Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Bukh_uchet_referat

.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
67.75 Кб
Скачать

Мазмұны

I Кіріспе....................................................................................................2

1.1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік..............................3-5

II Негізгі бөлім

2.1. Бухгалтерлік есеп шотттарының құрылымы мен жіктелуі........6-12

2.2. Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу)

шоттары............................................................................................13-15

2.3. Шоттарға жазу және қателерді түзету әдістері.......................16-18

III Қорытынды...........................................................................................19

IV Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................20

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорының қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында жалпы бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шоттарды жіктеу мен шоттарды менгеруді ғана емес, сонымен қатар, олармен тәжірбие жүзінде пайдалануға да мүмкіндік береді. Шоттармен берілетін көрсеткіштердің жиынтығы шоттардың мақсаты мен олардың атқаратын қызметтерін анықтайды. Шоттардың мақсаты өздерімен байланысты олардың мазмұндары сияқты әр түрлі шоттар үшін сан алуан. Шоттардың мазмұнын анық түсіну және олардың дұрыс пайдалана білу бухгалтерлік есепті меңгерудің басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатты шешу ең алдымен шоттардың қасиеттері мен ерекшеліктерін меңгеруді талап етеді. Шоттардың жіктелу белгілеріне байланысты сипаттамалары: - Бухгалтерлік есеп шоттары, мақсаты және құрылымы, балансқа қатысы бойынша. - Шоттар жоспарына қосымша ретінде әрбір шоттың мазмұны мен мақсатының сипаттамасы және оның басқа шоттармен корреспонденциаға беретін нұсқау әзірленеді. Шоттардың мақсаты – олардың жіктелуінің екінші белгісі. Шоттардың мазмұны мен мақсаты- шоттардың құрылуын немесе олардың құрылымы, яғни олардың дебиттік және кредиттік жазбалары мен қалдықтарының сипаты мен мағынасын, баланстағы жағдайын және т.б. анықтайды. Шоттардың құрылуы олардың мазмұны мен мақсатына байланысты әр түрлі шоттар үшін сан алуан болып табылады.

Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.

Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот – бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы – бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т – шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

  • атауы;

  • сол жағы – дебет;

  • оң жағы – кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Шоттың атауы

Дебет Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.

Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.

Сс=Са+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.

Шот атауы

Дебет Кредит

Есептік кезең басындағы қалды

(Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың өсуі әсерінен сомалардың кемуі

Дебет бойынша айналым жиыны Кредит бойынша айналым жиыны

Есептік кезең соңындағы қалдық

(Са)

Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.

Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:

Сс=Са+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.

Шот атауы

Дебет Кредит

Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың кемуі әсерінен сомалардың өсуі

Дебет бойынша айналым сомасы Кредит бойынша айналым сомасы

Есептік кезең соңындағы қалдық (Са)

Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:

  • активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;

  • активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;

  • пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет – қайнар көздердің азаюын көрсетеді;

  • жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса – дебетке, кредит жағында болса – кредитке жазылады.

Ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұнын арнайы тәсілдерге қарай тіркеп, бағалап, жинақтап, бір жүйеге келтіріп жазу үшін бухгалтерлік есеп шоттары қолданылады.

Шоттардың атқаратын міндеті мен рөліне қарай және активті қаражаттар мен меншікті капитал өрісінде міндеттемелер өрісінде күнделікті болып отыратын шаруашылық фактілерін тіркеу қасиетін білу арқылы бухгалтерлік есеп пәнінің маңызын терең түсінуге болады. Шоттар әрбір активтер мен пассивтердің меншікті капитал, қатыстырылған капитал, табыстар мен шығындар, т.б. есеп объектілерінің жекелеген түрлерінің есебін жүргізу үшін ашылады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген шоттар қолданылады. Кейбір шоттарда көптеген шаруашылық операциялары, ал кейбір шоттарда аздаған операциялар жүргізілуі мүмкін. Шоттарды дұрыс қолдану арқылы. Екі өзгерістің экономикалық байланысын сипаттайды. Екі шотты қолдану, бұларға бірдей сомманы жазу шоттар жүйесіндегі ең қажетті қағида болып табылады.

