Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кейс 1каз

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
41.98 Кб
Скачать

«КАЗГЗУ Университеті» АҚ

Құқық жоғары мектебі

Қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика кафедрасы

Пәннің атауы: Сот экспертологиясы

Тақырып: Қылмыстық іс жүргізуде сотқа дейінгі сатыда сот сараптамасын тағайындау

Кейс: «Кешенді сараптаманы тағайындау ерекшілігі»

Оқытушы: Шағдарова Т.Ә.

Тапсырманы орындауға белгіленген сағат: 5 (тапсырманың күрделілігіне, сұрақтардың санына байланысты – оқытушымен белгілегенді).

Проблемасы (нақты ситуациясы)

«2015 жылдың 10 қаңтарында сағат 20:00 шамасында аз. А.Н. Рыспекова жүргізген, м/н 023 CRA01, «Тойота Королла» маркалы автокөлік Күйші Дина көш. бойымен Тәуелсіздік даңғ. жақтан М. Жұмабаев көш. қарай келе жатып, Мирзоян көш. қиылысында солға бұрылу маневрін жүзеге асыру барысында қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан аз. Коломеец Е.Н. жүргізген, мемлекеттік номері Z 017 WPM, «Ниссан» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Бұл соқтығыстан кейін м/н Z 017 WPM, «Ниссан» маркалы автокөлік жаяужолға шығып, үш жаяу жүргіншіні басып кетті. Жаяу жүргіншілер соқтығыс нәтижесінде ауырлығы орташа дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында Астана қ. ІІД ЖБО (Жедел басқару орталығы) болған оқиғаның бейнежазбасы алынды. М/н 023 CRA01, «Тойота Королла» маркалы автокөліктің жүргізушісі аз. А.Н. Рыспекова үш жаяу жүргіншіге жарақаттар келтірудегі кінәсін мойындамады, себебі, оның ойынша, м/н Z 017 WPM, «Ниссан» маркалы автокөліктің жүргізушісі аз. Коломеец Е.Н. жолдың берілген бөлігінде жылдамдық тәртібін асырып жіберді және соның нәтижесінде, шұғыл тоқтай алмады, солайша тек оның автокөлігімен ғана емес, сондай-ақ жаяужолмен келе жатқан үш жаяу жүргіншімен де соқтығысты.

ЖКО жағдаяттарын анықтау үшін тергеуші жол-көлік оқиғасының (ЖКО) жағдаяттарына сот сараптамасын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сараптама тағайындау туралы қаулыны құрастыру кезінде бейнежазбаға бекітілген автокөліктің жылдамдығы туралы мәселені шешу үшін тергеуші компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы сарапшысын тартты, оны келесідей редакцияда көрсетті:

«Ұсынылған бейнежазба бойынша м/н Z 017 WPM, «Ниссан» маркалы және м/н 023 CRA01, «Тойота Королла» маркалы автокөліктердің бір-бірімен соқтығысқанға дейін және соқтығысу сәтіндегі жылдамдықтарын, сондай-ақ м/н Z 017 WPM, «Ниссан» маркалы автокөліктің сол кезде жаяужолмен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге соқтығысқан сәттегі жылдамдығын анықтау»

Проблеманың сипаттауы

1. ЖКО-да пайда болған іздердің жүйелердірумен байланысты оқиғаны толық сипаттауын жүргізу керек;

2. ЖКО-да іздердің пайда болу механизмін зерттейтін сот сараптамалардың түрлерін белгілеу керек;

3. Аталған сот сараптамаларын жүргізуді тапсыруға болатын адамдарды белгілеу керек;

4. Аталған сараптамаларды жүргізу барысында сарапшының қарауына жіберілетін объектілерді белгілеу керек;

5. Кешенді сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару

Кейске қойылатын сұрақтар:

1 сұрақ

Нақты оқиғаны тергеу барысында тергеушімен қандай сот сараптамалар тағайындалу мүмкін? Қандай мән-жайларды анықтау үшін аталғын сараптамаларды жүргізу қажет? Осы тағайындауға жататын сараптамалармен зерттеуге жататын объектілері қандай?

2 сұрақ

Сыртқы бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны зерттеу арқылы көлік құралдарының жылдамдығын анықтау мүмкін бе? Сот сараптамасының бұл сұрағы компьютерлік технологиялар құралдарымен шешіледі ма? Қандай сұрақтар бұл сараптамамен сарапшыға ұсынылған объекті ретінде бейнежазбаға шешілуі мүмкін?

3 сұрақ

Көрсетілген оқиға бойынша кешенді сараптама тағайындалу мүмкін бе? Осы сараптаманы жүргізу барысында қандай сараптаманы сарапшылары қатысуы мүмкін? Кешенді сараптама қандай мән-жайларды анықтау үшін жүргізілуі мүмкін?

4 сұрақ

Аталған оқиға бойынша кешенді сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шағыру барысында қандай ерекшіліктерді сақтау қажет?

Тапсырма орындау кезінде әдістемелік ұсыныстары

Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін нақты жағдайға талдау жасап, бұл іс бойынша сот сараптамасын қандай түрлерін тағайындауға, сондай-ақ қаралып жатқан оқиғада кешенді сараптаманың қандай мүмкіншіліктері бар екенінанықтау керек. Бұл оқиға бойынша тайгаындалатын сот сараптамалардың ерекшіліктерін есептеу қажет (зерттеуге жіберілетін объектілерді, сарапшымен қолданылатын деректерді).

Жұмыстың минималды көлемі 3 беттен тұруы тиіс.

Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін келесі нормативті құқықтық актілерді зерделеу қажет:

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (35 тарау);

- «Қазақстан Республикасы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңы;

- «Сот экспертологиясы» оқулығы, авторлары Бычкова С.Ф., Бычкова Е.С., Калимова А.С.

Қажетті нормативті және арнайы әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (35 тарау);

2. «Қазақстан Республикасы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңы;

3 «Сот экспертологиясы» оқулығы, авторлары Бычкова С.Ф., Бычкова Е.С., Калимова А.С., «Жеты Жарғы» баспасы, 2005 ж.