Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

1 Билет

  1. Макроэкономика ұғымы және көрсеткіштері. Макроэкономика – экономиканы толығымен оқытатын ғылым , яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді. Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды. Макроэкономистер табыстар, бағалар, жұмыссыздық пен басқа да көптеген экономикалық көрсеткіштер туралы мағлұматтар жинайды. Осыменен бірге макроэкономиканы оқытудың мақсаты тек қана экономикалық құбылыстарды түсіндіріп қана қоймайды, соныменен қатар экономикалық саясатты жетілдіру.

Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер.

Мұндай бөлудің негізінде уақыттағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі жатыр. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды. Айналымдағы табыстар мен шығындардың қозғалысын ағым ретінде қарастырады, ал экономикадағы ақшалар саны – қор олып есептеледі.

Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: диынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.

Жиынтық қоғамдық өнім белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір елдің экономикасында шығарылған барлық тауарлар мен қызметтердің құнынан, сонымен қатар аралық өнімдерден (әрі қарай өңдеу үшін қолданылатын тауарлар) тұрады.

ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.

ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.

2. Жиынтық сұраныс түсінігі және оны құраушы компанинтері Ұлттық экономика макроэкономика жағдайында жалғыз жиынтық фирмадан тұратын біртұтас нарық ретінде қарастырылады. Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:

- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)

- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)

- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)

- таза экспорт (Хп)

Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.

1-сурет

AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.

3. Есеп тапсырмасы. ЖІӨ=231млрд. доллор, тұтынушылар шығындары – 177млрд доллор, мемлекеттік шығындар – 22млрд доллар, ал таза экспорт – 7млрд доллар. Анықтау керек:

а)жалпы және таза инвестициялар деңгейін;

б) егер де экспорт 42 млрд доллар болған кездегі импорт колемін;

в) амортизация сомасы 11 млрд доллар құрған кездегі ТІӨ – ді.

Шешуі: Іжалпы = ЖҰӨ-C-G-Nx=231-177-22-7=25

IТАЗА = Iж –А

Іт =25-11=14

Ixp =7-42=-35

ТҰӨ=220

2 Билет

  1. Таза ұлттық және ұлттық табыс: ұғымдары, есептеу әдістері ҰТ келесідей түрде есептеледі:

ҰТ = ТҰӨ - Бизнестегі жанама салықтар.

Мұндағы: бизнеске жанама салықтар – қосымша құнға салық, акциздік алымдар, импорттық баж салығы және т.с.с.

Ұлттық табыс өндіріс факторлары иелерінің табысы түріндегі алынатын ЖІӨ құнының бөлігін бейнелейді. Оның өндірілген ҰТ (қайта құрылған тауарлар мен қызметтер құндарының көлемі) пен қолданылған ҰТ (өндірілген ҰТ –тан табиғи апаттардан және сыртқысаудалық сальдодан жоғалымдарды алып тастағандағы қалған бөлігі). Өндіріс факторлары иелерінің алған барлық құралдары бірдей өздерінің тұтынуы мен жинақтарына жұмсалмайды. Өзіндік табысты (ӨТ) анықтау үшін ҰТ деңгейінен келесілерді алып тастау қажет:

  • азаматтардың әлеуметтік сақтандырылуына жарналар;

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың пайдасына салықтар;

  • кәсіпорындар мен фирмалардың шотында қалған пайда (бөлінбеген пайда);

- және қосу керек:

  • дивидендтер;

  • трансферттік төлемдер;

  • алынған пайыздар.

2. Жұмыс күші: түсінігі және оның құрамы Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам (2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.

3. Кестеде ұлттық экономикадағы кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің мәндеоі туралы берілген

ЖІӨ

7888

Амортизациялық аударымдар

538

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

350

Әлеуметтік сақтандыруға жарналар

385

Трансферттер

540

Корпорацияның пайдасына салық

145

Сатудан түсетін табыс салықтары

685

Жанама салықтар

440

Факторлық табыстардың сальдосы

-157

Осы көрсеткіштердің негізінде есептеңдер: а) ТІӨ; б) ҰТ; в) жеке және қолдағы бар табыстарды

Шешуі:

