Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ЭБжӘҒЖМ

СТУДЕНТІНЕ АРНАЛҒАН ЖОЛСІЛТЕГІШ -

АНЫҚТАМАЛЫҚ

Астана 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

4 - 7

ЭБжӘҒЖМ туралы жалпы мағлұматтар

7 - 11

Кредиттік технологиямен оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

12-15

«ҚазГЗУ ішкі тәртібін реттеу ережесінен» үзінді

16 - 19

Оқу сабақтары, емтихандық сессия кезеңіндегі студенттердің жүріс-тұрыс ережелері

20

Кітапхананы пайдалану ережесі

21-22

Қосымша 1. Балдық-рейтингтік әріптік жүйемен оқытылатындардың бағасын дәстүрлік шегіне ауыстыру

23

Қосымша 2. 2012/2013 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе

24

Қосымша 3. Глоссарий (Кредиттік технологиямен оқытудың ұғымдық аппараты)

25 - 26

Қосымша 4. Қоңырау кестесі

27

Қосымша 5. Университет басшылары мен қызметкерлер телефондарының тізімі

28

Құрметті студент!

Сізді Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің студенті атанғаныңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің (ары қарай - ҚазГЗУ)

миссиясы - құқықтық және демократиялық мемлекеттің құрылуы, болашақ білім беру технологиялар мен озық академиялық идеялардың алға шығуы негізінде Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруі жағдайында өзіндік қалыптасуға қабілетті, жоғары білімді және рухани әлеуетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Біз алға қойған міндеттерімізді жүзеге асыру үшін студентіміздің оқу жоспарының талаптарын бекітілген мерзімде орындауын, қалыптасқан дәстүріміз бен ішкі тәртіп ережелерін қадағалауын, университет өміріне белсене араласуын қалаймыз.

Біздің мақсатымыз Сіздің мүмкіндіктеріңізді, қабілеттеріңіз бен әлеуетіңізді іске асыруға ықпалымызды тигізу. Біз өзара сенім қағидаларына негізделіп жұмыс істейміз және оны біздің басқару жүйеміздің аясында дәлелдейміз.

Университет Сіз таңдап алған мамандық бойынша үздік білім алуыңыз үшін барлық жағдайларды жасайды.

Жоғары білікті мамандарды даярлап, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасайтын, адалдық пен әділдік және өзара сыйластық орын алған академиялық ортаны қалыптастыратын жоғары оқу орнына құрмет көрсете отырып, біз Сіздерді адамгершілік-этикалық нормаларды қадағалуды және өз өміріңізде келесі қағидаларды ұстануыңызды: жоғары оқу орынының беделін сақтауға, оның дамуына үлесіңізді қосуға; адал ниетпен білім алу және кәсіптік деңгейіңізді үнемі арттырып отыруға; адал және әділ болуға; ұлттық және нәсілдік нышан бойынша туындаған түрлі кемсітушілікке жол бермеуге, заңдардарды бұзуға, достарыңыз бен әріптестеріңіздің кәсіби дамуына ықпалыңызды тигізуге, оларды зияткерлік деңгейі мен адамгершілік қасиеттерін арттыруға ықпал етуге; университет және Қазақстан Республикасының игілігі үшін адал қызмет етуге шақырамыз.

Біздің міндеттерімізді іске асыруда Сіздердің көмек беретіндеріңізге сенеміз!