Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Брондау

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
27.65 Кб
Скачать

Брондау — қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алдын-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады.

Мәлімдеуді қабылдау сымтетік, факс, телекс, пошта, хат немесе телеграмма, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады. Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:

- келушілердің күні мен уақыты;

- кетудің күні мен уақыты;

- қонақтар саны;

- номер категориясы (люкс, апартамент, эконом-класс, бизнес-класс);

- номер қызметі (ванна, душ, теледидар, мұздатқыш, сейф, мини-бар және т.б.);

- тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылай пансион, толық пансион);

- баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек);

- есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты);

- төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп);

- ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік беру және т.б.)

Брондау қызметіндегі қызметкердің мәлімдемені өңдегеннен кейін қонаққа растау немесе қабыл алмау жіберіледі.

Қонақ үй үшін, қонақтар үшін номерді алдын-ала брондаған жөн. Қазіргі уақытта көптеген туристік фирмалар келісімді белгілі бір анықталған қонақ үйлермен жүргізгенге ұмтылады. Әдеттегідей клиенттерді әкеліп отырған туристік фирмаларға қонақ үй тұруға төленетін төлем ақыларға, тамақтануға және әртүрлі қызметтерге жеңілдік жасап отырады. Келісімде қонақ үй мен туристік фирманың арасында белгіленеді:

- туристерді орналастыру жөніндегі арыз қандай аралықты қамтиды;

- қашан және қандай мақсатпен төлемақылар жүргізіледі;

- қонақ үйде орынды немесе номерді брондау әдістерінің бірнеше түрі бар. Олар:

- жазбаша;

- ауызша;

- компьютерлік.

Брондаудың компьютерлік түрі

Брондаудың компьютерлік түрі қонақ үй және клиенттер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемдік тәжірибеде компьютерлік брондау жүйесінің мынандай түрлері белгілі: - бір тізбекке кіретін қонақ үйлерді біріктіретін ұжымдық брондау жүйесі; - екіншісі тізбекке кірмейтін, тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіретін брондау жүйесі. Желі арқылы брондау жасағанда тапсырыс басқа қалада орналасқан қонақ үйде жасалуы мүмкін. Автоматтандырылған желінің артықшылығы тізбекке кіретін кез – келген қонақ үйге жасалынады, бір қалада орналасқан. Қонақ үйден орынға бронды компьютерлік желі арқылы жасауды телефон арқылы жасауға болады. Компьютерлік желіде отырған диспетчер қонақ үймен байланысып брондау мүмкіндігін жасайды. Бұл әдіс ыңғайлы емес, себебі көп уақытты қажет етеді.