ТІӨ = ЖІӨ – А = 7888-538=7350

ЖҰӨ = ЖІӨ + факторлық табыстардың сальдосы = 7888 + (-157) = 7888 – 157 = 7731

ҰТ = (ЖҰТ – А) – Т = (7731 – 538) - 440 = 7193 – 440 = 6753

ЖТ = ҰТ – корп/ң пайдасына салық – әлеу/к сақтандыруға жарналар + трансферттер – корп/ң бөлінбеген пайдасы = 6753 – 145 – 385 + 540 – 350 - 685 = 5728

ҚБТ = ЖТ = 5728

3 Билет

  1. Экзогенді және эндогенді айналымдар Экономикалық циклдің себептерін анықтау үшін көптеген экономисттер қызығушылық танытқан. Циклдікті анықтайтын теорияларды, әдетте, ″сыртқы″ және ″ішкі″ теориялар деп бөледі.

«Сыртқы» теорияның өкілдері экономикалық ауытқудың себептеріне шаруашылық жүйеге әсер ететін сыртқы факторларды, атап айтқанда, ғылыми және техникалық жаңалықтарды, саяси жағдайларды (революция, сайлау) мұнай бағасының өзгерісін, табиғат құбылыстарын жатқызады.

«Ішкі» теорияның жақтаушылары циклдің себебі деп экономикалық жүйенің өзіне жататын факторларды түсіндіреді. Мысалы, Г. Мальтус пен С. Сисмонди дағдарысты тұтынылған табыстың өндірілген табысқа қарағанда жеткіліксіздігі деп қарастырады. К. Маркс циклділікті капиталистік жүйенің салдары деп есептеген. Ол өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншікті жойып, оларға қоғамдық меншікті қалыптастыру арқылы ғана дағдарысы жоқ жаңа экономикалық жүйеге өтуге болады деп есептеді.

П. Самуэльсон «сыртқы» және «ішкі» теорияларды біріктіріп қарастырды. Бұл синтездің мәні мынада: сыртқы факторлар экономикалық жүйеде бастапқы серпіністі (импульсті) жасайды, ал ішкі факторлар бұл серпіністерді циклдік ауытқуға айналдырады.

П. Самуэльсонның теориясы кейнстік тұжырымдамаға негізделеді. Бұрыннан белгілі болғанындай, циклді дамудың маңызды себебі ретінде Дж.Кейнс инвестициялық серпіністі атап көрсетті. Оның айтуынша, инвестицияның өзгерісі - бұл циклдің негізгі қозғаушы күші, ал экономикалық ауытқулардың себепкері – мультипликаторлық- акселераторлық әсер.

Ақша теориясы іскерлік циклді ақша айналысының, несиенің кеңеюімен және азаюымен түсіндіріледі.

Циклдің саяси теориясының авторлары (У. Нордхаус, М. Калецкий, Э.Туфте) экономикалық белсенділіктің ауытқуының себебі ретінде мемлекеттік шенеуніктердің әрекеттерін көрсетеді.

Жоғарыда аталған теориялардың бәрінде де ақиқаттың белгілі бір нышандары бар, бірақ олардың ешқайсысы да барлық уақыт және барлық мемлекет үшін толық жарамды бола бермейді.

Қазіргі нарық жағдайындағы циклге әсер ететін негізгі факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

а) нарықтың монополиялық құрылымы;

ә) экономиканы мемлекеттік реттеу;

б) ғылыми-техникалық прогресс;

в) өндірісті жаһандандыру (глобализациялау, интерна ционалдандыру) процесі.

2. Баға деңгейінің макроэкономикалық көрсеткіштері (Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстері) Инфляция қарқынындағы және өмір сүру құнының серпініндегі (динамика) өзгерістерді бағалау үшін баға индекстері пайдаланылады. Баға индекстерінің көптеген түрі бар. Макроэкономикада баға индекстерінің келесі түрлерін пайдаланады: тұтынушы бағасының индексі, өндіруші бағасының индексі, ЖІӨ дефляторы және т.т.      

Тұтыну бағасының индексі (CPI) – құрамына орташа қалалық отбасының бір жыл бойына  тұтынатын тауарлары мен қызметтері кіретін тұтыну қоржынының нарықтық құны негізінде есептеледі. Тұтыну қоржынының құрамы базистік жыл деңгейінде белгіленеді. Жоғары дамыған елдерде тұтыну қоржынының құрамына тауарлар мен қызметтердің 300-400 түрі кіреді.

