Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және түрлері

1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық - экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары

Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады.Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Салық - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем.

Салық бір мезетте материалдық, экономикалық және заңдық категория бола отырып аса күрделі көпжақты құбылысты ұсынады.

Материалдық мәнінде салық – бұл бекітілген тәртіппен және кесімді мерзімде салық төлеушінің мемлекетке беруіне жататын айқындалған ақша сомасы (немесе егер салық натуралды болып табылса, материалдық құндылық)

Экономикалық категория ретінде - бұл анықталған тәртіппен және белгіленген мерзімде, бекітілген мөлшерде төлеушіден мемлекетке ақшының біржақты қозғалысын білдіретін (материалдық құндылықты) ақшалай (мүліктік) қатынас.

Құқықтық мәнінде - бұл ресми өкім етілген тәртіппен және кесімді мерзімде, айқындалған мөлшерде ақша сомасын мемлекетке беру жөніндегі тұлғаның мендеттемесін туғызатын мемлекеттік қағидат.

Салықтың заңдылық белгілері келесілер: тек мемлекетпен қалыптастырылады;

тек құқықтық нысанда болады; мемлекетпен біржақты бекітіледі; салықты қалыптастыру салық міндеттемесін туындатады; мәжбүрлі сипатта болады; салық төлемі ретінде ақшаны алып қою құқыққа сай сипатта болады.

Салықтың экономикалық белгілері:қоғамдық жиынтық өнімді мемлекет пайдасы үшін бөлу;

ерекше ақшалай қатынасты ұсынады; қайтарымсыз төлем болып табылады; баламасыз сипатта болады; салық төлеу кезінде меншік нысанының өзгеретіндігі; тұрақты экономикалық қатынасты туындатады.

Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай қызметті атқарады. Қазыналық - мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді;

бақылау – салық төлемдеріне бақылау жасайды;реттеу - салық түсімдерін реттейді; қайта бөлу - қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады.

Экономикалық әдебиеттерде салықтың өзге бірнеше қызметтері атап көрсетілген: ынталандырушы. Мемлекет өндірісінің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. - жеңілдік беруші, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.- тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.

Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтың құрамдас бөліктерінің жиынтығы — салық элементтері арқылы айқындалады.Салық элементтері маңызды мәнге ие нақты солар арқылы салық салудың шарттары қалыптастырылады. 1. Салық субъектісі – салық салу объектісіне ие заңды және жеке тұлға;2. Салық объектісі – салық төлеушінің салық міндеттемесін туындататын мүлкінің, түсімінің, пайдасының болуы.

3. Салық базасы - салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.Салық базасын есептеудің негізгі әдістері: тура тәсіл – нақты іс жүріндегі және құжатнамада бекітілген көрсеткіштер негізінде өлшеу;«ұқсастығы бойынша» тәсіл – салық затын ұқсасымен салыстыру жолымен өлшеу; жанама тәсіл – жанама белгілер негізінде анықтау;шартты тәсіл – шартты немесе болжамды көлемін негізге ала отырып айқындалады;тұтастық тәсіл – оның нақты мөлшеріне қарамастан анықталады.

4. Салық ставкасы - салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.Салық сомасын анықтау тәсілі бойынша салық ставкалары бөлінеді: теңестірілген – әрбір салық төлеушіге тең салық сомасы белгіленеді; кесімді – салық салудың әрбір бірлігіне кесімді салық мөлшерін белгілеу (мысалы өндірілген акциздік өнінмің әрбір литріне бір теңге); пайыздық – салық базасының көлемі пайызбен көрніс табатын салық мөлшері.

Қолданылу сипаты бойынша салық ставкасы бөлінеді:жалпы;төмендетілген; жоғарлатылған.

5. Салық кезеңі - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі

6. Салықты есептеу тәртібі. Төлеуге жататын салық сомасын анықтау жөніндегі міндетті тұлғаның іс-әрекетінің жиынтығын көрсетеді.Салықты есептеудің сатылары: Салық салу объектісінің есебін жүргізу; Салық салу объектісіне салықты есептеу, салық базасы;

Қолдануға жататын салық ставкасын анықтау;Салық жеңілдіктерін қолдану; Салық сомасының есебі.

Еліміздегі салықты өз бетінше төлеудің тәсілдері: декларация негізінде; салық ескертпесінің негізінде; өз бетінше аудару мен салық төлемін жүргізу жолымен; бір реттік талон алу жолымен; патент сатып алу жолымен;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]