Активті қаражаттар, міндеттемелер мен меншікті капиталдың қалыптасуына және бұлардың қозғалысына қарай шоттар активтік және пассивтік болып ажыратылады. Активтік шоттар – баланстың сол жағына жазылатын активті қаражаттардың түрлері мен бұлардың экономикалық маңызына қарай белгіленген шоттарды айтамыз. Ал пассивтік шоттар – баланстың оң жағына жазылатын міндеттемелер мен меншікті капиталдың түрлері және бұлардың экономикалық маңызы мен қалыптасу көздеріне қарай белгіленген шоттарды айтамыз.

Бухгалтерлік есеп шоттары баланстың активтік және пассивтік көрсеткіштері мен негіздеріне қарай ашылады. Бұдан соң жаңадан ашылған шоттарға бастапқы қалдық сомасы бухгалтерлік баланстағы сомаға сай жазылады. Мысалға, баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың сомасын активтік шоттың дебетіне, ал баланстың оң жағындағы меншікті капитал мен міндеттемелер сомасын пассивтік шоттың кредитіне жазады.

Бухгалтерлік есеп шоттарына күнделікті немесе ағымдағы шаруашылық фактілерінің орын алуына сай жазылатын сомаларды – айналым сомасы деп атайды. Шоттардың дебетіне жазылған соманы – дебеттік айналым, ал кредитіне жазылған соманы – кредиттік айналым деп атайды.

Активті шоттардың соңғы қалдығын (сальдо) шығару үшін бастапқы дебеттік қалдық сомасына, дебеттік айналым сомасының жинағын қосып, бұдан кредиттік айналым сомасының жинағын азайтады. Сонда активтік шоттағы қалған қалдық міндетті түрде дебеттік болып, осы шоттың сол жағында көрсетіледі.

Пассивтік шоттардың соңғы қалдығын (сальдо) шығару үшін, бастапқы кредиттік қалдық сомасына кредиттік айналым сомасының жинағын қосып, бұдан дебеттік айналым сомасының жинағын азайтады. Сонда пассивтік шоттағы қалған қалдық міндетті түрде кредиттік болып, осы шоттың оң жағында көрсетіледі.

Сонымен активті шоттардағы қалған дебеттік қалдық активті қаражаттардың көбеюін, ал пассивті шоттардағы қалған кредиттік қалдық меншікті капитал мен міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. Шоттардағы дебеттік жинақ пен кредиттік жинақ сомалары бірдей болған жағдайда қалдық (сальдо) болмайды.

«Дебет» және «кредит» ұғымы Батыс Европа елдерінде XIII ғасырда пайда болған. Ерте заманнан бастап «дебет» және «кредит» болып танылған ұғым сату мен несиеге беріп-алу операцияларын жүргізу өрісінде қолданылған. Сонымен қатар, бұл ұғымдар банк иелері мен саудагерлер арасындағы әрекеттердің есебін жүргізуге және аралық есеп айырысудың арақатынасын ажыратуға арналған. Дебет – баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың кобеюін, ал кредит – баланстың оң жағындағы көздердің көбеюін айтады.

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар талабын орындау мақсатында жасалып құрылған бухгалтерлік есеп шоттарының пайда жөніндегі қорытынды есеп жасау үшін маңызы өте зор. Пайда жөніндегі қорытынды есеп табыстар мен шығындарды есепті жыл ішінде салыстырып, айырмасын шығарып отыру үшін қажет. Табыс пен жалпы жұмсалған шығынның айырмасы түскен пайданың көлемін көрсетеді. Табыстар – белгілі бір мерзім аралығындағы капиталдың көбеюін, ал шығындар – осы мерзімдегі капиталдың азаюын айтады.

Төменде бухгалтерлік есеп шоттарына операциялар көрсеткіштерін түсіру ережесі берілді.

Активті қаражаттардың көбеюі – дебет;

Активті қаражаттардың азаюы – кредит;

Міндеттемелер мен капиталдың көбеюі – кредит;

Міндеттемелер мен капиталдың азаюы – дебет;

Табыстың көбеюі – кредит;

Табыстың азаюы – дебет.

Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

- негізгі;

- реттеуші;

- операциялық;

- транзиттік;

- баланстан тыс.

Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:

Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.

Қаржылық салымдар шоттары – басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.

Судалық шоттар – еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Есептік шоттар – есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.

Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.

Есептік пассивтік шоттар: дивиденттер бойынша есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыз, алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер.

Капитал шоттары кәсіпорынның жеке меншік капиталының есебіне арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, алынған капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді.

Реттеуші шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

  2. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.

Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.

Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:

Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.

Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.

Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.

Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.

Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.

Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.

Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.

Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.

Бірэлементті транзиттік шоттарға өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне кеткен шығындарды экономикалық мазмұны бойынша топтағандағы шығындар шоттары келеді. Шығын элементтерінің шоттары ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясымен бекітілген бухгалтерлік есептің Стандарттарында көрсетілген. Ол бухгалтерлік есептің басқа да концептуальді негіздерінен жоғары тұратын нормативті-құқықтық құжат.

Негізгі өндіріс, көмекші өндіріс және үстеме шығындары элементтерінің шоттарына материалдық шығындар, еңбек ақы шығындар, еңбек ақыцдан аударымдар, негізгі құралдардың тозуы және басқа да шығындар шоттары енеді. Есептік кезең ағымында осы шоттарда жинақталған шығындар есептік кезең соңында негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, үстеме шығындар бойынша сәйкес шоттарға қажетсіздендіріледі.

Қаржылық және басқарушылық бухгалтерияларын байланыстыратын транзиттік шоттарға негізгі аяқталмаған өндіріс, өз өндірісінің жартылай фабрикаттары, көмекші аяқталмаған өндіріс шоттары келеді. Негізгі, көмекші өндіріс өз өгдірісінің жартылай фабрикаттары шоттарында анықталған аяқталмаған өндіріспен жартылай фабрикаттар сомаларын осы шоттардың кредитінен негізгі және көмекші аяқталмаған өндіріс , өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебетіне аяқталмаған өндірістің инвентарлық тізімдеріне, бухалтерия анықтамаларына сәйкес қажетсіздендіреді. Аяқталмаған өндіріс сомаларының шоттарда бір-екі күн ағымында ғана есептейді. Мысалы, 31 желтоқсанда аяқталмаған негізгі, көмекші өндіріс өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебеті, негізгі, көмекші өндіріс шоттарының кредитті деген жазба жазылса, келесі жаңа жылдық бір немесе екінші қаңтарында осыған кері жазба жазылады. Нәтижесінде алғашқы жазба кәсіпорын балансы мен бас кітабында аяқталмаған өндіріс қалдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді, ал жаңа есептік жылда, кері жазбаның нәтижесінде аяқталмаған, өндіріс қалдықтары өндірістік есеп шоттарына қайтадан қайтарылады.

Баланстан тыс шоттарда заңдылықтарға сәйкес заңдылықтарға сәйкес кәсіпорын балансында есептелмейтін объектілерді есепке алуға болады. Олар: осы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның иелігіндегі бағалықтар. («Жалға алынған негізгі құралдар», «Өндеуге жіберілген шикізаттар мен материалдар», «Жауапты сақтауға алынған тауарлы-материалдық бағалықтар» шоттары).

- баланстық шотты есептелгенімен, қосымша бақылауды қажет ететін есеп объектілері. Олар: «Қатаң есеп бланкілері», «Төлем қабілетсіз дебиторлар қарызы зиянға қажетсіздендірілген».

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар екі жақты жазу әдісімен көрініс табады.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық аналитикалық жіктеу шоттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомаларының жинағы синтетикалық жинақтау шоттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомасының жинағымен бірдей болуы керек деген ұғым бар. Яғни аналитикалық жіктеу шоттары синтетикалық жинақтау шоттарының құрамында жүргізілетіндігі есеп тәжірибесіне енген. Синтетикалық шот – жинақтаушы, ал аналитикалық шот – жіктеуші шоттарды айтады. Синтетикалық шоттарды – баланстық шоттар деп те атайды. Баланстық шоттардағы қалдыққа сай бухгалтерлік баланс жасалынады. Синтетикалық шоттарда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі жинақталған сомалар көрсетіледі. Жинақтау тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Синтетикалық шоттарда жинақталған көрсеткіштер арқылы ұйымдардың активті қаражаттарының жалпы көлемі мен бұлардың қозғалысын, қорлану көздерінің қалыптасуын, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың жалпы сомасын, сонымен қатар банктерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді қайтарудың жағдайы жөніндегі ақпараттар алуға болады.

