Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

культ билет

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
53.64 Кб
Скачать

Леонардо да Винчи (1452-1519 немесе 1456-1519)- Италияның қайта өркендеу дәуірінің (итал. ринашименто, фр. ренессанс - қайта өркендеу) аса ірі қайраткері және оның негізін қалаушылардың бірі. Оның жан-жақты ғылыми және көркем шығармашылық қызметінің маңызы кейін оның колжазбаларын жинақтап, үніле зерттегенде одан әрі ашыла түсті.Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келді. Әкесі - нотариус, қала тұрғыны, ал шешесі қарапайым шаруадағы әйел еді. Леонардо сурет пен мүсін өнеріне машықтану үшін Флоренцияда окыды. Ол жас кезінен еңбек етіп үйренді, қиыншылыкка төзімді болды. Кейін өз шәкірттеріне де осы қасиетін дарытуға тырысты «Адам суреттің көмегімен дүниені таниды. Тәжірибе - дүние танудың бірден-бір қайнар көзі» деген тұжырым жасады. Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы. Деректер бойынша суретте 1479 жылы өмір сүрген Лиза атты әйел бейнеленген, ал кейбір деректер бойынша суретте Леонардо До Винчи өзінің әйел келбетіндегі суретін салды деген дерек бар.Оның себебі суреттің аты «Мона Лайза», яғни италиян тілінен аударғанда «Моя леди» дегенді білдіреді.Сонымен қатар суреттің шын аты «Мона Лиза» емес, «Джоконда» деген дерек шықты.Осындай аталу себеі суретте Франческо Дель Джоконданың әйелі бейнеленуі мүмкін деген болжам бар.Қазіргі кезде осы сурет өте бағалы болып саналады.Бұл сурет Парижде, оқ өтпейтін әйнекпен қапталып сақталған. Қазіргі кезде ол 7 миллион доллар шамасында бағаланады.

Рафаэль Санти.Қайта өркендеу дәуірінің аса көрнекті суретлерінің бірі Рафаэль Санти (1483-1520) болды. Ол адам бойындағы барлық тамаша қасиеттерді - сымбатты да қайратты денені, терең ақылдылықты, ізгі мінезді бейнелеуге тырысты. Жас шағында Рафаэль Флоренцияда түрып, жұмыс істеді. Ол өзінід ең таңдаулы картиналарының көбін осында жазды. Көп ұзамай оны Римге шақырды. Римде ол портреттер салды, Әулие Петр соборының құрылысына басшылық етті. Рафаэльдің туындылары шаттық қуанышын бойына жиып, бақытты дамыл тауып жатқандай. Рафаэльдің Мадоннаны бейнелеген көп картинасы сакталған. Оның картиналарының орта ғасыр шеберлерінің икондарына үқсастығы аз. Рафаэльдің ең даңқты картинасы - «Сикст мадоннасы». Мұны суретші Италияның шағын қалаларының біріндегі Әулие Сикст монастыры үшін салды. Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: суретші адамзат бақыты үшін өзінің ең қымбаттысы - баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейді. Қайта өркендеу дәуірінің ұлы шеберлері осы күнге дейін адам баласы мақтаныш ететін, қайталанбас туындылар калдырып кетті.

Зигмунд Фрейд, нем. Sigmund Freud, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейд, нем. Sigismund Schlomo Freud; 6 мамыр 1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939 жыл, Лондон) — Австрия психологі, психиатрі және неврологі. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы.  Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды.Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды.Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Тотем және табу — 1913 жылы жарияланған З.Фрейдтің кітабы. Бұл кітапта ол мораль мен діндердің шығуы туралы теориясын ұсынған.

