Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ

Философия пәнінен таратылу материалдары

Құрастырушы: КОжҚҒ кафедрасының аға оқытушысы Игисенова А.Р

Алматы-2013

Тақырып 1. Философия пәні және мәселелер шеңбері

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС

Дүниені түйсіну

(сезімдік, эмоциональды-психологиялық сфера)

Идеалдар мен нормалар

Ұстанымдар

ҰҒЫМЫ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАСТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ

Дүниеге көзқарастың түрлері

  • Дүниені рационалды қабылдау

  • Ақылдың сенімнен жоғары тұруы

  • Абстрактілі ұғымдардың пайда болуы

  • Бақылау, салыстыру, талдау, қортындылау, дәлелдеудің қолданылуы

Философия – дүниені рационалды тануға бағыталған, ғылыми-теоретикалық таным

ФИЛОСОФИЯНЫҢ САЛАЛАРЫ

САЛАЛАРЫ

ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Онтология

болмыс ұғымын, мәні, болмыстың түрлерін, ерекшеліктерін.

Диалектика

даму ұғымын, даму заңдылықтары мен категорияларын.

Гносеология (эпистемология)

таным табиғаты және оның мүмкіндіктері мен шекарасын, білімнің шынайылыққа қатынасын, танымның жалпы алғышарттарын, танымның дәйектілігі мен ақиқаттылығын зерделейтін философия бөлімі.

Әлеуметтік философия

қоғам және адам өмірінің негізгі салаларын.

Антропология

адам және оның табиғаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін.

Аксиология

құндылықтардыі табғаты мен мәнін.

Этика

адамгершілік , мораль ұғымы мен заңдарын.

Логика

ойлау заңдылықтарын.

Эстетика

әсемдік заңдылықтары мен канондарын.

Герменевтика

мән, мағына түсіндіреді.

Философияның негізгі әдістері

ӘДІСТЕРІ

МАҒЫНАСЫ

диалектика (гр. сұхбат, талас жүргізу өнері)

заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресін ескере отырып, даму тұрғысында қарастыратын әдіс. Диалектика терминін алғаш рет қолданған Көне Грек философы Сократ болды.

метафизика (гр. физикадан соң)

Марксизмде диалектикаға қарама-қарсы, объектілерді байланыссыз, жеке-дара, қозғалысын, өзгерісін, дамуын ескермей және қайшылықтарға мән бермей, қарама-қарсылықтың бірлігін елемей біржақты қарастыратын әдіс. Философия тарихында метафизика термині философияның синонимі ретінде де қолданылды. Метафизика терминін б.д.б. І ғасырда Андроник Родоский енгізді.

Догматизм

дүниені қатып қалған қағидалар негізінде, дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер мен қөзқарастар тұрғысынан қарастыратын және дәлелдейтін ойлау әдісі. Догматизм терминін Ежелгі Грекия скептиктері Пиррон мен Зенон енгізді.

эклектика (гр. таңдауға қабілетті)

біртұтас шығармашылыққа енбейтін, түрлі фактілер мен ұғымдарды, концепцияларды біріктіру негізінде пайда болған, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдарды жасау әдісі. Эклектика терминін ІІ ғасырда Александриялық Потамон енгізді.

софистика (гр. пікір-таласты айламен жүргізе білу)

кез-келген ойдан логикалық тұрғыдан дұрыс ойқортынды жасау әдісі. Көне Грекияда кең таралды, шешендік өнерді ақиқат білім алу жолы емес, «кез-келген ойдың дұрыстығын дәлелдеудің тәсілі» ретінде оқытылды. (Софистер, Сократ).

герменевтика (гр. түсіндіремін)

мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]