Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ЗП РК-2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
255.49 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті Жоғарғы құқық мектебі Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы

«Бекітемін»

Жоғарғы құқық мектебі

директоры

_________ Ү.Шапақ

«_____»___________2014ж.

Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)

Модуль/пәннің атауы: Қазақстан Республикасының жер құқығы

Мамандықтың атауы: Заңтану

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу сабақтарының түрлері

Курс/семестр

1

Дәрістер (сағаттар)

30

2

Тәжірибелік сабақтар (сағаттар)

15

3

Әдістемелік сабақтар (сағаттар)

4

СӨЖ (сағаттар)

23

5

СОӨЖ (сағаттар)

67

6

Емтихан

Барлығы (сағаттар)

АСТАНА – 2014ж.

Оку бағдарламасы «Заңтану» мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі 11.05.2006ж. № 289 - бұйрығымен бекіткен және күшіне енгізген типтік бағдарлама негізінде жасалған.

Оку бағдарламасын аға оқытушы Базарбек Бақытжан Жұмабекулы дайындады

Оку бағдарламасы Азаматтық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы отырысында бекітілді

Хаттама № __ _____________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _________ Т.Каудыров

Оқытушы (office-hour):

Оқытушы туралы мәлеметтер:

Лектор - Лектор – ҚазГЗУдың экологиялық құқық, жер құқығы сарапшысы, оқытушысы; Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының Бүкіләлемдік экологиялық құқық кеңесінің мүшесі, сарапшысы; Қазақстан Республикасының экологиялық аудиторы (біліктілік куәлігі - № 02424, 07.12.2011 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен берілді); Қазақстан Республикасының өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқарудың экологиялық маманы (біліктілік куәлігі - № 02398, 07.12.2011 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен берілді); «МИРБИС» Мәскеу Бизнес жоғарғы мектебінің «Мұнай және газ секторының менеджменті» мамандығы бойынша MBA магистрі (Москва қ, Ресей Федерациясы), ҚазГЗУ-дың «Экономика» мамандығы бойынша MBA магистрі; 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер (кандидат); www.ecosos.kz,- экологиялық интернет порталының авторы; Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заң жобасы бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша жұмыс тобының сарапшысы (2006 ж.); Қазақстан Республикасының шығарындыларды тіркеушілер мен ластаушы тасымалдаушыларды шектеу туралы Орхус конвенциясына қосылу туралы ҚР ҚОҚМ-нің жұмыс тобының сарапшысы (2006 ж); «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заң жобасының ҚР Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының сарапшысы (2010 ж.); «Земельное право Республики Казахстан (в схемах)» атты оқу құралының авторы, «Дәнекер» Баспасы (2006 г.) аға оқытушы; заң магистрі – Базарбек Бақытжан Жұмабекулы.

Семинар жүргізуші Базарбек Бақытжан Жұмабекулы

Курстың пререквизиттері: Студент «ҚР жер құқығы» курсын оқып-үйрену үшін ЖОО бағдарламасы көлемінде келесі пәндер курсын білу қажет: Мемлекет және күкық теориясы, еңбек құқығы, азаматтық құқық (жалпы және ерекше бөлімдер), әкімшілік құқық, ҚР қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлімдер)

Курстың постреквизиттері: Берілген курсты игергеннен кейін оқытылуы мүмкін пәндерге мына пәндер жатады: аграрлық құқық, кәсіпкерлік құқық, тұрғын ұй құқығы;

Пәннің сипаттамасы: Жер құқығы қоршаған орта мен қоғамның арасындағы пайда болатын қоғамдық қатынасты реттейтін құқық саласы. Жер құқығы дербес құқық саласы бола отырып қазіргі таңдағы туындаған құқықтық қатынастарды айқындай отырып, қоғамдағы экономикалық процесстердің реттелуіне өзінің ықпалын тигізеді, ол күнделікті қоғамдағы қарым қатынастардан туындаған мәселелерді іске асырудың Жер сипаты мен талаптарға сәйкестілігін анықтайды.

«Жер құқығы» пәнінің мақсаты

  • студенттерге жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру;

  • нарықтық экономика құрудағы жер заңнамасының маңызын ашу;

  • Қазақстан Республикасының жер қоры санаттарының құрамы мен құқықтық режимін оқыту;

  • жер заңнамасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу;

  • студенттерде жер қатынастарының әр түрлі жағдайларына құқықтық нормаларды дұрыс қолдану тәжірибесін қалыптастыру;

  • әдетте жер құқығының нормаларын талқылағанда кететін қателіктерге, жер-құқық ғылымымен әлі қарастырылмаған не шешімі табылмаған күрделі теориялық сұрақтарға студенттердің назарын аудару.

Міндеттері:

  1. Жер заңнамасының негіздері туралы білім алу;

  2. Жер заңдарының нормаларын тәжірибе жүзінде қолдануды меңгеру;

  3. Жер қатынастары аясында болашақ заңгер-мамандарды мемлекеттің, заңды тұлғалардың, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілетін қалыптастыру.

п/п

Тақырыптардың атауы

дәрістер

тәж (сем)

Зертханалық

практикум

СОӨЖ 23

СӨЖ 67

Барлығы

Қазақстан Республикасының жер құқығы

Жер құқығының түсінігі, пәні жүйесі

2

1

1

3

Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары

2

1

3

Жер құқығының қайнар көздері.

2

1

1

3

Қазақстан Республикасында жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы

1

1

3

Жер-құқық қатынастары

1

1

3

Жерге меншік құқығы және басқа да құқықтар

2

1

2

6

Жер пайдалану құқығы.

2

1

2

4

Жерге ақы төлеу

2

1

1

3

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

2

1

2

3

Жер кадастрі, жер монитрингісі, жерге орналастыру

2

1

2

6

Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері

1

1

3

Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу

2

1

2

3

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі

1

1

1

3

Елді мекенді жерлердің құқықтық режимі

1

1

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығындағы емес жерлердің құқықтық режимі

2

1

1

3

Су қорына кіретін жерлердің құқықтық режимі

1

1

1

3

Орман қорына кіретін жерлердің құқықтық режимі

1

1

1

3

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимі

1

1

1

3

Босалқы жерлердің құқықтық режимі

1

1

1

3

Итог:

30

15

23

67