Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

%D0%A2%D0%93%D0%9F%20%D0%9C%D0%9F-1(1)

.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
369.15 Кб
Скачать

<question2> Мемлекет және құқық теориясының зерттеу пәні не болып табылады?

<variant> мемлекет және құқықтың пайда болу, даму заңдылықтары

<variant> мемлекет және дін

<variant> қоғамдық қатынастарды реттеу

<variant> әлеуметтік, саяси үрдістер

<variant> мемлекетті басқару

<question2> Мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз не?

<variant>осы ғылымның тақырыбын танып-білу үшін қолданылатын амалдар мен тәсілдердің жиынтығы

<variant> салыстырудың математикалық принциптерінің жиынтығы

<variant> адамның өмір сүруінің принциптері

<variant> құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі моральдық нормалар

<variant> статистикалық зерттеу әдістері

<question2> Аталған ғылымдардың қайсысы салалық заң ғылымдары болып табылады?

<variant> қылмыстық құқық

<variant> криминалистика

<variant> мемлекет және құқық теориясы

<variant> криминология

<variant> сот психиатриясы

<question2> Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының қай түріне жатады?

<variant> тарихи теориялық ғылым

<variant> салааралық ғылым

<variant> шет елдердің құқығын зерттейтін ғылым

<variant> салалық ғылым

<variant> қолданбалы заң ғылымы

<question2>Тарихи-теориялық заң ғылымдарын атаңыз.

<variant> саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы

<variant> мемлекет және құқық тарихы және криминология

<variant> мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан тарихы

<variant> қылмыстық атқару құқығы және әкімшілік құқық

<variant> мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық

<question2> Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік құқықтық құбылыстарға жатады ?

<variant> заңдылық, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, мемлекеттік аппарат

<variant> әдет-ғұрып, мораль, дін

<variant> саяси сана, саяси мәдениет

<variant> салт-дәстүр, ізгілік, мәдениет

<variant> экономика, өңдіргіш күштер, өңдіріс тәсілі, қаржы, салықтар

<question2> Келесі ғылымдардың қайсысы қолданбалы заң ғылымы болып табылады?

<variant> криминалистика

<variant> халықаралық құқық

<variant> мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

<variant> қылмыстық іс жүргізу құқығы

<variant> азаматтық құқық

<question2> Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды шартты түрде бөлшектерге бөліп, зерттеудің ғылыми әдісін атаңыз.

<variant> анализ

<variant> синтез

<variant> статистикалық әдіс

<variant> салыстырмалы әдіс

<variant> диалектикалық әдіс

<question2> Заң ғылымдарының ішінде қайсысы басқа заң ғылымдарына қатысты методологиялық негіз болып табылады?

<variant> мемлекет және құқық теориясы

<variant> мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

<variant> саясаттану

<variant> әкімшілік құқық

<variant> азаматтық құқық

<question2> Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз.

<variant> материалистік, диалектикалық

<variant> статистикалық, кибернетикалық

<variant> жүйелілік, қызметтік

<variant> салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңды

<variant> талқылау, анықтау, жүзеге асыру

<question2> Мемлекет және құқық теориясының әдістерінің түрлерін атаңыз.

<variant> жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық

<variant> жалпы міндетті, жеке міндетті

<variant> салалық, тәжірибелік

<variant> фундаменталды, қолданбалы, салалық

<variant> жалпы мемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық

<question2> Салалық заңдық ғылымдарын атаңыз.

<variant> азаматтық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы

<variant> криминология, прокурорлық қадағалау, криминалистика

<variant> рим құқығы, шет мемлекеттердің конституциялық құқығы

<variant> мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы

<variant> заңды психология, салық құқығы, әкімшілік құқық

<question2> Қолданбалы заң ғылымдарын атаңыз.

<variant> криминалистика, заңдық психология, соттық психиатрия

<variant> муниципалды құқық, қаржы құқығы, кәсіпкерлік құқық

<variant> мемлекет және құқық теориясы, саяси-құқықтық ілімдер тарихы

<variant> криминология, прокурорлық қадағалау, әділ сотты ұйымдастыру

<variant> азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы

<question2> Заң ғылымдары дегеніміз не?