      Өндіруші бағасының индексі (PPI) – өндіріске қажетті тауарлар (аралық өнімдер) қоржынының құны түрінде есептеледі және АҚШ-та оның құрамына 3200 атаулы тауарлар кіреді.     

Бұл екі көрсеткіш статистикалық түрде базалық жылғы салмақты (көлемді) индекстер түрінде (Ласпейрес индекстері түрінде) есептеледі, осы айтылған салмақтарды (көлемдерді) есептеу өте ұзақ және қымбат процедура болғандықтан, оларды жыл сайын есептемейді, ереже бойынша бес жылда бір рет есептейді.

     Тұрақты салмақты индекстер (CPI, PPI) Ласпейрес индекстері деп аталады және төмендегі формуламен есептеледі:

 мұндағы және - базистік және ағымдағы кезеңге сәйкес і  игілігінің бағасы; - базистік кезеңдегі і игілігінің саны.

      Сәйкес жылдағы тұтыну шығынының құрамындағы әрбір игіліктің нақты үлесіне негізделген индекс Пааше индексі немесе салмағы өзгергіш индекс деп аталады:

мұндағы: – ағымдағы кезеңдегі і игілігінің саны;       және     – базистік және ағымдағы кезеңге сәйкес і игілігінің бағасы.

       Егер Q-дің  орнына ЖІӨ құрамындағы барлық игілік жиынтығын, ал P-нің  орнына сәйкесінше олардың бағаларын қоятын болсақ, онда ЖІӨ дефляторын былай есептеуге болады:                 ЖІӨ дефляторының индексі = Атаулы ЖІӨ/нақты ЖІӨ.

    Егер баға индексі 1-ден аз болса онда инфлирлеу, яғни ЖІӨ-ді ұлғайтуға бағытталған түзету; егер баға индексі 1-ден көп болса, онда дефлирлеу – ЖІӨ-нің азаюына бағытталған түзету орын алады.      

Екі индекстің де кемшіліктері болғандықтан, бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқынын дәлірек есептеу үшін, Пааше индексі мен Ласпейрес индексінің геометриялық орташасын көрсететін, Фишердің «мінсіз» индексі деп аталатын көрсеткішті пайдалануға болады. Фишер индексі жоғарыда аталған индекстер кемшіліктерінің белгілі бір мөлшерін орташалайды:

                                                     ,

мұндағы: P– Фишер индексі;

P– Ласпейрес индексі;

Pp – Пааше индексі.

3.

4 Билет

  1. Жалпы ұлттық өнім: мәні мен мағынасы Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер.

Мұндай бөлудің негізінде уақыттағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі жатыр. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды. Айналымдағы табыстар мен шығындардың қозғалысын ағым ретінде қарастырады, ал экономикадағы ақшалар саны – қор олып есептеледі.

Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: диынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.

Жиынтық қоғамдық өнім белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір елдің экономикасында шығарылған барлық тауарлар мен қызметтердің құнынан, сонымен қатар аралық өнімдерден (әрі қарай өңдеу үшін қолданылатын тауарлар) тұрады.

ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.

ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.

Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.

Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.[1]

ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:

Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;

Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.

Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді

  1. Жиынтық ұсыныс деген не және оның құраушылары қандай? Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

4-сурет

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

3.

5 Билет

1. ЖҰӨ: есептеу әдістері Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.

Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.[1]

ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:

Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;

Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.

Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді

2. Жұмыссыздық формасы. Оукен заңы. Жұмыссыздық шаруашылық жасаудың нарықтық жүйесінің ажырамас белгісі болып табылады. Статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелерінен дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың деңгейінің өсетінін және өсу кезінде қысқаратынын байқауға болады.

Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады. Жұмысты белсенді түрде іздеу әрекеттеріне жататындар: еңбек биржасында тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, газет беттерінде хабарландыру беру немесе сәйкес хабарландыруларға көңіл бөлу т.с.с.

Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.

Жұмысы бар және толық емес жұмыс күшімен немесе аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың (жұмыспен қамтылғандардың) қатарына жатады. Жұмысы жоқ және белсенде түрде жұмыс іздемейтіндер жұмыс күшінің қатарынан кеткендер деп есептеледі. Олардың құрамына оқушылар, зейнеткерлер, үйлері жоқ адамдар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыстан күндерін үзгендер, абақтыда отырғандар, психиатриялық ауруы бар адамдар кіреді.

Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады;

U= * 100 %

Өткен он жылдағы және биылғы он жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейлерінің орташа мәні жұмыссыздықтың табиғи деңгейін (NAIRU) береді. Болашақтағы он жылдың мәліметі инфляцияның күтілетін деңгейінің ықтимал динамикасының негізінде анықталады. Әдетте, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5-6%-ды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі болады. Жұмыссыздықты есептеу әдістері де барлық елде бірдей бола бермейді. Мәселен, АҚШ- та соңғы төрт апта бойы жұмыссыз жүріп, жұмыс іздестіріп жүрген адамды жатқызады. Ал, Жапонияның жұмыссыздыққа қатысты қоятын талабы Американдықтарға қарағанда қатаңырақ келеді. Швецария жұмыссыздықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Мұның себебі: Швецария үкіметі жұмыстан айырылғандарды қайта дайындаудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асырып, ал ол жұмыстардың қатарында саналынбайды. Экономисттер жұмыссыздықтың үш түрін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық адамдардың бір аймақтан басқа бір аймаққа көшуімен, мамандығының ауысуымен, оқуымен, бала күтуімен байланысты орын алады. Оны, кейде өз еркімен болатын жұмыссыздық деп атайды.

Жұмыссыздықтың күрделі нысандарының бірі – құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық. Ол жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл сәйкессіздік өндірістегі технологиялық өндірістермен байланысты. Технологиялық өндірістердің салдарынан кейбір мамандық түрлеріне сұраныс азаяды және жұмыс берушілер жаңа кәсіп иелерін іздейді.

Құрылымдық жұмыссыздықтың фрикциондық жұмыссыздықтан айырмашылығы, біріншіден, ол ұзағырақ әрекет етеді, екіншіден, оның құрамына жататын адамдар мамандықтарын өзгерту үшін қайта дайындалудан өтеді.

Экономикада тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың орын алуын экономисттер табиғи жұмыссыздық деп атады. Табиғи жұмыссыздық потенциялды ЖІӨ көлеміне сәйкес келеді.

Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде циклдік жұмыссыздық орын алады. Ол экономикалық конъюнктураның ауытқуымен байланысты. Құлдырау сатысында тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс азаяды, бұл өндіріс пен жұмысбастылықтың қысқаруына әкеледі. Өсу сатысында, керісінше, тұтыну және инвистициялық тауарларға сұраныс артатындықтан жұмыс күшіне де сұраныс өседі.

Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейімен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады: U-U* Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы өндірістік ресурстардың толық қолданылмай отырғандығын дәлелдейді. Бұл кезде нақты өндіріс көлемі потенциалды деңгейден кіші болады. Циклдік жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты Оукен заңы арқылы түсінуге болады.

= − β (U-U*)

Мұндағы, У-нақты өндіріс көлемі

У*-потенциалды өндіріс көлемі

U-нақты жұмыссыздық

U*-табиғи жұмыссыздық

β- Оукен саны, ол эмпирикалық жолмен анықталады.

Циклдік жұмыссыздық қоғамның әл-аухаты мен жеке адамның әл-аухатының төмендеуіне әкеліп соғады: ЖІӨ қысқарады жеке адамның табысы азаяды, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленеді және салық түсімдері азаяды.

Экономисттер мемлекет кез-келген жұмыссыздықпен емес, тек циклдік жұмыссыздықпен күресу қажет деп есептейді. Алайда өзімізге белгілі Филлипс қисығы бойынша жұмыссыздық пен күресу қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Сондықтан жұмыссыздықты қысқартудың және жұмысбастылықты арттырудың қауіпсіз әдістерін қолдану керек. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

а) бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру жүйесін жетілдіру;

ә) еңбек биржаларының қызметін жетілдіру;

б) кадрларды қайта дайындау жүйесін дамыту;

в) орта және шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау;

г) жастарды, әйелдерді, қайта құрылған сала қызметкерлерін жұмысқа орналастырудың мақсаттық бағдарламаларын жасау.

3. Жабық экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады: тұтынушылық шығындар (С) = 1200; жалпы инвестициялар (І) = 500; мемлекеттік шығындар (G) = 300; мемлекеттік трансферттер (TR) = 200; мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар (N) = 100; салықтар (T) = 400; таза экспорт (Xn) = -100.

