұмысында жетілмеген бәсеке туралы айтып өтеді. 

БӘСЕКЕЛЕСТІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ: Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар:

1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

БИЗНЕС ЖОСПАР БОЙЫНША «СВОТ» ТАЛДАУ: Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

СВОТ (ағылшынның SWOT – strength – күш, қуат, weak – әлсіздік, opportunіty – мүмкіндік, threat – қатер) –компанияның(фирманың) менеджері өзінің қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар (немесе ықтимал) ресурстарды талдау үшін пайдаланатын қысқарған сөз. Ағылшынның “қуат”, “әлсіздік”, “мүмкіндік”, “қатер” (сыртқы ортаға қатысты) деген мағынаны беретін сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Фирманың жай-күйі осы факторларды ескере отырып айқындалады. Сонан соң міндет қойылып, мүмкіндікті пайдаланып, қатерге жол бермеу, қуатты еселеп, әлсіздікті жою жоспарлары жасалады.

SWOT-талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

-Жағымды жақтары (Strengths): жарнамалық қызметтің заңнамалық, нормативті-құқықтық негіздері қалыптасты, жарнама саясатын мемлекет қолдайды және реттейді, ел тұрғындарының компьютерлік сауаттылығының жоғарылығы және ақпаратты алудың жоғарғы деңгейде болуы, және т.б.

-Жағымсыз жақтары (Weaknesses): саяси жарнамада манипуляциялық тәсілдерге ерекше мән беріледі, аталған сала бойынша мамандардың аздығы, заңнамалық құжаттарда саяси жарнама туралы тек үгіт ретінде көрсетіледі, жарнамада саяси нарықтың сегментация принциптеріне, яғни, географиялық, мінез-құлықтық, демографиялық себептеріне мән берілмейді, және т.б.

-Мүмкіндіктері (Opportunities): қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс шарттарын қамтамасыз етеді, сәтті орындалып жатқан саяси реформалар жаңа заңнамалық, нормативті-құқықтық негізін қалыптастырады, қоғам мүшелері саяси реформалардың жүргізілу маңыздылығын түсінеді, адамгершілік құндылықтарын үндейді, саяси жарнаманың қолдану салаларына мемлекеттік көмек, электораттың саяси мәдениетінің деңгейін көтереді.

-Қатерлері (Threats): жасанды саяси имидж дайындалады, саяси жарнаманы реттеудегі заңнамалық базаның әлсіздігі жөнсіз жарнаманы пайдалануға әкеледі, мамандарды дайындаудағы тиімді жүйенің жоқтығы, сайлау науқаны кезеңінде “лас” технологиялар қолданылады.

БИЗНЕС ЖОСПАР ЖАСАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН БІРЛІКТЕРІ Бизнес – жоспар нарықтық экономикаға қажет дәстүрлі құжат болып табылады, онсыз бизнес саласында маңызды әрекеттер жасалмайды. Белгілі бір шамада ол жүйелі әдісті үйреншікті емес, міндетті болып қалған жоспарлау процесіне рәсімдеуді білдіреді. Нарықтың экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, өзіндік дамудың перспективалы жоспарын құруға, жаңа тауарлар мен қызмет өндірісінің және оларды тартудың рационалды әдicтepiн тандау концепцияларын құруға көмектеседі. Бизнес-жоспар фирмаішілік өзгерістерге немесе нарықтағы өзгерістерге байланысты жаңаланып отырады, оған өзгерістер енгізілді. Бизнес-жоспарды әpбіp фирма көлемінде байланыссыз құрады. Кіші фирмалар бизнес-жоспарды әзірлеуге консалтинг ұйымдардың мамандарын шақыра алады.

БИЗНЕС ЖОСПАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ: Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Ол ұйым мақсатының қандай болуы және оның мүшелері осы мақсаттарға қол жеткізу үшін не істеу қажеттігі жөніндегі шешімдерге келуді көздейді. Шынтуайтқа келгенде бүгінгі күні ертеңгі күні не болатынын ойластырып, оған алдын ала қамдану және ол күні қалай әрекет ету деген сөз.