<variant> мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және әрекет етуінің жалпы және жеке саяси заңды заңдылықтары туралы білімдер жүйесі

<variant> белгіленген қоғамдық қатынастар берілген нақты қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттерінің байланысы

<variant> құқықтық құбылыстардың қызмет етуінің кейбір заңдылықтары туралы білім жүйесі

<variant> мемлекеттік құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет ету туралы білім жүйесі

<variant>мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет ету туралы білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы

<question2> Мемлекет пен құқық теориясын зерттеу үшін қолданылатын жалпы әдістерді атаңыз.

<variant>талдау және синтездеу, абстрактілеу, абстрактілеуден нақтылыққа өрлеу

<variant>құқықтық эксперимент және құқықтық болжау

<variant> салыстырмалы, нақты социологиялық

<variant> функционалдық, жүйелілік

<variant> статистикалық, математикалық

<question2> Құқықтық құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасау үшін қолданылатын әдісті атаңыз.

<variant> салыстыру әдісі

<variant> плюрализм әдісі

<variant> тарихи әдіс

<variant> математикалық әдіс

<variant> индукция әдісі

<question2> Салалық заң ғылымдарына не жатады?

<variant> қаржылық құқық

<variant> мемлекет пен құқық теориясы

<variant> криминалистика

<variant> сот бухгалтериясы

<variant> саяси және құқылық ілімдер тарихы

<question2> Қолданбалы заң ғылымдарына жатады:

<variant> сот медицинасы

<variant> мемлекет пен құқық теориясы

<variant> қылмыстық құқық

<variant> саяси және құқылық ілімдер тарихы

<variant> сауда құқығы

<question2> Мемлекеттің пайда болуы туралы келісім (шарт) теориясының басты идеясы неде ?

<variant> мемлекет- адамдардың ортақтасып, бірлесіп тұру үшін өз ықтиярларымен келісіп жасасқан мәмілелердің нәтижесі

<variant> мемлекет –қоғамда үстеме өнімнің, жеке меншіктің, таптардың пайда болуына байланысты туындайтын ымырға келмейтін қарама-қайшылықтардың нәтижесі

<variant>мемлекет-құдай тағаланың-ең жоғарғы ақыл парасаттың ерік-ықтиярымен пайда болады

<variant> мемлекет-жер шарындағы әлемдік климаттық өзгерістердің салдарынан пайда болады

<variant> мемлекет әрқашанда болған, ол адамзатпен бір мезгілде пайда болған

<question2> Алғашқы қауымдық құрылыстағы биліктің өзіндік ерекшелігі -

<variant> мәжбірлеу аппаратының жоқтығы

<variant> әскерилер аппаратының болуы

<variant> биліктің болмауы

<variant> бейберекеттікпен сипатталуы

<variant> билік жаратылыстың заңдарына негізделді

<question2>Алғашқы қауымдық қоғамдағы билік неге негізделді?

<variant> тайпа мүшелерінің қан жағынан туыстығына

<variant> азаматтардың территориялық ортақтығына

<variant> жазбаша актілер мен заңдарға

<variant> билік болған жоқ

<variant> үстем тап еркіне

<question2> Қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі кімнің мүддесін білдірді?

<variant> бүтіндей қоғамның, рудың мүддесін, көсем мүддесін

<variant> әлеуметтік топтың,таптың мүддесін

<variant> көсем мүддесін

<variant> ешкімнің мүддесін

<variant> жеке бір тұлғалардың мүддесін

<question2> Мононорма дегеніміз не?

<variant> алғашқы қауымдық қоғамның әдет-ғұрыптары

<variant> мораль нормалары

<variant> ұнамдылық нормалары

<variant> заң мәтінінде көрініс тапқан құқық нормасы

<variant> діни канондар

<question2> Қан жағынан туыстыққа, ортақ шаруашылық жүргізу әдісіне негізделген адамдардың тұрақты қауымдастығы қалай аталады?