Томас Мор (ағылш. Sir Thomas More,тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон — 6 шілде 1535, Лондон))– ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды.Мордың“Утопиясы” кейінгі  реформаторларға,  Фурье,  Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

Н.Я. Данилевский. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де өз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан талдаудың орнына әрбір «өркениеттің» көркем өмірбаянын суреттеу алдыңғы қатарға шықты. Ресейде де бұл идея XIX ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің тарихи-мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей және Еуропа»[8] атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түрік халықтарын таба алмаймыз. О. Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия халықтары варварлық сатыдан шыга алмады» деген еуроорталықтық көзқарас шеңберінде қалып қойған. Әрбір мәдени-тарихи тип оқшау организм тәрізді болгандықтан, олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан өзгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның 1000 жылын қалыптасу, нөр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50—100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із калдырады. Бұл кезеңді Н. Данилевский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық мәдениетке орны толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін жегідей жейді.Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:

1.жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);

2.будандастыру (I Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);

тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нөрімен толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Н. Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.

А. Н. Леонтьев Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-әрекеттік тегі” теориясының маңызы зор. Бұл теоия адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.  Психиканың даму анализі, адам санасының гензистегі қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейді: “Адам өзінің жеке адам ретінде қалыптасуының психикалық көрінісін өзінің мотивациялық сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады:мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке адамдық мағынасын анеықтайды. 2-ші топ мтоивтері де іс-әрекетті себептендіреді, оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді. А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады. А.Н.Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.Ресейлік психология ғылымында мотивация мәселесімен айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмінің үлгілерін талдау бізге келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді: -Барлық үлгілер мотивацияны жеек адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде, іс-әрекеттің қандай да бір механизмі ретінде анықтайды. 

-Келтірілген үлгілерді құрылымына байданысты 2 топқа ажыратуға болады: моноқұрылымдық (бір құрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).

-Аталған үлгілердің көбісі 2-деңгейден құралған: 1-деңгей – төменгі органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтің өмірлік, қоғамдық маңызына себептеніп, саналы түрде жүзеге асады. 

Й. Хейзинга. ХХ ғ. І жартысында голландиялық ғалым Й.Хейзинга мәдениетті түсіндіруде ойын концепциясын ұсынды. Ол 1938 жылы шыққан «Homo ludens» (ойын адамы) атты еңбегінде ойын концепциясын жан-жақты негіздеді. Й.Хейзинганың ойын туралы концепциясы туралы ойлары оның «Орта ғасырдың күзі», «Ойын ойнайтын адам», «Өткен күндер көлеңкесінде» сияқты еңбектерінде ары қарай дамытылған. Й.Хейзинганың пікірінше, мәдениет ойын ретінде басталмайды, ойынның шеңберінде басталады, мәдениет ерте кезде ойын формасында көрінген.Ойын мәдениеті тәндік мәдениеттің өнерлік, спорттық-жарыстық т.б. функционалдық түрлерін қамтитын әмбебап форма. Себебі шын мәніндегі ойын тек адамға тән болғандықтан, оның өмір сүруінің бір тәсілі іспеттес. Ол өз концепциясында «ойыншы жан», «ойын ойнайтын адам» ұғымдарын енгізді.Ойынның қалыптасуына тіл факторының ерекше мәні бар. Австриялық философ Л.Виттенштейн логикада тілдік ойын теориясын ұсынған. Л.Виттенштейннің пікірінше, бала ең алдымен сөйлеу үшін тіл ойынын үйренеді. Заттарды сөзбен атау оған белгі таңу болып табылады.Сол себепті ойын элементі тек мәдениет аясында ғана емес, тілде де бар деп есептейді.Й.Хейзинга өзінің жоғарыда  аталған еңбектерінде ойынға тән қасиетті ерекшеліктердің бірнеше түрін нақты көрсетеді. Оның түсіндіруінше, ойын – мағынаға толы функция. Ойын өмірге өзіндік рең, сипат береді. Ойын элементін мәдениеттен іздесек, онда мәдениет құбылысы ойындық сипаттарға толы екенін байқаймыз. Ойын мәдениеттен бұрын қалыптасқан, ол мәдениет даму кезеңдерінің бәрінде дерлік кездеседі, оларға нәр беріп тұрады. Адам күнделікті тіршілігінде ойынмен кездеседі. Ойын нақты өмірден, күйбең тіршіліктен дараланып тұрады, ойын олардан асқақ, биікте тұрады.Й.Хейзинганың концепциясы бойынша, ойын табиғатының ерекшеліктері мынадай:  ойын ең алдымен еркіндікке, бостандыққа негізделеді, ойын шын мәніндегі еркіндіктің өзі. Ойын – еркін әрекет, онда күштеу жоқ. Ойын шектілік сипатқа ие, ол кеңістіктің бір нүктесінде және алдын ала нақтыланған уақыт аясында жүзеге асады. Ойынның басты сипаты оның ойналатындығында, белгілі бір келісілген уақытта басталып, аяқталып отыратындығында. Ойын рухани құндылық ретінде есте сақталып дәстүрге айналады, кез-келген уақытта қайталанады. Ойынның ішкі табиғаты тәртіппен байланысты. Ойын тәртібі қасиетті деп саналады. Ойын тәртібін бұзу, одан болмашы ауытқу ойын құндылығына рұқсат келтіреді. Әрбір ойынның өзінің ережесі бар. Сол ережелер ойын тәртібін анықтайды. Ойын функциясының мәні екі аспектіде көрінеді: ол – бірнәрсе үшін күрес және сол күресті басқаларға көрсете білу. Ойынның нәтижесі ұту, ұтыс ұғымдарымен тығыз байланысты. Ойындағы басты мақсат – жеңіске жету. Жеңіс адамға ләззат, қанағат сезімін береді, атақ, даңқ, құрмет әкеледі. Ойынға сәттілік, құштарлық, бәсекелестік, тәуекел элементтері тән. Бұл элементтер ойында бәс тігу, қызымпаздық, қатыгездік сияқты жағымсыз қылықтардың тууына себепші болады.Ойынның эстетикалық жағы басым. Ойынға ырғақ, үйлесім тән. Адам тәні қозғалысының сұлулығы, көріктілігі ойында жүзеге асады. Бұл ойынның мазмұндық сапасын арттырып, көрініс сәтін күшейтеді