Жоспар ұйымның келешектегі жағдайының күрделі әлеуметтік-экономикалық моделі іспетті. Жоспарлау барысының сатылары негізінен универсалды. Ал нақты әдістер мен стратегиялар жайында сөз өрбітер болсақ олардың ерекшеліктері ұлғая түседі. Әдетте ұйым жалпыға ортақ жоспар жасайды, бірақ оның шеңберінде жекелеген кәсіпкерлер нақты мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін әртүрлі әдістер қолданады. Осылайша нақты бір кезең үшін ұйым жүріп өтетін жолдың картасы жасалынады.

БИЗНЕС ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫ Бизнес – жоспар нарықтық экономикаға қажет дәстүрлі құжат болып табылады, онсыз бизнес саласында маңызды әрекеттер жасалмайды. Белгілі бір шамада ол жүйелі әдісті үйреншікті емес, міндетті болып қалған жоспарлау процесіне рәсімдеуді білдіреді.

Бизнес – жоспар фирманың ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық міндеттерді шешуге тиімді тәсілдер мазмұндалады. Бизнес – жоспар – кәсіпорыныың, фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық – инновациялық шешімдерінің қажетті құралы. Нарықтық экономикада бизнес жоспар жұмыс істеп жатқан фирмалар мен жаңа құрылып жатқан фирмалар үшін ксәпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады. Оны 3- 5 жылға құрылады..

Бизнес жоспар келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- Фирманың ары қарай жүретін бағыттарын, нарықты, тауар мен қызмет үлгілерін құрамы мен көрсеткіштерін, орнын анықтау;

- іске қосатын өндірістік ресурстардың, резервтердің болуына талдау жасау және сыртқы ресурстарды тарту қажеттілігі;

- Белгіленген жоспарға сәйкес қаржы жағдайын бағалау, жеке құраладар арқылы мақсатқа жету мүмкіндігі мен сырт жақтан несие алу мүмкіндігі;

- Маркетингтік зерттеулер арқылы нарықты бағалау, сату арналарын әзірлеу,;

Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мынадай болып келеді:

-қысқаша суреттеме

-бизнес пен оның жалпы стратегиясы

-нарық және маркетинг стратегиясы (маркетинг жоспары)

-өндіріс пен пайдалану

-басқару және шешім қабылдау процесі

-қаржы жоспары

-тәуекел факторлары

ЖАЛҒА АЛУ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ, ЛИЗИНГ: Жалға алу жалғ беруші мен жалға алушының арасында шарт арқылы орындалатын экономикалық категория. Жалға алу шартында жалға беру объектісі, жалға алу төлемі, оның төлеу мерзімі, жалға берілетін мүлікті сақтау туралы екі жақтың келісімі, шарттың ұзақтығы, жалға алудың мерзімі біткен кездегі екі жақтың міндеттері, жалға алынған мүлікті субарендаға беру мүмкіндігі, шартты бұзу жағдайлары көрсетіледі. Жалға алу төлемібір жақтың өтініші бойынша қайта қарала алады.Жалға берілген мүлік жалға берішінің меншігі болып қала береді, ал өндіріліп жатқан өнмі, табыс, өзге де құндылықтар жалға алушының меншігі болады. Лизинг– жалға берудің бір түрі. Қазіргіснарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары. Лингте үш жақ қатысу керек: кәсіпорын- яғни құрал жабдықты өндіруші, жалға беруші- яғни лизингтік компания, және жалға алушы. Ол екі тарапты шарт болып табылады. Лизинг шатында сонымен қатар, құрал жабдықты жалға алу үшін несие беретін банктер мен жалға берушінің мүлкін сақтандыратын сақтандыру компаниясы да қатыса алады.

Лизинг көмегімен кәсіпорын ірі капиталсыз ақ қажетті құрал жабдықтарды алуға мүмкіндік береді. Лизингтің түрлері көп және ол үнемі жетілу үстінде. Мысалы, мүлік түрі бойынша – жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік лизингі, мерзімі бойынша: рейтинг – бірнеше аптадан бір айға дейінгі жалға алу; хайринг – бірнеше айдан бір жылға дейінгі жалға алу; лизинг – бір жылдан бірнеше жылға дейін жалға алу, қаржылық және оперативтік лизинг

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР-КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚР Ата заңынды айтылғандай әрбір азамат өз мүмкіндіктері мен мүлкін кәсіпкерлікке және өзге де заңға қайшы келмейтін әрекетпен айналасуға құқылы. Елеміздің тарихында бұл заң негізгі заңдар тармағына тіркеліп, азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен айналысуға экономикалық еркіндікке кепілдік береді. Бірақ та ҚР Ата заңының 80 бабында Қазақстан азаматы өзінің толық құқығын тек 18 жастан ғана бастай алады. Осыған сәйкес кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқытық тұрғыдан өзінің бизнесін мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде 18 жасқа толғаннан бастап әрекет етуге құқылы.