<variant> ру

<variant> мемлекет

<variant> қоғам

<variant> корпорация

<variant> ұжым

<question2> Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін көрсетіңіз:

<variant> рулық қауымның ыдырауы мен отбасы ұясының, яғни әулеттің пайда болуы, қоғамның таптарға жіктеліп антагонизмдердің туындауы

<variant> қоғамдағы еңбектің мал шаруашылық, диханшылық, қолөнер және сауда түрлеріне жіктелінуі

<variant> еңбек өнімділігінің өсуі және басы артық өнімнің пайда болуы

<variant>жеке меншіктің пайда болуы

<variant> қалалардың пайда болуы, климаттық жағдайлардың өзгеруі

<question2> «Отбасының, жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуы» деп аталатын ғылыми еңбектің авторы кім?

<variant> Ф. Энгельс

<variant> К. Маркс

<variant> В. И. Ленин

<variant> Гуго Гроций

<variant> Жан – Жак Руссо

<question2> Күштеу теориясына сәйкес мемлекеттің пайда болуының себептері -

<variant> басып алу, оның үстінен үстемдік орнатуы

<variant> таптардың пайда болуы

<variant> қолөнердің пайда болуы

<variant> климаттық жағдайлардың өзгеруі

<variant> адамдардың келісімге келуі

<question2> Патриархалдық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына не себеп негіз болды?

<variant> отбасы негіз болды

<variant> басып алу

<variant> таптар арасындағы күрес

<variant> адам баласымен қатар туындаған құбылыс

<variant> адамның психологиясы

<question2> Келісім – шарт теориясы бойынша мемлекеттің пайда болу себептері?

<variant> адамдардың ерікті келісімі

<variant> қоғамдағы қайшылықтар

<variant> құдайдың, сыртқы күштің еркі

<variant> климаттық өзгерістер негіз болды

<variant> мемлекет әр уақытта болды

<question2> Теологиялық теория бойынша мемлекеттің пайда болу себептерін атаңыз.

<variant> жоғарғы сана мен құдай еркі

<variant> патриархатты орнығуы

<variant> қоғамның объективті дамуы

<variant> ерікті келісім

<variant> адамзатпен бірге өмір сүріп келуі

<question2> Мемлекет пен құқықтың пайда болуын шарт теориясымен түсіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңдар

<variant> Г. Гроций, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А.Н. Радищев

<variant> Ф. Аквинский, Ж. Маритэн

<variant> Гумплович, Дюринг, Каутский

<variant> К. Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин

<variant> Аристотель, Фильмер

<question2> Келесі авторлардың қайсысы мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы «психологиялық» теорияны жақтады?

<variant> Петражицкий, Фрезер

<variant> Гроций, Гоббс, Руссо

<variant> Аристотель, Фильмер

<variant> К.Маркс, Ф.Энгельс

<variant> Гумплович, Каутский

<question2> Аристотель, Фильмер, Михайловский мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың қайсысын зерделеді?

<variant> патриархалдық теорияны

<variant> теологиялық теорияны

<variant> таптық теорияны

<variant> органикалық теорияны

<variant> шарт теориясын

<question2> Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар?

<variant> Гумплович, Каутский, Дюринг

<variant> Покровский, Фильмер

<variant> Эпикур, Спиноза, Руссо

<variant> Энгельс, Маркс

<variant> Петражицкий, Гуго

<question2> Гумплович, Дюринг, Каутский мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияны негіздейді?

<variant> күштеу теориясын

<variant> патриархалдық теорияны

<variant> психологиялық теорияны

<variant> таптық теорияны

<variant> келісім-шарт теориясын

<question2> Ф.Аквинский мен Ж.Маритэн мемлекеттің пайда болуы туралы қандай концепцияны негіздеді?

<variant> теологиялық

<variant> табиғи-құқықтық

<variant> ирригациялық

<variant> келісім-шарт

<variant> таптық

<question2> Мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория жөнімен түсіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңыз.

<variant> Маркс, Энгельс, Ленин

<variant> Макиавелли, Гамильтон

<variant> Михайловский, Бакунин

<variant> Аристотель,Фильмер

<variant> Ф. Аквинский, Маритэн

<question2> Мемлекет типi дегеніміз не?

<variant> сан алуан мемлекеттердiң өздерiне тиiстi тұтастай алынған маңызды қасиеттерi мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшелiктерiнiң жүйесi

<variant> әр түрлi мемлекеттердiң дiни, азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарының жиынтығы

<variant> мемлекет органдарын ұйымдастырумен әрекет етуiнiң тәртiбiн жүзеге асырушу мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру

<variant> адамдар арасындағы қатынастарды реттеушi әлеуметтiк нормалардың жиынтығы

<variant> адам әрекетiнiң жалпылама нормалары мен принциптерi

<question2> Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік тәсілінің авторы кім?