 Освальд Шпенглер (1880-1936) өзінің "Европаның дағдарысы” еңбегінде адамзат ұғымын өткір сынға алып, "әлемдік тарих” идеясына қарсы шықты. Шпенглердің пікірінше, мәдениеттер ішкі герметикалығымен ерекшеленіп, бір-бірін өзара бөтенсінеді. Ол үшін "адамзат” - бос дыбыс, өйткені, халықтар әртүрлі уақыттағы кеңістікте өмір сүреді. Әрбір мәдениеттің өзіндік арнайы сауыт сияқты табиғаты бар, оған өзге мәдениеттің адамы ене алмайды. Сондықтан әлемдік тарих - батыстық рационализмнің ойлап шығарған қиялы.Европалық рационализмді “өмір философиясы” тұрғысынан сынай отырып, ол өзінің мэдениет мифологиясы концепциясын ұсынады. Оның мәнісі, О.Шпенглер жануарлар мен өсімдіктер өмірі жэне адам өмірі арасында салыстыру (аналогия) жүргізіп, тарихты биологияландырады. Туылу, өсу, қартаю және жойылу - міне, тек өсімдіктер мен жануарларға ғана емес, саналы адамға да, оның шығармашылық күш-жігерімен құрылған мәдени ағзаларға да бұйырған үлес осы. “Өмірдің тамырының соғуы” пайда болу, даму және құлдырау кезеңдерін бастан өткізетін жекелеген оқшау тұйық мәдениеттердің құрылуына әкеледі. Ол осындай сегіз мәдениетті жариялайды: мысырлық, үнділік, вавилондық, қытайлық, аполлондық (грек-рим),  “магиялық”      (византиялық-арабтық), “фаустық” (батысевропалық) жэне майя. Әрбір мэдениет, Шпенглердің ойынша, өз “әлеміне” сәйкес ерекше “жанға” ие болады. Әрбір мэдениет туылысымен-ақ тағдырдың тәлкегімен өлімге бас тігеді. Жазмыш оған ақыры трагедиялық финалға жеткізетін мыңжылдық эволюция өлшеп береді.Шпенглер өзінің мифологиялық концепциясында әрбір мәдениеттің негізгі символын