Мыналар неге тең:

а) жеке жинақтаулар

б) мемлекеттік жинақтаулар

в) сыртқы әлем жинақтаулары

Шешуі:

Y = G + C + I + Xn = 300 + 1200 + 500 – 100 = 1900

Sr = -Nx = - (-100) = 100

Sp = (Y + TR + N –T) – C = ( 1900 + 200 + 100 – 400) – 1200 = 1800 – 1200 = 600

Sg = -( T – TR – N) – G = -( 400 – 200 - 100) - 300 = -400

S = 600 + 100 – 400 = 300

6 Билет

  1. ЖІӨ ұғымы, ЖҰӨ-нен айырмашылығы ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық қандай? Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі). ЖҰӨ ЖІӨ сияқты есептеледі, бірақ одан айырмашылығы шетелден алынатын таза факторлық табыс дәрежесінде (ТФТ – осы елдің азаматтарының шетелде алған табыстары мен шетелдіктердің біздің елдің территориясындағы алған табыстарының арасындағы айырмашылық). Яғни ЖІӨ =ЖҰӨ - ӨФТТ (өндіріс факторының таза табысы – шетелден алған біздің елдің тұрғындарының табысынан біздің елдегі шетелдіктердің табысын шегергенге).

ЖІӨ анықтамасында бастапқы мәнге соңғы тауарлар мен қызметтер сөзі ие болады. Ол ЖІӨ құрамына соңғы тұтынуға, жинақтау мен экспортқа қолданылған тауарлар кіреді, ал өндіру үрдісі кезінде шығындалған шикізаттар, материалдар, отын, энергия және т.с.с. түрдегі аралық тауарлар мен қызметтер кірмейді. ЖІӨ құрамына аралық тауарларды кіргізу екі рет есептеуді көрсететін еді, өйткені олардың құндары соңғы өндірілген тауарлар мен қызметтердің құнына

ЖІӨ құнына кірмейді:

  • мемлекеттік трансферттік төлемдер, олар зейнетақыға, шәкіртақыға, әлеуметтік сақтандыруға және басқа соған сәйкес төлемдерден тұрады; олар қандай да бір өнім өндіруге жұмсалмайды және бар қаржылық ресурстарды қайта бөлудің нысаны болып табылады;

  • қор биржасында бағалы қағаздарды сату-сатып алу;

  • ұсталынған тауарларды қайта сату.

Бұл операциялар ұлттық нарықта жүргізіледі, өндірістік емес мәмілелерге жатады және ЖІӨ көлеміне кірмейді.

ЖІӨ-ді үш тәсілмен есептеуге болады:

1. Өндірістік әдіс (қосымша құн бойынша) – соңғы өнімді өндірудің соңғы кезеңінде қосылатын құндарды қосу. Қосымша құндардың сомасы соңғы тауарлар мен қызметтердің құндарына тең.

2. Бухгалтерлік баланстағы сияқты, ҰЕШ (ұлттық есептеу шоты) шығындар бөлігі табыстарға тең болуы керек. Басқаша айтқанда, нарықтық қатынастардың кез-келген субъектісі (үй шаруашылықтары, фирмалар немесе мемлекет) табыс алуға болатын нәрсені алуға ғана шығын шығара алады, яғни:

C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A

Бұл теңдіктің сол жағы, шығындық жағы, келесідей компоненттерден тұрады:

С (consumption) – тұтынуға үй шаруашылықтарының шығындары, оған азық-түлік өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге төлемдер, әртүрлі қызметтер, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, демалысқа және т.б. жұмсалатын шығындар жатады; бірақ тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға кеткен шығындар кірмейді, өйткені олар инвестициялық шығындарға кіреді;

I (investment) –фирмалардың инвестициялық шығындары, яғни олардың машиналарды, шикізатты, құрылысқа жұмсаған шығындары;

G (government) – тауарлар, қызметтер және инвестицияны сатып алуға мемлекеттік шығындар;

NE (net export) – таза экспорт, яғни сыртқысауда балансының сальдосы, ол экспорт пен импорт арасындағы айырмашылықты көрсетеді. егер де экспорт импорттан жоғары болатын болса, онда оңды сальдо құрылады, егер де керісінше болса, онда теріс сальдо қалыптасады.

2. Жиынтық ұсыныс динамикасынақандай бағалық және бағалық емес факторлар ықпал етеді? Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

3-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]