<variant> А.Тойнби

<variant> В.И.Ленин

<variant> К.Маркс

<variant> Гегель

<variant> И.Кант

<question2> Аталған мемлекет типтерiнiң қайсысы өркениеттiк көзқарасқа жатады?

<variant> ежелгi шығыстық

<variant> феодалдық

<variant> буржуазиялық

<variant> құл иеленушiлiк

<variant> капиталистiк

<question2> Өркениеттік тәсіл қандай факторларға басты назар аударады?

<variant> рухани факторлар – мәдениет, дін, ұлттық құрам, географиялық жағдайлар

<variant> қоғамның таптарға бөлінуі

<variant> мемлекеттің ішкі және сыртық функцияларының сипаты мен мазмұнына

<variant> формацияның ауысуы

<variant> өндіргіш күштердің дәрежесіне

<question2> Формациялық тәсіл қандай критерийге басты назар аударады?

<variant> мемлекет типтерінің ауысуына

<variant> климаттық шарттарға

<variant> ұлттық ерекшеліктерге

<variant> жеке тұлғаның бастандығына

<variant> мәдениет дәрежесіне

<question2> Формациялық тәсіл бойынша қайсысы мемлекеттің тарихи типіне жатады?

<variant> социалистік

<variant> қазіргі заманғы

<variant> ежелгі

<variant> шығыс және батыс

<variant> көшпелі және отырықшы

<question2> Формациялық көзқарасқа сәйкес мемлекет типiн көрсетiңiз.

<variant> капиталистiк

<variant> феодалдық

<variant> алғашқы

<variant> батыс европалық

<variant> ежелгi шығыстық

<question2> Қазiргi заман мемлекеттерiнiң мәнi неде?

<variant>Мемлекет-әлеуметтiк ымыра мен келiсiмнiң, қоғамдағы қайшылықтарды райландыру мен оларды жеңуде, сондай-ақ ортақ iстер мен ерекше таптық мiндеттердi атқаруда, саяси билiк ұйымының қолданатын құралы

<variant> Мемлекет-жалпы жұртшылықтың игiлiгi үшiн әлеуметтiк ымыра келiсiмге жету институты

<variant> Мемлекет-бiр басқа тапқа ұйымдасып жасаған зорлық Зомбылығы

<variant> Мемлекет-мәжбiрлеудiң құралы

<variant> Мемлекет-таптық үстемдiктiң құралы

<question2> Мемлекетті қоғамның кез-келген саяси ұйымынан ерекшелейтін белгісі не болып табылады?

<variant> жалпыға міндетті актілер шығаруы

<variant> меншік құқығының болуы

<variant> халықаралық ұйымдармен байланысы

<variant> космосты игеруі

<variant> конституциялық актісінің болуы

<question2> Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттің белгісі қалай аталады?

<variant> мемлекеттік егемендік

<variant> құқық субъектілік

<variant> құқық қабілеттілік

<variant> әрекет қабілеттілік

<variant> құқық шығармашылық

<question2> Егеменді биліктің бірден-бір тасымалдаушысы болып не табылады?

<variant> мемлекет

<variant> халықаралық ұйым

<variant> қоғамдық ұйым

<variant> тұтастай қоғам

<variant> еңбек ұжымы

<question2> Зайырлы мемлекет дегенді қалай түсінеміз?

<variant> барлық дінге тең қарайды

<variant> бір ғана дінді

<variant> ешқандай дінді мойындамайды

<variant> діндерге тыйым салады

<variant> бір таптың мүддесін қорғайды

<question2> Мемлекет егемендігі дегеніміз не?