- “прафеноменін” табу қажет, тек сол арқылы ғана оның “жанын” түсінуге болады деп есептеді. Ол ең басты назарды үш мәдениетке - греко-рим, батысевропалық және византиялық-араб мәдениеттеріне аударады. Олардың әрқайсысының “прафеномен” немесе базистік символ арқылы ашылатын өз “жандары” бар. Греко-рим мәдениетінің “аполлондық жаны” сезімдік тән (дене) символы арқылы ашылады. Батыстық мәдениеттің “фаустық” жаны шексіз кеңістік пен уақыт символында, ал “магиялық жан”- жан мен тәнді қарсы қою арқылы ашылады.

А.Дж. Тойнби (1899-1975) - ағылшын философы және тарихшы. Ол оқшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен келістіруге тырысады. О.Шпенглермен салыстырғанда ол жалпыәлемдік-тарихи процестің мәнін теріске шығармайды, бірақ жекелеген оқшау өркениеттердің өмір сүруін де мойындайды. Олардың типологиясын зерттеу бұл өркениеттердің қалыптасуы мен өмір сүруінің ішкі заңдылықтарын анықтауға негізделуі тиіс. Оның концепциясындағы тарихи процестің бөлінуінің негізгі бірлігі мәдениет емес, өркениет болып табылады. Ол оны қоғамдық дамуға ықпал ететіндей шығармашылық элитасы (зиялысы) бар қоғамның жағдайы ретінде түсінеді. Б.з.д. III мыңжылдықта қалыптасқан алғашқы өркениеттер технология саласындағы секірісті ғана білдірмейді, құрамында шығармашылық элитаның “өркениетті” тобы бар таптық қоғамның құрылуын білдіреді. Өркениеттің өсуі оның прогрессивті және қорытушы түрде өзіндік ішкі сара жолды анықтауымен сипатталады, яғни діни сана мен мәдениеттің неғұрлым жоғары және күрделі формаларына өтуді білдіреді. Ғалым “жоғары” діндер қатарына мыналарды жатқызады: зороастризм, иудаизм, буддизм, христиандық жэне ислам.Оқшау өркениеттердің типологиясының өлшемінің негізінде антропологиялық сипаттама жатқызылады. А.Тойнбидің пікірінше ”мәңгі адамның” төрт универсалды белгілері болады: сана және өзіндік сана, өз еркін білдіруге деген адами қабілет, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата білу, сана.А.Тойнбидің тұжырымдауынша оқшау өркениеттер - бұл әлеуметтік және табиғи ортаның талабына деген жауап: табиғи- георафиялық орта адамзат қауымдастығынан үнемі “жауап” талап етеді, ал тарихи көршілер тарапынан төнген қауіп, діни кемсітушілік және т.б. әлеуметтік тұрғыдағы “талап” болып табылады.Өркениеттің тоқырауын Тойнби өзінің өткен жетістіктерін көшірумен ғана айналысып шығармашылық шарасыз күй кешкен шығармашылық элитаның өз күшін сарқумен байланыстырацы. Бұл қоғамның барлық жағцайына зиянцы әсерін тигізеці. Мұның нәтижесінце өркениет өзінің ішкі бірлігі мен өзінцік бағыт таңцау қабілетінен айрылцы. Өркениеттің құлцырау фазасы үш кезеңнен тұрацы: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы, жойылуы. Тоқырау мен жойылуцың арасы ғасырларға, тіпті мыңжылцықтарға созылуы мүмкін. Мысалы, мысырлық өркениетте тоқырау б.з.ц. XVI ғасырца орын алса, ал оның жойылуы б.з. V ғасырына сәйкес келеці. Екі мың жыл бойы ол "өмірцің тас болып қалған өлімі” формасынца өмір сүрці. Тоқырауцан кейін це ұзақ өмір сүретін өркениеттерці белгілеу үшін А.Тойнби осы "тас болып қалған” өркениет терминін қолцанацы. Мысыр екі мың жылға қатып қалса, ал Қытай мың жылға тас болып қалған. Бұл өзге өркениеттерде де кездеседі.А.Тойнби тарихта типологиялық тұрғыца ажыратылатын отыз алты өркениет бар цеп есептейці. Ол өркениеттерді дамуы "толық іске асқан” және "іске аспаған” (мысалы, христианцық несторианцық, христианцық монофизиттік, христианцық қиырбатыстық және т.б.) цеп бөледі. Дамуы толық іске асқан өркениеттерцің өзі тәуелсіз және сателлиттер цеп бөлінеді. Тәуелсізцердің өзі мынацай өркениеттерге бөлінеді:өзгелермен байланысты емес (орта американцық, анцтық); өзгелерден туындамайтын (шумер-аккац, мысыр, эгей және т.б.); өзгелерцен туынцайтын (сириялық, африканцық, православиелік- христианцық және т.б.). Өркениеттерцің көпшілігі ацамзаттық прогрестің, әлемдік тарихтың біртұтас ағынына қосылып кетеді.