Нарықтық қатынастардың талабына сай бухгалтерлік есеп ұғымына «капитал», «меншікті капитал», «міндеттемелер», «инвестициялар», «акционерлік капитал», «резервтік капитал», «бөлінбеген таза пайда», «вексельдер» сияқты категориялар енгізілді. Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша мағлұмат алу үшін ең әуелі синтетикалық шоттар қолданылады. Алайда ұйымдар қызметін жан-жақты және тиімді басқару үшін тек қана жалпылама жинақталған мәліметтер мен ақпараттар жеткіліксіз. Жинақталған ақпараттар жіктелуге тиісті. Бухгалтерлік есеп объектілеріндегі фактілерді дәйекті түрде жіктеп, талдау және сипаттау үшін аналитикалық шоттарды қолдану қажеттігі туындаған. Яғни топтастырылып жинақталған активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелерінің қалыптасуы мен қозғалысын, бұлардың жекелеген баптары мен түрлеріне қарай жіктеп көрсету үшін аналитикалық жіктеуші шоттар қолданылады. Аналитикалық жіктеуші шоттар тек қана синтетикалық жинақтаушы шоттардың құрамында жүргізіліп, бұларға жазылған мәліметтер бірдей уақытта орындалады.

Синтетикалық және аналитикалық шоттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу шоттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы ұйымдардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың, тауарлы-материалды босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т.б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады.

Синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттар арасындағы принциптер мен әдістер тек қана «материалдар» шоты бойынша жүргізіліп қоймай бухгалтерлік есептің басқа да объектілері бойынша ( мысалға, негізгі құралдар, есеп айырысулар, тауарлы - материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, міндеттемелер, т.б.) қолданылып іске асырылады. Ескерте кететін жағдай – ұйымдардағы активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуде натуралды өлшем бірліктері қолданылмайды.

Сонымен, синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттар арасындағы өзара байланыс негізінде мына төмендегідей қорытындыға келуге болады.

  1. Синтетикалық жинақтау шотындағы бастапқы және соңғы қалдық аналитикалық жіктеу шоттарындағы қалдықтың жалпы сомасымен бірдей болып, экономикалық маңызы жағынан да біртектес ұғымды көрсетеді.

  2. Жекелеген аналитикалық жіктеу шоттары синтетикалық жинақтау шоттарының негізінде жүргізіліп синтетикалық шоттағы қөрсеткіштерді құрамдас бөліктерге бөліп жіктеп көрсету үшін қолданылады. Мысалға, синтетикалық жинақтау шотының дебеті мен кредитіндегі қалдық аналитикалық жіктеу шоттарындағы осындай қалдықпен бірдей сомада болады. Сол сияқты синтетикалық жіктеу шоттарындағы дебеттік және кредиттік жекелеген айналым сомалары жинағымен сай келеді.

  3. Есеп жүргізу кезеңінің соңына қарай аналитикалық жіктеу мен синтетикалық жинақтау шоттарының жинағын өзара салыстыра отырып, талдау және жіберілген қателерді түзету жұмыстарын іске асыруға болады.

Ұйымдардың шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін сенімді жинақталған мәліметтер қажет. Жоғарыда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, сондай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау үрдісіне байланысты жинақталған мәліметтер мен ақпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу арқылы жинақталғандығын байқауға болады.

Есеп объектілері мәліметтерін жинақтап тексеру үшін, бухгалтерлік есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостысын жүргізу арқылы әрбір жекелеген шоттарға жазылған шаруашылық фактілерінің мазмұнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды. Айналым ведомостысында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған шоттар бойынша қалдық пен айналыс сомасының жиынтығы шығарыларды. Айналым ведомостысы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістерінің бірі болып табылады. Бұл құжат аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау шотарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Ол аналитикалық айналым және синтетикалық айналым ведомостысы болып екіге бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]