ҚР АК 15 бабына сәйкес әрбір азамат өзінің құқылы әрекетіне, азаматтық міндеттері мен олардың орындалуы кәмелет жасына толғаннан басталады деген. Ал егер заң жүзінде азамта 18 жасқа дейін некеленген болса, некеге түскен уақытынан бастап толық әрекетке ие болады. Некег түскен уақытта ие болған құқыққа 18 жасқа дейін некені бұзған жағдайда сақталып қалады. Осыған сәйкес 18 жасқа толған жеке тұлға жеке және заңды тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысуға толық құқылы.

Бірақ кәсіпкерліктің  белгілі бір түрімен айналысуға азаматтың арнайы жоғары білімі, шартты түрде кәсіби төлқұжаты және кәсіби біліктілігі болуы қажет.

Азаматтық заңнамаға сәйкес әрекет етуге қабілеті бар азаматтардың кейбір бөлігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқысы жоқ. Мемлекеттік биліктің атқарушы тұлғалары және мемлекеттік басқарушыларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жеке меншігінде кәсіпорынның болуы, өзінің тиесілі акцилар, пайларымен, үлес арқылы шаруашылық серіктестердің жиналысында жеке өзі немесе өкіл арқылы дауыс беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен әскери адамдар, қарулы күштер министрлігінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және салық полиция қызметкерлеріне айналысуға болмайды. Әрекет қабілеті бар азамат заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысуға және осы мақсатта заңды тұлғалармен және жеке өзі заңды тұлға құра алады.

Азамат жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеке кәсіпкерлік куәлігін алу керек, ал сауданы жүргізу үшін патент алу керек.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР-КӘС-К СУБ-І ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын , мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды (авторское права, тауар белгісі) жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі (иелік жасай алмайды) болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлғалардың жеке балансы немесе сметасы болуы керек. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық – құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық – құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.

ҚР АК 45 бабына сәйкес, заңды тұлғалар екі түрге жіктеледі: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтқан ұйымды коммерциялық ұйым дейміз. Белгіленген заңға сәйкес, коммерциялық ұйымдар таза табысты құрылтайшылар арасында бөліседі. Осыған байланысты барлық коммерциялық ұйымдарды кәсіпкерлік ұйымдар деуге болады. Коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестік және серіктестік түрінде, өндірістік кооперативтер түрінде құрылады.

Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтпайтын және табысты құрылтайшылар арасында бөлісе алмайтын ұйымды коммерциялық емес ұйым дейміз. Бірақ коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлік әрекетпен айналысады, яғни құрылған мақсатына қарай мақсатқа жетуін

ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ: Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. 

Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр

КӘСІПКЕРДІҢ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ: Жеке тұлға табысшыл кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беру қиын, бірақ кәсіпкерліктің даму тарихында бұл сұраққа жалпылай жауап беруге болады. Кәсіпкер келесідей қасиеттерге ие болу керек: адал ықыласы болу керек, мақсатына жетуге ұмтылу керек, инциативалы бастамашыл болу керек, лидерлік қасиеті болу керек, өзгенің сөзін сыйлай білу керек, үнемі білімін жетілдіріп отыру керек, тәукелшіл болу керек, қоршаған ортаның қиыншылықтарына төзе білу керек, көздеген мақсатына жету үшін настойчивость болу керек, жауапкершілікті мойна ала алу керек, ынта – жігері мықты болу керек, жеке бастамасы болу керек, еңбекеті сүюе білуі және жұмысқа қабілетті болуы қажет, қажет әріптестерді өзіне тарта білу керек, өзінің қажеттіліктерін заңды түрде ала білу керек.

АҚШ шағын бизнес әкімшілігінің ойынша, қауіпті кәсіпорында табысқа жету үшін кәсіпкер келесідей 5 қасиетке ие болу керек:

А) энергия, жұмысқа қабілеті болу керек

Б) ойлай білу керек

В) адамдармен қарым-қатыныс орната білу керек