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды. Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған.Оған,әсiресе,жасөспiрiмдер көп қызығады. Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің,дамытудың бір жолы. Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө¬те¬ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс¬түр¬лі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн.

Тәуке ханның Жеті жарғысы.1680жылы Қазақстан жеріндегі хандықтың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717жж) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың ел силаған билерге сүйене отырып, халықтың елдің бірлінің туын жоғары ұстады. Тәуке хан 1687-1688жж Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген тіпті, қаланы алуға әрекеттенген Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркестан оның астанасы 17ғасырдың 90жылдарында янғи Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, қырғыз,оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен жоңғарлар тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай жалғасып тұрды. Олардың1860жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың шабуылынан аман қалды. Өйткені мұнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлар салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың тіршілігін күйзелті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бұқара халықтың шаруашылығына үлкен зардап тигізді. Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тиып,үш жүздің үшеуі неде тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулар мен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметінің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында “Жеті жарғы’’деген атау мен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағыын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауға шектеу үшін аян бай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси құқық жүйесін белгілеп,халықты бірлікке ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіндегі Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек биді, Кіші жүзден Әйеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. Бұл оның халыққа кең тараған “Жеті жарғысымен’’байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген. “Жеті жарғы” көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны. -қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе оған ердің құнын төлеу (ер адамға- 1000 қой, әйелге -500); -ұрлық қарақшылық,зорлық зомбылықа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.  -денеге зақым келтірілсе,оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ- 100 қой,шынашақ -20 қой);  - егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады); - төре мен қожаның құны қарашадан 7есе артық төленеді; - егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді; - ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; - өзіне- өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; -егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса; бес айлық бала үшін- бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға- әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100түйе- 300атқа немесе 1000қойға тең); -әйел зорлау кісі өлтіру мен бірдей қылмыс болып есептеледі Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс,егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;  -егер ері әйелінің көзіне шөп салу кезінде ұсталса,өлтіруге қақылы,бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4сенімді адам теріске шығарса, әйел күмәнсіз деп табылып, жазадан босатылады; -Біреудің әйелін күйеуінің келісімісіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді,егер әйелдің келісімі мен әкетсе,күйеуіне қалың төлеп,қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;  - әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет,сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады; - қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бүйырады; - құдайға тіл тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) тас пен атып өлтіріледі; - кәпір болған адам мал- мүлкінен айырылады; - құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде; - ата- анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;  - Ұрлық жасаған адамүш тоғызы мен қайтарылуға тиіс; - ерінің ұрлығын біле тұра әйел мен баласы жазаға тартылмайды,өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналды; -өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады; -дан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс; - дауды шешу билер мен ақсақалдар ға жүктеледі; - куәлікке екі немесе үш адам жүреді; - билерге билік айтқан үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі; - егер айыпкер айыбын төлемесе,оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады; - ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;  - егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.  Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде бір қазақтың қару- жарақсыз келуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай- ақ қару ұстап жүре алатын кезкелген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай- ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.