<variant> мемлекеттің елдің ішіндегі қандай да болмасын өзге билікке қатысты тәуелсіздігі мен жоғарылығын білдіретін, сондай-ақ мемлекет аралық қатынастар аймағында халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларын қатаң сақтауды айқындайтын мемлекеттік билік қасиеті

<variant> билік тармақтарының тәуелсіздігі

<variant> территориялық біртұтастық

<variant> дүниежүзілік қауымдастықтан бағыныштылықты білдіретін мемлекеттің саяси-құқықтық қасиеті

<variant> көпшілік саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуін және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасын көрсететін жоғарғы мемлекеттік үлгі

<question2> Жауаптардың ішінен мемлекеттің құзыретіне жатпайтын өкілеттігін көрсетіңіз:

<variant> достық, сүйіспеншілік, туыстық қатынастарды реттеу

<variant> нормативтік-құқықтық актілер шығару

<variant> қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

<variant> алым-салықтар жинау

<variant> мемлекеттің шекарасын қорғау

<question2> Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз?

<variant> мемлекеттік билікті ұйымдастыру әдісі, құру тәртібі

<variant> билікті жүзеге асыру әдістері

<variant> құрылымын ұйымдастыру

<variant> жергілікті билікті ұйымдастыру

<variant> территорияны бірліктерге бөлу

<question2> Төмендегi белгiлердің қайсысы басқарудың республикалық нысанын сипаттайды?

<variant>Мемлекет басшысы мен басқа да жоғарғы органдардың билiгiнiң белгiлi мерзiммен шектеуi және сайлаушылардың ерiк-ықтиярына тәуелдi болуы

<variant> жоғарғы билiктiң мұрагерлiк жолымен құрылуы

<variant> Мемлекет басшысының жауапкершiлiгi институтының болмауы

<variant> билiктi мерзiмсiз (өмір бойы) пайдалану

<variant> белгiленiп қойылған тақ мұрагерлiгiнiң тәртiбi

<question2> Монархия дегеніміз?

<variant> жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік жолымен берілетін бір монархтың қолында болатын басқару үлгісі

<variant>жоғарғы мемлекеттік билік сайланбалы органға берілген басқару үлгісі

<variant>қоғамның саяси ұйымының құрылымы

<variant>мемлекеттік құрылыс үлгісі

<variant>саяси режимнің бір түрі

<question2> Дуалистік монархияның белгісін атаныз.

<variant> билік монарх пен парламентте тең болады

<variant> мемлекеттік биліктің тасымалдаушысы монарх

<variant> парламент қолында болады

<variant> монарх діни басшылықты жүзеге асырады

<variant> дін адамдарының билігі

<question2> Мына белгiлердiң қайсысы тоталитарлық саяси режимдi сипаттайды?

<variant> қоғам өмiрiнiң барлық салаларының толық түрде мемлекет қарауына көшуi

<variant> билiктi жоғарғы органдары шешiмдерiнiң мемлекеттiң төменгi органдарына мiндеттiлiгi

<variant> мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң демократиялығы,жариялылығы

<variant> билiктiң құқықтық заңдарымен шектеулi болуы

<variant> билiк органдарының халық арқылы сайлануы

<question2> Мемлекет басшысы өз қызметiн мұрагерлiк рәсiмiмен алып отыруы және оның билiгi қандай да болмасын басқа билiктен, органнан немесе сайлаушылар еркiнен туындамайды деп есептелiнетiн болса, басқарудың бұл нысаны қалай аталады?

<variant> монархия

<variant> демократия

<variant> тирания

<variant> республика

<variant> аристократия

<question2> Мемлекет басшысы сайланбалы болып, оның билiгi өкiлдi органнан немесе сайлаушылардың ерiк-ықтиярынан туындайтын болса, басқарудың бұл нысаны қалай аталады?

<variant> республика

<variant> демократия

<variant> деспотия

<variant> монархия

<variant> тирания

<question2> Мемлекет нысанының элементтері:

<variant> басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим

<variant> саяси билік, егеменділік, басқару нысаны

<variant> мемлекеттік құрылым нысаны, билік тәуелсіздігі,саяси режим

<variant> саяси режим, басқару нысаны, сайланбалы органдар

<variant> басқару нысаны, саяси режим, құқықтық әдет

<question2> Мемлекеттің құрылым нысаны дегеніміз бұл -:

<variant> мемлекеттің аумақтық құрылымы

<variant> мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылымы

<variant> мемлекет қызметінің бағыттары

<variant> мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері

<variant> қоғамдық қатынастарды реттеудің негіздері, қағидалары, бағыт-бағдарлары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасы

<question2> Басқару нысаны бойынша мемлекеттің қандай түрлері ажыратылады?

<variant> республикалық, монархиялық

<variant> батыстық, шығыстық

<variant> унитарлық, федеративтік, конфедеративтік

<variant> монархиялық, тоталитарлық, демократиялық

<variant> демократиялық, демократияға қарсы

<question2> Құрылым нысаны бойынша мемлекеттің қандай түрлері ажыратылады?

<variant> унитарлық, федеративтік, конфедеративтік

<variant> республикалық, монархиялық

<variant> батыстық, шығыстық

<variant> монархиялық, тоталитарлық, демократиялық

<variant> демократиялық, демократияға қарсы

<question2> «Мемлекеттік билікті жүзеге асыруда оның мазмұны мен сипатын көрсететін құқықтық құралдар мен тәсілдердің жиынтығы», - заң тілінде қалай аталады?

<variant> саяси-құқықтық режим

<variant> мемлекеттің басқару нысаны

<variant> мемлекеттің құрылым нысаны

<variant> мемлекеттік саясат

<variant> мемлекет функциясы

<question2> Федеративті мемлекет дегеніміз бұл -

<variant> күрделі одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады

<variant> қандай да бір мақсатқа жету үшін біріккен мемлекеттердің уақытша одағы

<variant> билікті өз қолына шоғырландырған, қоғамды толық бақылау мен қадағалауға алған мемлекет

<variant> күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекет

<variant> бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгеймен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі

<question2> Демократиялық режимге тән белгіні көрсетіңіз:

<variant> саяси плюрализм

<variant> бір саяси партияның үстемдігі

<variant> бір меншік түрінің болуы

<variant> мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі

<variant> халықтың экономикалық деңгейінің төмендігі

<question2> Демократиялық емес режимге тән белгіні көрсетіңіз:

<variant> ресми бір идеологияның болуы

<variant> референдум

<variant> саяси плюрализм

<variant> заң үстемдігі

<variant> адам құқықтары мен бостандықтарының танылуы, мойындалуы және кепілденіп, қорғалуы

<question2> Унитарлы мемлекеттерді атаңыз:

<variant> Франция, Греция, Қазақстан

<variant> АҚШ, Ресей, Германия

<variant> Үндістан, Италия, Испания

<variant> Канада, Пәкістан, Түркия

<variant> Ресей, Украина, Латвия

<question2> Мемлекеттік аппарат дегеніміз бұл -

<variant> мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі

<variant> мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатқа сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген мекеме

<variant> қоғамның саяси өміріне араласатын барлық мемлекеттік мекемелердің , қоғамдық ұйымдардың жиынтығы

<variant> мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың жиынтығы

<variant> қоғамдық бірлестік

<question2> Мемлекеттік аппаратқа кірмейтін құрылымды көрсетіңіз.

<variant> бұқаралық ақпарата құралдары

<variant> сот органдары

<variant> заң шығару органы

<variant> құқық қорғау органдары

<variant> жергілікті атқаруша органдар

<question2> «Биліктік өкілеттігі бар мемлекетік аппараттың құрылымдық элементі» деген анықтама қандай ұғымды анықтайды?

<variant> мемлекеттік орган

<variant> мемлекеттік кәсіпорын

<variant> кәсіподақ органы

<variant> билік етуші партия

<variant> қоғамдық бірлестік

<question2> Мемлекеттегі билікті бөлу нені білдіреді?

<variant> мемлекеттік биліктің әр тармағы өз қызметтерін атқарады, олар тәуелсіз және тек заңға ғана бағынады

<variant> билік тармақтарының бір-біріне бағыныштылығын

<variant> биліктің барлық тармақтары конституциялық кеңеске бағынады

<variant> биліктің барлық тармақтары Президентке бағынады

<variant> биліктің барлық тармақтары халыққа бағынады

<question2> Билік бөлінісі теориясына сәйкес мемлекеттік органдардың қандай түрлері ажыратылады?

<variant> заң шығарушы, атқарушы, сот

<variant> заң шығарушы, атқарушы, қадағалаушы

<variant> заң шығарушы, атқарушы, құқық қорғаушы

<variant> заң шығарушы, атқарушы, сот, ақпараттық

<variant> заң шығарушы, саяси, қадағалаушы